Сыйға тартылған қазына
СПАРТАКИАДА КҮНДЕЛІГІ
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
Рухани жаңғырудың әрбір белгісі халқымыздың бойында жатыр
joomla

Өз талыңды отырғыз

O47A0560

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: - «Егер әрбір адам өзінің туған күнінде ағаш отырғызса, онда елімізде әр жыл сайын 18 миллион ағаш пайда болар еді», - деген еді.

Елбасы сөзі «Ауыл» ХДПП мүшелерін де бей-жай қалдырған емес. Расында, сауапты істі отбасымен, әріптестермен, көршілермен бірге жүзеге асыратын болсақ – адамдардың игілікті іс жасауына түрткі болар едік.

Наурыз айының 21-күні – БҰҰ Бас Ассамблеясының 2012 жылдың 21 желтоқсанында бекіткен құжаты бойынша – халықаралық орманды қорғау күні. Айтулы датаның мақсаты – орман-тоғайдың адамзатқа маңыздылығы мен оны қорғаудың қажеттілігін еске салу. Бүгінде орман мен оның байлығын сақтау – күллі әлем алдында тұрған күрмеулі мәселе.

Осыған орай, «Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттар партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Өз талыңды отырғыз» ұранымен ағаш отырғызу науқанын бастады. Облыс орталығындағы Жамбыл даңғылының бойында партия мүшелері 100 түп ақ қайың ағашын отырғызды. Партия облыстық филиалының төрағасы Ерболат Саурықов игі істі дәстүрге айналдыру керектігін айтып, өзге партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік мекемелер мен еліміздің тұрғындары бастаманы қолдайды деп сенетінін жеткізд. Партия ел азаматтары таза жерде өмір сүріп, таза ауамен тыныстағанын қалайды. Бой түзеп келе жатқан ұрпағымыздың дені сау болып, өнегелі істен тәрбие алса екен дейміз.

Мұрат НҰРҒАБЫЛОВ,

«Ауыл» ХДПП Жамбыл облыстық филиалының координаторы

 

O47A0463O47A0521

ҮКІЛІ АРУ-2017

1

 

Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінде Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті мен Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен жоғары және орта кәсіптік оқу орындары студент қыздарының арасында облыстық дәстүрлі «Үкілі ару – 2017» сұлулық байқауы өтті.

Байқау қазақтың халық педагогикасы негізінде салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, өнерімізді насихаттай отырып, қазақ қыздарына тән мінез-құлықты, нәзіктік пен әдептілік, қарапайымдылық пен кішіпейілділікті бойына сіңірген «Үкілі аруды» қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға ТИГУ, Жамбыл политехникалық колледжі, Болашақ колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, Астана көпсалалы колледжі, Ақыртөбе колледжі, Меркі колледжі, Тараз сервис және технология колледжі, №13 Жуалы колледждерінен іріктеуден өткен 11 қыз қатысты. Байқау шартына сай қатысушы қыздар сәлемдесу рәсімі, өнер сайысы, танымдық сайысы және шаш өру мен кешкі сән үлгісі бойынша өнер көрсетті.

Нәтижесінде, ТИГУ-дің 1 курс студенті Айдана Шапантаева «Үкілі ару-2017» жеңімпазы атанды. І дәрежелі диплом Жуалы №13 А.Гайдар атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Айсұлу Қалмағамбетоваға бұйырды. ІІ дәрежелі дипломды №9 Меркі колледжінің 3 курс студенті Айымжан Урдабаева жеңіп алды. Ал Ақыртөбе колледжінің білімгері Аида Маралбай мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті Аружан Еркінқызы ІІІ дәрежелі дипломды місе тұтты.

Сонымен қатар, өзге арулар мынадай номинациялар бойынша марапатталды:

«Парасатты ару» - Қалмаржан Әбдіқадырова («Болашақ» колледжі);

«Әсем қыз» - Айгерім Оңалбек (Жамбыл политехникалық колледжі);

«Инабатты ару» - Нұрлыайым Русланқызы (Жамбыл политехникалық колледжі);

«Әдемі қыз» - Бұлбұл Жәнібекқызы (ТИГУ);

«Ақ мандайлы ару» - Інжу Берікқызы (ТИГУ);

«Сымбатты ару» - Таңшолпан Әбдікерім (Тараз сервис және технология колледжі);

Барлық жүлделі орындар мен номинация иегерлері арнайы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ТИГУ-дің Медиа орталығы

 

 

356

ТИГУ-де спорттық-сауықтыру кешені ашылды

1

 

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде спорттық-сауықтыру кешені салтанатты түрде ашылды. Нысанның лентасын Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров пен «Қазақстан-Тараз» телеарнасының директоры, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Төлепберген қиды. Университет ректоры Ерболат Саурықов ТИГУ білімгерлеріне барынша жағдай жасалып жатқандығын айтып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Одан соң, ЖОО арасында волейболдан облыстық турнир өтіп, Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков алғашқы соққыны жасап, жарысты ашып берді.

        Спорт кешенінің құрылысы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің өз қаражатына салынды. Жалпы көлемі 1553,07м2 . Спорт кешенінде профессор-окытушылар құрамы мен студенттердің дене шынықтыруына, сонымен қатар секциялар жүргізуге арналған көлемі 42х24 м спорт зал, шынығу бөлмесі, гимнастика бөлмесі, дәрігерлік пункт, жаттықтырушылар бөлмесі, қыздар мен ерлердің киім ауыстыру бөлмелері, жуыну бөлмелері және вентиляциялық шахта бар.

ТИГУ-дің Медиа орталығы

 

2378910456

ТИГУ студенті Алматыдағы Универсиадада

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысқан ТИГУ студенті, биатлоншы Тимур Хамитгатиннің жарыс жолына шығу сәті. Комментатор Ермұхамед Мәулен.

Қысқы универсиадаға қатысатын спортшы туралы анықтама

Тимур Хамитгатин
1993 жылы 27 сәуірде дүниеге келген.
Спорт түрі – биатлон.
Тараз инновациялық-гумаитарлық уиверситетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті.

Қатысқан жарыстары мен жетістіктері:
Қазақстан чемпионаты-2014
Қазақстан, Щучинск қаласы
Орын – 3

Азия чемпионаты-2014 (спринт/жасөспірімдер)
Қазақстан, Ақмола облысы
Орын – 1

Еуропа чемпионаты-2014
Австрия, Обертиллиах қаласы
Орын – 14

Еуропа чемпионаты-2015
Италия, Риднаун-Валь-Риданна
Орын – 18

Әлем кубогы-2015
Германия, Оберхоф
Орын – 16

Еуропа чемпионаты-2016
Ресей, Тюмень қаласы
Орын – 62

Педагогикалық мамандықтар жәрмеңкесі

1

 

Бүгін университетте педагогикалық мамандықтар бойынша «Жас түлек-2017» жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға облыстық білім басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Тараз қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты басшылары мен өкілдері, сондай-ақ, қалалық, аудандық орта мектеп және спорт мектептерінің директорлары мен түрлі ЖШС өкілдері қатысты.

Іс-шараны университет ректоры Ерболат Саурықов ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде ТИГУ түлектері бүгінде түрлі салада жемісті еңбек етіп, оқу ордасының беделін арттырып жатқандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, жұмыс берушілермен үнемі байланыста және біздің университетті бітірген мамандар оларды толық қанағаттандырып отырғанын айтты. Жәрмеңкеге келген қонақтарды унивеситеттің алдағы жоспарларымен таныстырды.

ТИГУ іргесі қаланғанына 10 жылға жетпесе де, бәсекеге қабілетті әрі сапалы білім, саналы тәрбие бере алатын іргелі оқу орнына айналып келе жатқанын айтқан ректор алдағы уақытта университет даму қарқынын арттыратынын жеткізді.

ТИГУ Медиа орталығы

 

234567

89