Сыйға тартылған қазына
СПАРТАКИАДА КҮНДЕЛІГІ
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
Рухани жаңғырудың әрбір белгісі халқымыздың бойында жатыр
joomla

ТИГУ-де халықаралық Конгресс басталды

IMG 8742

 

Бүгін университетте «ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ» атты халықаралық конгресс жұмысы басталды. ТИГУ бастамасымен Жамбыл облысы әкімдігі және ҚР Суретшілер одағының ұйымдастыруымен өтіп жатқан іс-шараның негізгі мақсаты – Жамбыл облысы өлкесінің, Тараз қаласының көркем бейнелерін шет ел суретшілерінің көзімен пайымдау, бейнелеу өнері арқылы халықаралық достықты, мәдени және рухани байланыстарды нығайту.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: -«Біз тарихымыздың жаңа шамын жақтық, сондықтан бүгін және мәңгілік Қазақстанымыз – Ұлы дала елі, бұл Ұлы жаңғырған дала елі, біздің Отанымыздың көп этникалық халқының бесігі. Сүйікті Отанымыздың халықтық атауы – Ұлы дала елі. Бұл ұғымда біздің қазақстандық мінезіміз бен оның негізгі ерекшеліктері – ашықтық, рухани байлық, жүректеріміздің жылуы, қонақжайлылық, бейбітшілікті сүю, даналық пен еңбексүйгіштік сынды қасиеттері көрініс тапқан», - деген болатын. Осы ұғымды негізге алып ұйымдастырылып отырған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қатысып, конгресс жұмысына сәттілік тіледі. Пленарлық мәжілісте университет ректоры Ерболат Саурықов конгрессте талқыланатын мәселелер еліміздің дамуы және болашағы үшін маңызды болады деп есептейтінін айтты. Конгресс түс ауа жеті бағыт бойынша секциялық жұмыстарға ұласты.

Сонымен қатар, ТИГУ Қытай Халық республикасының Чженцзин шет тілдер университетімен және Қырғыз Республикасының Экономика және қаржы институтымен өзара әріптестік байланыс туралы меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, халықаралық конгресс аясында суретшілер симпозиумы ұйымдастырылады. Оған Польша, Италия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Финляндия елдерінен танымал суретшілер қатысады. Олар 21-22 мамыр күндері Мойынқұм, Бетпақдала төскейіне, Құралай сұлу кесенесіне, 23-24 мамыр күндері Меркі демалыс өңіріне, 25-27 мамыр аралығында Тараз қаласында пленэрге шығады және шеберлік класс жұмыстарын өткізеді. 28 мамыр күні суретшілердің еңбегі облыстық көрме залына қойылатын болады.

ТИГУ-дің Медиа орталығы

 

IMG 8806IMG 8859IMG 8950IMG 8960IMG 8972IMG 8997IMG 8817

 

 

Ресей академиясының марапатын алды

1 2

Университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық қарым қатынастар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Мұқатай Немеребаев Ресей жаратылыстану академиясының екі бірдей марапатын иеленді. Ғылымға қосқан үлесі үшін Білім және ғылым саласының құрметті қызметкері, сондай-ақ Ұлы Петр атындағы орденімен марапатталды.

ТИГУ-дің Медиа орталығы

 

1 1O47A6349O47A6351O47A63551 3

 

Бос орындар жәрмеңкесі өтті

2

 

 

     Бүгін университетте «Жаратылыстану» мен «Экономика және құқық» факультеттерінің 4 курс студенттері үшін «Бітіруші түлек-2017» бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға Тараз қалалық әкімдігі жұмыспен қамту орталығының жастар практикасы бөлімінің мамандары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек, облыстық ІІД кадр жұмысы бойынша басқарма инспекторы Кемеңгер Абдибеков және 20-дан аса жұмыс беруші мекеме өкілдері қатысты. Олар университет бітіргелі отырған білімгерлерге қалай жұмысқа орналасуға болатынын, мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен жолдарын айтып түсіндірді. Студенттер іс-шараға келген мекеме өкілдеріне өздерінің портфолиоларын таныстырып, жұмысқа орналасудың алғашқы қадамдарын бастап кетті.

ТИГУ-дің Медиа орталығы

 

 

13

465