Аудитор

АУДИТОР

PertaevaАты-жөні:  Пертаева Эльмира Құлибайқызы
Туған жылы, айы, күні: 11.10.1976ж.
Білімі: жоғары
Мамандығы:  Қазақ тілі мен әдебиеті
Бітірген оқу орны: Жамбыл университеті
Университеттегі қызметі: Аудитор
тел: 87018162394
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
ф.ғ.к., АМА профессоры

          Пертаева Эльмира Құлибайқызы 1976 жылы 11 қазанда  Тараз  қаласында туылған.
       1993 жылы  Тараз педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына түсіп, 1997 жылы Жамбыл университетін үздік дипломмен бітірген;
      1997-2000 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің аспирантурасына түсіп, 2001 жылы академик Тұрсынбек Кәкішұлының жетекшілігімен «Дулат Бабатайұлының ақындығы» (10.01.02.- қазақ әдебиеті)  тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған;
      2001-2006 жж. «Тараз» институты «Әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі, «Әлем тілдері» кафедрасының доценті;
      2006-2007 жж. «Тараз» институтының Ғылыми жұмыс және Халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры;
       2007-2008 жж. Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті ректорының Ғылыми жұмыс және Халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары;
       2008 жылдың қаңтар айынан А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты директорының Ғылыми жұмыс және Халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары;
        2008-2009жж. А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты «Филология» факультетінің деканы;
      2009-2010жж. А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты «Жалпы тілдер және қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі;
        2010-2012жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доцент м.а., «Тәлімгерлер кеңесінің» төрайымы;
      2012 жылдың қыркүйек айынан Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің аудиторы, «Филология» кафедрасының доценті;
        2013-2014жж. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Сапа менеджменті және аудит» бөлімінің бастығы.
        2012 жылы Аймақтық менеджмент академиясының профессоры;
        2013 жылы Аймақтық менеджмент академиясының профессоры төс белгісімен марапатталды.
        2013 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 5 жылдығына орай «ТИГУ-5 жыл» төс белгісімен марапатталды.
     2015 жылдан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің аудиторы қызметін атқаруда.
     Ғылыми жарияланымдары: 75 ғылыми еңбек пен ғылыми мақалалардың авторы. Атап айтсақ: Сүйіншәлиев Ханғали Жұмашұлы: Биобиблиографиялық  көрсеткіш –Алматы: Қазақ университеті, 1998. –38б., «Дулат Бабатайұлының ақындығы» монография). –А, «Қазақ университеті» 2000. –131 бет.,  «Дулат және Абай» (оқу құралы). –А, 2005. – 200бет. «Ө.А.Жолдасбеков атындағы білім ордасы» (Эксперимент нәтижелері). Мақалалар жинағы. (Әдістемелік көмекші құрал). –Тараз, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 2005. –98бет. «Қазақ әдебиетінің тарихы». Әдістемелік нұсқау. –А,  «Полиграфия-сервис  и К», 2006. – 78 бет., «Жоғары оқу орындарындағы сапа менеджменті жүйесі», Тараз, 2014. –255б.
        Ғылыми ізденіс жұмыстарының нәтижелері ТМД-да, шетелдерде және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу процесіне енгізілді. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 21 жыл, жоғары оқу орнында –18 жыл.
       Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша, 2007 жылы  «Қазақ ғылымы кім, не, қайда, қашан?»  анықтамалығына енген.  
      Аудитор университет  бойынша  іс-құжаттарды әзірлеу, тексеру және енгізу жұмыстарына жетекшілік етеді, университеттің басшылар санатына жатады. Аудитор тікелей университет ректорына бағынады. Университет ректоры бекіткен жоспарға сай жұмыс істейді және өз жұмысы жөнінде әр тексерістің қорытындысы бойынша есеп береді.
Аудитор өз жұмысында келесілерді басшылыққа алады:
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңын;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулыларын;
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын;
4. ТИГУ Жарғысы мен Ережесін, ішкі тәртіп қағидаларын;
5. Университет ректорының  бұйрықтары  мен  Ғылыми кеңес шешімдерін.
МАҚСАТЫ МЕН  МІНДЕТТЕРІ:
– университеттің саясаты мен мақсатын білу және жүзеге асыру;
–университетте шығарылатын нормативті құжаттарды жетілдіру және өңдеу жұмыстарына қатысу;
–факультеттер мен кафедралардың  оқу-әдiстемелiк, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарына қатысты іс-құжаттардың сапасын қадағалау (тексеріс барысында);
–құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан және басқа мамандарынан өзінің қызметтік міндеттемелерін орындауға қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрау;
– университеттің қолданыстағы іс-құжаттарына кеңестер беру;
–университет бойынша аудит жүргізу және  аудиторлық қорытындылар жасау;
–аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттарды білу;
–тәуелсiздiк, объективтiлiк, кәсiби құзыреттiлiк, құпиялылық, адалдық және ұйымның негізгі Ережелерін сақтау;
–өз қызметін  бiр аудиторлық ұйымның құрамында ғана жүзеге асыру;
–аудитор әр тексерістің қорытындысы бойынша ректорға құрылымдық бөлім жұмыстарының нәтижелерi бойынша есептерді тапсыруға міндетті.

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d