Сыйға тартылған қазына
СПАРТАКИАДА КҮНДЕЛІГІ
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
Рухани жаңғырудың әрбір белгісі халқымыздың бойында жатыр
joomla

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ


МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ

    Университетте 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Мерекелік бағдарлама «Дауылпаз» студенттік театрының айтулы күнге арналған сахналық қойылымы мен «Ақкербез» бишілер тобының өнерімен басталды. ТИГУ ректоры, облыстық маслихаттың депутаты Ерболат Саурықов сөз сөйлеп, университет ұжымы мен студент жастарды құттықтады. Ерболат Байұзақұлы: -«Тәуелсіздік – теңдік, бостандық, еркіндік, бүкіл адамзат баласының мыңдаған жылдар бойы аңсаған арманы, мақсаты, ұраны болып келе жатқаны белгілі. Біздің еліміз өз арман-мақсатына 1991 жылы жетті. Біз тәуелсіздікпен бірге тілімізді түлеттік, дінімізді өркендеттік, тамырымызды жалғап, салт-дәстүрімізді жаңғырттық. Қазақстан  халқы татулыққа ұйыған, жастары жасампаздыққа ұмтылған елге айналды. Біз жаңа ұлт, жаңа ел болдық.  Күллі әлем таныған, құрметтеп төріне оздырған беделді мемлекетпіз. Мұның бәрі бір күнде, бір сәтте болған жоқ, бұл – Елбасының ерен еңбегі мен Қазақстан халқының бірлігі арқасында келді», - деді.
    Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары мен онның гүлденуіне қосқан үлесі үшін, білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін біршама азаматтар марапатталды. Және де Жамбыл облыс әкімінің, Тараз қаласы әкімінің арнайы алғыс хаты мен құрмет грамоталарымен де бірқатар университет қызметкерлері марапатталды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ведомствалық наградаларымен марапатталғандар:

  •         Министрліктің Құрмет грамотасы – Сарыбекова Жанат Туленовна, Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі,
  •         Министрліктің Құрмет грамотасы – Тастанбекова Қарлығаш Нышанбайқызы, «Экономика және құқық» факультетінің деканы,
  •         Министрліктің Құрмет грамотасы – Жакашев Бейбіт Райкулович, «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті,
  •         Министрліктің Құрмет грамотасы – Андреева Гүлнар Мұратбекқызы, «Қаржы-экономикалық» бөлімінің бас есепшісі,
  •         Министрліктің Құрмет грамотасы – Азимова Мадина Алиайдаровна, Тіркеу офисінің жетекшісі,
  •         Министрліктің Алғыс хаты – Құрманбекова Айгүл Сауқымбекқызы, «Білім» факультетінің деканы,
  •         Министрліктің Алғыс хаты – Абдибеков Бақытжан Тукенович, «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасының доценті,
  •         Министрліктің Алғыс хаты – Саржанова Күлдана Шаяхметқызы, «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасының доценті,
  •         Министрліктің Алғыс хаты – Ерманова Ғалия Бердаковна, «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы,
  •         Министрліктің Алғыс хаты – Сихаева Құндыз Мейірханқызы, «Ұйымдастыру және кадр» бөлімінің бастығы

16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай облыс және қала әкімдігінің грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталған қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамының тізімі:

  •         Облыс әкімінің Құрмет грамотасы – Санат Әшірбеков, Тәрбие және қаржы-шаруашылық қызмет жөніндегі проректор,
  •         Облыс әкімдігінің Алғыс хаты – Юрий Дубский, «Ішкі сапаны қамтамасыз ету» басқармасының бастығы,
  •         Облыс әкімдігінің Алғыс хаты – Айнұр Кембаева, «Шерхантану» орталығының директоры,
  •         Қала әкімінің Құрмет грамотасы – Ғани Байлыбеков, баспахана бастығы,
  •         Қала әкімінің Алғыс хаты – Мұхит Байқұлов, «Қабылдау комиссиясы» бөлімінің жауапты хатшысы,
  •         Қала әкімінің Алғыс хаты – Талғат Нұрбеков, әкімшілік аппаратының жетекшісі.

Университет ректорының 12.12.2017 жылғы №67 бұйрығына сәйкес, еңбекке деген ерекше белсенділіктері үшін төмендегі қызметкерлер марапатталды:

  •         Ректордың Құрмет грамотасы – Ляззат Махмудова, биология, ауылшаруашылық мамандықтар, география және туризм кафедрасының меңгерушісі,
  •         Ректордың Құрмет грамотасы – Жандос Джолсейтов, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» басқармасының локальді компьютер жүйесін басқару мен техникалық қызмет көрсету секторының жетекшісі,
  •         Ректордың Алғыс хаты – Сайлау Утешбаев, әкімшілік шаруашылық басқармасының техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инспекторы,
  •         Ректордың Алғыс хаты – Қ.Жебегенова, «Мектепке дейінгі, бастауыш, кәсіптік білім және бейнелеу өнері» кафедрасының оқу шебері.

Әкімшілік-шаруашылық басқармасының төменде көрсетілген еден тазалаушылары 10 000 (он мың) теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды:

  • Гүлмира Махмұтова
  • Мәрзия Ходжаниязова
  • Жұлдыз Назарова
  • Гүлмира Шахабаева
  • Мадина Тұрлыбекова
  • Нағима Еркебаева
  • Гүлмира Қайырбекова
  • Салтанат Сәрсенбаева
  • Маржан Жалғасбаева
  • Мейізгүл Серікбаева

ТИГУ баспасөз орталығы

Рухани жаңғырудың әрбір белгісі халқымыздың бойында жатыр

Рухани жаңғырудың әрбір белгісі халқымыздың бойында жатыр

 DSC6397

Сұхбат

Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты,

Ерболат Саурықов:

«Рухани жаңғырудың әрбір белгісі халқымыздың бойында жатыр»

 

        Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Осы орайда Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты, ағымдағы жылы Тараз қаласының «Жыл адамы» атанған Ерболат Саурықовпен сұхбаттасқан едік.

– Ерболат Байұзақұлы, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан қандай ой түйдіңіз? Жалпы рухани жаңғыру дегеніміз не?

– Рухани жаңғыру – ХХІ ғасырдағы әлемдік өркениет пен жаһандану кезеңінде дәл мерзімінде жарияланған мақала. Олай дейтін себебім, рухани жаңғырудың әрбір белгілері халқымыздың бойында бар. Сондықтан оған мемлекетіміз құрылғалы бері тіпті, Қазақ хандығы мен Түркі дәуірі кезінен бері біте қайнасып келе жатқан салт дәстүр, әдеп-ғұрып, ұлттық құндылықтарымыз бен асыл қазыналарымыз бойымызда бар болғанымен Елбасы не үшін қазір жариялады деген заңды сауал туындайды. Дегенмен нақты уақытта жаһандану заманы өз жетегіне алып кетіп бара жатыр. Өйткені бұл заманда жастарымыз Еуропа мен озық алпауыт елдерге еліктеуде. Сондай-ақ цифрлық ақпараттарға бас ұрып, өзіміздің салт-дәстүріміз бен тарихымызды, тіліміз бен ділімізді ұмытып қалуға шақ тұрғандары бар. Сол себептен Елбасының бұл мақаласы уақытында жарияланған еңбек. Бұл бір. Екіншіден, егер жаһандану заманынан рухани байлығымызға кері әсерін тигізеді деп қалып қойсақ, онда әлемнің көшінен қалып қоямыз. Сондықтан екеуін қатар алып жүруіміз қажет. Әр жаһандану заманында барлық озық технологияны меңгеру, әлемдегі барша ақпараттармен астасу, қысқасы өзімізді дамыған озық 30 елдің қатарынан көру үшін заман үдерісінен қалмауымыз керек. Себебі оның әрбір белгісі өмірімізге еніп кетті. Осы кезеңде рухани жаңғыруды қатар алып жүрмесек, ертеңгі күні жаһандану заманына жұтылып кетуіміз мүмкін.

– Елбасы осы бағдарламалық еңбегінде ұлт руханиятына байланысты көптеген мәселелерді айтты. Сондай-ақ «Туған жер» бағдарламасы аясында да жұмыс жасау керектігін тапсырды. Бұл тұрғыда қандай жұмыстар атқарылуы қажет?

– Осы «Туған жер» бағдарламасына қатысты идея «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланғанға дейін Елбасы бірнеше рет айтып жүрген болатын. Мәселен, осыған дейін «Мектепке тағзым», «Туған жерге тағзым» деген секілді акциялар бұрыннан іске асып келді. Дегенмен аталмыш бағдарламадан кейін туған жеріне келіп, оны көркейтуге үлес қосушы қалталы азаматтардың саны артты. Сондай-ақ материалдық көмек бере алмайтындар өзі шыққан ауылға ат басын бұрып, рухани жұмыстарын жүргізсе, ақшасы барлар ауылдың әлеуметтік дамуына өз септіктерін тигізуде. Оған өзім куәмін. Мысалы өзім шыққан Мойынқұм ауданына сыртта жүрген азаматтар жылына бір рет әке-шешесі үшін ғана бас сұғатын болса, қазір ауылға келетін болды. Қазіргі таңда ауыл мектептерінде түрлі кездесулер ұйымдастырылуда. Сондықтан бұл бағдарламаның қазіргі қоғам үшін маңызы зор. Осы тұста айта кететінім, Мойынқұм ауданының Құмөзек ауылына 1988 жылғы түлектер келер жылы саябақ салып беруді жоспарлап отырмыз. Бұған түрткі болып отырған жайт, Елбасы мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы.

– Қазіргі таңда қоғамда көп талқыланып жатқан мәселенің бірі латын әліпбиіне көшу ісі. Бұл бастамаға маман ретінде ойыңыз қандай?

– Латын әліпбиіне көшу – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір бағыты. Бұл әліпбиге көшу туралы шешім қабылдағанымыз өте дұрыс. Аталған мәселені мен тіл маманы ретінде осыған дейін де айтып жүрген болатынмын. Осыдан он шақты жыл бұрын да айтылып, ғалымдар өз нұсқаларын ұсынған-тын. Дегенмен әртүрлі жағдайларға байланысты кейінге шегеріліп келді. Кезінде халқымыз латын әліпбиінде жазып, оқулықтар шыққан. Бірақ кеңестік саясатқа байланысты кирилицаға өттік. Қазір латын әліпбиіне қайта келіп отырмыз. Оған көшудің бірнеше факторлары бар. Біріншіден, қазір әлемнің 80 пайызға жуық халқы латын қарпінде әліпби жасап отыр. Сондай-ақ түркі тілдес мемлекеттердің барлығы латын әліпбиін қолданады. Енді бізге неге өтпеске?! Сондықтан латын қарпін дұрыс қабылдауымыз керек. Бұл латын тіліне көшіп кету деген мәселе емес. Қазір көпшілік осы тұрғыда көп қателесіп жүр. Бүгінде жастарымыз цифрлық технологияның кез келгенін пайдаланғанда міндетті түрде латын қарпін пайдаланады. Сонымен қатар шетелмен байланыста да бұл мәселе алдынан шығады. Өйткені шет мемлекеттер біздің кирилицаны түсінбейді. Болашақта латын әліпбиін бір жүйеге келтіріп, сол қаріпте жазатын боламыз. Әлемдік ақпараттармен алмасу, кез келген сала болмасын өте керек.

– Бұл маңызды құжат тәрбие мен идеологиялық жұмыстарды жүйелеуге кең мүмкіндіктер ашып отыр. Мақала аясында білім, ғылым туралы не айтасыз?

– Мұнда да атап өтетін бірнеше фактор баршылық. Жалғыз ғана салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді танып қою емес. Білім саласында ұлттық құндылықтарымызды сақтау үшін балабақшадан бастап мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындары секілді деңгейлеп білім алу жағдайында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін енгізуді бастап кеттік. Біздің университетте биология, химия, физика мамандықтары бойынша ағылшын тілінде топтар құрылып, сол тілде дәріс беру басталды. Оқытушыларымыздың біліктіліктерін көтеріп, ағылшын тілін үйретудеміз. Бұл дегеніміз әлемдік білім бәсекелестігінде өзімізді көрсетудің мүмкіндігі. Мұндай бастама білім деңгейін жоғарылатуға серпіліс беріп отыр. Оның үстіне Елбасы «Ғылымсыз бірде бір мемлекет дамымайды әрі болашағы болмайды» деген болатын. Сондықтан қазіргі уақыта ғылымды жастарымыздан бастап отырмыз. Дегенмен ол бұрыннан бар еді. Бірақ қазір өзгеше қарқын алды. Ғылым қазақ экономиикасының дамуы үшін белгілі бір жемісті нәтиже шығармаса дамуымыз тоқталап қалатыны шүбәсіз. Сол себепті әрбір балаға берген біліміміз бен ғылымымыз ертеңгі күні өндірісте көрінуі қажет. Осы бағытта оқу орнының ішінен агро биологиялық зерттеу институтын аштық. Биылғы жылы тағы «ветеринария және мал шаруашылығы» ғылыми зерттеу орталығын ашып отырмыз. Бұлардың барлығы рухани жаңғырудағы ғылым мен білімге деген басты бағыттарды алдымызға мақсат етіп, орындауға тырысудамыз. Өйткені дайындап жатқан шәкіртіміз болашақта біз берген теориялық білімнен бөлек практика жүзінде тәжірибеден өткізбесек 4 жылдан кейін жақсы маман шыға қоймайтынына көзіміз жетті.

– Бағдарламалық мақала халқымыздың өткенімен, бүгінімен және келешегімен тығыз астасып жатыр. Осынау құнды құжатта атап көрсетілген міндеттерді іс жүзінде орындауға оқу орнының студенттері қандай үлес қосып жүр?

– Қазіргі таңда рухани жаңғыруға байланысты университет базасында көп іс-шаралар іске асып жатыр. Оның әуелгісі ол бойынша арнайы офис ашылды. Ол жерде қызметкерлер штаттық деңгейде рухани жаңғыру бойынша жұмыс жасауда. Біздің әрбір оқытушымызбен әрбір студентіміз рухани жаңғырудың не екенін түсіну керек. Осы бағытта профессор-оқытушылардан арнайы топтар құрылды. Олар барлық мамандықтарға бағдарламалық мақаланың мақсат-міндеттері туралы дәрістер өткізді. Мұның барлығы арнайы офистің жасап жатқан жұмысы. Бұрыннан атқарып жүрген жұмыстарымыз көп, оған қосымша жылдық жоспар құрдық. Ол бойынша апта сайын әртүрлі іс-шараларды өткізуді бастадық. Олардың барлығы тікелей студенттердің қатысуымен болып жатыр. Мысалы, жақында «Шерхан оқуларын» өткіздік. Қазір жер-су, кісі аттарына байланысты Әл-Фараби атындағы ҚаҰУ-мен бірлесіп, қаңтар айының 19-да форум ұйымдастырғалы отырмыз. Ол форумда қазақтың жер-су аттарының тарихы, шығу тегі, аңыздар, танымдық бағытқа қатысты эсселер жазылады. Бұл шараға студенттерімізбен қатар мектеп оқушыларын да тартатын боламыз. Бұдан өзге облыстық, республикалық баспа беттерінде профессор-оқытушыларымыз, студенттеріміз бірлесіп мақалалар жазуда. Сондай-ақ «Білімді, іскер жастар – ел тірегі» атты студенттік конференция ұйымдастырдық. Ол конференцияның негізінде рухани жаңғыруға байланысты көптеген баяндамалар, пікірлер, дөңгелек үстел, семинарлар өтті. Сонымен қатар облыстық рухани жаңғыру офисіне 3 тақырып бойынша ғылыми-жоба ұсындық. Егер ол мақұлданса университетте республикалық немесе облыстық бюджет есебінен бірнеше жұмыстар атқарылатын болады.

– Бүгінде облыстық мәслихаттың депутатысыз. Сондай-ақ ағымдағы жылы Тараз қаласының «Жыл адамы» атандыңыз. Мұндай мансап пен деңгей сізге қандай жауапкершілік жүктейді?

– Ректор ретінде алдыға қойған жоспармен ғана жұмыс жасайсың. Яғни тек білім мен ғылым жолында. Ал депутат ретінде өзімді сайлаған жергілікті тұрғындармен олардың экономикалық, әлеуметтік жағдайларына байланысты жұмыс жасап жатырмыз. Былайша айтқанда, ол да жоспарлы түрде. Енді «Жыл адамы» болғаным менің жұмысыма қосымша жауапкершіліктер жүктеп отыр. Өйткені қолға алып отырған жұмыстарымнан жақсы нәтиже беріп отыруым қажет. Ондай жұмыстарды жалғыз өзім жасай алмайтыным белгілі. Жақсы нәтижелерге ұжым ретінде ғана жетемін. Биылғы жылы «Жыл адамы» атағын алғаннан кейін Тараз қаласының барлық қоғамдық жұмыстарының басы-қасынан табылуымды міндет санаймын. Сол себептен жұмыстың ауқымы бұрынғыдан еселенді.

– Биылғы жылы Тәуелсіздігімізге 26 жыл толып отыр. Осы орайда азаттығымызды қаншалықты бағалай алып жүрміз?

– Бес саусақ бірдей емес екені әу бастан белгілі. Осы тәуелсіздік күнімізге қалай қол жеткізгенімізді, одан кейінгі ел болып еңсе түзеген кезеңдердегі қажырлы жұмысты әрбір азамат жақсы біле бермейді. Кейбіреулеріне осы күн аспаннан түскен секілді. Ойлап қарасақ, өткен ғасырдың аяғындағы қиындықты сол кезеңде өмір сүрген кісілер жақсы біледі. Уақыт бәрін ұмыттыратыны секілді, ол қиындықтарды ұмытып қалуы да мүмкін. Сондықтан осы күнге бей-жай қарайды. Бұл күннің ар жағында үлкен қатпарлы тарих жатыр. Ол тарихта қырғи қабақ соғыстар мен қан төгістердің болғаны белгілі. Оның барлығы не үшін болды?! Барлығы жер үшін, тұғырлы тәуелсіздік пен еңселі егемендік үшін болды. Осы үшін ата-бабаларымыз құрбан болып кетті. Қасықтай қаны қалғанша жан берісіп, жан алысты. Олардың да арманы «Мәңгілік ел» еді. Дегенмен Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ширек ғасыр оңайға соққан жоқ. Бұл тығырықтан шығуда жол бастаушы болған Елбасының еңбегі ерен. Бүгінде еңсе түзелді, саяси бағытымыз айқын, қадамымыз нық, шекарамыз берік, тұрақтылық бар. Ендігі осы қол жеткізген байлығымызға әрбір азамат бейжай қарамауы керек. Жалпы Елбасы рухани жаңғыру сөзін осыдан 15 жылдай бұрын айтқан болатын. «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, мемлекеттігімізді ұзақ уақыт меңзеп тұрғымыз келсе, біз халық руханиятының бастауларын білгеніміз жөн. Халық руханиятының бастауы – ол халық даналығында жатыр» деген еді. Осы сөздің түп төркінінде рухани жаңғыру жатыр.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ.

«Жамбыл-Тараз» қалалық газеті

«Тәуелсіздік толғауы»

     Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік  толғауы» атты ашық тәрбие сағаты.

         2017 жылдың 11 желтоқсанында «Филология» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында   еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік  толғауы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. 

       Ашық тәрбие сағатына университеттің оқу, ғылыми жұмыстар және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, тех.ғ.к., доцент Е.Шертаев, тәрбие және қаржы-шаруашылық қызмет жөніндегі проректор С.Әшірбеков, ішкі сапаны қамтамасыз ету  басқармасының бастығы Ю.Дубский, тәрбие бөлімінің бастығы Р.Нуркина, «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.Кембаева, «Білім» факультетінің деканы, п.ғ.к. А.Құрманбекова және кафедра меңгерушілері шақырылып, қатысты. 

      Ашық тәрбие сағаты студенттердің Мемлекеттік Әнұранды  шырқауымен басталып,  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті Мырзатай Медеудің арнауымен жалғасты. «Филология» мамандығының 2-курс студенті Байғазиев Асылбек тәуелсіздік туралы ой толғаған баяндама оқып, өздері дайындаған өткен күндердің тарихи көрінісін көрсетті. Сондай-ақ, 2-курс студенттері Мырзатай Медеу мен Сағадинов Төлеген «Жаса Қазақстан» әнін шырқап, жас ақындар өздерінің жүрекжарды өлеңдерін оқыды. Тәрбие сағатының соңында студенттер «Атамекен» әнін хормен  айтып, кеш қонақтарына сөз берілді. Кеш қонақтары ұлы мерекеге байланысты өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, тәуелсіздікті баянды ету – жастардың қолында екендігін атап айтып, сенім білдірді. Ашық тәрбие сағатында студенттер бейнероликтер, слаидтар көрсетіп, желтоқсан жаңғырығы мен жала құрбаны болған есіл боздақтарымыздың ерлігі – ұмытылмас ұлағат, тәлім-тәрбие өзегі екендігін ұғындыруға ұмтылды. 

«Білімді, іскер жастар – ел тірегі»

«Білімді, іскер жастар – ел тірегі»

       Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Білімді, іскер жастар – ел тірегі» атты студенттердің кезекті Х-шы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

       Екі күнге созылған іс-шараның пленарлық отырысын ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Ерболат Байұзақұлы: - Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп көрсетілген болатын. Демек, ұлттың биікті бағындыруы, арманына қол жеткізуі, бекзада болмысын сақтауы білім, ғылымға жаны құштар көзі ашық жастар арқылы орындалатын дүние. Осы мақсатта мұндай жиындар жиі ұйымдастырылып тұруы керек, - деп, конференция дәстүрлі түрде жалғасын табатынын айтты. Сонымен қатар, ғылыми-тәжірибелік конференцияға еліміздің өзге де өңірлерінен келіп түскен үздік деген баяндамалар оқылып, әрі қарай секция жұмыстарына ұласты.
      Айта кетейік, бес бағыт бойынша жалғасқан (Қазақстан жастары және «Рухани жаңғыру» аясындағы филология ғылымының өзекті  мәселелері, «Рухани жаңғыру» аясындағы белсенді жастар және жаратылыстану ғылымдары мәселелері, Қазақстан жастары және «Рухани жаңғыру» аясындағы әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай, Жастар және «Рухани жаңғыру» аясындағы мемлекеттігіміздің құқықтық мәселелері, Жас ұрпақ және педагогика: «Рухани жаңғыру» аясындағы патриоттық, тәрбиелік мәселелері) секция жұмыстарына бас-аяғы 150-ге жуық материал түсіп, ғалымдардан құралған қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтармен және қаржылай марапатталды.

ТИГУ баспасөз орталығы

«Білімді жастар – Тәуелсіз Қазақстанның келешегі» облыстық пікір-сайыс турнирі

        

«Білімді жастар – Тәуелсіз Қазақстанның келешегі»  

       3 желтоқсан күні Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында және ҚР Тұғыш Президент күні мерекесіне орай «Білімді жастар Тәуелсіз Қазақстанның келешегі» атты  тақырыбында  облыстық пікірсайыс турнирі қазақ және орыс тілінде өтті. Турнир нәтижесі бойынша:

Қазақ лигасы бойынша:

1. І орын  Жамбыл экономика және Ақпараттық технология колледжі «Джамейкорс» 

  Омарова Талшын

  Кенжебаева Айсұлу 

 2. ІІ орын М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Алтыным»

 Тургалиева Венера

 Сейдазим Урсула

3.ІІІ орын Жамбыл политехникалық колледж «Шах и Мат» 

Қайратқызы Нәр

Дүйсен Жасұлан                    

«Үздік төреші» - Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті  Шамбыл Шұға

Орыс лигасы бойынша:

1.І орын Жамбыл экономика және Ақпараттық технология колледжі «Desting»

Шигилбеков Ансар

Орынбай Рахат

2. ІІ орын Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Адреналин»

Булатникова Екатерина

Ефреминко Михаил

3.ІІІ орын  Жамбыл экономика және Ақпараттық технология колледжі «Gambits» 

Тлеукулов Абылай

Нұрмахан Дамир            

 «Үздік төреші» - Нұрпейсов Михайл

«Үздік спикер» - Орынбай Рахат