МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

Pre-Day II Халықаралық форумы, Алматы қаласы

Pre-Day II Халықаралық форумы, Алматы қаласы

      Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің  ғалымдары   29-30 мамырда Алматы қаласында  «Жылдам дамып жатқан  қоғамда  кәсіпкерлік білім беру: құндылықтар трансформациясы» тақырыбындағы өткен Pre-Day II Халықаралық форум жұмысына  белсенді атсалысты.1     ТИГУ –ден Агробиологиялық ғылыми зерттеу  институтының директоры Муслимов Нұржан Жомартұлы және Ішкі сапаны қамтамасыз ету басқармасының бастығы Махмудова Ләззат Кемаловна қатысты.
      Pre-Day II Халықаралық форумының жұмысына  қазақстандық және халықаралық сарапшылар, жылдам өзгеріп отырған қоғамда заманауи кәсіпкерлік білім беруді қалыптастыратын құндылықтар мен басым бағыттарды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпкерлік және академиялық секторлардың  өкілдері қатысты.
       Халықаралық форум жұмысының барысында  «Білім беру мен оқытудағы дизайн ойлау және бизнес» тренингі өтті.2- Кәсіпкерлік білім беру Ассоциациясының төрағасы, AlmaU білім беруді дамыту институтының директоры, бірінші проректоры - Қанағатова Алмагүл Медихатовна;
- Кәсіпкерлік білім беру жобалары орталығының (Ресей) басшысы - Данилова Алла Евсеевна;
- ERG ішкі коммуникациялар департаментінің директоры - Косаева Фатима Конысовна және т.б.  тұсаукесер жасады.3

Ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Ынтымақтастық меморандумына қол қойдыO47A2539

     2018 жылдың 28 мамыры күні сағат 15:00-де Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің мәжіліс залында Қырғызстан Республикасы Талас мемлекеттік университетінің делегациясы мен басшылығының қатысуымен екі жақты ынтымақтастық жөнінде келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарттың негізгі мақсаты – тараптар ғылыми және инновациялық білім беру бағдарламасын әзірлеу әрі өзекті ету, тепе-теңдік пен өзара тиімділік қағидаты негізінде барлық қажетті жағдайды жасай отырып, мамандарды жоғары сапада даярлау, қайта даярлау, біліктілігін көтеруге бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықтың болуына ықпал ету болып табылады. O47A2575    Мәжілісті Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Аширбеков Санат Сагинбекович жүргізіп отырды.
     Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ректорының міндетін атқарушы Дубский Юрий Васильевич келген қонақтарды құттықтап алдағы уақытта бірлесіп жасайтын жұмыстарға сәттілік тіледі.
    Талас мемлекеттік университетінің ректоры Упенов Айбек Шерипбекович өзінің келген сапары жөнінде қысқаша баяндай келе, екі жақты келісімшартқа отырудың маңыздылығына тоқталды.
    Сондай-ақ, келген қонақтар жалпы оқу ғимараттарымен танысып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

МИТ бөлімі

O47A2368O47A2437O47A2475O47A2547

«Тұлғалық бағытталған оқыту. Оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбына авторлық семинар–тренинг өтуде

         «Тұлғалық бағытталған оқыту. Оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбына авторлық семинар–тренинг өтудеO47A0682

        Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінде 2018 жылғы 16 -26 мамыр аралығында «Тұлғалық бағытталған оқыту. Оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбына авторлық семинар –тренинг өтуде. Тренигті шебер-тренер Шакиров Рашид Хайдарович өткізуде.O47A0570

Инновациялық-әдістемелік сектор жетекшісі Шымыр Ж.А.

O47A0596O47A0649

«Модернизация және техникалық қайта жарақтандыру» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Модернизация және техникалық қайта жарақтандыру»
атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      2018 жылдың 23-мамырында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің акт залында «АУЫЛ» ХДПП Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Модернизация және техникалық қайта жарақтандыру» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

24 05 18 7       Конференцияға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының хатшысы Жексембин  Бөрібай Биқожаұлы және Жамбыл облысы ауылшаруашылығы басқармасы, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Жамбыл облысы филиалы саяси кеңес мүшелері, депутаттар, аудандық саяси кеңес мүшелері, профессор-оқытушылар, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.
      Бірінші болып «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, профессор Саурықов Ерболат Байұзақұлы баяндама жасады. Келесі кезекте «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының  хатшысы  Жексембин  Бөрібай Биқожаұлына сөз берілді. Сонымен қатар баяндама жасау үшін сөз Жамбыл облысы ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Құлкеев Ерлан Елубайұлына берілді. Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының  эксперті Ешанкулов Сабыржан Абдусаматұлына баяндама жасады. Баяндаманы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры, профессор Балғабаев Нұрлан Нұрмаханұлы жалғастырды. Сөз баяндама жасау үшін «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми- зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, профессор Қарымбаев Аманбай Қамбарбекұлына берілді.
     Конференция өз жұмысын аяқтаған соң, «АУЫЛ» ХДПП Жамбыл облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, «АУЫЛ» ХДПП Жамбыл облыстық филиалының кеңес мүшелері, «АУЫЛ» ХДПП аудандық филиал төрағалары Ауыл» ХДПП хатшысы Жексембин  Бөрібай Биқожаұлының бастауымен Байзақ ауданы, Қостөбе ауылдық округінде орналасқан Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтында шаруа қожалығы басшыларымен, кәсіпкерлермен, аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауылшаруашылығында болып жатқан біраз мәселелер қозғалды. Кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.24 05 18 1      Қорытындылай келе, «Ауыл» ХДПП хатшысы Жексембин  Бөрібай Биқожаұлы жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді және «АУЫЛ» ХДПП Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Саурықов Ерболат Байұзақұлы облыстық филиал жұмысын ары қарай жандандыра беретінін айтты.

Нұрғабылов Мұрат Нуридинұлы,
«Ауыл» ХДПП ЖОФ кардинаторы

24 05 18 224 05 18 324 05 18 424 05 18 524 05 18 624 05 18 8

«Еңселі Елордам – рухани кең ортам» республикалық студент жастар фестивалі өтті.

«Еңселі Елордам – рухани кең ортам» республикалық  студент жастар  фестивалі  өтті.

      2018 жылдың  18-19 мамыр  күндері  Талдықорған  қаласында  І.Жансүгіров  атындағы Жетісу  мемлекеттік университетінде Астана  қаласының  20 жылдығына  арналған  «Еңселі Елордам – рухани кең ортам» республикалық  студент жастар  фестивалі  өтті. Бұл іс-шараға 12 жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Дауылпаз» студенттік театры қатысып, «Театрландырылған  көрініс» аталымы бойынша  III  ДӘРЕЖЕЛІ  ДИПЛОММЕН  марапатталды.
Қатысқан  студенттер:
1.Касенқызы  Аймангүл –БИО-17-1 тобының  студенті
2.Конырова  Жанерке –ПЖП-17-1 тобының  студенті
3.Көшербай  Айым –ҚТ-17-1 тобының  студенті
Патриоттық  ән  байқауына университетіміздің  ВС-17-1 тобының  студенті  Төлеке Айдос Меркібайұлы  мен  ҚТ-17-1 тобының студенті  Көшербай  Айым  Бақытбекқызы  қатысып  Алғыс хат иеленді.


Тәрбие жұмыстар бөлімінің маманы
Кенембаева Ақмарал Сәрсенбайқызы

18 19.05.18 118 19.05.18 318 19.05.18 418 19.05.18 718 19.05.1818 19.05.18 518 19.05.18 6

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d