МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

ЕРЕКШЕ ШОУ-НЫСАНА ТИГУ ЖАСТАРЫМЕН

ЕРЕКШЕ ШОУ-НЫСАНА ТИГУ ЖАСТАРЫМЕН

         2018 жылғы 12-сәуір күні сағат 15:00-де Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің акт залында  ЕРЕКШЕ ШОУ - НЫСАНА әзіл-ысқақ  театрының актерлері университет жастарымен кездесу өткізді.
        Дәнекер Оразбай бастаған өнерлі жігіттерімізге кездесуге қатысқан жастарымыз әртүрлі тақырыптарда өздерін қызықтырып жүрген көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, көңіл көншітер жауаптар алды десе болады. Мысалы, көптің көкейінде жүрген мына секілді сұрақтарды ерекше тізбелесек болады:  -  Нысана  әзіл - ысқақ  театрынан  неге ЕРЕКШЕ ШОУ  продакшнға  ауысты? - Отбасында  отағасы  ретінде  қаталсыздар ма? - Сахнада  әйел  адамның  образын  ойнау  қаншалықты  қиын? - Сахнада  рөлді  көп  сомдаған  адамға  қызғаныш  бола  ма? - Алдыға  қойған  мақсаттарыңыз  қандай?
      Осындай сұрақтарға өнер жұлдыздары Дәнекер Оразбай, Нұрбол  Айтулов, Абай Аязбаев, Мади Төреқұлов, Жарас Ахметовтер өздерінің сонау университет қатарында оқып жүрген күннен бергі қызықты оқиғаларымен сабақтастырып жауап берді.
         Кездесу соңында өнерлі ағаларымен студенттер естелік суреттерге түсті.

"Тәрбие жұмыстары" бөлімі

O47A3021O47A3045O47A3056O47A3078O47A3088O47A3089

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

ruhani

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

2018 04 12 17 32 38

       ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының және ТИГУ-дың 10 жылдық мерейтойының аясында бас оқу ғимаратының акт залында (Желтоқсан көшесі, 69Б,  4-қабат)  Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақиық ақын Маралтай Райымбекұлымен өтетін «Өз басымды өз жырыммен қарайтам...»  атты кездесу кешіне шақырамыз.

Өткізілетін орны: ТИГУ-дың бас оқу ғимаратының АКТ залы
Өткізілетін мерзімі: 14.04.2018 ж.
Өткізілетін уақыты: сағ. 11.00

Ұйымдастырушылар: «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы,
«Филология» кафедрасы

«ТАРЫЗЫМ-ТАРИХТЫҢ БЕСІГІ»

«ТАРЫЗЫМ-ТАРИХТЫҢ БЕСІГІ»

    Жақында Тараз инновациялық –гуманитарлық университетінің мәжіліс залында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің құрылғанына 10 жыл толуына орай «Филология» кафедрасының доценті, жазушы-журналист, ғалым, ақын Меңдібай Әбілұлының «Таразым-тарихтың бесігі» атты шығармашылық кеші өтті.
       Шығармашылық кешті тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Молғаждаров салтанатты жағдайда ашты.
       Шығармашылық кеште филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «Филология» кафедрасының оқытушысы Алмасбек Белботаев шығып сөйлеп, М.Әбілұлының ғылым, әдебиет саласындағы жетістіктерін баяндап берді. Сонан соң Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ғылыми кеңесінің 28-ақпан 2018-жылғы қаулысы негізінде М. Әбілұлына берілген «ТИГУ дің құрметті профессоры» деген ғылыми дәреженінің дипломын табыс етті.
    Шығармашылық кеште республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Балдырған» журналының Бас редакторы Дүйсен Мағлұмовтың құттықтау хаты оқып есіттірілді. Сонан соң дүние жүзі қазақтарының Алматы облыстық филиалы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері, журналист Құтмағамбет Қонысбай; республикалық «Дарын» сыйлығының, Президенттік сыйлықтың иегері, республикалық «Егемен Қазақстан» газеті Бас редакторының орынбасары Ғабит Мүсірепов; республикалық «Түркістан» газетінің шолушысы, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері А. Жұмағалиұлы; жырау һәм жыршы, әдебиеттанушы Мақсат Әлсейтов; Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Күнқожа Қайрұлла; Қазақстан республикасы білім беру саласының «Жылдың үздік ұстазы» төс белгісінің иегері, филология ғылымдарының магистрі, «Тараз-Болашақ» колледжінің оқытушысы Сабыржан Сейтжанов құттықтау сөз сөйледі.
   Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Білім» факультеті, «Филология» кафедрасының меңгерушісі Р. Елубаева «Меңдібай Әбілұлының өмірі мен шығармашылығы»; филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің аудиторы Э.Пертаева «М. Әбілұлының балаларға арналған әдеби туындылары». Ақын, жырау һәм жыршы, әдебиеттанушы М.Әлсейтов «М.Әбілұлының қиссалары туралы»; Қазақ Ұлттық консерваториясының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі К. Қайрұлла «М. Әбілұлы-фольклорист-ғалым» атты баяндамалар жасады.
    Шығармашылық кеште маңғыстаулық жыршы-жырау, республикалық жыршы-жыраулар конкурсының бірнеше дүркін жүлдегері, Сәрсенбай Рахманбердиев М. Әбілұлына арналған толғауын, қордайлық жырау Қайрат Жолдасұлы М. Әбілұлының «Тақтакөпірмен қоштасу», ТИГУ білімгері Медеу Мырзатайұлы М. Әбілұлының «Өсиет», Жандос Байкөбекұлы «Жастарға» атты толғау-термелерін орындап берді. Сондай –ақ ТИГУ білімгерлері Байғазиев Асылбек М. Әбілұлының «Қараймын сымбатыңа», Өмірбай Бибарыс Сұлтан «Фирдоуси туралы жыр», Елматова Лаура «Сақтар туралы жыр», Мырзахан Үміт «Хақназар хан туралы жыр», Құдайбергенқызы Мадина, Спанәлі Серік, Жарова Динара М. Әбілұлының өлең-жырларын жатқа мәнерлеп оқып берді.
       Тараз химия-технология колледжінің білімгері Асылхан Жаңабаев М. Әбілұлына арналған өлеңдерін оқып берді.
       Шығармашылық кеш өте қызықты, әсерлі өтті.

O47A2826O47A2877O47A2890

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР САЙЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР САЙЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

     Қазақстан Республикасы Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ ТИГУ-дің 10 жылдығын мерекелеу қарсаңына орай, 2018 жылдың 30 наурызында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында ұлттық ойындардан алғаш рет сайыс өткізілді.  Сайыстың мақсаты ұлттық ойындарды жастарымыздың арасында насихаттап, келешек ұрпаққа  ұлттық ойындарымыздың тәрбиелік мәнін түсіндіру және сол арқылы оларды мергендікке, ептілікке, қырағылыққа, жігерлілікке т.б.  тәрбиелеу болып отыр.
Сайысқа университетімізден бес команда қатысты. Олар:
-    «ТИГУ KZ» командасы;
-    «БІЛІМ» факультеті;
-    «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» факультеті;
-    «ЭКОНОМИКА және ҚҰҚЫҚ» факультеті;
-    «ӘКІМШІЛІК» командасы.

Бұл сайысқа униваерситетіміздің 50-ден аса қызметкерлер қатысты. Төмендегі ұлттық спорт ойындары бойынша сайыс ұйымдастырылды.
-Қазақ күресі;
-Асық ату;
-Арқан тартыс;
-Қол күресі.
«Қазақ күресі» бойынша ерлер арасында нәтиже төмендегідей болды:
1 орын –Уытбаев Тоқтар –  «БІЛІМ» факультеті;
2 орын –Мұқашев Нұрлан – «ТИГУ KZ» командасы;
3 орын - Әбдібеков Қайнар – «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» факультеті.

«Қол күресі» бойынша ерлер арасында нәтиже төмендегідей болды:
1 орын – Сұлтанаев Ерназ –  «ӘКІМШІЛІК» командасы;
2 орын – Рахымжанов Талғат –«ТИГУ KZ» командасы;
3 орын – Серік Сабыр –«БІЛІМ» факультеті.

«Қол күресі» бойынша әйелдер арасында нәтиже төмендегідей болды:
1 орын – Базарбекова Айжамал –  «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» факультеті;
2 орын – Несіпбаева Құралай – «ТИГУ KZ» командасы;
3 орын – Сейсенғалиева Гүлсара – «ӘКІМШІЛІК» командасы.

«Асық ату» бойынша ерлер арасында нәтиже төмендегідей болды:
1 орын – Райқұлов Қанат - «ТИГУ KZ» командасы;
2 орын – Түзелбеков Еламан - «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» факультеті;
3 орын – Наурызбаев Дархан - «БІЛІМ» факультеті.

«Арқан тартыс» бойынша жалпы командалық  нәтиже төмендегідей болды:
1 орын – «ТИГУ KZ» командасы;
2 орын –«ӘКІМШІЛІК» командасы;
3 орын – «ЭКОНОМИКА және ҚҰҚЫҚ» факультеті.

    Профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында алғаш рет ұйымдастырылып отырған Қазақ ұлттық спорт ойындары бойынша командалық нәтиже төмендегідей:

1 орын – «ТИГУ KZ» командасы;
2 орын – «ӘКІМШІЛІК» командасы;
3 орын – «БІЛІМ» факультеті ;
4 орын –«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» факультеті;
5 орын - «ЭКОНОМИКИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» факультеті.

Дайындаған: С.В.Петряев

           

O47A0917O47A0934O47A1093O47A1692O47A170504741258

«ЖАҢА ӘЛЕМГЕ ЖОЛ САЛАМЫЗ!»

    «ЖАҢА ӘЛЕМГЕ ЖОЛ САЛАМЫЗ!»

    Дәл осындай тақырыпта, наурыз айының 28-29 күндері алты алаш көз тіккен Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV Съезі өтті. Съезге республика бойынша, 1500 делегат сайланып, Жамбыл облысынан 50 делегат аттанған болатын. Аталған съезге, университетіміздің Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Әбітаева Назгүл Жаңабекқызы  және университетіміздің "Жас Отан" жастар қанаты бөлімше басшысы, "Филология" мамандығының 2 курс студенті Сағадинов Төлеген Теміржанұлы қатысып қайтты.
    Съездің басты мақсаты - «Жас Отан» жастар қанатының жарғылық құжаттарын реттеу, «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын талқылау. Съездің алғашқы күні «Jas Otan conf» деп аталатын конференциямен басталды. Делегаттар пікірталас алаңдарында ашық әңгіме өткізіп, өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ, жастар саясатын дамыту жолдары да кеңінен талқыланды.   Биылғы жылдың басында «Жас Отанның» тарихында алғаш рет Орталық кеңеске сайлау онлайн тәсілімен өткен. Бұл ашық бәсекеде еліміздің әр түкпірінен 363 үміткер өз кандидатурасын ұсынып, олардың 16-сы Орталық кеңес мүшелігіне енді. Жеңіске жеткендердің қатарында жас кәсіпкерлер, еріктілер қозғалысының белсенділері мен өнер саласының өкілдері бар. Жамбыл облысынан Орталық кеңеске мүше  болып «Нұр Отан»  партиясы Жамбыл облысы филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Болатбек Уалихан және Жамбыл облысының жас депутаты Берікқожа Серікбол сайланды. Алқалы жиын соңы «Жаңа әлемге жол саламын» гала-форумына ұласты. 

ЖІЖК

9d4b9fd9d9822da25d2e9804a25a9971 crop l 39 t 0 w 1761 h 991 resize w 812 h 4720511522322633 809147201803281024032018032914011860353 rus 8476badb0356fe5399d9e9fd5adcb7c800ff crop l 15 t 0 w 1106 h 622 resize w 525 h iePYyQeDPUMzTpOtr5qzWQiwN2giuDClgVR2iT8fgT8Y

 

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d