МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

«NEO-FOLKLOR» атты Халықаралық киім дизайнерлерінің байқауы

«NEO-FOLKLOR» атты Халықаралық  киім дизайнерлерінің байқауы

IMG 20180529 WA0028     Қазақстанда алғаш рет 2018 жылғы  9-12 мамыр аралығында «ASPARA FASHION WEEK» сән апталығы өткізіліп, «NEO-FOLKLOR» атты Халықаралық киім дизайнерлерінің байқауы Шымкент қаласында ұйымдастырылды. IMG 20180529 WA0025      Аталған іс-шараға Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының аға оқытушысы Септемирова Аяулым өз сән үлгілерін ұсынды.  Бұл байқауға 13 үміткер қатысып, өз сән үлгілерін жұртшылыққа төмендегі ретпен көрсетті.
1.    Бекболатова Манзура – Қазақстан, Алматы.
2.    Картаева Бермет – Қырғызстан, Бишкек.
3.    Әби Рита және Шуақбай Ақнұр – Қазақстан, Қызылорда
4.    Кенесова Айнұр – Қазақстан, Ақтау
5.    Рысбек Магауя – Қытай, Урумчи
6.    Бадретдинова Фарида – Қазақстан, Павлодар
7.    Сауқынбекова Сая – Қазақстан, Тараз
8.    Сатунова Кемине – Республика Алтай, Горно-Алтайск
9.    Оспанова Балжан және Көкебаева Мария – Қазақстан, Алматы
10.    Бегдаулет Ангелина – Қазақстан, Шымкент
11.    Септемирова Аяулым Жомартовна – Қазақстан, Тараз, ТИГУ
12.    Каарова Назгүл – Қырғызстан, Ош
13.    Темір Аида – Қазақстан, Қызылорда
     Байқауға ұсынылған сән үлгілерін бағалау үшін, алыс-жақын шет елдерден арнайы атақты дизайнерлері, бренд тауарларын өндірушілері, жоғарғы деңгейдегі модельдері, БАҚ өкілдері және т.б. шақырылды. Әділ-қазылар «Сән үлгілерін» байқау шарттарының талаптарына сәйкес, жан-жақты қарастыра келе, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің аға оқытушысы Септемирова Аяулым Жомартқызын жүлделі ІІ орынмен марапаттады. Сонымен қатар, университет ректоры Ерболат Байұзақұлына және сән үлгісін ұсынушы Аяулым Жомартқызына арнайы сертификаттар берілді.  Видеонұсқа

123147159123420180509 203001

«ASPARA FASHION WEEK» қонақтар мен комиссия мүшелерінің тізімі:

1    Rocco Leo Gaglioti    FashionNewsLive   американдық  телеканалының директоры, АҚШ
2    Oana Mirabela Postolaсhe    VOGUE журналының өкілі,  Италия.
3    Adriana Di Lello ELLE журналының өкілі, Италия,
4     Julia Felissiano Модель, Ташкент
5     Гульнара Мухамедова «MissUnion» халықаралық сән байқауының директоры, Өзбекстан
6     Sensemielja Letitia Sumter Fashionbloger, модель Амстердам, Голландия
7    Kristy Kosanyak Халықаралық Львов сән апталығының үйлестірушісі, Украина
8   Джан Тонг Джи ҚХР киім және тоқыма өндірушілер қауымдастығы президенті, Қытай
9    Robby Rawat «Asian Designer Week» президенті, Үндістан
10    Aidyn Acik «Asian Fashion Week Europe» директоры, Amsterdam Голландия,
11    Шеремет Сергей    Мәскеу сән сарапшысы, Ресей
12    Ирина Спрутко    тілші, Украина
13    Гульнара Танкаева    тілші, Қазақстан
14    Douglas Bassett    Милан  fashion- фотографы,  Италия
15    Роза Халтуева    Этноподиум, фестивалінің директоры, Ресей - Иркутск
16    Vlad Zvarych    Украиндық  Гильдии парфюмерінің парфюмері және президенті, Киев
17   Kasia Stefanov «Berlin fashion week» президенті, Германи
18    Svetlana Horvat «Serbia fashion week» президенті, Сербия
19    Махабат Есен «Қаз Медиагрупп тілшісі», Астана
20    Istvan Horvat    Будапештегі сән апталығының директоры, Венгрия
21    Султанова Наталья     Сән сарапшысы, кафедра меңгерушісі, Қырғызстан
22   Раф Сардаров Дизайнер, Ресей
23    Wang Yi Hua    Дизайнер, Үрімші Қытай
24    Georges  Bedran    Дизайнер, Франция, Париж
25    Omar  Mansoor    Дизайнер, Ұлыбритания, Лондон
26    Ankita Chaudhry Дизайнер, Үндістан, Дели
27      Federica D” Andria Дизайнер, Италия, Милан  
28    Lesia Semi Дизайнер, Украина, Львов
29   Татьяна Воротникова Дизайнер, Қырғызстан, Бішкек
30    Гюльнара Халилова Дизайнер, Әзербайджан, Баку
31    BBS(Bukhara Brilliant Silk)    Өзбекстан, Бұхара
32    Carmichael AByfield Дизайнер, Голландия, Амстердам
33    KlaudiaMarkiewiecz Дизайнер, Польша, Варшава
34    Silvia Marion Roscher Дизайнер, Германия, Берлин
35    Onder Ozkan    Дизайнер, Түркия, Стамбул
36    Султан Салиев Дизайнер, Татарстан, Қазан
37   Айдархан Калиев Дизайнер, Тараз
38    Donovan Cas Depass Дизайнер, Нью-Йорк, АҚШ
39    ZEKEN-MODA    Дизайнер, Астана
40    EYMERIC  FRANCOIS    Дизайнер, Франция, Париж
41   DILIARA Дизайнер, Қытай, Пекин
42    Сабина Жанзакова    Дизайнер,  Ақтөбе
43    Gloria Dimitrova Дизайнер, Болгария, София

IMG 20180605 WA0001IMG 20180605 WA0002IMG 20180605 WA0000

1 маусым – Балаларды қорғаудың Халықаралық күні

1 маусым – Балаларды қорғаудың Халықаралық күніO47A2733

      2018 жылдың 1 маусымында Қазақстан Республикасынының Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің №524 бұйрығына сәйкес, Тараз қаласының Достық  алаңында 1 маусым – Балаларды қорғаудың Халықаралық күніне орай, балалар және жастар музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті.
    Шеруге Тараз инновациялық–гуманитарлық университетінің білімгерлері де қатысып, өз өнерлерін паш етті. Аталған іс-шара көпшілік көңілінен шықты.

Тәрбие жұмыстар бөлімінің маманы
Аманғали Жомарт

O47A2723O47A2740O47A2751O47A2759O47A2766O47A2769

 

2018 жылдың 30-31 мамыр аралығында Қазақстан-АҚШ жоғарғы оқу орындары ректорларының ІІ серіктестік форумы өтті. Филадельфия (АҚШ).

 

forum 4

2018 жылдың 30-31 мамыр аралығында Қазақстан-АҚШ жоғарғы оқу орындары ректорларының ІІ серіктестік форумы өтті. Филадельфия (АҚШ).  

    Қазақстан-АҚШ жоғарғы оқу орындары ректорларының ІІ серіктестік форумына Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Саурықов Ерболат Байұзақұлы қатысты.

forum 5      Қазақстан делегациясының құрамы төмендегідей: ҚР БҒМ вице-министрі Асхат Аймағамбетов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Балықбаев Такир, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ахметова Гаухар, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ресторы Жаутиков Бахыт, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Аяшев Оңалбай, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Саурықов Ерболат, Асемгуль Молдажанова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші проректоры, Алматы энергетика және байланыс университетінің директорлар Кеңесінің төрағасы Томанов Махмут, Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сагинтаева Сауле, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Айменов Жамбыл, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің интернационализациялау жөніндегі проректоры Carla De Vereaux, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Торебекова Зулфия, С.Торайғыров атындағы ПМУ халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры  Қайырбаева Ақмарал.
      Форумға қатысушыларды Принстон университеті және Пенсильвания университеті қабылдады.
      2018 жылы 30 мамырда Форум аясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұйымдастырылған  Брифингте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық білім беру институты арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.forum 6forum 1     «АҚШ пен Қазақстан арасындағы әріптестік қатынастардың қазіргі басымдықтары» атты дөңгелек үстелде АҚШ пен Қазақстан университеттері, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Халықаралық білім беру институтының  өкілдері сөз сөйлейді.
     Сондай-ақ, қазақстандық жоғары оқу орындары мен американдық институттар мен университеттер арасында В2В кездесулер ұйымдастырылды.
      Ынтымақтастық академиялық ұтқырлық, магистранттарды тағылымдамадан өткізу, шетелдік оқытушылар құрамымен алмасу, тілдік құзыреттілікті арттыру сияқты бағыттарда жүзеге асырылады.forum 7forum 2    Халықаралық білім беру және алмасу саласында жұмыс істейтін әлемдегі ең ірі коммерциялық емес ұйым - Жоғары білім қызметкерлері халықаралық ассоциациясы NAFSA –ға 70 жыл толады.
    NAFSA әлемнің 150-ден астам елінде 3500-ден астам мекемелерде 10 000 мүшесі бар. (NAFSA-2018 аясында өткізілетін президенттер мен ректорлар саммиті 31 мамырда өтеді.  Қазақстан делегациясы барлық университеттерінің президенттері мен ректорларымен кездесті).
    Осыған байланысты NAFSA форумға көрме залдарын кең ауқымда даярлады, ол жерде әрбір жоғары оқу орындары өздерінің жоғары білім саласындағы жетістіктерін жариялай алады.forum11   Көрме залында Жоғары білім жәрмеңкесінде американдық университеттер отандық университеттермен әріптестік байланыс орнатып, қазақстандық жоғары оқу орындарымен қарым-қатынасты нығайтады.forum10

Pre-Day II Халықаралық форумы, Алматы қаласы

Pre-Day II Халықаралық форумы, Алматы қаласы

      Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің  ғалымдары   29-30 мамырда Алматы қаласында  «Жылдам дамып жатқан  қоғамда  кәсіпкерлік білім беру: құндылықтар трансформациясы» тақырыбындағы өткен Pre-Day II Халықаралық форум жұмысына  белсенді атсалысты.1     ТИГУ –ден Агробиологиялық ғылыми зерттеу  институтының директоры Муслимов Нұржан Жомартұлы және Ішкі сапаны қамтамасыз ету басқармасының бастығы Махмудова Ләззат Кемаловна қатысты.
      Pre-Day II Халықаралық форумының жұмысына  қазақстандық және халықаралық сарапшылар, жылдам өзгеріп отырған қоғамда заманауи кәсіпкерлік білім беруді қалыптастыратын құндылықтар мен басым бағыттарды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпкерлік және академиялық секторлардың  өкілдері қатысты.
       Халықаралық форум жұмысының барысында  «Білім беру мен оқытудағы дизайн ойлау және бизнес» тренингі өтті.2- Кәсіпкерлік білім беру Ассоциациясының төрағасы, AlmaU білім беруді дамыту институтының директоры, бірінші проректоры - Қанағатова Алмагүл Медихатовна;
- Кәсіпкерлік білім беру жобалары орталығының (Ресей) басшысы - Данилова Алла Евсеевна;
- ERG ішкі коммуникациялар департаментінің директоры - Косаева Фатима Конысовна және т.б.  тұсаукесер жасады.3

Ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Ынтымақтастық меморандумына қол қойдыO47A2539

     2018 жылдың 28 мамыры күні сағат 15:00-де Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің мәжіліс залында Қырғызстан Республикасы Талас мемлекеттік университетінің делегациясы мен басшылығының қатысуымен екі жақты ынтымақтастық жөнінде келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарттың негізгі мақсаты – тараптар ғылыми және инновациялық білім беру бағдарламасын әзірлеу әрі өзекті ету, тепе-теңдік пен өзара тиімділік қағидаты негізінде барлық қажетті жағдайды жасай отырып, мамандарды жоғары сапада даярлау, қайта даярлау, біліктілігін көтеруге бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықтың болуына ықпал ету болып табылады. O47A2575    Мәжілісті Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Аширбеков Санат Сагинбекович жүргізіп отырды.
     Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ректорының міндетін атқарушы Дубский Юрий Васильевич келген қонақтарды құттықтап алдағы уақытта бірлесіп жасайтын жұмыстарға сәттілік тіледі.
    Талас мемлекеттік университетінің ректоры Упенов Айбек Шерипбекович өзінің келген сапары жөнінде қысқаша баяндай келе, екі жақты келісімшартқа отырудың маңыздылығына тоқталды.
    Сондай-ақ, келген қонақтар жалпы оқу ғимараттарымен танысып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

МИТ бөлімі

O47A2368O47A2437O47A2475O47A2547

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d