МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

8-НАУРЫЗ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ

8-НАУРЫЗ

       Жылы шырайлы көктемнің алғашқы бір күндері барша азаматтың көңілін жадырата келген 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен «Білім» факультетінің белсенді студент жастары барлық қыз-келіншектерді және Тараз иннновациялық-гуманитарлық университеті профессор-оқытушылар құрамы мен білім алып жатқан ару қыздарымызды шын жүректен құттықтап, әрқашан толысқан айдай ажарланып, күлімдеген күндей нұрланып, шаттық пен қуанышқа бөленіп, береке-бірліктің бастаушысы, игі істердің қостаушысы болып жүре беріңіздер! Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз. Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын, деген жылы лебіздерін білдіріп жатты.


Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы!



8-НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

8-НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

    2018 жылдың  6 наурыз күні Тараз  инновациялық-гуманитарлық  университетінде 8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты  жиын болып өтті.
    Іс-шара барысында университет ректоры «Университеттің студент жастарды тәрбиелеу бағытындағы ерекше еңбегі мен қоғамдық жұмыстарда көрсетіп жүрген белсенділігі үшін Профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай қаржылай сыйақымен марапаттады.

1.    Мәліктаева Пернекүл – «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасының меңгерушісі;
2.    Айтекова Құралай – «Биология, ауылшаруашылық мамандықтар, география және туризм» кафедрасының доцент міндетін атқарушы;
3.    Сабыралиева Бұлбұл - «Биология, ауылшаруашылық мамандықтар, география және туризм» кафедрасының аға оқытушысы;
4.    Дунбаева Айгүл – «Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасының аға оқытушысы;
5.    Әкімбаева Айнүр – «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы;
6.    Жексембаева Наркес - «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы;
7.    Аязбаева Меруерт – «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы;
8.    Септемірова Аяулым – «Мектепке дейінгі, бастауыш, кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының аға оқытушысы;
9.    Ли Минджа – «Шетел тілдер» кафедрасының оқытушысы;
10.    Уразова Гүлмира – «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының аға оқытушысы;
11.     Мауленова Ғазиза – «Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және стратегиялық дамыту» бөлімінің маманы;
12.    Хұдайбергенова Дана – «Білім алушыларды есепке алу» бөлімінің маманы;
13.    Раймбек Айгерім – Ақпараттық-кітапханалық орталығының кітапханасы.

Жамбыл облысы әкімінің құрмет граммотасы
1.    Пертаева Эльмира Құлыбайқызы
2.    Әлімқұлова Шырынкүл Исламбекқызы

Жамбыл облысы әкімінің алғыс хаты
1. Бөлекбаева Камила Балтабайқызы
Тараз қаласы әкімнің алғыс хатымен
1.Аликулова Зауре Рахматтулаевна
Ауыл партиясының марапаттарымен
1.    Дүйсембиева Асель Еспаевна
2.    Онгарбаева Марал Буркитбаевна
3.    Беркенова Рабига Агабековна
4.    Жоланова Гульвира Ермекбаевна

O47A4306

ҮКІЛІ АРУ-2018

ҮКІЛІ АРУ-2018

     Ұлы дала елінің мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, өнегелік қасиеттерін бойына сіңірген парасатты да иманжүзді қызды тәрбиелеу бүгінгі заманауи қоғамымыздағы басты мәселелердің бірі болып табылады.
     Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші бағытындағы «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін,  сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.» - деген міндеттері аясында тәлім-тәрбиелік жұмыстарды жүргізу аса қажет.  
    Байқаудың мақсаты – Қазақтың халық педагогикасы негізінде салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды,  төл өнерімізді насихаттай отырып, қазақ қыздарына тән мінез-құлықты – нәзіктік пен сұлулықты, әдептілік пен инабаттылықты, қарапайымдылық пен кішіпейілдікті бойына сіңірген «Үкілі аруды» қалыптастыру.
      Байқауға 15-23 жас аралығындағы парасатты, көрікті, сымбатты, бойы 165 см. және одан жоғары болатын жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының студент қыздары қатысты. Алтыншы рет өтетін байқауға қатысуға 12 үміткерден ұсыныс қабылданды.
      Үміткерлер 5 номинация бойынша өнер көрсетті:
•    «Мен қазақ қыздарына қайран қалам...».  /сәлемдесу рәсімі /
•    «Қыз – еркем, өнерімен көркем». /өнер сайысы/
•    «Қыз сұлу көрінеді білімімен...». /танымдық сайысы/
•    «Білектей арқасында өрген бұрым...». /шаш өру сайысы/
•    «Ажарлы, сұлу, ғажап тым...». /кешкі сән үлгісін көрсету/.

    Байқау қорытындысы бойынша "Үкілі ару-2018" Шыңғысханқызы Ақнұр Шу ауданы, Амангелді атындағы орта мектеп 11сынып оқушысы атанды.
    І дәрежелі диплом "ПАРАСАТТЫ АРУ" Қаражанова Нұрай Нұрланқызы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, "Актер өнері" мамандығы 2 курс студенті.
    ІІ дәрежелі диплом "АҚ МАҢДАЙЛЫ АРУ" Жанысбаева Асем Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, "Шет тілі" мамандығы 1 курс студенті.
    ІІІ дәрежелі диплом  "ӨНЕРЛІ АРУ" Мұхтар Жұлдызай Нұржанқызы Талас ауданы, Д.Қонаев атындағы орта мектеп 11 сынып оқушысы

    ІІІ дәрежелі диплом "ИНАБАТТЫ АРУ" Сыздықбаева Алина Маратқызы Сарысу ауданы және де №5 Жаңатас колледжі, "Кезекші және жабдықтарды жөңдеу жөніндегі электрослесарь" мамандығы 1 курс студенті.

    Номинациялар иегерлері:
    "КӨРІКТІ ҚЫЗ" Балтаева Ерке-Айғаным Меркі ауданы, №9 Меркі колледжі, "Ақпараттық жүйелер" мамандығы 2 курс студенті.

    "АЖАРЛЫ ҚЫЗ" Жайнақбай Раушан Қаршығабекқызы Сарысу ауданы №5 Жаңатас колледжі, "Өнеркәсіптегі механикалық өңдеу, өлшеуіш бақылау аспаптары және автоматикасы" мамандығы 3 курс студенті.
    "ӘДЕМІ ҚЫЗ" Несіпбай Құралай Жанғалиқызы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, "Биология"  мамандығы 1 курс студенті.
    "СЫМБАТТЫ АРУ" Бошқұлова Айша Мейрамбекқызы Т.Рысқұлов ауданы, ТарМУ, "Мәдени-тынығу жұмысы" мамандығы 1 курс студенті.
    "ӘСЕМ ҚЫЗ" Кеулимжай Гүлжанат Мұхтарқызы Қордай ауданы, №7 Бетқайнар колледжі, "Тігін өндірісі және киімді үлгілеу" мамандығы 1 курс  студенті.
    "ШЫРАЙЛЫ ҚЫЗ"Ногаева Аружан Арманқызы Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжі, "Бағалаушы" мамандығы 1курс студенті.
    "КӨРЕРМЕНДЕР КӨЗАЙЫМЫ" Әлім Рысты Мұхтарқызы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, "Журналистика" мамандығы 1 курс
    Қосымша марапаттар:
    "Үкілі ару-2018" Шыңғысханқызы Ақнұр Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды.

    "КӨРЕРМЕНДЕР КӨЗАЙЫМЫ" Әлім Рысты Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің  "Шерхантану ғылыми-зерттеу орталығы директорының алғыс хаты және қаржылай сыйақысымен марапатталды.
    "АЖАРЛЫ ҚЫЗ" Жайнақбай Раушан "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымы" қоғамдық бірлестігінен бағалы сыйлығымен марапатталды.

АРУ ҚЫЗ 2018

  АРУ ҚЫЗ -2018

    Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдық мерейтойы аясында «Ару қыз – 2018» сұлулық байқауы өткізілді. «Ару қыз-2018» сұлулық байқауына 8 ару қызымыз қатысып бақтарын сынады. Олар:
    Тилешова Маржан Болысбекқызы "Биология" мамандығының 1 курс студенті
    Несіпбай Құралай Жанғалиқызы "Биология" мамандығының 1 курс студенті
    Арайлым Мұратәліқызы   "Бастапқы оқыту педагогикасының әдістемесі" мамандығының 1 курс студенті
     Шайділда Гүлназ Талғатқызы     "Стандарттау, сертификаттау" мамандығының 1 курс студенті
    Әбдімаш Ақнұр Бақытбекқызы    "Биология" мамандығының 1 курс студенті
    Сақтағанова Аружан Нұртуғанқызы    "Құқықтану" мамандығының 1 курс студенті
    Мадина Құдайбергенқызы     "Қазақ тілі және әдебиеті" мамандығының 1 курс студенті
    Жанысбаева Асем Әбілқасымқызы    "Шет тілі" мамандығының 1 курс студенті
     Байқау барысында ару қыздарымыз келесідей талаптарды орындады: «Мен қазақтың қызымын» сәлемдесу рәсімі; «Өнерліге өріс кең» - өнер сайысы; «Ажарлы, сұлу ғажап тым..» - кешкі сән үлгісін көрсету; «Зерделінің ойы озық» - танымдық сайысы. Байқау қорытындысы бойынша барлық үміткер аруларымыз университет ректорының дипломымен, алғыс хаттарымен және қаржылай марапатталды. Жеңімпаз аруға тәжді кигізу құрметі Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі  проректор    Әшірбеков Санат Сағынбекұлын және «Ару қыз – 2017»  байқауының жеңімпазы Есенова Інжу Берікқызына бұйырды. 2018 жылдың "ТИГУ АРУЫ" Жанысбаева Әсем атанды. I дәрежелі диплом иегері Сақтағанова Аружан,  IІ дәрежелі дипломды  Шайділда Гүлназ иеленсе ІІІ дәрежелі диплом Құдайберген Мадинаға бұйырды.

Келіндер көтерілісі

Театр- коллективтік өнер 03.03.2018 4

       Ойымды Мұхтар Әуезовтің сөзімен бастар болсам, «Театр - сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі»деген. Театр өнері синтездік өнер, мұнда мәнерлі сөзді де, әсем әнді де, құбылған биді де және иновациялық технологияларды да пайдалануға болады. Бүгінде облысымызда бір ғана қазақ театры жұмыс атқаруда, аудандық халық театрларын қоспағанда. Ал аудандық халық театрларында қызмет атқарып жүрген актерлердің бірі шопан, бірі мұғалім тағы да басқа мамандық иелері. Ол мамандық иелері оқыған оқу орындарында "актер шеберлігі"," сахна тілі" хореография" деген пәндерден әрине сабақ алмаған болар. Солай болғанда  халық теартларының халыққа қоятын қойылымы қалай болмақ? Автордың ойы, режиссердың ойы, актердың да айтатын ойы болуы тиіс. Айтайын деген ойымызды жеткізе алмасақ, көрермен не көрмек, не ұқпақ? Ол көрөрменнің арасында  біздің де, сіздің де жақындарыңыз бар емес пе? Ойсыз қойылған қойылымды көрген көрермен театрды мүлде жек көріп кетпейме? Онсызда үлкенді- кішінің бәрі интернет желісіне жабысып жатқан мына заманда театр десе теріс айналатындар аз емес.
      Сондықтан, меніңше жоғарғы оқу орындарының барлығында халық театры болғаны абзал. Студенттердің арасында өнерлі жастарды театрға баулысақ, оларға актерлік шеберлікті меңгертсек, екінші мамандығын  игерер еді. Ондай білім алған студенттер оқуын тамамдап дипломмен ауылға барғанда, ойланбастан ауылдағы клубтарда қызмет атқара берері сөзсіз."Өнерде бар түрлі сыр, жабық есік ашылады бірме-бір" дейді халқымыз.
      Осындай жақсы оймен Тараз иновациялық гуманитарлық университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Саурықов Ерболат Байзақұлының қолдауымен аталмыш білім ордасынан халық театрын ашуға алғашқы қадам жасадық. 2018 жылдың 3-наурызында Сайид Ахмадтың "Келіндер көтерілісі" комедиясын сахналап, көрерменге тарту еттік. Бәрі тамаша болды деп айтуға келмес, тәй-тәй басқанның бәрі де сүрінеді. Табанымыз тайса да құлаған жоқпыз, сасып қалдық деп жылаған жоқпыз, комедия болған соң күлкімен қуырып кеттік, кей жерде суырып кеттік, осылай боларын білдік, артынан күлдік, көңілге көп нәрсе ілдік. Актер болмаса да  ақ тер- көк тер болып ат салысқан әріптестеріме, студенттерге алғысым шексіз!
     Театр- коллективтік өнер. Мұнда актер ғана емес, режиссер, суретші декоратор, музыкамен әрлеуші, жарық беруші, киім тігуші, гример тағыда көптеген мамандық иелерінің атқарар қызметі бар. Дегенмен бәрінің мақсаты спектакльдің көркем ансамбль болып шығуына үлес қосу. Сондықтан әр қайсысының атқарар қызметі мол. Ең бастысы шығармашылық топтың ауыз біршілігі нығайып, екінің бірі шыға бермейтін, сахна деген қасиетті орынды құрметтеп сүйе білсе, еңбегіміз жемісті болары сөзсіз.
     Театр актерге не береді, нені үйретеді? Театр ең алдымен көркем сөйлеуге, сөз мәнерін білуге,  астарлы сөзді ашуға, тіл өрнегін көруге, естуге үйретеді.
     Театрдың тағы бір кереметі, адамдардың арасын жақындата түсуінде.Біздің труппа енді ғана қалыптасып келе жатыр. Актерлеріміз ұстаздардан және студенттерден құралды. Әрине оқу барысында  ұстаз бен шәкірт арасында шекара болады, ал дайындық барысында ол тосқауылды мүлде ұмытамыз. Өйткені әр кімге берілген өз рөлі бар, соны сомдау қажет. Бірі ана болып, бірі бала болып, бірі дос болып, бірі адал жар болып, бірі абысын болып табысып жатқан ел. Менің байқағаным, спектакльдің қойылғанына едәуір уақыт өтсе де, актерлердің бір- бірін сағынысып көріседі. Студенттер ұстаздарды көргенде туған анасын көргендей алыстан арқырап келіп амандасып жатады, бұл балалардың театрға бауыр басқандығы анық байқалады. Бұндай сезімдер сырттан қараған адамды бей-жай қалдырмасы анық, құдды бір туғанын көргендей шүйіркелесіп жатады, ішім жылып рахаттанып қаламын. "Үй ішінен үй тігілді" деген осы болар.
    Актерлеріміз" енді қашан спектакль қоямыз?" деген сұрақты көп қойып жүр. Бұған қалай қуанбайсың?! Тек, шеберлігімізді шыңдау үшін "сахна тілімен" айналысуымыз өте қажет болып тұр. Проза, поэзия оқытып үйретсем деймін. Жақын аралықта актерлерімізбен, айтулы ақын Есенқұл Жақыпбековтың шығармаларынан композиция жасап, ақынның өлеңдерін, әндерін орындап жүрген облысымызға белгілі өнер азаматтарының қатысуымен поэзия кешін ұйымдастырмақ ойымыз бар. Сәтін салса бірге тамашалармыз! 03.03.2018 1

    "Келіндер көтерілісі"
Автор:Саид Ахмад.
Рөлдерді сомдағандар:
Фармон бибі- Айтекова Құралай.
Бошорот - Сабыралиева Бұлбұл.
Бустан -Көшербай Айым.
Люфти -Конырова Жанерке.
Сатты - Акимбаева Айнұр.
Мухае - Әбдімаш Ақнұр.
Мехри - Жолгав Динара.
Нигора -Септемирова Аяулым. Қасенқызы Аймангүл.
Орынбай - Қазжанов Ғалым.
Мекемтас - Райымбеков Бауыржан.
Асқар - Райқұлов Қанат.
Камил - Бекбаев Ғалымжан.
Хакім - Аширбеков Санат.
Мамыр - Жаңатілеу Бауыржан.
Тоқтасын - Мырзагулов Жомарт.
Режиссері: Райымбеков Бауыржан.

 03.03.2018 2 03.03.2018 3

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

vipus

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d