МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

Келіндер көтерілісі

Театр- коллективтік өнер 03.03.2018 4

       Ойымды Мұхтар Әуезовтің сөзімен бастар болсам, «Театр - сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі»деген. Театр өнері синтездік өнер, мұнда мәнерлі сөзді де, әсем әнді де, құбылған биді де және иновациялық технологияларды да пайдалануға болады. Бүгінде облысымызда бір ғана қазақ театры жұмыс атқаруда, аудандық халық театрларын қоспағанда. Ал аудандық халық театрларында қызмет атқарып жүрген актерлердің бірі шопан, бірі мұғалім тағы да басқа мамандық иелері. Ол мамандық иелері оқыған оқу орындарында "актер шеберлігі"," сахна тілі" хореография" деген пәндерден әрине сабақ алмаған болар. Солай болғанда  халық теартларының халыққа қоятын қойылымы қалай болмақ? Автордың ойы, режиссердың ойы, актердың да айтатын ойы болуы тиіс. Айтайын деген ойымызды жеткізе алмасақ, көрермен не көрмек, не ұқпақ? Ол көрөрменнің арасында  біздің де, сіздің де жақындарыңыз бар емес пе? Ойсыз қойылған қойылымды көрген көрермен театрды мүлде жек көріп кетпейме? Онсызда үлкенді- кішінің бәрі интернет желісіне жабысып жатқан мына заманда театр десе теріс айналатындар аз емес.
      Сондықтан, меніңше жоғарғы оқу орындарының барлығында халық театры болғаны абзал. Студенттердің арасында өнерлі жастарды театрға баулысақ, оларға актерлік шеберлікті меңгертсек, екінші мамандығын  игерер еді. Ондай білім алған студенттер оқуын тамамдап дипломмен ауылға барғанда, ойланбастан ауылдағы клубтарда қызмет атқара берері сөзсіз."Өнерде бар түрлі сыр, жабық есік ашылады бірме-бір" дейді халқымыз.
      Осындай жақсы оймен Тараз иновациялық гуманитарлық университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Саурықов Ерболат Байзақұлының қолдауымен аталмыш білім ордасынан халық театрын ашуға алғашқы қадам жасадық. 2018 жылдың 3-наурызында Сайид Ахмадтың "Келіндер көтерілісі" комедиясын сахналап, көрерменге тарту еттік. Бәрі тамаша болды деп айтуға келмес, тәй-тәй басқанның бәрі де сүрінеді. Табанымыз тайса да құлаған жоқпыз, сасып қалдық деп жылаған жоқпыз, комедия болған соң күлкімен қуырып кеттік, кей жерде суырып кеттік, осылай боларын білдік, артынан күлдік, көңілге көп нәрсе ілдік. Актер болмаса да  ақ тер- көк тер болып ат салысқан әріптестеріме, студенттерге алғысым шексіз!
     Театр- коллективтік өнер. Мұнда актер ғана емес, режиссер, суретші декоратор, музыкамен әрлеуші, жарық беруші, киім тігуші, гример тағыда көптеген мамандық иелерінің атқарар қызметі бар. Дегенмен бәрінің мақсаты спектакльдің көркем ансамбль болып шығуына үлес қосу. Сондықтан әр қайсысының атқарар қызметі мол. Ең бастысы шығармашылық топтың ауыз біршілігі нығайып, екінің бірі шыға бермейтін, сахна деген қасиетті орынды құрметтеп сүйе білсе, еңбегіміз жемісті болары сөзсіз.
     Театр актерге не береді, нені үйретеді? Театр ең алдымен көркем сөйлеуге, сөз мәнерін білуге,  астарлы сөзді ашуға, тіл өрнегін көруге, естуге үйретеді.
     Театрдың тағы бір кереметі, адамдардың арасын жақындата түсуінде.Біздің труппа енді ғана қалыптасып келе жатыр. Актерлеріміз ұстаздардан және студенттерден құралды. Әрине оқу барысында  ұстаз бен шәкірт арасында шекара болады, ал дайындық барысында ол тосқауылды мүлде ұмытамыз. Өйткені әр кімге берілген өз рөлі бар, соны сомдау қажет. Бірі ана болып, бірі бала болып, бірі дос болып, бірі адал жар болып, бірі абысын болып табысып жатқан ел. Менің байқағаным, спектакльдің қойылғанына едәуір уақыт өтсе де, актерлердің бір- бірін сағынысып көріседі. Студенттер ұстаздарды көргенде туған анасын көргендей алыстан арқырап келіп амандасып жатады, бұл балалардың театрға бауыр басқандығы анық байқалады. Бұндай сезімдер сырттан қараған адамды бей-жай қалдырмасы анық, құдды бір туғанын көргендей шүйіркелесіп жатады, ішім жылып рахаттанып қаламын. "Үй ішінен үй тігілді" деген осы болар.
    Актерлеріміз" енді қашан спектакль қоямыз?" деген сұрақты көп қойып жүр. Бұған қалай қуанбайсың?! Тек, шеберлігімізді шыңдау үшін "сахна тілімен" айналысуымыз өте қажет болып тұр. Проза, поэзия оқытып үйретсем деймін. Жақын аралықта актерлерімізбен, айтулы ақын Есенқұл Жақыпбековтың шығармаларынан композиция жасап, ақынның өлеңдерін, әндерін орындап жүрген облысымызға белгілі өнер азаматтарының қатысуымен поэзия кешін ұйымдастырмақ ойымыз бар. Сәтін салса бірге тамашалармыз! 03.03.2018 1

    "Келіндер көтерілісі"
Автор:Саид Ахмад.
Рөлдерді сомдағандар:
Фармон бибі- Айтекова Құралай.
Бошорот - Сабыралиева Бұлбұл.
Бустан -Көшербай Айым.
Люфти -Конырова Жанерке.
Сатты - Акимбаева Айнұр.
Мухае - Әбдімаш Ақнұр.
Мехри - Жолгав Динара.
Нигора -Септемирова Аяулым. Қасенқызы Аймангүл.
Орынбай - Қазжанов Ғалым.
Мекемтас - Райымбеков Бауыржан.
Асқар - Райқұлов Қанат.
Камил - Бекбаев Ғалымжан.
Хакім - Аширбеков Санат.
Мамыр - Жаңатілеу Бауыржан.
Тоқтасын - Мырзагулов Жомарт.
Режиссері: Райымбеков Бауыржан.

 03.03.2018 2 03.03.2018 3

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР

    Наурыз айының 2 жұлдызында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде ТИГУ ректор кеңесшісі, профессор, т.ғ.д. ҚР ҰҒА Академигі Сулейменов Ж.Т. және «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, профессор, э.ғ.д. Тажибаев С.Д. бастауымен «Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы жүйелерін шоғырландыру мәселелері» атты халықаралық семинар өз жұмысын бастады. Семинар жұмысына қатысушылар:
    - М.Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университетінің «Қаржы, есеп және контроллинг» институтының директоры, профессор, э.ғ.д. Ишенов Б.Ч.;
    - Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің «Бухгалтерлік есеп, талдау және аудит» кафедрасының меңгерушісі, профессор, э.ғ.д. Ботабеков А.Б.;
    - Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің «Мемлекеттік қаржы және салықтар» кафедрасының меңгерушісі, профессор, э.ғ.д. Жуманов А.М.;
    - Қазақ инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университетінің проректоры, профессор, э.ғ.д. Ниязов Т.Ж.;
    - М.Ауезов атындағы ОҚМУ «Бизнес және басқару» факультетінің деканы, доцент, э.ғ.к. Сейдахметов М.К.;
    - М.Х.Дулати атындағы «Экономика және бизнес» факультетінің деканы, доцент, э.ғ.к. Қожабеков С.С.
    Семинар жұмысынан кейін академиялық ұтқырлық аясында экономика, қаржы, есеп және аудит мамандықтарына лекциялар оқытылады.

02 0302 03 01

ЖҮЗ ЖЫЛ ЖЫРЛАҒАН ЖҮРЕК

ЖҮЗ ЖЫЛ ЖЫРЛАҒАН ЖҮРЕК

     2018 жылдың 27-ақпанында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Филология» кафедрасының ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүз жыл жырлаған жүрек атанған абыз ақын Ж.Жабаевтың 172 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Кеш барысында рухани жаңғырудың басты кілті – ұлттық кодымызды сақтау екендігін жете ұғынған студенттер бүгінгі әдебиет сүйер қауымға Жамбыл жолын насихаттап, жүз жасаған абыз баба дәстүрін дәріптеу мақсатын ұстанды. Әдеби кеш мазмұны ғасырға жуық ұзақ ғұмырында екі дәуірдің, көптеген әлеуметтік дүмпулердің куәсі болған, ұлттық руханиятымызда өзіндік өрнек салып, жыр алыбы атанған Ж.Жабаевтың шығармашылығын кеңінен зерделеу – ұрпақ еншісінде екендігін түйсіндіруге арналды. Кеш барысында «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология» мамандықтарының студенттері мазмұнды баяндама оқып, жүрекжарды арнауларын арнады. Сонымен қатар, Жамбыл атаның айтыскерлігін дәстүр етіп ұстанып жүрген жас айтыскер ақындар Мырзатай Медеу мен Көшербай Айым кешегі Жамбыл мен Айкүмістің айтысын жаңаша өрнектерімен таныта білді. Кеш әрбір жанның патриоттық сезімін қуаттандыратын «Жаса, жаса, қазағым» әнімен қорытындыланды.

IMG 20180227 WA0035IMG 20180227 WA003

1 НАУРЫЗ - АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

0103181 НАУРЫЗ - АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

     Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
      Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.
    «Білім» факультетінің белсенді студенттер жастары  Қазақстан Республикасының тұрғындарын  және  Тараз иннновациялық-гуманитарлық университеті  профессор-оқытушылар құрамына мен білім алып жатқан студенттеріне өздерінің  жылы лебіздері мен алғыс сөздерін өлең жолдарымен жеткізді!

Ғылым-білім тұнып тұрған бойына,
Сөз жетпейтін ақылы мен ойына.
Профессор қауымына мың алғыс,
Бұл ордадан орын алған ойыма!

Венгрияда ректорлар форумы өтті

Венгрияда ректорлар форумы өттіIMG 20180228 WA0001

      28 ақпан күні Венгрия астанасы Будапешт қаласында академиялық ұтқырлық және профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мақсатында Венгрия-Қазақстан ректорларының форумы өтті. Алқалы жиынға ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов та қатысып, Мажар елінің Сигизмунд корольдігі, Будапешт теxнология және экономикалық университеттерімен өзара әріптестік байланыс туралы меморандумға қол қойды.

ТИГУ баспасөз орталығы

IMG 20180228 WA0002IMG 20180228 WA00032018 02 28 19 17 14IMG 20180228 WA0009IMG 20180228 WA0004

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d