Сыйға тартылған қазына
СПАРТАКИАДА КҮНДЕЛІГІ
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
Рухани жаңғырудың әрбір белгісі халқымыздың бойында жатыр
joomla

Ғалымның еңбектері лайықты бағалануда

немеребаев м марапат

     Университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық қарым қатынастар жөніндегі проректоры Мұқатай Немеребаевқа Ресей жаратылыстану академиясының «Ресейдің танымал ғалымдары» энциклопедиясына қатысушы куәлігі, медалі және сертификаты келді. Ғалымның бұл марапаты ғылым саласындағы жұмыстарының бір жемісі деп бағалауға болады. Естеріңізге сала кетейік, осыдан аз уақыт бұрын М.Немеребаевтың бірлесе атқарған еңбегі халықаралық кітап көрмесінде де жоғары бағаланған болатын. Мұқатай Немеребайұлына еңбекте табыс, деніне саулық тілейміз.

ТИГУ-дің Медиа орталығы

 

O47A6526

001

СИВИ МЕН РИНАТ БАСИТ ТИГУ-ГЕ КЕЛДІ

IMG 1722 10 04 17 11 24

 

Бүгін ТИГУ-ге белгілі әнші, актриса және продюссер Сиви (Сивиэтта) Махмуди мен әнші, актер Ринат Баситов келіп, университеттің белсенді жастарымен кездесті. Жуырда жарыққа шыққан «Соқыр махаббат» мелодрамасының басты рөлдерін сомдаған өнер иелері картинаның түсірілім барысы, мақсаты туралы айтып, сұқбаттасты. Сонымен қатар, продюссерлікпен айналысып жүрген Сивиэтта өзінің жобалары әнші Айдарбек Рысбек пен «Саламат» тобын да ерте келді. Өнер иелері алдағы жоспарларымен бөлісіп, бірнеше ән шырқады.

ТИГУ-дің Медиа орталығы

 

IMG 1717 10 04 17 11 24IMG 1720 10 04 17 11 24IMG 1718 10 04 17 11 24

ТИГУ студенттері олжалы оралды

001  

 

   ТИГУ студенттері республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, олжалы оралды. Нақтырақ айтқанда, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындары студенттерінің пәндік олимпиадасы өтіп, 5В011600-география мамандығы бойынша ТИГУ-дің «Гео-16-1» тобының студенті Нұрсұлтан Ибрагимов жекелей сында 3-орынды иеленді. Білімгерді және университет студенттерінен команда жасақтап, дайындап апарғаны үшін ТИГУ оқытушысы Ботбаев Абдулин Кәрімжанұлына ұйымдастырушы тарап алғыс білдірді.

ТИГУ-дің Медиа орталығы

 

002

Тараздық ғалымдар Франкфуртте халықаралық кітап көрмесінде алтын медаль иеленді

002

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Ғылыми кеңесінің кезекті отырысында түрлі байқаулар мен республикалық және халықаралық олимпиадаларда үздіктер қатарынан көрінген студенттер мен оқытушылар марапатталды.

         ТИГУ профессорлары М.Немеребаев пен В.Кимге Франкфурт кітап көрмесінің (Frankfurter Buchmesse-2016) сертификаты мен алтын медалі табысталды.

         Әлемдегі ең ауқымды кітап көрмесіне жыл сайын жаһанның 100 елінен 7 мыңға жуық қатысушы өз жұмыстарын шығарады. Солардың арасынан мамандар педагогика ғылымдарының докторы, аймақтық менеджмент академиясының академигі, профессор Владимир Ким мен техника ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі Мұқатай Немеребаевтың, сондай-ақ техника ғылымдарының андидаты Виктор Кимнің біріге жазған «Білім алушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін айқындау әдістемесі» монографиясын жоғары бағалады.

         Оқулық көпұлтиы үжымда білім алып жатқан жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі проблемаларға арнайы ұйымдастырылған. Еңбектің құндылығы авторлардың ұзақ мерзімдік тәжірибесі пайдаланып жазылғанында жатыр.

         Академик В.Ким 320 еңбектің авторы. Оның ішінде 60 әдістемелік, 23 монографиялық жұмыс. 2013 жылы ол Ф.Тейлор атндағы алтын медальмен марапатталған.

         Осы уақытқа дейін Франкфурттегі кітап көрмесінде бір де бір қазақстандық еңбек бағаланып көрген емес.

 

 

001

ТИГУ ұстаздары халықаралық қауымдастық сeртификатын алды

001

 

     Университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық қарым қатынастар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Мұқатай Немеребаев пен «Филология» кафедрасының қызметкері, ғылым докторы Владимир Александрович Ким Ресей жаратылыстану Академиясының (ғалымдар, оқытушылар мен мамандардың халықаралық қауымдастығы) білім алушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін айқындау әдістемесі туралы тәжірибелік сертификатын алды.

1