МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

«ӨЗ ТАЛЫҢДЫ ОТЫРҒЫЗ» АКЦИЯСЫ

«ӨЗ ТАЛЫҢДЫ ОТЫРҒЫЗ» АКЦИЯСЫ

      2018 жылдың 19-наурызында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының отырысы өтті. Бұл жиынға «Ауыл» ХДПП төрағасы, сенат депутаты Ә.Бектаев, «Ауыл» ХДПП  Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, Жамбыл облысы мәслихатының депутаты Е.Б.Саурықов және облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, партия мүшелері, профессор оқытушылар, студенттер, Бақ өкілдері қатысты.
      «Ауыл» ХДПП  Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Е.Б.Саурықов облыс аумағында атқарылған жұмыстарына тоқталды. «Ауыл» ХДПП төрағасы Ә.Бектаев Наурыз мерекесіне орай, атқарған іс-шаралары үшін бірқатар партия мүшелерін «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Партияның жаңа мүшелеріне партия билеттерін табыстады.   
      Жиында Елбасының бес әлеуметтік бастамасын «Ауыл» партиясы ауылдық өңірлерде, ауыл азаматтарына жүзеге асыруға ден қойды. Себебі бұл әлеуметтік бастама ауылдық өңірлердің экономикалық, әлеуметтік жағдайын көтеруге, шағын несие алу арқылы ауыл шаруашылығын дамытуға, ауылдық өңірлерге табиғи газды жүргізу арқылы қаржылық үнемшілік пен экологиялық тазалықты сақтауға  жол ашатын игі бастама ауылдық өңірлер мен ауыл азаматтары үшін қолайлы жағдай туғызады. Жоғары оқу орындарында жатақханалардың ашылуы жарқын болашаққа ұмтылған білім ізденуші ауыл жастарына арналған қамқорлық.
     Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ұжымы және «Ауыл» ХДПП партиясы бірлесе отырып «Өз талыңды отырғыз» акциясы аясында, «Тараз» қонақ үйінің алдында 50 және 13 ықшам ауданы, облыстық және қалалық балалар ауруханалары алдында 250 ағаш көшеттерін отырғызды.  

O47A6918O47A6932O47A7092O47A7314
O47A7440O47A7527O47A7196

"ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР" ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ЖҮРГІЗІЛДІ

"ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР" ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ЖҮРГІЗІЛДІ

      Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 12.03-17.03.2018ж. күндері аралығында діни экстремизм мен терроризмге қарсы апталығы өткізілуіне орай, «Жаратылыстану» факультетінің 3-курс студенттеріне «Дін және жастар» тақырыбында «Дінтану»  орталығының маманы Н.Нұрмахан семинар жүргізді. Студент жастардың бойында радикалды идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктері, қаупі және олардан алдын алу жолдары, экстремистік-лаңкестік мазмұндағы қылмыстар үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің нормалары жөнінде ақпарат берілді. Қосымша ақпарат ретінде «Дінтану» орталығының мақсаты, функциясы түсіндірілді. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылған жоқ.

16 03 18

«ПОД НЕБОМ ПРАВДЫ» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛДІ

«ПОД НЕБОМ ПРАВДЫ» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛДІ

     Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының идеясын нығайту шеңберінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен   Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Под небом правды» атты деректі фильмі жарыққа шықты. Аталған деректі фильмді ағымдағы жылдың 14 наурызында республика аумағында білім беру мекемелерінде, Астана уақытымен 11:00-де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағатын өткізу  жөніндегі тапсырмасына орай, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің үш оқу ғимаратында профессор-оқытушылар құрамы мен  студенттеріне  көрсетілді.
     Көрсетілім алдында университетіміздің PhD қауымдастырылған профессоры, Абдимомынов Нұртас Талғатжанұлы «Сыбайлас жемқорлықпен күресудің халықаралық тәжірибесі» атты баяндама жасады.
      Алдағы уақытта осы деректі фильм бойынша студенттер арасында талдау жұмыстары жүргізіледі.DSC 0813DSC 0801

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

      Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 12.03-17.03.2018ж. күндері аралығында діни экстремизм мен терроризмге қарсы апталығы өткізілуіне орай, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» Кмм-нің инспекторы Елнұр Әскенұлы «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және дәстүрлі емес діни ағымдардың зардаптарын көрсету» тақырыбында «Экономика және құқық» факультеті ҚҚ-16-1,3, Эк -16-1, Мжб-16-1, Еа-16-1, Қар-16-1 тобының студенттері мен кураторларына семинар жүргізді. Семинарға қатысушы студенттерге экстремистік ағымдар идеологиясының ерекшеліктері, зардаптары мен қауіптілігі, Қазақстандағы қызметтерінің мақсаты, экстремистік-лаңкестік мазмұндағы қылмыстар үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің нормалары жөнінде ақпарат берілді. Студенттер тарапынан мешіт имамдарының жұмысын кім қадағалайды, қаламызда дәстүрлі емес бағыттағы мешіттер бар ма, әулиелердің басына бару дұрыс па және т.б. сұрақтары қойылды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

AfazJaj46hMbgSRgRxg4xYsYfGyyl yeU

 

8-НАУРЫЗ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ

8-НАУРЫЗ

       Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен «Білім» факультетінің белсенді студент жастары барлық қыз-келіншектерді және Тараз иннновациялық-гуманитарлық университеті профессор-оқытушылар құрамы мен білім алып жатқан ару қыздарымызды шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер! Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз. Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын, деген жылы лебіздерін білдіріп жатты.


Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы!



Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d