Хабарландыру! ........ Құрметті әріптестер, магистранттар! ........ Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан жарыққа шығып отырған «ТИГУ жаршысы» атты республикалық ғылыми-ақпараттық журналдың кезекті басылымына ғылыми мақалаларды жинақтап жатқандығын хабарлайды. Толығырақ...
Маңызды шешімдер қабылданды
АЙТЫС! АЙТЫС! АЙТЫС!
ҚҰТТЫҚТАУ
joomla

ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМА БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ШЕРХАНТАНУ»ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ұлттық тарихты қалыптастырған ұлы тұлғалар шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпақтың отаншылдық сезімдерін арттырып, тәуелсіз елдің көшбасшы ұланы болуға баулу, студенттер мен оқушылардың әдеби-шығармашылық қабілет-таланттарын арттыру, ұлттық рухани құндылықтарымызды дәріптеу, «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау мақсатында облыстық
«Тәуелсіздік жолы»
атты жабық прозалық шығармалар байқауын жариялайды

Байқаудың өтілу ережесі:

  1. Байқауға мектептің жоғарғы сынып оқушылары, колледждер мен ЖОО-дан 3-5 адамнан қатыса алады.
  2. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған прозалық дүниелер патриоттық рухта тәрбиелеуге арналған туған жер, тәуелсіз ел, Ш.Мұртазаның публицистикалық толғамдарына байланысты шығармалар сияқты тақырыптарды қамтуы тиіс.
  3. Байқауға жіберілген туындыда студенттер мен оқушылардың толық аты-жөні, пән мұғалімі, ЖОО-ы, мектебі, ауданы, байланыс телефоны көрсетіліп, құрылысы, мазмұны мен көркемдігі талапқа сай болуы тиіс.
  4. Сапасы төмен прозалық шығармалар байқауға қатыстырылмайды және авторға қайтарылмайды.
  5. Прозалық шығармалар желтоқсан айының 5 жұлдызына дейін (қағаз және электрондық нұсқада) ұйымдастыру комитетіне тапсырылуы керек. Шығармалар конвертке салынып, сыртына (аты-жөні, байланыс телефоны) және «Тәуелсіздік жолы. (Прозалық шығармалар байқауына)» деп жазылуы тиіс.
  6. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Байқауға жіберілген туындылар мына мекен-жайда қабылданады:
080000, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі №96 б,
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бас оқу ғимараты,
1-202 бөлме, «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы немесе
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Байланыс телефондары: 87771704185, 87779300929, 8(7262)501355, 8(7262)541124

ТИГУ-дың жұлдызды кеші

1 1

 

 

 

O47A1650O47A1656O47A1677 2O47A1681

O47A1688O47A1712O47A1845O47A1910O47A1958O47A2129O47A2133O47A1850

 

 

17 қараша – халықаралық студенттер күні мерекесіне орай студенттердің сапалы білім алуымен қатар жан-жақты тұлға болып қалыптасуына ықпал ету, студент жастарды патриотизмге, шығармашылыққа баулу, эстетикалық дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, ұжымдық мәдениетін арттыру мақсатында «ТИГУ-дің жұлдызды кеші» атты мерекелік думанды кеш өтті. Іс-шарада білім мен ғылым, спорт пен өнер салаларына және университетіміздің қоғамдық-саяси жұмыстарына белсене араласып, жетістіктерге қол жеткізген студенттер арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

         

Санжы университеті қызметкерлері ТИГУ-де

O47A5008

 

26 қазан күні ТИГУ-ге Қытай Халық республикасы Санжы университеті сабақтасты тәрбие беруфакультеті және шетелдік студенттерге жауапты қызметкер Лю Ми Хан мен қытай тілдері факультетінің оқу процесіне жауапты Арын Азат келді. Олар университет басшылығы мен студенттермен кездесіп, оқу корпустарымен танысты. Сондай-ақ, «Құрметті қонақтар» кітабына тілек-лебізін қалдырды.

O47A4947

O47A5008

 

Дастан Оразбеков ТИГУ-де

Биыл қазақ елі үшін ерекше жыл. Еліміз егемендігінің ширек ғасырын атап өтуге дайындалуда. Осыған байланысты республиканың әр түкпірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бүгіннен бастап университеттің Медиа орталығы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай облысымызға, республика көлеміне кеңінен танымал өнер майталмандарымен, спорт саңлақтарымен, ел алдында жүрген 25 жұлдызбен жүздесіп, студенттермен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

         25 азаматтың алғашқысы – «Орда» тобының әншісі, биші, актер Дастан Оразбеков болды. Жалпы, Дастан Дәрібайұлы Жамбыл жеріне бөтен жан емес. Осы өңірдің тумасы. 1982 жылы 5 ақпанда Жаңатас қаласында туған.

         Кездесуге Дастанмен қатар өзінің продюссері, туған бауыры Рүстем Оразбеков, әнші Азиз Абдурасулов те келіп, университет студенттерімен сұхбат құрды. Оқу ордасының «Құрметті қонақтар» кітабына жүрекжарды пікір, тілегін жазып қалдырып, студенттермен естелік суретке түсті.

АНЫҚТАМА

Дастан Оразбеков – отбасында төрт ағайынды. Үйінің үлкені – «Орда» тобының әншісі Рүстем, одан кейін Дастан. Меруерт, Гүлшат есімді екі қарындасы бар.1997 жылыотбасымен Алматы қаласына көшіп келген. Жұбайының есімі – Жанат, Алдияр атты бір ұлы бар. 2000 жылы атақты «Бауыржан-шоу» театрында жұмыс жасай бастайды. Театр құрамында жүріп «Орда» тобына айналған өнерлі жастар, музыкалық және би қойылымдарымен қатар, көріністердегі эпизодтық рөлдерді де алып жүр. Дастан негізінен халық әндерін орындап жүріп, кейін өз өнерлерін шыңдаған жігіттер жеке топ болып бөлініп шықты. Содан бері Дастан «Орда» тобының белді мүшесі ретінде ән айтып келеді. Жалпы «Орда» тобы блюз, поп, рок жанрында ән айта бастаған Қазақстандағы бірінші топ. Құрылған жылы – 2000 жыл. Топтың атауы 1 сәуір күні қойылған. Алғашқы әндері – «Белгісіз жан».

Сондай-ақ, Дастан «Орда» тобымен орындалған бірнеше әндердің әуенін жазып, өзін сазгерлік қырынан да байқалған. Олар «За тобой», «Не покидай» және «С тобой» әндері. «Не покидай» әні 2007 жылы Мәскеудегі «Европа плюс» радиостанциясы жүргізген хит-парадтың жеңімпазы атанған.

Актер ретінде өзінің дебюттік рөлін 2010 жылы 1 шілдеде«Хабар»арнасында көрермен назарына ұсынылған 12 бөлімнен тұратын Ермек Шынарбаевтың«Астана – махаббатым менің» телехикаясында сомдады. Онда Дастан Абзал есімді жағымсыз кейіпкердің рөлін ойнады.

Хоббиі – ән айтып, би билеу. Сондай-ақ спорттың күрес, боди-билдинг және бокс деген түрлерімен айналысқан. Өнермен қатар жеке бизнеспен де айналысады.

81121355 11355 21355 31355 61355 7

ТИГУ – заманауи білім ордасы

ТИГУ – заманауи білім ордасы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті – Тәуелсіз елімізді кемел келешекке жетелейтін жігерлі білім ошақтарының бірі. Жыл сайын тек дарынды мамандарды даярлайтын бұл оқу ордасында бүгінгі күні филология ғылымдарының докторы Саурықов Ерболат Байұзақұлы басшылық етеді. Небәрі 8 жылдың ішінде білім бәсекесінде белсенділік танытқан университет жайында Ерболат Байұзақұлы әңгімелеп беріп еді. Оқи отырыңыздар!

-                   Ерболат Байұзақұлы, ең әуелі өзіңіз басқарып отырған Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бүгінгі тыныс-тіршілігі жөнінде қаузап өтсеңіз. Университеттің бәсекеге қабілеттілігі қандай?

-                   Әр халықтың бүгіні мен ертеңінің кепілі – жастар. Сондықтан болашағын ойлаған халық асыл уақыты мен күш-қайратының басым бөлігін жастарын тәрбиелеуге жұмсауы керек.

«Тәуелсіз Қазақстанның жастары, нақ сендер елдің ең басты байлығы болып табылатындарыңды және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының болашағы сендерге байланысты екенін есте ұстаңдар!» - деп Елбасымыз жастардың еліне деген отансүйгіштік сезімін оятуды басты кезек күттірмейтін мәселе ретінде қарауды талап етіп отыр.Оңтүстік аймақтағы жоғары оқу орнының бірі ретінде өзім басқарып отырған Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде Елбасы Жолдауларындакөрсетілген міндеттерді жүзеге асыру шаралары жүргізілуде. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті 2014-2015 оқу жылында жоспарлы мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі жанындағы білім саласындағы бақылау комитетінің бұйрығымен 23 бакалавр және 10 магистратура мамандықтары бойынша білім беру қызметімен айналысуда.Университет профессор-оқытушыларының ғылыми әлеуеті жоғары. Бүгінде студенттерге 20-ға жуық ғылым докторы, профессорлар, 80-нен астам ғылым кандидаты, доценттер мен ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкерлері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегерлері, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары сапалы білім беруде.

-                   Тәлімгер-басшы ретінде айтыңызшы, болашақ мамандарды даярлауда не нәрсеге баса назар аударғанымыз жөн?

-                   Елбасы Жолдауында әсіресе, бәсекеге қабілетті білім беру, саналы ұрпақ тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ дамуы үшін не керек? - деген сұрақ төңірегінде игілікті істер атқару қажеттілігі айтылады. Осыған байланысты әсіресе жоғары оқу орындарында инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, бәсекеге қабілетті білім беруге баса назар аудару қажеттілігіне басымдық беріледі. Бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды жан-жақты теориялық біліммен қаруландырумен қатар, кәсіби тәжірибеде ерекше шыңдау маңызды болып отыр. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің педагогтар ұжымы да аймақтық кәсіпорындардың еңбек нарығында ерекше сұранысқа ие болып отырған мамандарды бірлесе дайындауға көңіл бөліп, мамандықтың оқу жоспарына жұмыс берушілердің талабы бойынша қажетті жаңа пәндер енгізуде. Осы бағытта студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында тәжірибе базаларымен екіжақты келісімшарттар жасалған. Атап айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің Ядролық физика институтымен, Жамбыл облыстық ғылыми-зерттеу ветеринария стансасымен, басқа да облыстық, республикалық іргелі кәсіпорындары, т.б.

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті мемлекет болуы үшін негізгі алғышарт – сауаттылығы жоғары елге айналу. Білім мен ғылымның шарықтау заманында өмір сүріп отырған біздер үшін жастардың сауаттылығына инновациялық және ақпараттық-электрондық тұрғыдан білім бере отырып, ерекше ден қою қажет.Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді.

Бұған қоса, университеттің материалдық-техникалық базасы және ғылыми әлеуетін бүгінгі күн талабы тұрғысына сай арттыруды жүйелі, тұрақты жүргізіп отырудамыз.

Жоғары оқу орындары білім беру қызметімен шектеліп қалмауы тиіс. Біз қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік бөлімшелерін құру және дамытуымыз қажет. Ең бастысы отандық ғалымдарға жағдай жасалуы ғылыми ізденушілерге жаңа серпіліс сыйлап, біршама қуантқаны да жасырын емес. Қазақстанда инновациялық жүйені нығайту үшін ғылыми зерттеулерді мемлекет есебінен қаржыландырып, ғылымды дамытудың жүйелік мемлекеттік негізін жолға қою қажеттілігі айтылуда.

Университет өз кезегінде оқу үдерісін инновациялық бағытта ұйымдастырып, халықаралық стандарттар деңгейінде білім беруді мақсат етеді.

-                   Студенттің өзін өзі басқару үрдісі оқу орны қабырғасында жақсы дамыса, болашақ тәжірибесінде үздік көрсеткішке қол жеткізері сөзсіз. Бұл мәселе турасында не айтасыз? Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде жастар ұйымының табанды түрде талаптануына қандай жағдайлар жасалған?

-                            Студенттік ректорат пен бірлесіп университетте бірнеше студенттік ұйымдар мен клубтар жұмыс атқарады: «Жас Отан» жастар қанаты бастауыш бөлімшесі. «Күлтөбе» пікір-сайысшылар клубы. Эстрадалық әншілер үйірмесі. «Art Фото» фото әуесқойлар клубы. «Дауылпаз» студенттік театр үйірмесі. Көңілді тапқыштар командасы (КТК). «Ақ кербез» бишілер үйірмесі. «Ж.Баласағұн» әдеби-шығармашылық үйірмесі. «Ақ ниет» қайырымдылық клубы. «Сән театры», «Жеңіс» спорт клубы.

Студенттік өзін-өзі басқару құрылымы университеттің Ғылыми Кеңесінің жұмысына қатысады.

Жастардың патриоттық және азаматтық қалыптасуына, ұлттық мәдениет пен тілді дамытуға, жастардың шығармашылық жетістіктерін анықтау мен тарату мақсатында, студент жастардың өмірін мазмұнды ұйымдастыруда университетте түрлі өнер байқаулары мен конкурстар, концерттер мен кештер, апталықтар, дөңгелек үстелдер, жас ақындар айтысы мен фестивальдер және т.б. іс-шаралар жүйелі жүргізіледі. Әсіресе, студенттердің бос уақытын тиімді, қызықты ұйымдастыруда шығармашылық ұйымдардың ролі зор. Олардың қатарында эстрадалық әншілер топтары, «Ақ кербез» би ансамблі, домбырашылар ансамблі, Ж.Баласағұн атындағы әдеби-шығармашылық бірлестігі, «Шераға» әдеби бірлестігі, «Дауылпаз» студенттік театр-студиясы және т.б. бар.

Университеттің өнерлі жастары ән, хореография, аспапта орындау, бейнелеу және фотография өнері бойынша облыстық, республикалық байқауларда, ұлттық Дельфий ойындарында лауреат атағын алып, оқу орнымыздың мерейін арттыруда.

-                   Университеттегі оқыту құрамның білім сапасына қаншалықты көңіл бөлінеді? Шетелдік оқу ордаларымен байланыс бар ма?

-                   Білім және ғылым министрімен бекітілген кредиттік оқу технологиясын жетілдіру жоспарында Болон үдерісін іске асыру аясында жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің академиялық ұтқырлығын дамытуға көп көңіл бөлінуде. Академиялық әріптестікті жетілдіруге мүдделі отандық университеттердің қатары артып келеді. Сондай-ақ, Ресей, Германия, Латвия, Малайзия, Қытай, Корея, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және т.б. мемлекеттермен жоғары, қосымша және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шеңберінде әріптестік туралы келісімшарттар жасалып, ортақ білім беру қызметі жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, осындай ортақ мақсат аясында 30-дан астам студент аталған жоғары оқу орындарында өз білімін жетілдіруге мүмкіндік алды. Университетте оқытылатын корей тілінің мамандары арнайы шақыртылып, баспанамен қамтылды. Бүгінгі таңда 15 студент корей тілін меңгеріп, келесі оқу жылдарында Оңтүстік Корей мемлекетіне жолдамамен бару мүмкіндігіне ие болды. Университет профессор-оқытушылары Қытай мемлекетінің жоғары оқу орындарында іс-сапарда болып, білім мен ғылымды инновациялау бойынша тәжірибе жинақтауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін шет мемлекеттерде жариялауға мүмкіндіктер алуда.Сонымен қатар, 6 ғылыми бағыттағы гранттық жұмыстар Қазақ ұлттық ақпарат орталығында тіркеліп, атқарылуда. Нәтижесінде тек 2016 жылы 400-ден астам ғылыми мақалалар жарияланды. Университетте Ұлыбритания, Германия, Жапония, Қытай, Түркия және ТМД елдерінің жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Сонымен қатар, шет мемлекеттердің ЖОО-да университеттің профессор-оқытушылар құрамы біліктілігін көтеріп, тәжірибе алмасу дәстүрге айналған.

Университет кәсіптік қызметі мен әлеуметтік-экономикалық жетістіктері үшін Францияның Канны қаласындағы Халықаралық Іскер Кеңесі (ХІК) мен Женевада орналасқан «Бизнес және басқару» INSAM институты Қорының     шешімімен жоғары деңгейдегі іс-тәжірибелері мен жетістіктері үшін «Европалық грант» номинациясы бойынша арнаулы сыйлықты иеленген.

-                   Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, Қазақстанда жоғары сыныптар мен ЖОО-да ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу жоспарланған. Бұл мәселеде Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті шет қалмаған болар?

-                   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік, жаһандық жағдайды ескере отырып, бүгінгі жаңаша дамуымыздың сындарлы жоспары ретінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамды» ұсынған болатын.

             12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңартуға университет педагог-ғалымдары өзіндік үлестерін қосуда. Елбасының ПарламенттіңVI шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында «Білім беру мен ғылымның жаңа бағ­дар­ламасы жұмыс істей бастады. Ол өмір бойы оқытуға қайта бағдар­лан­ған және бағытын еңбек нарқының сұра­нысына, білікті кадрлар дайындауға қарай өзгертіп отырады. Мұндай қадам мобильді жұмыс күші  және еңбек­пен қамту үшін нәтижелі орта қа­лып­­тас­тырады. Жоғары оқу орындарында халық­­аралық стандарттар бойынша ак­кре­­диттеу енгі­зіліп, сырттай оқыту қа­шық­­тық­тан оқытумен алмастырылады. Балалар 100% мектепке дейінгі оқытумен қамтылатын болады. Елімізде кезең-кезеңімен үштілді білім беруді енгізу басталады. 2020 жылға қарай 12 жылдық білім беруге толықтай көшу қамтамасыз етілетін болады. Әр мектеп бітіруші алғашқы жұмыс мамандығын тегін меңгеруге мүмкіндік алады. Ғалымдардың болжамы бойынша, 2020 жылға қарай Жер шары халқының 50%-ын «цифрлық балалар» құрайтын болады», - деген сөзі де университет ғалымдарына жаңа міндеттер жүктеуде.

-                   Оқу ордаңызда әлі де болса күрмеуі ағытылмай тұрған қандай өзекті мәселелер бар?

-                   «Шындыққа жетелейтін бірден-бір жол – білім жолы», - демекші, бүгінгі қоғамда жастарды бәсекеге қабілетті білім мен ғылыммен қаруландыру, ұлттық рухы биік, берік азаматтық ұстанымда тәрбиелеу – ерекше назарда болып отыр. Осыған байланысты жоғары оқу орындарына да жаңа міндеттер жүктелуде. Өзім басқарып отырған университетте де көптеген өзекті мәселелердің бар екендігін атап өткім келеді. Бүкіл ел бойынша ғылыми-зерттеушілік және қолданбалы білім берудің өңірлік мамандықтарды ескеретін мамандандырылған оқу орындары жүйесін құру, орта және жоғары білім берудің оқу жоспарларының бағыттылығы мен басымдықтарын оларға тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қосып, өзгерту, кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстары мен институттарын құру бағыттары жоғары білімді мамандар даярлаудың заманауи талаптарын өтеумен қатар, мемлекеттің әлемдік деңгейде таныла беруіне игі әсерін тигізетіні даусыз деп білемін. Осы орайда, университеттегі агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты жұмысын ерекше атап өткім келеді. Ендігі міндет – осы институт базасында университетте аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайын жоғарылатуға бағытталған стратегиялық бағдарламалар аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жаңа сорттарын шығару, ауыл шаруашылығына аса қажетті мамандықтар ашуды жоспарлап отырмыз. Өткен оқу жылында жаңа оқу ғимараты ашылды, жаңа үлгідегі спорт кешенінің құрылысы аяқталуға жақын, ендігі басты міндет – студенттерді соңғы үлгідегі жатақханамен қамтуды тұрақты жүргізу болып отыр. Осылармен қатар, биылғы оқу жылында университет мамандықтары бойынша мемлекеттік аккредитациядан өту жұмыстары жалғасуда.

-                            Әңгіме легін өзіңізге қарай бұрсақ. Өнегемен өрілген еңбек жолыңыз турасында айтып өтсеңіз.

-                            Өзім 1971 жылдың 12 қыркүйегінде Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Фурмановка селосында дүниеге келгенмін. 1994 жылы Жамбыл педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдап, бір жыл бойы Жамбыл университетінде ғылыми ізденуші болдым. Алғашқы еңбек жолым 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Оқу-зерттеу орталығының I дәрежелі инженері болуымнан бастау алған. Одан кейін «Жалпы тіл білімі» кафедрасының ассистенті, 2000-2001 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі, 2001-2004 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде тест орталығының бастығы, 2004-2006 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша проректоры қызметтерін атқардым. 2010 жылдан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Экономика және филология» факультетінің деканы және бірінші проректоры болдым. Ал 2012 жылдың мамыр айынан бастап аталмыш оқу ордаға ректор болып тағайындалдым.

-                            Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан

Құдірет Асатілләұлы

ҮШ РЕТ ҚАТАРЫНАН ҮЗДІК АТАНДЫ

Жуырда университетте ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Ұстаздар күніне орай ТИГУ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында кіші футболдан дәстүрлі турнир өтті. Әдеттегідей делебені қоздыратын доп додасы тартысқа толы болды.

         Жылдағы дәстүр бойынша әрбір факультет пен бөлімдерден сайдың тасындай іріктелген сақадай ойыншылар төрт командаға теңдей бөлініп, турнир көркін қыздырды. Командалар айналмалы жүйе бойынша ойнап, өзара кім мықтыны анықтады. Салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға университет басшылығынан бастап, қатардағы қызметкерге дейін атсалысты.

         Нәтижесінде, «Жаратылыстану» факультеті ұстаздарынан құралған команда биыл біршама бәсеңдеп қалғанын байқатып, төртінші орынды місе тұтуға мәжбүр болды. Үздік үштікті «Баспахана» командасы қорытындылады. Бабы келіскемен, бағы жанбаған «Білім» факультеті тұғырдың екінші сатысын еншіледі. Бір айта кетері, «Баспахана» мен «Білім» факультетінің жиған ұпай теңдей болды, 2-3 орын иелері тек қосымша көрсеткіштер арқылы анықталды. Ал бір ойынын тең өткізіп, екі кездесуде қарсыласын еңсерген «ТИГУ әкімшілігі» командасы осымен үшінші рет қатарынан турнир жеңімпазы атанды. Жарыстың «Үздік қақпашы» номинациясын «Жеңіс» спорт клубының директоры Сергей Петряев иеленді. Жарыста жеті голдың авторы атанып, мергендігімен көзге түскен академик Жүсіпбек Сүлейменов «Үздік шабуылшы» номинациясына лайық деп танылды. «Баспахана» командасының шабуылшысы Бағлан Жанбосынов «Үздік ойыншы» атанды. Барлық жеңімпаз, жүлдегер командалар дипломдармен және қаржылай марапатталды.

 

Нұржан МАРАТҰЛЫ,

Медиа орталық директоры

АРДАГЕРЛЕР ТАСТАЯҚТАН СЫНҒА ТҮСТІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туған күніне орай Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы мен Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен және Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен 22 қыркүйек күні ардагерлердің қатысуымен бильярдтан облыстық турнир өтті.

Аталған іс-шараға, «Қазақстан-Тараз» ұлттық телеарнасының директоры Мейрамбек Төлепберген мырза құрметті қонақ ретінде қатысып, «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығын тың табыстарымен құттықтай отырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Халық жазушысы Шерағаның бильярд ойынын аса сүйіп ойнайтындығын ескерген Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Байұзақұлы бұл тың бастаманы барынша қолдайтындығын баса атап өтті. Сонымен қатар, Шерхан Мұртазаның киелі орталығының жетекшілері мен насихаттаушылары ретінде оның кез келген шығармашылық құндылықтары мен әрекеттерін үнемі қолдап отыратындықтарын және табысты еңбектер мен іс-әрекеттер жоспарланып жатқандығын тілге тиек етті.

Бильярдтан өткен жарысқа облысымызға белгілі тұлғалар қатысып, 14 ардагер бақ сынасты. Олардың арасында: журналист, ақын-драматург, қоғам қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы – Арғынбай Бекбосын, облысымыздың ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев және басқа да ардагерлер болды. Нәтижесінде облыстық ардагерлер кеңесі тексеру комиссиясының төрағасы Шәріп Дәулетбаев қарсыластарының барлығын ұтып, жеңімпаз атанды. Екінші орынды экономика ғылымдарының докторы, ТИГУ оқытушысы Серік Тажібаев еншіледі. Үздік үштікті Жамбыл облысының Құрметті азаматы Саттар Жанабілов қорытындылады. Барлығы алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі үш орын белгіленіп, ақшалай сияпат жасалды. Жарыс соңында ардагерлер университет басшылығы арнайы жайған дастархан дәм татты.

2 3457

Ректордың блогы

Видеогалерея

Фотогалерея

3D экскурсия

logo 3d

Іздеу

Пайдалы сілтемелер