МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

Тарихқа саяхат

Тарихқа саяхат

      Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Экономика және құқық» факультетінің студенттері «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Тараз қаласы және қала маңындағы тарихи көне жерлерге саяхат жасады. Атап айтсақ, Тектұрмас кесенесі, Қарахан баба кесенесі, Айша бибі кесенесі, Көне Тараз орталығы. Білімгерлерді аталған тарихи ескерткіштермен туризм саласының менеджері Саурықова Раушан Орынбекқызы таныстырды. Білімгерлер барлық ескерткіштердің қысқаша тарихымен танысып өтті. Саяхат соңында студенттер басқада Жамбыл облысында орналасқан көне тарихи жерлермен танысуға өтініш білдірді.

IMG 20180220 WA0008

БИЫЛ 630 ТҮЛЕК УНИВЕРСИТЕТ БІТІРГЕЛІ ОТЫР

                                                 БИЫЛ 630 ТҮЛЕК УНИВЕРСИТЕТ БІТІРГЕЛІ ОТЫР

Университеттің бітіруші курс студенттеріне арналған  «Жас түлек-2018» бос орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасының, Тараз қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының, Жамбыл облысы бойынша «Атамекен»  кәсіпкерлік ұлттық палатасының, Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшылары және 30-дан аса мекеме өкілдері қатысты.
    Биыл университетті 630 түлек бітіргелі отыр. Сан түрлі мамандық иелері атанатын студенттерді жұмыспен қамту жүйесі университетте дұрыс жолға қойылған. Университетте жылына екі рет бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған өңірдегі көптеген мекемелер мен ұйым өкілдері шақырылады. Бірқатарымен нақты келісімдер де бар. Бүгінгі таңда 10 жылдық тарихы бар оқу орнының түлектері еліміздің әр аймақтарында жемісті жұмыс жасауда.
    6 факультетте білім алып жатқан 5000-ға жуық білімгердің басты арманы жақсы жұмысқа орналасу екендігі анық. Ол үшін қандай мекемеге қалай орналасу керектігін жетік меңгеруі тиіс. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Запира Медетова жастарға жұмысқа орналасудың жолы мен тәртібін түсіндірсе, Жамбыл облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасының инспекторы Кемеңгер Абдибеков орган қызметінде атқаратын тірліктермен таныстырды. Сонымен қатар, Тараз қаласы  әкімдігінің білім басқармасының басшысы Мүбәрәк Жинақбаева, Тараз қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының Жастар тәжірибесі бойынша жауапты маман Жанида Боханова, Қазақстан Стандарттау және сертификаттау институты Жамбыл филиалының директоры Асқар Мыңбаев, «Қазфосфат» ЖШС оқу орталығының директоры Марина Оразова қандай маман, қанша маман жетіспейтіндігі жөніде ақпар айтып, жұмысқа орналасқанға дейін университетте оқу барысында тәжірибе жинақтау туралы түсіндіріп өтті.
    Жиынды ашып, жүргізіп отырған университ ректорының кеңесшісі, академик Жүсіпбек Сүлейменов университете білікті мамандар дайындауда барлық мүмкіндіктер жасалып келе жатқанын айтты. Теориялық білімді практика жүзінде іске асыру үшін қажетті мекемелермен өзара келісім шарттар жасалып, биология, химия, агрономия мамандықтарының студенттері үшін Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты, Ветеринария және мал шаруашылығы институты жұмыс істейтінін тілге тиек етті. Жиын соңында университет бітіргелі отырған студенттер жұмыс беруші мекеме өкілдерімен жеке сұхбаттар жасап, мол мәлімет алды.

Нұржан ТУҒАНБАЙ,
ТИГУ баспасөз хатшысы


 

 

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ұйымдастыруымен 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.

Ауған соғысы ардагерлері, ПОҚ және қызметкерлер мен студент жастар қатысқан іс-шараны жауынгер-интернационалист, «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының аға оқытушысы Біржан Үсен ашып, жүргізіп отырды. Университеттің тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Санат Аширбековқұттықтап сөз сөйледі. Жамбыл облысы және Тараз қаласы бойынша «Ауғанстан соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамының» төрағасы Дүкенбай Ермеков жиылған көпшілікке ауған еліндегі қиыншылықтар мен қасіреттерді баян етсе, жауынгер-интернационалисттер Нұрбақыт Сембиев, Ерғали Мирсейт, Ақсауыт Исекеевтер естеліктермен бөлісті.

 

Ардагерлер компьютерді еркін меңгеретін болады

Ардагерлер компьютерді еркін меңгеретін болады

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сандық Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – креативті қоғам құру. Яғни, халықтың сандық сауаттылығын жоғарлату арқылы адами капиталды дамыту. Осыған орай, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі мен Тараз иновациялық-гуманитарлық университеті екі жақты меморандумға қол қойды.
Енді осы келісім-шарт негізінде жамбылдық ардагерлер университеттегі білікті ұстаздардан компьютерді тегін үйренеді. Жас ерекшелігіне қарамастан, олардың  жаңа технологияларды игеруге деген құлшыныстары жоғары. Алғашқы сабақтың өзіне 30-ға жуық ардагер қатысты. Олар мұнда  Word, Excel сияқты офистік бағдарламалардың қалай жазып, қолданатындығын үйренеді. Алдағы уақытта зейнеткерлердің сұраныстарына қарай өткізілетін сабақтар күрделене түседі. Бұл қазіргі сандық технологиялардың дамыған заманында егде кісілерге көрсетілген үлкен көмек.
Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев: -«Ардагерлер қауымы Жолдауды, оның қағидаттарының барлығын үлкен ынтамен, жігермен қабылдады. Біз көштен қалмауымыз керек. Біз де оқып үйренуіміз керек. Цифрлі қоғамға бізде толыққанды мүше болуымыз қажет. Сондықтан да ешқашан үйренгеннің, оқығанның зияны жоқ», - деді.
    Меморандумға сәйкес, 2018 жылдың соңына дейін облыстық ардагерлер кеңесі мүшелеріне университет мамандары ғаламтордың бүкіләлемдік желісімен жұмыс жасауына мүмкіндік беретін компьютерлік сауаттылық негіздерін үйрететін болады.

Бұйырғаны – үздік үштік

                                            Бұйырғаны – үздік үштікIMG 20180205 WA0007       Жуырда Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің  ұйымдастырумен «Ұлттық сана: жастар саясаты» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Оған облыс орталығында орналасқан ЖОО және орта арнаулы оқу орындары студенттерінен жасақталған 25 фракция қатысып, ТИГУ командасы 3 орын иеленді. Фракция құрамында университет студенттері Шахназар Жүсіпов пен Бекболат Асқар бар.

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d