Шетелдік талапкерлерге

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы600 бұйрығымен бекітілген «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларынан» үзінді

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы»2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.

2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) адамдарды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау рәсімі

3. ЖЖОКБҰ-ға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.

7. Шетел азаматтарын білім беру гранты негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық ЖЖОКБҰ-ларға қабылдауды ЖЖОКБҰ дербес жүзеге асырады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

3-тарау. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау тәртібі

33. Түсушілерді ЖЖОКБҰ-ның студенттері қатарына қабылдау ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді.

Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантының иегерлері, сондай-ақ оқуға ақы төлеуі азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен жүзеге асырылған оқуға түсушілер тиісті білім беру бағдарламалары топтарынан білім беру бағдарламасын таңдайды.

Оқуға түсушілер ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтініш:

  1. жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  3. 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;
  4. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
  5. ҰБТ сертификатын;
  6. ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
  7. білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.

40. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалдыкуәландырылған аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннанкейін оқудың 1 (бірінші)академиялық кезеңі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.


Выписки из «Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования»утвержденныхприказом№600 от 31 октября 2018 года Министра образования и науки Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

  1. Прием лиц, поступающих в организации образования Республики Казахстан, реализующие образовательные программы высшего и (или) послевузовского образования (далее – ОВПО) осуществляется посредством размещения образовательного гранта высшего образования за счет средств республиканского бюджета или местного бюджета, а также оплаты обучения за счет собственных средств обучающегося и иных источников.

Глава 2. Порядок приема в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования

3. ВОВПО принимаются лица, имеющие общее среднее, техническое и профессиональное, послесреднее, высшее образование.

7. Прием иностранных граждан по выделенной квоте на основе образовательного гранта в международные ОВПО, созданные на основе межгосударственных соглашений, осуществляется ОВПО самостоятельно.

Прием иностранных граждан на обучение в ОВПО на платной основе осуществляется по результатам собеседования, проводимого приемными комиссиями ОВПО в течение календарного года. При этом зачисление иностранных граждан осуществляется в соответствии с академическим календарем за 5 (пять) дней до начала следующего академического периода.

Глава 3. Порядок зачисления в ОВПО

33. Зачисление поступающих в число студентов в ОВПО проводится приемными комиссиями ОВПО с 10 по 25 августа календарного года приказом руководителя ОВПО или лицом, исполняющим его обязанности.

Обладатели образовательного гранта высшего образования за счет средств республиканского бюджета или местного бюджета, а также оплаты обучения за счет собственных средств граждан и иных источников выбирают образовательную программу из соответствующей группы образовательных программ.

В приемную комиссию ОВПО поступающие к заявлению о приеме прилагают:

1) документ об общем среднем, техническом и профессиональном, послесреднем или высшем образовании (подлинник);

2) копию документа, удостоверяющего личность;

3) 6 фотокарточек размером 3 x 4 сантиметра;

4) медицинскую справку по форме 086-У, утвержденную приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 «Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6697) (далее – приказ №907);

5) сертификат ЕНТ;

6) выписку из ведомости (для поступающих по образовательным программам высшего образования, требующим специальной и (или) творческой подготовки, в том числе по областям образования «Педагогические науки» и «Здравоохранение и социальное обеспечение (медицина)»);

7) свидетельство о присуждении образовательного гранта (при его наличии).

40. Документы на иностранном языке предоставляются с нотариально засвидетельствованным переводом на казахский или русский язык.

Документы об образовании, выданные зарубежными организациями образования, проходят процедуру нострификации в установленном законодательством порядке Республики Казахстан после зачисления лиц в течение 1 (первого) академического периода обучения.


Excerpts from the approved order of the Minister of Education and Science of the Republic of Kazakhstan «On Model Rules for admission to study at educational organizations that implement educational programs of higher education»dated October 31, 2018, №600

Chapter 1. General Provisions

1. These Model Rules for admission to study at educational organizations that implement educational programs of higher education (henceforth Model Rules) were developed in accordance with subparagraph 11) of Article 5 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated July 27, 2007 "On Education" (henceforth the Law ) and determine the order for admission to study at educational organizations that implement educational programs of higher education.

2. The admission of persons entering the educational organizations of the Republic of Kazakhstan implementing the educational programs of higher education (henceforth HEI) is accomplishedby placing an educational grant at the expense of the republican budget or the local budget or funds received from the republican budget as part of targeted transfers, also payment-based for education at the expense of citizens' own funds and other sources.

Chapter 2. The procedure for admission to educational organizations that implement educational programs of higher education

3. In HEI are accepted persons with general secondary (secondary general) education, educational programs of technical and professional , post-secondary education and higher education.

7. Admission of foreign citizens on a quota allocated on the basis of an educational grant to international universities, established on the basis of interstate agreements, is carried out by universities independently.

Admission of foreign citizens to study at universities for a fee is based on the results of an interview conducted by the admission commissions of universities during the calendar year. At the same time, enrollment of foreign citizens is carried out in accordance with the academic calendar 5 (five) days before the beginning of the next academic period.

Chapter 3. The procedure for enrollment in HEI

33. Admission of students to universities is carried out by Admission Committee of universities from August 10 to August 25 of a calendar year by order of the first head of the university or by a person who performs his duties.

Owners of an educational at the expense of the republican budget or the local budget or funds received from the republican budget as part of targeted transfers, also payment-based for education at the expense of citizens' own funds and other sources choose an educational program from the relevant group of educational programs.

For applicants the following documents should also be attached to the application form to Admission Committee of the university:

1) a document on general secondary, technical and professional, post-secondary or higher education (original);

2) 6 photos in the size 3x4;

3) medical certificate according to the form 086-U, approved by the order of the Minister of Health of the Republic of Kazakhstan of November 23, 2010 No. 907 "On approval of forms of primary medical documentation of health care organizations (registered in the Register of state registration of regulatory legal acts No. 6697) (hereinafter - Order No. 907).

4) UNT certificate;

5) an extract from the statement (for applicants for higher education programs that require special and (or) creative training, including in the areas of education "Pedagogical Sciences" and "Health and Social services; (medicine)");

6) certificate of educational grant (in the presence of).

Persons who have documents on technical and professional, post-secondary education, who have confirmed their qualifications and have work experience in the specialty for at least one year, additionally submit one of the following documents:

1) work record book;

2) record of service (list of information on work, professional experience of the employee), signed by the employer, certified by the seal of the organization (if available);

3) registrar's certificate containing information about the employee’s professional experience;

4) the employment agreement with the employer's mark of the date and cause for termination;

5) extracts from acts of the employer confirming the creation and cause for termination of the employment relationship on the basis of the employment agreement and termination of the employment contract;

6) an extract from the salary payment.

For admission to the university in accordance with paragraph 5 of these Model Rules to the Admission Committee of the university, the following documents should also be attached to the application:

1) a document on general secondary, technical and professional, post-secondary or higher education (original);

2) 6 photos in the size 3x4;

3) medical certificate according to the form 086-U, approved by the Order No. 907;

4) UNT certificate.

40. Documents in a foreign language are provided with a notarized translation into Kazakh or Russian.

Education documents issued by foreign educational organizations undergo a nostrification procedure in accordance with the procedure established by legislation of the Republic of Kazakhstan after enrollment of persons during the 1 (first) academic period of study.

Талапкерлерге

 

Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрінің 2019 жылғы 4

ақпандағы №57 бұйрығына қосымша

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу

қағидаларына 5-қосымша

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру

бағдарламалары топтарының тізбесі

 


ҚазақстанРеспубликасыныңӘділетминистрлігі

________ облысының/қаласыныңӘділетдепартаменті

Нормативтікқұқықтықакті 07.02.2019

Нормативтікқұқықтықактілердімемлекеттік

тіркеудіңтізіліміне№ 18275 болыпенгізілді

Результатысогласования

МинистерствообразованияинаукиРК – ДиректорНурсейтАбсаттаровичБайжанов, 29.01.2019 12:25:37, положительныйрезультатпроверкиЭЦП

МинистерствоюстицииРК – ЗаместительМинистраМЮРКЭльвираАбилхасимовнаАзимова, 04.02.2019 10:19:52, положительныйрезультатпроверкиЭЦП

Результатыподписания

МинистерствообразованияинаукиРК – МинистрЕрланКенжегалиевичСагадиев, 04.02.2019 11:17:23, положительныйрезультатпроверкиЭЦП

Бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесі

 

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ–ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Бакалавриат білім беру бағдарламалары:

1. 6В01 Педагогикалық ғылымдар

6В01101–Педагогика және психология

6B01201–Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

6B01301–Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

6B01402–Дене шынықтыру және спорт

6B01403–Бейнелеу өнері және сызу

6B01404–Кәсіптік оқыту

6B01411–Бастапқы әскери дайындық

6B01501–География

6B01602–Тарих

6B01701–Қазақ тілі мен әдебиеті

6B01702–Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын–қытай, ағылшын–корей)

2. 6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6B02301–Филология (қазақ тілі)

3. 6В04 Бизнес, басқару және құқық

6B04101–Экономика

6B04102–Есеп және аудит

6B04103–Қаржы

6B04104–Мемлекеттік және жергілікті басқару

6B04105–Менеджмент: Адам ресурстарын басқару

6B04201–Құқықтану

4. 6В05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

6B05101–Биология

6B05301–Химия

6B05302–Физика

6B05401–Математика

5. 6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

6B06101–Информатика

6B06102–Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

6. 6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

6B07501–Стандарттау және сертификаттау

7. 6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

6B08102–Өсімдік қорғау және карантин

6B08123–Агрономия

9. 6В09 Ветеринария

6B09101–Ветеринарлық санитария (маман, оқу мерзімі 5 жыл)

10. 6В11 Қызмет көрсету

6B11111–Туризм

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «14» маусымдағы №269 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «31» қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген


Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы»2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) адамдарды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.


2-тарау. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау рәсімі

3. ЖЖОКБҰ-ға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.
4. Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ұлттық ЖЖОКБҰ-ға ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша–кемінде 60 балл, басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ұлттық ЖЖОКБҰ-ға ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттарын қоспағанда, ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алуы қажет.
Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пәннен – кемінде 5 балл және арнаулы емтихан бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл және арнаулы пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.
5. ЖЖОКБҰ-лар ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін Заңның 43-1-бабының 2) тармағының 6) тармақшасына сәйкес, ЖЖОКБҰ-ның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекіткен Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау қағидаларымен реттелетін қосымша емтихан өткізеді.
6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.
«Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
ЖЖОКБҰ-ға жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
7. Шетел азаматтарын білім беру гранты негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық ЖЖОКБҰ-ларға қабылдауды ЖЖОКБҰ дербес жүзеге асырады.
Шетел азаматтарын ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.
8. ЖЖОКБҰ-ға оқуға түсу кезінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген мөлшерде қабылдау квотасы қарастырылады.
9. ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдарды қабылдау «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) (бұдан әрі – сертификат) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білімнің жекелеген білім беру бағдарламаларына білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар ЖЖОКБҰ-ларда жүзеге асырылады.
11. Пилоттарды даярлауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ-ларға республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілерден құжаттар ЖЖОКБҰ-ның орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады және«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі №373 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) бекітілген дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясы берген пилоттарды даярлау жөніндегі ЖЖОКБҰ-да оқуға жарамдылық бойынша медициналық қорытындымен бірге міндетті түрде медициналық куәландыру ұсынылады.
12. Әр ЖЖОКБҰ-да басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына ректор, проректорлар, ЖЖОКБҰ-ның құрылымдық бөлімдерінің басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясы құрамының саны тақ санды құрайды. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖЖОКБҰ-ның басшысы болып табылады. ЖЖОКБҰ-ның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы тағайындалады.
1-параграф.Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды қабылдау және өткізу тәртібі

13. Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарыбойынша, оның ішінде «Педагогика ғылымдары» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша оқуға қабылдау арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырыпжүзеге асырылады.
14. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін ЖЖОКБҰ-ның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен емтиханды өткізу кезеңіне емтихан комиссиясы құрылады.
Комиссияның құрамына ЖЖОКБҰ өкілдері оның ішінде, профессорлық-оқытушылық құрамның қатарынан, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
«Өнер» және «Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау» даярлау бағыты бойынша шығармашылық емтихандар бойынша комиссия құрамына тиісті бейінді білімі бар және мәдениет және спорт саласындағы жергілікті уәкілетті орган ұсынған өкілдер кіреді. Комиссия тақ саннан тұрады және комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен комиссиясының төрағасы сайланады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
15. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесіне сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылады.
Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуші адамдар арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар тапсыру үшін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:
жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
ҰБТ сертификаты (бар болса);
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегіҚазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады.
16. Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
17. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаты бар, шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.
Осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу нысаны бекітіледі.
18. «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерден құжат қабылдау және арнаулы емтихан өткізу ЖЖОКБҰ-ларда күнтізбелік жылғы 20 маусым –14 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерден құжат қабылдау жәнеарнаулы емтихан өткізу медициналық жоғары білім беру ұйымдарында және жоғары білім беру ұйымдарының медициналық факультеттерінде күнтізбелік жылғы 20 маусым -7 шілде аралығында жүзеге асырылады.
«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша арнаулы емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
19. Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына оқуға түсуші адамдар өздері таңдаған ЖЖОКБҰ-ларда шығармашылық емтиханды тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқутілі) бойынша балдар ескеріледі.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына түсуші адамдар үшінарнайы пәннен балдары ескеріледі.
20. «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.
«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар үшін Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар үшін жалпы бейіндік және арнайы пәндер бойынша балдар ескеріледі.
21. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламаларын ЖЖОКБҰ-лар әзірлейді және ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.
22. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты, емтихан тапсыру орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.
23. Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға (орынға) жекебасын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.
Бұл ретте арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар бейне және (немесе) аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.
24. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілергеемтихан материалдары беріледі және титулдық парақты ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.
25. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.
«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша оқуға түсушілер үшін арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.
26. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары бағалау ведомосымен, арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары рұқсат беру ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.
27. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады.
28. «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша арнаулы емтиханның нәтижелеріне сәйкес оқуға түсушіге қабылдайтын ЖЖОКБҰ-ға ұсыну үшін бағалау ведомосынан үзінді беріледі.
Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге шығармашылық емтиханды тапсыру орнына қарамастан, ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде түсу үшін ведомостан үзінді беріледі.
29. Емтихандарды өткізу кезеңіне арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында әрбір ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен төрағасын қосқанда тақ саннан тұратын апелляциялық комиссия құрылады.
30. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтихан тапсырған адам өзі тапсырады, ол арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.
31. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік дауысымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
32. Меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін және (немесе) ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға оқуға қабылдау үшін арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның қорытындысын арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан аяқталған күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесіне береді.

3-тарау. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау тәртібі
33. Түсушілерді ЖЖОКБҰ-ның студенттері қатарына қабылдау ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантының иегерлері, сондай-ақ оқуға ақы төлеуі азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен жүзеге асырылған оқуға түсушілер тиісті білім беру бағдарламалары топтарынан білім беру бағдарламасын таңдайды.
Оқуға түсушілер ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтініш:
жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;
«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
ҰБТ сертификатын;
ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары артықшылықты құқық және квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:
1) еңбек кітапшасының көшірмесін (төлнұсқа салыстыру үшін көрсетіледі);
2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы;
4) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелері және әлеуметтік төлемдер жүргізілгені туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;
5) мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек шартын;
6) еңбек шартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәлелдейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндіні;
7) жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзіндіні қоса береді.
Осы тармаққа сәйкес ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін адамдар ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына өтінішпен бірге:
жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын (төлнұсқа);
3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;
№907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
ҰБТ сертификатын қоса береді.
34. Шығармашылық дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар,осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды алмаған (ҰБТ нәтижесі бойынша) адамдар ЖЖОКБҰ-ға 1 (бірінші) академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады
ЖЖОКБҰ-да білім алудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін бұл адамдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15173 болып тіркелген) (бұдан әрі – №204бұйрық) белгіленген мерзімде ҰБТ-ны қайта тапсырады.
35. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған адамдар куәлікте көрсетілген ЖЖОКБҰ-ға қабылдау жөнінде өтініш береді және ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен студент қатарына қабылданады.
Жоғары білімнің шығармашылық білім беру бағдарламалары топтары бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері шығармашылық емтихан тапсырған ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.
Мемлекеттік грант негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен кемінде 3 (үш) жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасайды.
36. №204 бұйрықпен белгіленген мерзімде ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған және осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды жинаған орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат алғанға дейін ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді.
Орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат алғаннан кейін оқуға түсушілер осы Үлгілік қағидалардың 33-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттарды тапсырады.
37. Осы Үлгілік қағидалардың 5-тармағында көзделген ҰБТ-ның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды жинаған адамдар ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаныңатына ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді.
Өтінішке ҰБТ сертификаты мен уәкілетті адамның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.
Осы Үлгілік қағидалардың 15, 33, 36, 37-тармақтарында белгіленген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы оқуға түсушіден құжат қабылдамайды.
38. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мен тілдік бөлімдері бойынша жеке жүргізіледі.
Шығармашылық емтихандар белгіленген жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.
«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша қабылдау арнаулы емтихан бойынша нәтижелері есепке алына отырып жүргізіледі.
39. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдеген жағдайда, ол құжаттарының қаралып жатқандығы туралы банктен тиісті анықтаманы ұсынған кезде ЖЖОКБҰ-ның студенттері қатарына қабылданады.
Бұл ретте оған білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуғақабылдауға дейін төленуі тиіс соманы төлеу мерзімі білім беру кредитін ресімдеу кезеңіне,бірақ банктен анықтама алған кезден бастап 4 (төрт) аптадан асырылмай ұзартылады.
40. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалдыкуәландырылған аудармасы болуы тиіс.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннанкейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.
41. ЖЖОКБҰ меншік нысанына қарамастан,қабылдау аяқталғаннан бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ЖЖОКБҰ-ға студенттерді қабылдау бойынша қорытынды есеп ұсынады.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымша

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін
білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламалары топтарының нөмірі Білім беру бағдарламалары топтарының атауы
Арнаулы дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары
В001 Педагогика және психология
В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
В008 Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау
В009 Математика мұғалімдерін даярлау
В010 Физикамұғалімдерін даярлау
В011 Информатика мұғалімдерін даярлау
В012 Химия мұғалімдерін даярлау
В013 Биология мұғалімдерін даярлау
В014 География мұғалімдерін даярлау
В015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау
В016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
В018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау
В019 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
В020 Арнайы педагогика мамандарын даярлау
В084 Мейірбике ісі
В086 Жалпы медицина
В087 Стоматология
В088 Педиатрия
Шығармашылықдайындықтыталапететін білім беру бағдарламалары топтары
В004 Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау
В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
В006 Музыка мұғалімдерін даярлау
В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
В021 Орындаушылық өнер
В022 Эстрада өнері
В023 Аспапта орындаушылық
В024 Музыкану және өнертану
В025 Дәстүрлі музыка өнері
В026 Дирижирлеу және композиция
В027 Театр өнері
В028 Хореография
В029 Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс
В030 Бейнелеу өнері
В031 Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны
В033 Дінтану және теология
В042 Журналистика және репортер ісі
В073 Сәулет
В092 Тынығу

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу формасы

Білім беру бағдарлама-лары топтарының нөмірі Білім беру бағдарламалары топтарының атауы Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу формасы
1 2 3
Арнаулы дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары
В001 Педагогика және психология Педагогикалық жағдаятты шешу
В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу Педагогикалық жағдаятты шешу
В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Педагогикалық жағдаятты шешу
В008 Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В009 Математика мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В010 Физика мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В011 Информатика мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В012 Химия мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В013 Биология мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В014 География мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В019 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В020 Арнайы педагогика мамандарын даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В084 Мейірбике ісі Психометрикалық емтихан
В086 Жалпы медицина Психометрикалық емтихан
В087 Стоматология Психометрикалық емтихан
В088 Педиатрия Психометрикалық емтихан
Шығармашылықдайындықтыталапететін білім беру бағдарламалары топтары
1 2 3* 4
В004 Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау Спорт түрлері бойынша нормативтер Спорт ойындары
В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау Мамандану бойынша нормативтер Жалпы дене даярлығы бойын-ша нормативтер
В006 Музыка мұғалімдерін даярлау Орындау шеберлігі Жалпы музыкалық қабілетін көрсету
В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау Сурет (адам беті-нің гипстен жасал-ған маскасының суреті) Кескіндеме (натюрморт)
В021 Орындаушылық өнер Соло бағдарламаны орындау Элементарлық музыка теориясы бойынша ауызша емтихан.Сольфеджио бойынша диктант
В022 Эстрада өнері Эстрада вокалы. Аспапшылар үшін бағдарлама орындау Музыка теориясы бойынша ауызша емтихан және сольфеджиодан диктант
В023 Аспапта орындаушылық Соло бағдарламаны орындау Гармония және сольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан
В024 Музыкатану және өнертану Музыкалық әдебиет бойынша ауызша емтихан. Музыкалық тақырыптарды орындау.Өнер туындыларына жазбаша талдау жұмыс талдау және кинотеледраматургия бойынша эссе Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант. Өнер тарихы бойынша ауызша емтихан.
В025 Дәстүрлі музыка өнері Соло бағдарламаны орындау

Гармония бойыншаауызшаемтихан. Сольфеджио бойынша диктант. Этносольфеджио бойынша диктант.

Жалпы музыкалық және ақындық қабілеттерін көрсету.

В026 Дирижерлеу және композиция Дирижерлеу және коллоквиум. Өз шығармаларын ұсыну және коллоквиум. Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант
В027 Театр өнері Актерлік шеберлік, сахна тілі Би, вокал немесе коллоквиум
В028 Хореография Орындау шеберлігі Коллоквиум. Балетмейстер өнері бойынша тәжірибелік жұмыс.
В029 Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс Практикалық жұмыс – павильонда және табиғатта түсіру. Режиссура бойынша жазбаша жұмыс. Коллоквиум. «Режиссура» бойынша ауызша емтихан. Композиция.
В030 Бейнелеу өнері Сурет, кескіндеме Композиция
В031 Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны Реферат немесе арт-жобаны таныстыру. Сурет, кескіндеме. Коллоквиум. Композиция немесе сызу.
В033 Дінтану және теология Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу Дін негіздері бойынша ауызша емтихан
В042 Журналистика және репортер ісі Шығарма Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу
В073 Сәулет Сурет Сызу
В092 Тынығу Орындау шеберлігі Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері

* қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша «В029 - Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс» білім беру бағдарламалары тобын қоспағанда.


Бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесі (ТжКБ)


Магистратура білім беру бағдарламалары:

Ғылыми-педагогикалық бағыт

1. 7M01 Педагогикалық ғылымдар

7M01101–Педагогика және психология

7M01401–Кәсіптік оқыту

7M01501–Математика

7M01503–Биология

7M01701–Қазақ тілі мен әдебиеті

7M01703–Шетел тілі: екі шетел тілі

2. 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

7M02201–Тарих

3. 7M04 Бизнес, басқару және құқық

7M04102–Экономика

7M04104–Қаржы

7M04201–Құқықтану

5. 7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

7M05301–Физика

6. 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

7M07501–Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Бейіндік бағыт

1. 7M01 Педагогикалық ғылымдар

7M01102–Педагогика және психология

7M01402–Кәсіптік оқыту

7M01502–Математика

7M01504–Биология

7M01702–Қазақ тілі мен әдебиеті

7M01704–Шетел тілі: екі шетел тілі

2. 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

7M02202–Тарих

3. 7M04 Бизнес, басқару және құқық

7M04101–Экономика

7M04103–Қаржы

7M04202–Құқықтану

5. 7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

7M05302–Физика

6. 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

7M07502–Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «14» маусымдағы№ 269 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына 2-қосымша


Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдау тәртібі дербес анықталады.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) магистранттарын, докторанттарын қабылдау ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттар бойынша кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың(бұдан әрі – ғылыми ұйымдардың) резидентурасы тыңдаушыларын қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың тәртібі
3. Магистратураға, докторантураға, оның ішінде мақсатты даярлау бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу (бұдан әрі-КТ) немесе түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Магистратураға, докторантураға және резидентураға шетелдіктерді қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаларды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
4. ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымдарға шетел азаматтарын ақылы негізде қабылдау ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесудің нәтижесі бойынша күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырылады. Бұл ретте, шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбесіне сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына 5 (бес) күнге дейін жүргізіледі.
5. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес танылады немесе нострификацияланады.
6. Құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйымдарда қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.
Қабылдау комиссиясының құрамы және қызметі ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйымдар басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.
Қабылдау комиссиялары:
түсушілерге таңдаған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тобының мәселелері бойынша консультация беру, КТ және/немесе түсу (шығармашылық) емтиханының рәсімімен таныстыруды;
түсушілердің құжаттарын қабылдау мен тексеруді ұйымдастыруды;
КТ-ға кіруге рұқсаттамалары мен белгіленген үлгідегі КТ сертификаттарын беруді қамтамасыз етуді;
білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу (шығармашылық) емтихандарды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
7. ЖЖОКБҰ магистратурасына, докторантурасына, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, сондай-ақ ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссияларымен және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі. Өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 3 – 25 шілде аралығында.
КТ, білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары, шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 8 – 16 тамызы аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.
8. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының және ЖЖОКБҰ докторантурасына қабылдау екі кезеңмен жүргізіледі: алдын ала іріктеу, түсу емтихандары.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының және ЖЖОКБҰ докторантурасына түсушілерді алдын ала іріктеу түсу емтихандары басталғанға дейін, күнтізбелік жылғы 1 ақпаннан 31 мамырға дейін жүргізіледі.
Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша білім алу үшін алдын ала іріктеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары және ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.
Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін өткізілген алдын ала іріктеудің нәтижелері түсу емтиханын тапсыруға рұқсат беру немесе рұқсат бермеу болып табылады.
MBA және DBA білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қабылдау ЖЖОКБҰ-лармен дербес жүргізіледі.

1-параграф. Магистратураға, резидентураға қабылдау және түсу емтихандарын, КТ өткізу
9. Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын, резидентураға жоғары білімнің және интернатураның білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар қабылданады.
10. Магистратураға түсуші тұлғалар ЖЖОКБҰ-ға, ал резидентураға түсуші тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына немесе ЖЖОКБҰ-ға, ғылыми ұйымдарға және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеу өткізудің үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18657 болып тіркелген) сәйкес белгіленген нысанда ұйым басшысының атына (резидентура үшін еркін түрде) өтінішті;
2) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);
3) интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесін (резидентураға түсу үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
5)3x4 сантиметр өлшемдіалтыфотосурет;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
7) осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда).
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
11. Магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:
1) шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ;
2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырады.
12. КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі-ҚР БҒМ) айқындайтын КТ өткізу пункттерінде ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.
КТ нәтижесі бойынша сертификат беріледі.
Түсу (шығармашылық) емтихандарын және КТ-ны тапсырған жылы оларды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
КТ өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы №190 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18657 болып тіркелген) бекітілген Кешенді тестілеу өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру бағдарламалар тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандар осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өткізіледі.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандар жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау жүргізетін ЖЖОКБҰ-мен дербес өткізіледі. Бұл ретте түсушілер шығармашылық емтиханды жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша оқуға түсетін ЖЖОКБҰ-да тапсырады.
Магистратураға шығармашылық емтиханды өткізу кезеңінде ЖЖОКБҰ-да шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша емтихан комиссиясы құрылады. Кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.
Емтихан комиссияларының құрамы тиісті бейінге сәйкес ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖЖОКБҰ профессор-оқытушылық құрамының қатарынан қалыптастырылады және ЖЖОКБҰ басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.
Шығармашылық емтихандарын өткізу бағдарламалары ЖЖОКБҰ-мен әзірленеді және ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіледі.
Шығармашылық емтихандарың кестесі (емтихан өткізу нысаны, күні, уақыты мен өткізу орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіледі және түсушілердің назарына құжат қабылдау уақытынан кешіктірілмей жеткізіледі.
Шығармашылық емтихандар бейне және (немесе) аудиожазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.
Шығармашылық емтихан өткізу қорытындысының баға ведомосы еркін түрде комиссия хаттамасымен рәсімделеді және нәтижелерді хабарлау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) беріледі. Комиссия хаттамасына төрағаның және барлық қатысқан комиссия мүшелерінің қолы қойылады.
ЖЖОКБҰ меншік нысанына қарамастан, күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша түсушіге шығармашылық емтиханды тапсыру орнына қарамастан, ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде түсу үшін ведомостан үзінді беріледі.
13. Резидентураға түсуші тұлғалар білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтихандарын тапсырады.
Резидентураның білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша түсу емтиханын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына қабылдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының, ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдар дербес жүргізеді. Бұл ретте, түсуші тұлғалар жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасы бойынша түсу емтиханын түсетін денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында, ЖЖОКБҰ-да немесе ғылыми ұйымдарда тапсырады.
Резидентураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында, ЖЖОКБҰ-да немесе ғылыми ұйымдарда білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Кадрларды даярлаудың мәндес бағыты бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.
14. Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:
ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кемінде 163 балл),
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm(Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ),шекті балл – кемінде 46), Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 453, Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – шекті балл – кемінде 65), International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 5.5);
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/С1 деңгейі);
француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Languefranзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі),Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF(ТСФ) – кемінде 400 балл).
«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-дан босатылады.
«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар«Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-ден босатылады.
«Бизнес және басқару» мамандарын даярлау бағыттарының білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Management Admission Test (грэдуэйт мэнэджмент адмишентест) GMAT стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсу үшін КТ-дан босатылады.
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығыжәне жарамдылық мерзімі ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен тексеріледі.
15. Магистратураға түсушілер өтініште білім беру бағдарламаларының бір тобын және 3 (үш) ЖЖОКБҰ-ға дейін көрсетеді.
КТ, түсу (шығармашылық) емтихандарының нәтижелері өткізілген күні жарияланады.


2-параграф. Докторантураға қабылдау және түсу емтихандарын өткізу
16. Докторантураға «магистр» дәрежесіжәне кемінде 1 жыл еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген тұлғалар қабылданады.
17. Докторантураға түсуші тұлғалар ЖЖОКБҰ-ға және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы келесідей құжаттарды тапсырады:
1) өтінішті (еркін түрде);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);
4) шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын;
5) № 907 бұйрықпен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
6) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
7) кадрлар есебі бойынша жеке іспарағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты;
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болған жағдайда);
9) алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім саласы бойынша).
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі.Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
18. Докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мақсатты даярлау аясында тұлғалардың өтініштерін (еркін түрде) қабылдау ЖЖОКБҰ-да жүргізіледі.
19. Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарын ұсынады:
ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm - Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кемінде 138балл),
Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ),шекті балл – кемінде 32),
Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 400,
Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – шекті балл – кемінде 47),
International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 4.5);
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);
француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Languefranзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі),Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF(ТСФ) – кемінде 400 балл).
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы және жарамдылық мерзімі ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен тексеріледі.
20. 5-қосымшаға сәйкес докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын докторантураның білім беру бағдарламасына қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ дербес жүргізеді. Бұл ретте, түсуші тұлғалар докторантура білім беру бағдарламасының тобы бойынша түсу емтиханын тек түсетін ЖЖОКБҰ-да ғана тапсырады.
21. Докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде – ЖЖОКБҰ-да білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.
22. Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары тиісті бейінге сәйкес ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар ЖЖОКБҰ профессор - оқытушылық құрамының қатарынан қалыптастырылады.
Емтихан комиссиясының құрамы олардың төрағалары көрсетіле отырып ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандарының өткізу бағдарламасы мен кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты, емтихан тапсыру орны, консультациялар) ЖЖОКБҰ әзірлейді және қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіледі және түсу емтихандары басталғанға дейін 3 (үш) күн бұрын түсушілердің назарына жеткізіледі.
Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары бейне және (немесе) аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.
Түсу емтиханын өткізу қорытындысының баға ведомосы еркін түрде комиссия хаттамасымен рәсімделеді және нәтижелерді хабарлау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) беріледі. Комиссия хаттамасына төрағаның және барлық қатысқан комиссия мүшелерінің қолы қойылады.
ЖЖОКБҰ-лар меншік нысанына қарамастан білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханы аяқталғаннан кейін, күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда түсу емтихандарын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ түсу емтихандарының қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Record Examinations ( грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда докторантураға түсу емтиханынан босатылады.
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы және жарамдылық мерзімі ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларымен тексеріледі.
Түсу емтихандарының нәтижелері өткізілген күні жарияланады.

3-параграф. Апелляциялық комиссиялардың жұмысы
23. ЖЖОКБҰ-лар және ғылыми ұйымдар түсу (шығармашылық) емтихандарын өткізуге күнтізбелік жиырма күн қалғанға дейін ҚР БҒМ және ҚР ДСМ-гедокторантура, магистратура, резидентура білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу (шығармашылық) емтихандарын өткізудің кестесін жібереді.
24. Түсу (шығармашылық) емтиханының және КТнәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарастыру үшін ҚР БҒМ жанында Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия және әрбір КТ өткізу пункттерінде, ЖЖОКБҰ-да және ғылыми ұйымдарда апелляциялық комиссия құрылады.
Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы, КТ өткізу пункттерінде құрылатын апелляциялық комиссиялар төрағалары ҚР БҒМ бұйрығымен бекітіледі.
ЖЖОКБҰ-дағы және ғылыми ұйымдардағы апелляциялық комиссияның төрағасы және құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
25. Апелляциялық комиссия магистратураға, резидентураға, докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептері бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.
Апелляциялық комиссия жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу (шығармашылық) емтихандарының немесе КТ нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балл қосу туралы шешім қабылдайды.
Апелляциялық комиссия магистратурада білім алу үшін КТ бойынша апелляцияны қарау нәтижелерін Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.
Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы келіп түскеннен кейін бір күн ішінде магистратурада оқу үшін КТ нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балл қосу туралы шешім қабылдайды.
26. Магистратураға, резидентураға, докторантураға түсуші тұлға апелляцияға берілетін өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептері бойынша өтініштер КТ, түсу (шығармашылық) емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, оны апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.
Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
27. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
28. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
29. Түсу емтихандарын және КТ өткізу кезінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында КТ өткізу пункттеріне және ЖЖОКБҰ-ларға ҚР БҒМ өкілдері жіберіледі.

4-параграф. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау
30. Магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 7-қосымша) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 75 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 15 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 20 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 15 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 8-қосымша) оқыту ағылшын тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100-балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 25 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 8 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 10 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға қабылдау КТ және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша 7-қосымшаға сәйкес кемінде 74 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 15 балл және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша әр шығармашылық емтиханнан - кемінде 17 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады. Әр шығармашылық емтиханнан ең жоғарғы балл – 35 балл.
Резидентураға тұлғаларды қабылдау білім беру бағдарламалары топтарының бейінінен түсу емтиханының қорытындысы бойынша мүмкін болған 100 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша мүмкін болған 100 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
31. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін КТ және (немесе) түсу емтиханының және (немесе) шығармашылық емтихандардың жиынтығы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:
1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратура үшін, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы үшін 7-қосымшаға сәйкес – кемінде 100 балл;
2) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін 8-қосымшаға сәйкес – кемінде 60 балл;
3) резидентура үшін– кемінде 75 балл.
Осы Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар тұлғаларға 50 балл есептеледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 75 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.
32. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда докторантураға қабылдау кезінде басым құқық білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған білім беру бағдарламалары тобының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар; ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.
33. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде нысаналы орындар ЖЖОКБҰ арасында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тобы бойынша одан әрі қайта бөлу үшін өтінім түрінде білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік жылғы 5 қыркүйекке дейін қайтарылады.
Бұл ретте, ең алдымен тиісті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары нәтижелерінің неғұрлым жоғары балл алған үміткерлері бар ЖЖОКБҰ-ның өтінімдері қанағаттандырылады. Аталған білім беру бағдарламасының тобы бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, қайта бөлу тиісті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары топтарының ішінде жүзеге асырылады. Дайындық бағыты бойынша үміткерлер болмаған жағдайда қайта бөлу білім саласының ішінде жүргізіледі.Игерілмеген орындарды қайта бөлу күнтізбелік жылғы 30 қыркүйекке дейін уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
34. ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдар білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы уәкілетті органдарға күнтізбелік 10 күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға, резидентураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

3-тарау. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау
35. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін түсушілер ЖЖОКБҰ-ға күнтізбелік жылғы 25 тамызға дейін:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) КТ және шет тілі бойынша түсу емтихандарының сертификатын немесе осы Үлгілік қағидалардың  14-тармағында  көрсетілген бағдарламаларға тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесін(бар болған жағдайда) және білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық емтиханын тапсырғаны туралы балы көрсетілген үзіндіні (бар болған жағдайда) (магистратура үшін);
4) түсу емтиханын тапсырғаны туралы балы көрсетілген үзіндіні (резидентура үшін);
5) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын және білім беру бағдарламасының тобы бойынша түсу емтиханын тапсырғаны туралы балы көрсетілген үзіндіні (докторантура үшін);
6) еңбек кітапшасының көшірмесін (бар болған жағдайда);
7) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
8) алдын ала іріктеу нәтижелерін («Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім саласы бойынша докторантура үшін) тапсырады. 
36. Мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурс КТ және/немесе білім беру бағдарламасының топтары бойынша түсу (шығармашылық) емтиханының балына сәйкес жүргізіледі.

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымша

Шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Жоғары оқу орнына кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгіліқағидаларына 2-қосымша

GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 3-қосымша


GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
201__ жылғы __ _______
№ _____ бұйрығына
4-қосымша

GMAT стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

Жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік қағидаларына
5-қосымша

Докторантура білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі Докторантура білім беру бағдарламасы тобының атауы
D001 Педагогикажәнепсихология
D002 Мектепкедейінгіоқытужәнетәрбиелеу
D003 Пәнсізмамандандырылғанпедагогтердідаярлау
D004 Бастапқыәскеридайындықпедагогтеріндаярлау
D005 Денешынықтырупедагогтеріндаярлау
D006 Музыкапедагогтеріндаярлау
D007 Көркемеңбек, графикажәнежобалаупедагогтеріндаярлау
D008 Кәсіптікоқытупедагогтеріндаярлау
D009 Құқықжәнеэкономиканегіздері
D010 Математикапедагогтеріндаярлау
D011 Физикапедагогтеріндаярлау (қазақ, орыс, ағылшынтілі)
D012 Информатикапедагогтеріндаярлау (қазақ, орыс, ағылшынтілі)
D013 Химияпедагогтеріндаярлау (қазақ, орыс, ағылшынтілі)
D014 Биологияпедагогтеріндаярлау (қазақ, орыс, ағылшынтілі)
D015 Географияпедагогтеріндаярлау
D016 Тарихпедагогтеріндаярлау
D017 Қазақтіліменәдебиетініңпедагогтеріндаярлау
D018 Орыстіліменәдебиетініңпедагогтеріндаярлау
D019 Шеттілдеріпедагогтеріндаярлау
D020 Әлеуметтікпедагогикажәнеөзін-өзітанубойыншакадрларындаярлау
D021 Арнайыпедагогикамамандарындаярлау
D022 Музыкатану
D023 Аспаптықорындаушылық
D024 Вокалдықөнер
D025 Дәстүрлімузыкаөнері
D026 Композиция
D027 Дирижирлеу
D028 Театррежиссурасы
D029 Кинорежиссурасы
D030 Анимациярежиссурасы
D031 Хореографиярежиссурасы
D032 Дыбысрежиссурасы
D033 Актерөнері
D034 Эстрадаөнері
D035 Хореография
D036 Сценография
D037 Операторлықөнер
D038 Аудиовизуалдықұралдаржәнемедиаөндіріс
D039 Кескіндеме
D040 Графика
D041 Мүсін
D042 Сәндік-қолданбалыөнер
D043 Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн
D044 Полиграфия
D045 Өнертану
D046 Театртану
D047 Кинотану
D048 Кинотеледраматургия
D049 Арт-менеджмент
D050 Философияжәнеәдеп
D051 Дінтанужәнетеология
D052 Исламтану
D053 Тарихжәнеархеология
D054 Түркітану
D055 Шығыстану
D056 Аудармаісі, ілеспеаударма
D057 Лингвистика
D058 Әдебиет
D059 Шетелфилологиясы
D060 Филология
D061 Әлеуметтану
D062 Мәдениеттану
D063 Саясаттанужәнеконфликтология
D064 Халықаралыққатынастар
D065 Аймақтану
D066 Психология
D067 Журналистикажәнерепортерлықіс
D068 Қоғамменбайланыс
D069 Кітапханаісі, ақпараттыөңдеужәнеархивісі
D070 Экономика
D071 Мемлекеттікжәнежергіліктібасқару
D072 Менеджментжәнебасқару
D073 Аудитжәнесалықсалу
D074 Қаржы, банктікжәнесақтандыруісі
D075 Маркетингжәнежарнама
D076 Еңбекдағдылары
D077 Бағалау
D078 Құқық
D079 Сотсараптамасы
D080 Биология
D081 Генетика
D082 Биотехнология
D083 Геоботаника
D084 География
D085 Гидрология
D086 Метеорология
D087 Қоршағанортанықорғаутехнологиясы
D088 Гидрогеологияжәнеинженерлікгеология
D089 Химия
D090 Физика
D091 Сейсмология
D092 Математикажәнестатистика
D093 Механика
D094 Ақпараттықтехнологиялар
D095 Ақпараттыққауіпсіздік
D096 Коммуникацияжәнекоммуникациялықтехнологиялар
D097 Химиялықинженерияжәнепроцесстер
D098 Жылуэнергетикасы
D099 Энергетикажәнеэлектртехникасы
D100 Автоматтандыружәнебасқару
D101 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
D102 Роботтытехникажәнемехатроника
D103 Механикажәнеметаллөңдеу
D104 Көлік, көліктік техника және технология
D105 Авиациалықтехникажәнетехнологиялар
D106 Ұшатынаппараттарменқозғалтқыштардыұшудапайдалану
D107 Ғарыштықинженерия
D108 Наноматериалдар және нанотехнологиялар (сала бойынша)
D109 Мұнайжәнекенгеофизикасы
D110 Теңізтехникасыжәнетехнологиялары
D111 Тамақөнімдерінөндіру
D112 Ағашөңдеужәнеағаштанжасалғанбұйымдартехнологиясы (қолданусаласыбойынша)
D113 Материалдардықысымменөңдеутехнологиясы
D114 Тоқыма: киім, аяқ-киімжәнебылғарыбұйымдар
D115 Мұнайинженериясы
D116 Тау-кенинженериясы
D117 Металлургиялықинженерия
D118 Пайдалықазбаларбайыту
D119 Фармацевтикалықөндірістехнологиясы
D120 Маркшейдерлікіс
D121 Геология
D122 Сәулет
D123 Геодезия
D124 Құрылыс
D125 Құрылысматериалдарының, бұйымдарыныңжәнеқұрастырылымдарыныңөндірісі
D126 Көлікқұрылысы
D127 Инженерлікжүйелерменжелілер
D128 Жергеорналастыру
D129 Гидротехникалыққұрылыс
D130 Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)
D131 Өсімдікшаруашылығы
D132 Малшаруашылығы
D133 Орманшаруашылығы
D134 Балықшаруашылығы
D135 Ауылшаруашылығынэнергияменқамтамасызету
D136 Автокөлікқұралдары
D137 Су ресурстары және суды пайдалану
D138 Ветеринария
D139 Қоғамдықденсаулықсақтау
D140 Фармация
D141 Медицина
D142 Әлеуметтікжұмыс
D143 Туризм
D144 Босуақыт
D145 Мейрамханаісіжәнемейманханабизнесі
D146 Санитарлық-профилактикалықіс-шаралар
D147 Көлікқызметі
D148 Логистика (салабойынша)
D149 Құқыққорғауқызметі
D150 Өртқауіпсіздігі

 

Жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік қағидаларына
6-қосымша

GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын докторантураға түсу емтиханы балдарына ауыстыру шкаласы

Жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік қағидаларына
7-қосымша


Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шәкілі

* шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға түсу үшін шығармашылық емтихандар тапсырылады

** шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға қабылдау үшін шекті балл – 74 балл.

 

Жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік қағидаларына
8-қосымша

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы

Ректордың блогы

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d

 

Пайдалы сілтемелер