Бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесі

 

ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ–ГУМАНИТАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Бакалавриат білім беру бағдарламалары:

1. 6В01 Педагогикалық ғылымдар

6В01101–Педагогика және психология

6B01201–Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

6B01301–Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

6B01402–Дене шынықтыру және спорт

6B01403–Бейнелеу өнері және сызу

6B01404–Кәсіптік оқыту

6B01411–Бастапқы әскери дайындық

6B01501–География

6B01602–Тарих

6B01701–Қазақ тілі мен әдебиеті

6B01702–Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын–қытай, ағылшын–корей)

2. 6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6B02301–Филология (қазақ тілі)

3. 6В04 Бизнес, басқару және құқық

6B04101–Экономика

6B04102–Есеп және аудит

6B04103–Қаржы

6B04104–Мемлекеттік және жергілікті басқару

6B04105–Менеджмент: Адам ресурстарын басқару

6B04201–Құқықтану

4. 6В05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

6B05101–Биология

6B05301–Химия

6B05302–Физика

6B05401–Математика

5. 6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

6B06101–Информатика

6B06102–Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

6. 6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

6B07501–Стандарттау және сертификаттау

7. 6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

6B08102–Өсімдік қорғау және карантин

6B08123–Агрономия

9. 6В09 Ветеринария

6B09101–Ветеринарлық санитария (маман, оқу мерзімі 5 жыл)

10. 6В11 Қызмет көрсету

6B11111–Туризм

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «14» маусымдағы №269 бұйрығына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «31» қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген


Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы»2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) адамдарды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.


2-тарау. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау рәсімі

3. ЖЖОКБҰ-ға жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.
4. Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ұлттық ЖЖОКБҰ-ға ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар», «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша–кемінде 60 балл, басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) ұлттық ЖЖОКБҰ-ға ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттарын қоспағанда, ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алуы қажет.
Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пәннен – кемінде 5 балл және арнаулы емтихан бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл және арнаулы пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.
5. ЖЖОКБҰ-лар ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін Заңның 43-1-бабының 2) тармағының 6) тармақшасына сәйкес, ЖЖОКБҰ-ның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекіткен Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау қағидаларымен реттелетін қосымша емтихан өткізеді.
6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.
«Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
ЖЖОКБҰ-ға жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
7. Шетел азаматтарын білім беру гранты негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық ЖЖОКБҰ-ларға қабылдауды ЖЖОКБҰ дербес жүзеге асырады.
Шетел азаматтарын ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.
8. ЖЖОКБҰ-ға оқуға түсу кезінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген мөлшерде қабылдау квотасы қарастырылады.
9. ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдарды қабылдау «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) (бұдан әрі – сертификат) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білімнің жекелеген білім беру бағдарламаларына білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар ЖЖОКБҰ-ларда жүзеге асырылады.
11. Пилоттарды даярлауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ-ларға республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілерден құжаттар ЖЖОКБҰ-ның орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады және«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі №373 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) бекітілген дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясы берген пилоттарды даярлау жөніндегі ЖЖОКБҰ-да оқуға жарамдылық бойынша медициналық қорытындымен бірге міндетті түрде медициналық куәландыру ұсынылады.
12. Әр ЖЖОКБҰ-да басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына ректор, проректорлар, ЖЖОКБҰ-ның құрылымдық бөлімдерінің басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясы құрамының саны тақ санды құрайды. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖЖОКБҰ-ның басшысы болып табылады. ЖЖОКБҰ-ның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы тағайындалады.
1-параграф.Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды қабылдау және өткізу тәртібі

13. Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарыбойынша, оның ішінде «Педагогика ғылымдары» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша оқуға қабылдау арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырыпжүзеге асырылады.
14. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін ЖЖОКБҰ-ның басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен емтиханды өткізу кезеңіне емтихан комиссиясы құрылады.
Комиссияның құрамына ЖЖОКБҰ өкілдері оның ішінде, профессорлық-оқытушылық құрамның қатарынан, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
«Өнер» және «Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау» даярлау бағыты бойынша шығармашылық емтихандар бойынша комиссия құрамына тиісті бейінді білімі бар және мәдениет және спорт саласындағы жергілікті уәкілетті орган ұсынған өкілдер кіреді. Комиссия тақ саннан тұрады және комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен комиссиясының төрағасы сайланады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
15. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесіне сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылады.
Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуші адамдар арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар тапсыру үшін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:
жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
ҰБТ сертификаты (бар болса);
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегіҚазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады.
16. Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған ЖЖОКБҰ-да күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
17. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаты бар, шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.
Осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу нысаны бекітіледі.
18. «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерден құжат қабылдау және арнаулы емтихан өткізу ЖЖОКБҰ-ларда күнтізбелік жылғы 20 маусым –14 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерден құжат қабылдау жәнеарнаулы емтихан өткізу медициналық жоғары білім беру ұйымдарында және жоғары білім беру ұйымдарының медициналық факультеттерінде күнтізбелік жылғы 20 маусым -7 шілде аралығында жүзеге асырылады.
«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша арнаулы емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
19. Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына оқуға түсуші адамдар өздері таңдаған ЖЖОКБҰ-ларда шығармашылық емтиханды тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқутілі) бойынша балдар ескеріледі.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына түсуші адамдар үшінарнайы пәннен балдары ескеріледі.
20. «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.
«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар үшін Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсуші адамдар үшін жалпы бейіндік және арнайы пәндер бойынша балдар ескеріледі.
21. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламаларын ЖЖОКБҰ-лар әзірлейді және ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.
22. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты, емтихан тапсыру орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.
23. Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға (орынға) жекебасын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.
Бұл ретте арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар бейне және (немесе) аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.
24. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілергеемтихан материалдары беріледі және титулдық парақты ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.
25. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.
«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша оқуға түсушілер үшін арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.
26. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары бағалау ведомосымен, арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары рұқсат беру ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.
27. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады.
28. «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша арнаулы емтиханның нәтижелеріне сәйкес оқуға түсушіге қабылдайтын ЖЖОКБҰ-ға ұсыну үшін бағалау ведомосынан үзінді беріледі.
Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге шығармашылық емтиханды тапсыру орнына қарамастан, ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде түсу үшін ведомостан үзінді беріледі.
29. Емтихандарды өткізу кезеңіне арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында әрбір ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен төрағасын қосқанда тақ саннан тұратын апелляциялық комиссия құрылады.
30. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтихан тапсырған адам өзі тапсырады, ол арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.
31. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік дауысымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
32. Меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін және (немесе) ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға оқуға қабылдау үшін арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның қорытындысын арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан аяқталған күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесіне береді.

3-тарау. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау тәртібі
33. Түсушілерді ЖЖОКБҰ-ның студенттері қатарына қабылдау ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантының иегерлері, сондай-ақ оқуға ақы төлеуі азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен жүзеге асырылған оқуға түсушілер тиісті білім беру бағдарламалары топтарынан білім беру бағдарламасын таңдайды.
Оқуға түсушілер ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтініш:
жалпы орта, техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;
«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
ҰБТ сертификатын;
ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары артықшылықты құқық және квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:
1) еңбек кітапшасының көшірмесін (төлнұсқа салыстыру үшін көрсетіледі);
2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы;
4) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелері және әлеуметтік төлемдер жүргізілгені туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;
5) мерзімі және оны тоқтату негіздемесі көрсетілген жұмыс берушінің еңбек шартын;
6) еңбек шартын жасау мен тоқтату негізінде еңбек қарым-қатынасының пайда болуы мен тоқтатылуын дәлелдейтін жұмыс берушінің актісінен үзіндіні;
7) жұмысшыларға жалақы беру ведомосынан үзіндіні қоса береді.
Осы тармаққа сәйкес ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін адамдар ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына өтінішпен бірге:
жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын (төлнұсқа);
3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;
№907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
ҰБТ сертификатын қоса береді.
34. Шығармашылық дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар,осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды алмаған (ҰБТ нәтижесі бойынша) адамдар ЖЖОКБҰ-ға 1 (бірінші) академиялық кезең аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады
ЖЖОКБҰ-да білім алудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін бұл адамдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15173 болып тіркелген) (бұдан әрі – №204бұйрық) белгіленген мерзімде ҰБТ-ны қайта тапсырады.
35. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған адамдар куәлікте көрсетілген ЖЖОКБҰ-ға қабылдау жөнінде өтініш береді және ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен студент қатарына қабылданады.
Жоғары білімнің шығармашылық білім беру бағдарламалары топтары бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері шығармашылық емтихан тапсырған ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.
Мемлекеттік грант негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен кемінде 3 (үш) жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасайды.
36. №204 бұйрықпен белгіленген мерзімде ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған және осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды жинаған орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат алғанға дейін ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді.
Орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат алғаннан кейін оқуға түсушілер осы Үлгілік қағидалардың 33-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттарды тапсырады.
37. Осы Үлгілік қағидалардың 5-тармағында көзделген ҰБТ-ның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды жинаған адамдар ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаныңатына ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы өтініш береді.
Өтінішке ҰБТ сертификаты мен уәкілетті адамның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.
Осы Үлгілік қағидалардың 15, 33, 36, 37-тармақтарында белгіленген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы оқуға түсушіден құжат қабылдамайды.
38. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мен тілдік бөлімдері бойынша жеке жүргізіледі.
Шығармашылық емтихандар белгіленген жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.
«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салалары бойынша қабылдау арнаулы емтихан бойынша нәтижелері есепке алына отырып жүргізіледі.
39. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдеген жағдайда, ол құжаттарының қаралып жатқандығы туралы банктен тиісті анықтаманы ұсынған кезде ЖЖОКБҰ-ның студенттері қатарына қабылданады.
Бұл ретте оған білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуғақабылдауға дейін төленуі тиіс соманы төлеу мерзімі білім беру кредитін ресімдеу кезеңіне,бірақ банктен анықтама алған кезден бастап 4 (төрт) аптадан асырылмай ұзартылады.
40. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалдыкуәландырылған аудармасы болуы тиіс.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннанкейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.
41. ЖЖОКБҰ меншік нысанына қарамастан,қабылдау аяқталғаннан бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ЖЖОКБҰ-ға студенттерді қабылдау бойынша қорытынды есеп ұсынады.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымша

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін
білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламалары топтарының нөмірі Білім беру бағдарламалары топтарының атауы
Арнаулы дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары
В001 Педагогика және психология
В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
В008 Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау
В009 Математика мұғалімдерін даярлау
В010 Физикамұғалімдерін даярлау
В011 Информатика мұғалімдерін даярлау
В012 Химия мұғалімдерін даярлау
В013 Биология мұғалімдерін даярлау
В014 География мұғалімдерін даярлау
В015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау
В016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
В018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау
В019 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
В020 Арнайы педагогика мамандарын даярлау
В084 Мейірбике ісі
В086 Жалпы медицина
В087 Стоматология
В088 Педиатрия
Шығармашылықдайындықтыталапететін білім беру бағдарламалары топтары
В004 Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау
В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
В006 Музыка мұғалімдерін даярлау
В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
В021 Орындаушылық өнер
В022 Эстрада өнері
В023 Аспапта орындаушылық
В024 Музыкану және өнертану
В025 Дәстүрлі музыка өнері
В026 Дирижирлеу және композиция
В027 Театр өнері
В028 Хореография
В029 Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс
В030 Бейнелеу өнері
В031 Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны
В033 Дінтану және теология
В042 Журналистика және репортер ісі
В073 Сәулет
В092 Тынығу

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу формасы

Білім беру бағдарлама-лары топтарының нөмірі Білім беру бағдарламалары топтарының атауы Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу формасы
1 2 3
Арнаулы дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары
В001 Педагогика және психология Педагогикалық жағдаятты шешу
В002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу Педагогикалық жағдаятты шешу
В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Педагогикалық жағдаятты шешу
В008 Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В009 Математика мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В010 Физика мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В011 Информатика мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В012 Химия мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В013 Биология мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В014 География мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В019 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В020 Арнайы педагогика мамандарын даярлау Педагогикалық жағдаятты шешу
В084 Мейірбике ісі Психометрикалық емтихан
В086 Жалпы медицина Психометрикалық емтихан
В087 Стоматология Психометрикалық емтихан
В088 Педиатрия Психометрикалық емтихан
Шығармашылықдайындықтыталапететін білім беру бағдарламалары топтары
1 2 3* 4
В004 Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау Спорт түрлері бойынша нормативтер Спорт ойындары
В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау Мамандану бойынша нормативтер Жалпы дене даярлығы бойын-ша нормативтер
В006 Музыка мұғалімдерін даярлау Орындау шеберлігі Жалпы музыкалық қабілетін көрсету
В007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау Сурет (адам беті-нің гипстен жасал-ған маскасының суреті) Кескіндеме (натюрморт)
В021 Орындаушылық өнер Соло бағдарламаны орындау Элементарлық музыка теориясы бойынша ауызша емтихан.Сольфеджио бойынша диктант
В022 Эстрада өнері Эстрада вокалы. Аспапшылар үшін бағдарлама орындау Музыка теориясы бойынша ауызша емтихан және сольфеджиодан диктант
В023 Аспапта орындаушылық Соло бағдарламаны орындау Гармония және сольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан
В024 Музыкатану және өнертану Музыкалық әдебиет бойынша ауызша емтихан. Музыкалық тақырыптарды орындау.Өнер туындыларына жазбаша талдау жұмыс талдау және кинотеледраматургия бойынша эссе Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант. Өнер тарихы бойынша ауызша емтихан.
В025 Дәстүрлі музыка өнері Соло бағдарламаны орындау

Гармония бойыншаауызшаемтихан. Сольфеджио бойынша диктант. Этносольфеджио бойынша диктант.

Жалпы музыкалық және ақындық қабілеттерін көрсету.

В026 Дирижерлеу және композиция Дирижерлеу және коллоквиум. Өз шығармаларын ұсыну және коллоквиум. Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант
В027 Театр өнері Актерлік шеберлік, сахна тілі Би, вокал немесе коллоквиум
В028 Хореография Орындау шеберлігі Коллоквиум. Балетмейстер өнері бойынша тәжірибелік жұмыс.
В029 Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс Практикалық жұмыс – павильонда және табиғатта түсіру. Режиссура бойынша жазбаша жұмыс. Коллоквиум. «Режиссура» бойынша ауызша емтихан. Композиция.
В030 Бейнелеу өнері Сурет, кескіндеме Композиция
В031 Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны Реферат немесе арт-жобаны таныстыру. Сурет, кескіндеме. Коллоквиум. Композиция немесе сызу.
В033 Дінтану және теология Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу Дін негіздері бойынша ауызша емтихан
В042 Журналистика және репортер ісі Шығарма Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу
В073 Сәулет Сурет Сызу
В092 Тынығу Орындау шеберлігі Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері

* қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша «В029 - Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс» білім беру бағдарламалары тобын қоспағанда.