Оқу-әдістемелік бөлімі

                     ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІ (ОӘБ)

Аты-жөні: Кабылбаева Гульжан Айтжановна
Туған жылы, айы, күні: 20.10.1961
Білімі: жоғары
Мамандығы:  Халыққа тұрмыс көрсету қызметтін экономикасы және ұйымдастыру
Бітірген оқу орны: Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты
Университеттегі қызметі: Бөлім бастығы
жұмыс телефоны: +8 (7262) 501344    
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

1985-1999 ж.ж. – Жаңатас қалалық тұрмыс қызметін көрсету комбинатында экономист, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы қызметінде жұмыс жасаған; 2000-2007 ж.ж. – «Тараз» институтында оқу бөлімінің әдіскері, бөлім бастығы қызметінде жұмыс жасаған; 2007-2014 ж.ж. – Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде ОӘБ бастығының орынбасары, академикалық мәселелер бойынша департамент директоры қызметін атқарған; 2014-2015 ж.ж. – Экономика және статистика академиясының КҚО жетекші маманы қызметінде жұмыс жасады; 2015 жылдан бері ТИГУ ОӘБ бастығы қызметінде.

Оқу-әдістемелік бөлімі (ОӘБ) университеттің оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлім. Оқу-әдістемелік бөлімі жұмысының басты бағыты – оқу-әдістемелік жұмыстарды педагогикалық ғылымның заманауи жетістіктері мен өзіндік нормативтік-әдістемелік құжаттарын енгізу негізінде жетілдіруді ұйымдастыру. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылымды дамытудағы мемлекеттік бағдарламаны іске асырудағы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 2016-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» іске асыру жұмыстарына сәйкес білім бағдарламаларының мазмұны мен құрылымын жетілдіру, қоғамда білім беру қызметінің сапасын мойындату мақсатында жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру.
МАҚСАТЫ  МЕН  МІНДЕТІ:

  • Оқу-әдістемелік бөлімнің негізгі мақсаты  білім беру үрдісін жетілдіру, сапалы білім беру  үшін оқу- әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, оқу әдістері мен оның белсенді үлгілерін, бүгінгі күнгі білім беру және ақпараттық-байланыс технологияларын меңгеру, жинақтау және тәжірибеге енгізу;
  • Білім  беру үдерісінде  оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу-әдістемеліктермен қамтамасыз ету;
  • Мамандықтардың  білім беру бағдарламаларын Болон үдерісінің талаптарына сәйкес жобалауды ұйымдастыру;
  • Оқытушы-профессорлар құрамы  әзірлеген оқу-әдістемелік материалдар мен білім бағдарламаларының мазмұнына сараптама жасау жұмыстарын  ұйымдастыру  және өткізу;
  • Университеттің перспективалық  даму жоспарын дайындауға ұсыныс беру;
  • Оқу құжаттарын мемлекеттік және университеттік нормативтік базамен сәйкестендіру және бекітілген нормаларды сақтауды қадағалау;
  • Оқу үдерісінің  көрсеткіштеріне  жүйелі түрде  талдау  жасау.
  • Білім бағдарламаларын іске асыруды әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
  • Инновациялық білім беру технологиялары мен оқу үрдісін ұйымдастырудың перспективалы түрлерін енгізу;
  • Дамудың нормативтік, әдістемелік және ұйымдастыру негіздерін әзірлеу, оқу үрдісін жетілдіру және модернизациялау;
  • Кафедралардың, факультеттердің және университеттің басқа оқу құрылымдық бөлімдерінің білім беру жұмыстарын үйлестіру;
  • Оқу үрдісін жүргізу сапасын жақсарту үшін оқу үрдісі мен оқу-әдістемелік жұмыстарға мониторинг жасау.

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМНІҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ:

  • оқу үдерісін кредиттік оқыту жүйесі  негізінде ұйымдастыру;
  • ОПҚ  оқу  жүктемелерін  бекіту;
  • Университеттің ішкі нормативті талаптарына  сәйкес  және  кафедралардағы  штаттық кестенің өзгеруіне  байланысты қадағалау;
  • мамандықтар бойынша  модульдік білім бағдарламаларын  (ішкі, сыртқы, сапалы, техникалық)  сараптамадан өткізуді  және бекітуді  ұйымдастыру;
  • мамандықтар  бойынша  МАК төрағаларының  тізімін құру;
  • студенттердің дипломдық жұмыстарының тақырыбын бекіту үшін бұйрықтың  жобасын дайындау; жетекшісі  мен  рецензентін бекіту;    
  • «Қазақстанның қазіргі заман  тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханның, МАК төрағаларының,  рецензенттердің ақысын төлеу бұйрығының жобасын дайындау;
  • студентердің қорытынды аттестациясын академиялық календарға сәйкес  өткізілуін  ұйымдастыру және қадағалау;    
  • Бекітілген  жұмыстық оқу жоспарларымен құрылымдық бөлімдерді (факультет, кафедра)  қамтамасыз ету;
  • ҚР БжҒМ  және Университетте дайындалатын  нормативті-құқықтық құжаттарға ұсыныстар беру; 
  • Университеттің оқу бөлімдерін  нормативтік материалдармен,  мамандықтардың  типтік оқу жоспарларымен (ТУП)  және    міндетті пәндердің  типтік  бағдарламаларымен  қамтамасыз  ету;
  • Таңдау  пәндерінің    катологы бойынша  мәліметтер  базасын  құру  және  жаңалау, оқу  жоспарын дайындау  үшін ұсыныстар  енгізу;
  • Модульдік білім бағдарламасын  (МББ) безендіру,  католог, силлабустар, оқу-әдістемелік  кешендер, оқулықтар мен оқу-құралдарын оқытудың кредиттік  технологиясына сәйкестендіру үшін әдістемелік  көмек беру және қадағалау;
  • Оқу үдерісіне  заманауи оқу-әдістемелік және үлестірмелі материалдарды енгізу;
  • Аймақтық ЖОО-на   озық тәжірибелерді тарату және олардың тәжірибелерін қамту,оқып үйрену;
  • ОПҚ-ның  ЖОО-ның мәселелері  бойынша  ғылыми-практикалық  конференцияларға  қатысуын ұйымдастыру.
  • Нормативті  құжаттарға сәйкес  бланкті құжаттармен  қамтамасыз  ету;

Оқу-әдістемелік бөлімінің құрамына кіреді:

Оқу-әдістемелік секторы.
Сектор басшысы - Акимова Диана Канатовна, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
    Практика және жұмысқа орналастыру секторы.
Сектор басшысы - Сексенбаева Жанар Молдановна, e-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
    Білім беру бағдарламалары және ОЖЖсекторы.
Әдіскер - Шыныбаева Жулдыз Байжановна, e-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
    МАК жұмыстарын ұйымдастыру секторы.
Әдіскер - Жексембекова Гульсара Айнабековна,e-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
    Диспетчерлік қызмет.
Аға диспетчер - Баялиева Ляззат Амрекуловна,e-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Диспетчер –Торгаутова Айжан Болатовна,e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Диспетчер – Дуйсембиева Дамира Жасулановна, e-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ректордың блогы

logo10let

xabarlandiru

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d