«Жастар кадрлық резерві» бағдарламасы

rezerv«ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ» бағдарламасы

       ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Нұр Отан» ХДП қолдауымен жас талантты, белсенді қазақстандықтар қатарынан елдің басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеуге бағытталған «Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асырылды.
      2009 - 2016 жж. аралығында «Жастар кадрлық резерві» жобасына 14 000 астам жастар өтінім берген, олардың ішінде 420 адам ашық конкурстық іріктеуден, тестілеуден, оқыту модульдерінен, кәсіби құзыретті бағалаудан, әр түрлі ұйымдардан тағылымдамадан өтті. Конкурстық іріктеуден өткен қатысушылар мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім, қоғамдық ұйымдар, БАҚ жетекші өкілдерімен кездесті.
       2016 жылы жобаны іске асыру сондай-ақ  жас мамандар қатарынан елдің басқару кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеу және үш бағыттар бойынша әлеуметтік-маңызды қызметті қосуды болжайды:

1.    Мемлекеттік қызмет
2.    Бизнес-қауымдастық
3.    Қоғамдық саяси қызмет

Іріктеу туры бірнеше кезеңдерде өтеді:

•    Жобаның ресми сайтында анкета толтыру, ресми өлшемдер бойынша анкетаны бағалау (жасы, білімі, жұмыс орны, кәсіби дағдылар, зияткерлік әлеуетті бағалау, эмоционалдық интеллек, эссе және т.б. жазу). Бастапқы іріктеу нәтижесінде келесі кезеңге 300 конкурсант жіберілетін болады.
•    Логиканы тестілеу, мемлекеттік тілді білуі және жобаның қатысушысының псхологиялық суретін анықтау (тестілеуді өткізу орны және кестесі іріктеудің 2-кезеңіне өткен 300 конкурсанттың нәтижелерін жариялағаннан кейін анықталатын болады).
•    Біліктілікті бағалауға сұхбаттасу жобаның 32 үздік қатысушысын анықтайды (әр аймақтан 2 конкурсантбойынша). Сұхбат республика аймақтарында дирекция мүшелерімен, аймақтық үйлестірушілермен, «Болашақ» Қауымдастығынан сарапшылармен және «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен жүргізілетін болады.
      Бұдан әрі, конкурсқа қатысушылар жетекші отандық және шетелдік  мамандардың қатысуымен дәрістерді, семинарларды тренингтерді, мастер-класстарды, асессменттерді (кәсіби біліктілікті бағалау), сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарда тағылымдамадан өтуді қамтитын оқыту модульдер өтеді.