Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

«Ұлы Жібек жолы және қазақ мемлекеттілігі»

Қараша айының 16-17 жұлдыздары аралығында Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінің №1-ші оқу ғимаратының мәжіліс залында ғылыми жұмыстар және халықаралық қарым-қатынастар бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек жолы және қазақ мемлекеттілігі» атты студенттердің VIII-ші республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Факультетаралық КВН ойыны ұйымдастырылды

Факультетаралық КВН ойыны ұйымдастырылды

Қазан айының 28-ші жұлдызында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде үшінші рет факультетаралық «Жайдарман» КВН сайысы ұйымдастырылды. КВН жүргізу құрметі «Олимп» жайдарман тобының мүшесі Нұржан Лесбекке бұйырды. Әділ бағасын беретін қазылар алқасы да таныстырылды. Олар:тәрбие бөлімінің мамандары Назгүл Әбітаева, Ақмарал Кенембаева, Сергей Петряев және студент ректоры Күнту Мәди. «Тарих толқыны» атты ойынға білімгерлерден құралған 5 команда қатысты.Олар: «Тигу құрамдары», «ФКС», «Жапалақтар», «Ice cream», «Асау жүрек».

Жас Отан және Еріктілер ұйымы

Жас Отан және Еріктілер ұйымы

Университетіміздің бас ғимаратында қазан айының 23-ші жұлдызында Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша « Жас Отан» Жастар қанатының жанындағы еріктілер мектебінің жұмысын жандандыру мақсатында Тараз инновациялық гуманитарлық университетінде Еріктілер және мемлекеттік қызметкерлер мектебінің жұмысын үйлестіру және жүргізу атты тақырыбында семинар өтті. Бұл бағыт жастарымызды әлеуметтік тәжірибеге жұмылдыру және еркімен жігерлік танытуды, дамытуды мақсатында қолға алынып отыр. Семинарды өткізген Нұр Отан партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Төрағасы Тұрсынбек Бақкелді Ғабдоллаұлы мырзаның қатысуымен өтті.

Студент ректоры мен студент декандары сайланды

Студент ректоры мен студент декандары сайланды

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Өзін-өзі басқару» ұйымының «студент ректоры мен студент декандары» сайланды. Сайлау университет белсенділерімен тәрбие бөлімінің басшылары: Әбітаева Назгүл,Кенембаева Ақмарал, Петряев Сергей секілді аға-әпкелеріміз қатысуымен болды.Сайлау ашық түрде өтті.

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d