МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

«ЖАС САРБАЗ» әскери спорттық ойындары

«ЖАС САРБАЗ» әскери спорттық ойындары      IMG 20180512 WA0049

       2018 жылдың 12 мамырында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің  73 жылдығын атап өту қарасаңында Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы «85395» Әскери бөлімі территориясында ұйымдастырған облыс жастары арасындағы «ЖАС САРБАЗ» әскери спорттық ойындарына ТИГУ «Білім» факультеті «Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының атынан  жарыс Ережесінің талаптарына  сәйкес  толық 1 команда қатысты (ұлдар және қыздар). ТИГУ командасы жарыстың қорытындысы бойынша 15 команда арасынан жалпы командалық есепте ІІ орынды иеленді, оның ішінде жекелеген әскери-спорт түрлерінен студенттеріміз номинациялық марапаттарға қол жеткізді.

       БӘД пәнінің аға оқытушы   Үсен Б.М.

IMG 20180503 WA0001IMG 20180512 WA0029IMG 20180512 WA0042IMG 20180512 WA0054IMG 20180512 WA0058IMG 20180512 WA0064

ЖЕҢІСКЕ ТАҒЗЫМ

ЖЕҢІСКЕ ТАҒЗЫМ

090518      2018 жылдың 9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 73 жылдығына  орай ұйымдастырылған  мерекелік іс-шараларда Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ұжымы белсенділік танытты.
      А.Сухамбаев, Ы.Сүлейменов З. Космодемьянская, Т.Тастандиев ескерткіштеріне, «Даңқ» мемориалына, ҰОС жылдарындағы Жамбыл қаласындағы госпитальдарда жарақаттан қаза болған Совет армиясы жауынгерлеріне арналған обелискіге, «Даңқ» аллеясына, 1941-1945 жылдары қаза болған жауынгерлердің стелласына гүл шоқтарын қою рәсімдеріне қатысты.
     Сондай-ақ, орталық «Достық» алаңынан  «Жеңіс» саябағына дейін және А.Сухамбаев ескерткішінен «Жеңіс» саябағына дейін «Қаһарман Ұлт – Бессмертный полк» шеруінде университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері және студенттері жүріп өтті.

Медиа және имидждік технологиялар бөлімі

090518 1090518 2

«Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында семинар өтті

«ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ» тақырыбында семинар өтті

O47A8112    2018 жылдың 3-мамыр күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Дінтану» орталығының маманы Н.Нұрмахан мен Жамбыл облыстық ІІД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция лейтенанты Д.Сәуірбай «Жаратылыстану» және «Білім» факультетінің студенттеріне «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.         
      Іс-шара шеңберінде тыңдаушыларға: деструктивті діни ағымдардың теологиялық қырынан ерекшеліктері, саяси қауіптілігі және олардың алдау-арбау техникалары, діни экстремизм мен терроризм зардаптары, экстремистік-лаңкестік мазмұндағы қылмыстар үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің нормалары, отбасылық құндылықтар, толеранттылық және конфессия аралық келісімнің дамуындағы өзекті мәселелер туралы айтылып пікір алмасылып, сұрақтарына жауаптар берілді.

«Дінтану» орталығының
маманы  Н.Нұрмахан

IMG 7724IMG 7732O47A8101O47A8106

КІШІ-ФУТБОЛ ТУРНИРІ

                                                     КІШІ-ФУТБОЛ ТУРНИРІO47A8174      Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «10 жылдық мерей тойына» және "7-мамыр Отан қорғаушылар күні" мерекесіне арналған «Спорттық-бұқаралық жұмыстар» орталығымен «Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар, қызметкерлер арасындағы кіші-футболдан турнир өткізілді. Шараға төмендегі 5 команда қатысты:
№ 1 «ТИГУ.KZ» - ӘКІМШІЛІК - 1
№ 2 «ДОСТАР» - «БІЛІМ» фак-ті
№ 3 «ЖІГЕР» - «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» фак-ті
№ 4 «СҰҢҚАР» - «ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» фак-ті
№ 5 «ЖАЛЫН» - ӘКІМШІЛІК  - 2
O47A8411Командалық есеп бойынша жүлделі ІІІ орынды келесі командалар өзара бөлісті:
I ОРЫН - «ДОСТАР»
II ОРЫН - «ЖАЛЫН»
III ОРЫН - «ТИГУ.KZ»
Сондай-ақ, ойын барысында көзге түскен ойыншылар түрлі аталымдар бойынша марапатталды:
ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ – Әбдібеков Қайнар
ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ – Наурызбаев Дархан
ҮЗДІК ҚАҚПАШЫ – Батенов Жарбол
ҮЗДІК ОЙЫНШЫ – Сүлейменов Жүсіпбек Тәшірбайұлы

Тараз инновациялық-
гуманитарлық университеті
Спорттық-бұқаралық жұмыстарына
орталығының
Директоры                                                                                                              С.В.Петряев

 

O47A8227O47A8243O47A8252O47A8348

«ТИГУ ТАРЛАНЫ– 2018»

«ТИГУ ТАРЛАНЫ– 2018»

O47A8509

     Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Тараз инновациялық-гуманитарлық  университетінің  10 жылдық мерейтойына арналған «ТИГУ Тарланы– 2018» жігіттер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты ұлттық құндылық, рухани байлық, салт-дәстүрімізді сақтап, одан әрі дамытатын жас жігіттеріміздің өнерін дәріптеумен қатар, олардың ұлттық намысын жігерлендіру, жаңа биіктерге талпындыру. Халқымыздың әдет ғұрпын сақтайтын нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерді дәріптеу. "Сегіз қырлы, бір сырлы" жігіттеріміздің өнерін елге танытып, өзге ұлт өкілдеріне де өнеге тұту. 4 кезең бойынша бақ сынасқан жігіттердің арасынан ең үздік деп танылған "Филология" мамандығының 2 курс студенті Спанәлі Серік «ТИГУ Тарланы– 2018» атанды. 1 дәрежелі диплом "Сері жігіт" номинациясын Сламбеков Нұрсұлтан,  2 дәрежелі диплом "Өнерлі жігіт" номинациясын Алила Азиз және 3 дәрежелі диплом "Тапқыр жігіт" номинациясымен Нұртаев Ағаділ марапатталды. Сонымен қатар жігіттеріміз "Ақын жігіт", "Шебер жігіт" және университет ректорының алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

O47A8511O47A8816O47A8862O47A8873

 

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d