Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
joomla

Шерхан оқулары: ТИГУ ректорының гранты иесін тапты

      Университетте «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының мұрындық болуымен дәстүрлі облыстық «Шерхан оқулары» байқауы мәресіне жетті. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған оқушылар байқауы биыл да өз деңгейінде өтті.
        Аудандық, қалалық кезеңдерден сүрінбей озық шыққан озат 120-ға жуық оқушы облыстық сында бақ сынасты. Төрт бағыт бойынша өз өнерлерін ортаға салған үміткерлер арасынан 12 үздік дара шығып, бас бәйге ректор гранты үшін білім бәсекесіне түсті.
       Нәтижесінде, төрт бағыт бойынша 24 жүлдегер мен олардың жетекшілеріне арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал төрт жыл тегін оқуға мүмкіндік беретін «Ректор гранты» сертификатын Тараз қаласындағы №15 мектептің 11 сынып оқушысы Назерке Қадырбек жеңіп алды. Шу ауданынан келген Аяулым Несіпбай 50% оқу ақысына жеңілдікті ұтып алса, 25% оқу ақысына жеңілдік Талас ауданы Қойгелді орта мектебінің оқушысы Құралай Жаңабаеваға бұйырды.
         Марапаттау салтанатында ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов барлық қатысушылар мен оларды дайындаған жетекшілерге алғыс айтып, Шерхан шығармашылығын жастар арасында барынша дәріптеу мақсатында байқау жылда жалғасын табатын болады деді. Бұдан өзге, «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырумен ақындар айтысы, жазба ақындар мүшәйрасы да үнемі өткізіліп келеді.

ТИГУ баспасөз орталығы

01 10000020003032

 

«Сыбайлас жемкорлықтың алдын алу біріңғай сағаты»

       «Сыбайлас жемкорлықтың алдын алу біріңғай сағаты»

       2017 жылы 29 қарашада Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде  сағат 11:00-де оқытушы құрамы мен студенттердің қатысуымен «Сыбайлас жемкорлықтың алдын алу біріңғай сағаты» атты іс-шарасы ұйымдастырылды. Біріңғай сабақ шеңберінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия «100 нақты қадам» ұлт жоспары бойынша және мемлекетімізде  сыбайлас жемқорлықтың алдын  алуға бағытталып жүргізіліп жатқан  ортақ саясаттың маңыздылығы ортаға салынды. 

ТИГУ Мойынқұм мекенін түлетпек

S8sWgvo5GyI          Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облысында «Туған жерге туыңды тік!» бағдарламасын ілгерілету мақсатында ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов Мойынқұм ауданы әкімі аппараты және Қарабөгет ауылдық округі әкімінің аппаратымен үш жақты өзара әрекет ету және серіктестік ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
         Осы құжатқа сәйкес, Ерболат Байұзақұлы өзінің туған жері Мойынқұм ауданының Құмөзек ауылына «Жаңғырған ауыл» жобасы аясында ауыл тұрғындарына мешіт, жастарға арналған сквер, кіші футбол алаңын және ауыл өнерпаздарына арналған жазғы сахна соғып, сыйға тартатын болады.
     Жалпы осындай азаматтарды, елге танымал кәсіпкерлерді, қоғам қайраткерлерін, үлкен кәсіпорындар мен шаруашылық басшыларын, зиялы қауым өкілдерін өз ауылын көркейтуге, жаңғыртуға шақыра отырып, тәуелсіздік жылдары ішіндегі жетістіктері мен табыстарын паш ету арқылы  жалпыұлттық патриотизмді қалыптастыру, өзінің туған жеріне, қаласына, өңіріне деген сүйіспеншілікті арттыруды көздеген жоба осылайша жүйелі жалғасын табуда.

ТИГУ баспасөз қызметі

English speaking club

2017 жылдың 18 қараша күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «English speaking club» атты дөңгелек үстелдің алғашқы отырысы өтті.IMG 20171118 WA0000

Кездесуді ұйымдастырушы «Көптілділікті дамыту» секторы және «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасы. Кездесудің тақырыбы «English speaking countries». Дөңгелек үстелге университеттің ағылшын тілін меңгерген профессор-оқытушылар құрамы қатысты. IMG 20171118 WA0002

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – ПОҚ-ң  арасында ағылшын тілін меңгеруді   жетілдіру  және «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасының аясына негізделеді.

IMG 20171118 WA0009

Дөңгелек үстел бұдан әрі дәстүрлі түрде  әр аптаның сенбі күндері ТИГУ-нің бас ғимаратында 1-103 аудиторияда сағ. 1000-де өткізілетін болады. Клубтың әр апталық отырысындағы тақырыптар оқу процесінің талабына сай өзгеріп отырады. Дөңгелек  үстелге  ат салысып  қатысам деуші ПОҚ-н және қызметкерлерді күтеміз. 

IMG 20171118 WA0006

IMG 20171118 WA0014

 

«Шерхан оқулары»байқауының қалалық кезеңі өтті

1

        Университеттің «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Шерхан оқулары» дәстүрлі байқауы басталды. Осымен екінші мәрте өткізіліп отырған байқаудың биылғы қалалық кезеңіне шаһардағы орта мектеп оқушылары мен орта арнаулы оқу орындарының білімгерлері бар, бас-аяғы 80-ге тарта қатысушы бақ сынасты.

2

        Қатысушылар «Жұлдызы нұрлы суреткер» (шығарма талдау), «Рух пен намыстың төресі» (мәнерлеп оқу), «Зау тұлға» (өз өлеңдерін арнау) және «Шерхан Мұртаза мұрасы» (ғылыми жоба) деп аталатын төрт бағыт бойынша сынға түсті. Әр бағыт бойынша тағайындалған қазылар алқасы шешім шығарып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Бұл кезең жеңімпаздары облыстық байқауға жолдама алды.

        Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов тарапынан үлкен қолдауға ие болып, нәтижесінде әрбір шығармашыл оқушының талантына серпін беріп, мақсаттарын еселегендігі даусыз. Ерболат Байұзақұлы марапаттау сәтінде сөз алып, Шерхан мұрасын насихаттап, жастардың мол мағлұмат алуы үшін алдағы уақытта да түрлі іс-шаралар легі жалғасын табатындығын айтты.

        Байқау 22 қарашаға дейін облыс аудандарында жалғасын тауып, облыстық негізгі кезең 29 қараша күні университет қабырғасында өтетін болады. Облыстық сыннан сүрінбей өткен жеңімпазға ТИГУ ректорының гранты беріліп, тегін оқу мүмкіндігіне ие болады. Ал екінші, үшінші орынды еншілеген қатысушылар 50%, 25% жеңілдіктер табысталады.

3

Назарларыңызға қалалық кезеңнің 4 бағыты бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін ұсынамыз:

І бағыт

І орын –Өтетілеу Алтынай - №11 орта мектеп

ІІ орын – Абдлалимова Гүлмира - Жамбыл экономика және ақпараттық технология колледжі

Сәтекова Мадина - №25 о/м

ІІІ орын – Әмірбек Есімжан - Жамбыл экономика және ақпараттық технология колледжі

Тілеуқұл Алтынай - «Абай атынд. Жамбыл гуманитарлық колледжі»

Алғыс хат: Үркінбаева Аида - Айша бибі «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектебі

Мэлс Дана - «Абай атынд. Жамбыл гуманитарлық колледжі»

ІІ бағыт

І орын – Әбіл Аружан - №5 мектеп-гимн.

ІІ орын – Түкежан Шынар -   Айша бибі «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектебі

Керімова Ляззат - №32 о/м

ІІІ орын – Рахым Камила - «Абай атынд. Жамбыл гуманитарлық колледжі»

Омарова Талшын – Жамбыл экономика және ақпараттық технология колледжі

Базарбай Мөлдір - №29 ом

Алғыс хаттар: Қосубақ Әлибек - «Абай атынд. Жамбыл гуманитарлық колледжі»

Рахым Камила – «Абай атынд. Жамбыл гуманитарлық колледжі»

Айту Нұрай - №8 мект-гимн.

Нұржаубаева Ұлбосын - «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжі

Аманжолова Зоя -

ІІІ бағыт

І орын – Нұртаев Бақдәулет №53 мект-гимн.

ІІ орын –Түзел Мәншүк №32 мект.

Бекарыс Шырақбай №26 мект 7 сынып

ІІІ орын – Асылхан Бүрлібай №19 мектеп

Құралай Искакова – Жамбыл экономика және ақпараттық технология колледжі

Мерей Ниязбекова - №51 мектеп

Жетен Жәнерке - №30 мектеп

Алғыс хаттар: Маржан Құрманәлі –«Дарын» мектеп интернаты

Гауһар Әбдіқапарова - №5 мктеп-гимн.

Жания Ахметбек – «Абай атындағы Жамбыл гум/қ колледжі»

ІҮ бағыт

І орын –Қадірбек Назерке - №15 мект-гимн.

ІІ орын – Омарова Гүлмира - №11о/м

Мұратова Айгерім - №5 мект-гимн.

ІІІ орын – Сатыбалды Құралай - №49 мект-гимн.

Жамбыл Аяжан – СШОД

Алғыс хаттар: Тлеухан Азиза - Айша бибі «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектебі

Шайзадаева Фатима - №32 мектеп

ТИГУ баспасөз орталығы

Ректордың блогы

logo10let

xabarlandiru

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d