Дипломмен ауылға

ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА

ЖОО мынадай мамандықтар бойынша аяқтаған студенттер үшін:
•    білім беру;
•    денсаулық сақтау;
•    әлеуметтік қамтамасыз ету;
•    мәдениет және спорт;
•    ветеринария.
Мемлекет жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерден жұмыс ұсынады:
•    70 АЕК мөлшеріндегі көтерілуге көмектің бірыңғай жәрдемақысын төлеу;
•    бюджетный кредит для приобретения и строительства жилья сроком на 15 лет, со ставкой вознаграждения в размере в размере 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға және құрылысына арналған бюджеттік несие;
•    ауылдық елде мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына лауазымдық еңбекақының тарифтік мөлшерлемесінен 25 % кем емес (қалалық елді мекенде)  арттыру.
Бағдарламаға қатысу үшін:
•    сіз таңдаған елді мекеннен жұмысты өзіңіз табуыңыз (ауылдық мектеп, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б.);
•    жұмысқа қабылдағанда кандидат аудандық комиссияға бағдарламаға қатысуға өтініш беру;
•    жұмысты өзіңіз іздеу мүмкіндігі болмаған жағдайда сіз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе аймақтардағы жауапты қызметкерлерге жүгіну;
•    аймақтардағы кадрлардың қажеттіліктері туралы мәліметтер облыстық әкімдіктердің басқармаларының сайттарында орналастырылуы қажет.
Қажетті құжаттар:


Көтерме жәрдемақы алған кезде:
•    өтініш;
•    жеке куәлік көшірмесі;
•    білім туралы құжаттың (дипломның) көшірмесі;
•    жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
•    тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен  мекенжай анықтамасы;
•    көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер.
Тұрғын үйді сатып алуға бюджеттік кредит  алу үшін қосымша:
•    сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
•    неке туралы  куәлік көшірмесі (болған жағдайда);
•    аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама  ұсынылады.
Тұрғын  үй салуға бюджеттік кредит алған кезде қосымша:
•    маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
•    кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
•    кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;
•    берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім;
•    неке туралы  куәлік көшірмесі (болған жағдайда);
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады. Жоғарыда аталған құжаттардан басқа құжаттарды ұсынуды үміткерден  талап етуге жол берiлмейдi.