joomla

Педагогикалық идеялар панорамасы

Педагогикалық идеялар панорамасы

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР МӘЛІМЕТІ / ЖӘРМЕҢКЕ 

       Университет түлектеріне кәсіби қызмет пен жұмыс іздеу мәселелері бойынша көмек көрсетуге бағытталған. Жұмыс іздеп жүруіңізге қарасты Оқу-әдістемелік бөлімінің Практика және жұмыспен қамту секторы сіздердің ізденістеріңізге көмек көрсететін болады. Түлектер кейбір тегін және қолжетімді қызметтерді пайдалана алады.

  1. https://www.enbek.kz/ 
  1. Bagdar.kz                                                                                                                                                             
  2. https://www.olx.kz/rabota/ 
  3. https://joblab.kz/ 
  4. http://qyzmet.kz/ 
  5. https://kz.jooble.org/
  6. kzwork.com/ 
  7. https://24rabota.kz/ 
  8. https://rabota.nur.kz/ 
  9. https://zarplata.kz/ 
  10. https://trudbox.kz/jobs 
  11. https://market.kz/section/rabota/ 
  12. https://kz24.net/job/ 
  13. careerjet.kz 
  14. jobsmarket.kz/ 
  15. neftegaz.kz/poisk-vakansij/ 
  16. https://vk.com/rabota_v_kazakhstane 
  17. https://www.facebook.com/Zarplata.KZ/ 
  18. https://twitter.com/rabota_v_kz 
  19. http://sobes.shymkent.gov.kz/ 

        Оқу-әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен университетте болашақ түлектердің жұмысқа орналасуын ілгерілету мақсатында жыл сайын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге облыстық, қалалық, аудандық білім басқармасының басшылары, мектеп және ұйым директорлары жұмыс берушілері шақыртылады.

Жолдауды талқылаған білімді жастар

                                               Жолдауды талқылаған білімді жастарIMG 20181009 132314     2018 жылдың қазан айының 5 жұлдызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялаған болатын.
      Жолдауда көрсетілген міндеттер мен негізгі басымдықтар қоғамның қызу талқысына түсуде. Елбасы жүктеген міндеттер мен нақтыланған жоспарлар біздің де назарымыздан тыс қалмай, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Білім» факультетінің белсенді жастары да жолдауға байланысты арнайы жиын өткізді. Жиын барысында «Білім» факультетінің студенттік деканы Асылбек Нәсіпқалиұлы баяндама жасап, жолдаудың мақсаты мен міндеттерін жастардың көзқарасымен түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғандығын назарға ала отырып, факультет көлемінде өткізілу керекті іс-шараларды талқылады.

Мұхамбет Аружан
«Білім» факультеті студенттік деканының хатшысы

IMG 20181009 WA0021IMG 20181009 132409

 

ТАРМУ-дың 60 жылдығына арналған ректор кубогы ТИГУ-дың қанжығасында

debatturnir 2

    debatturnir 3М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 60 жылдық мерейтойына орай «Мемлекеттік қызмет-қоғамға және әрбір қазақстандыққа қызмет етудің ерекше түрлері мен қызметі» тақырыбында облыстық пікірсайыс турниріне Тараз инновациялық - гуманитарлық университеті 3 курс студенті Асқар Бекболат пен 1 курс студенті Орынбекова Әсем І орын иеленді.
                                                                                           "Күлтөбе" пікірсайыс клубының жетекшісі Қ.Райкулов

debatturnir

 

 

Жобаны бір кісідей қолдады

                                                                     Жобаны бір кісідей қолдадыO47A9254     2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:  табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессор-оқытушы құрамы мен қызметкерлері және студенттері теледидардан  тыңдады.
    Жолдауда халқымыздың әл-ауқатын жақсылауға, тұрмысын жоғары деңгейге көтеруге, олардың өмір сүру сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, сыртқы саясаттағы тиімділік және осы үдерістерге азаматтардың атсалысуы бойынша  алты бөлімнен тұратын мәселелер қамтылды:
І. Халық табысының өсуі
II. Тұрмыс сапасын арттыру
III. Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру
IV. Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат
V. Тиімді сыртқы саясат
VІ. Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы.
    Мемлекетімізде саяси-әлеуметтік тұрақтылықты нығайтатын Жолдаудағы бұл тараулар халық көңілінен шығып, болашаққа биіктерден қарауына мүмкіндік береді. Алты бөлімнен тұратын Жолдаудағы көтерілген бағыттар бойынша нақтылы көрсетпелер берілді.   
«Тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын бөлім 8 бағыттан тұрады.O47A9248     Бірінші бағытта 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық салаларын жетілдіру бойынша халыққа қызмет көрсету сапасын арттыра отырып, көтерілген реформалардың қоғамнан орын тебуіне нақты бағыттарды атап көрсеткен.
    Екінші бағытта мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту үшін білім беру ісінде 4К моделін іске асыру туралы нақты шаралар көрсетіледі. Жолдауда мұндай шаралардың іске асуы үшін Білім және ғылым министрлігі еліміздің аймақтарындағы әкімдермен бірігіп, «Жол картасын» әзірлеу қажеттігін атап көрсетеді.
     Үшінші бағытта осы шараларға қажетті 50 миллиард теңгені Үкімет бюджетінен жұмсау қажеттігі айтылды.
   Төртінші бағытта 2019-жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданатынын атап көрсетті. Мұның өзі халықтың қаймағы болған мұғалімдердің мәртебесін арттыра отырып, мектептегі білімді  реформалаудың қорытынды кезең екенін атап көрсетті.
    Бесінші бағытта жоғары білім беру ісінде жоғары оқу орындарының қазіргі заман талабына сай білім беру қажеттілігіне баса назар аударды, Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа оқу орындары қажет екенін айтты.
     Алтыншы бағыт бойынша  халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсылаудың  заманауи талабына тоқтала отырып ауылдық жерлерде  медициналық-санитарлық көмек көрсетудің тиімді жолдарына тоқталды. Осы мақсатта 2019-жылы Үкімет тарапынан 5 миллиард теңге бөлінетінін хабарлады.
    Жетінші бағыт бойынша бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру бойынша бірқатар түйінді мәселелердің оңтайлы шешілуіне арнап өз ойын білдірді.
    Сегізінші бағыт бойынша ұлт саулығына, қазақстандықтарды сапалы азық-түліктермен қамтамасыз ету үшін азық-түлікке, дәрі-дәрмекке, ауыз суға, балалар тұтынатын тауарлардың сапалы болуына, медициналық қызмет көрсетудің  сапасын жақсылау бойынша қомақты мәселелерді атап көрсетті.
    Жолдауды профессор-оқытушылар, қызметкерлер, білімгерлер қол соғып тұрып қолдады.

    Медиа-имидж және баспаханa бөлімі

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d