Басқармалар

«Ішкі сапаны қамтамасыз ету» басқармасы

«Ішкі сапаны қамтамасыз ету» басқармасы

1.1. «Ішкі сапаны қамтамасыз ету» басқармасы (ары қарай ІСҚеБ)  - Тараз инновациялық- гуманитарлық университетінің (ары қарай ТИГУ)   құрылымдық бөлімі  болып табылады.
1.2. ІСҚеБ университеттің оқу, ғылыми жұмыстар және стратегиялық  даму  жөніндегі проректорына бағынады.
1.3. ІСҚеБ өз жұмысында келесілерді  басшылыққа  алады:
1.3.1.Қазақстан Республикасының Білім туралы  заңын;
1.3.2.Қазақстан Республикасының  Үкіметінің Қаулыларын;
1.3.3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  бұйрықтары мен  оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі басқа да нормативті-құқықтық құжаттарын;
1.3.4.  ТИГУ  Жарғысы мен Ережесін, академиялық саясатын, ішкі тәртіп қағидаларын;
1.3.5. Осы Ереже жағдайлары мен  нұсқауларын;
1.3.6. ТИГУ-нің  ректоры бұйрықтары мен Ғылыми кеңестің шешімдерін;
1.3.7. ТИГУ-нің  перспективтік  және  ағымдық  жоспарларын.
1.4. ІСҚеБ  құрылымына:  оқу-әдістемелік бөлімі және оның  секторлары мен  бөлімшелері; тіркеу-офисі; офис менеджерлер; ЖБББОЖ секторы (платонус); аккредиттеу секторы, инновациялық- әдістемелік  секторы; көптілділікті дамыту  секторы енеді.

123

1.5.  Перспективті  бағдарламаларды  жүзеге асыру, кейбір  жекеленген жұмыстарды     орындау үшін   инновациялық, эксперименттік  немесе басқа  да бір ғылыми-әдістемелік  әрекет ететін  педагог мамандардан  құралған уақытша  қоғамдастық құрылады.

                                             Басқармасының  жұмысының  бағыттары

2.1.  Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында ЖОО еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі (ESG) стандарттар мен жоғары білім сапасын қамтамасыз ету нұсқаулығына негізделген сапаны іштей қамтамасыз ету:
    - сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат;
     - бағдарламаларды әзірлеу мен бекіту;
     - студентке бағдарланған оқыту, сабақ беру және бағалау;
     - студенттерді қабылдау, олардың үлгерімі, тану және сертификаттау;
     - оқытушылар құрамы;
     - оқу ресурстары және студенттерді қолдау жүйесі;
     - ақпаратты басқару;
     - жұртшылықты хабардар ету;
     - тұрақты мониторинг және бағдарламаларды мерзімді бағалау;
     - сыртқы мерзімді сапаны қамтамасыз ету.
2.2. Білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің негізгі қағидаттарының орындау:
      - ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету;
   - сапаны қамтамасыз ету жоғары білім беру жүйесінің, оқу орындарының, білім беру бағдарламалары мен студенттердің алуан түрлілігіне сәйкестендіру;
      - сапаны қамтамасыз ету сапа мәдениетін дамытуды қолдау;
      - сапаны қамтамасыз ету студенттердің, барлық басқа да мүдделі тараптар мен қоғамның қажеттілігі мен үмітін ескеру;
    - сапаны қамтамасыз ету студенттің оқудағы, сондай-ақ жазбаша жұмыстарды (бақылау, курстық, эссе, дипломдық, диссертациялық) орындау барысындағы адалдығын көрсететін академиялық адалдыққа негіздеу.
2.3. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру.
2.4. Академиялық адалдық оқыту процесінің негізгі қағидатын  ұстану.
2.5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгінің берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарын дамыту.
                                                Басқармасының негізігі мақсаттары мен  міндеттері 
3.1. ІСҚеБ негізгі мақсаттары
3.1.1. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, үлгілік оқу жоспарларына сәйкес, сондай-ақ кәсіптік стандарттар негізінде ЖОО білім беру бағдарламаларын жүзеге  асыру
3.1.2. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын іске асыру.
3.1.3.Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру.
3.1.4. Университеттін академиялық саясатын жүзеге асыру.
3.2. Басқарманың негізгі басты міндеттері:
3.2.1. Білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің негізгі қағидаттарының орындау.
3.2.2. Академиялық адалдық оқыту процесінің негізгі қағидатын  жүзеге асыру.
3.2.3. Оқу процесін ұйымдастыру академиялық күнтізбе негізінде іске асыру.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар басқармасы

IMG 9702

Аты-жөні:  Тулеев  Тұрсыналы Нахысбекович
Туған жылы, айы, күні: 06.11.1952
Білімі: жоғары
Мамандығы: ЭЕМ математикалық камтамасымен инженер-экономист
Бітірген оқу орны: Жамбыл  жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институты
Университеттегі қызметі: Басқарма бастығы

АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫ (АКТБ) - оқу үрдісіне және әкімшілік жұмыстарына ақпараттық технологияларды ендіру үшін арналған құрылымдық бөлім.
 
АКТБ мақсаттары:
-  автоматтандырылған әдістермен жобалы құжаттарды және жобалы шешімдерді іске асыруды қамтамасыз ететін, жаңа технологияларды еңгізуге қатысу;
-  жобалау өндірісін басқаруда бағдарламалық кешен мен автоматтандыру сұрақтары бойынша колледж, университет жұмыстарын үйлестіру;
- университеттің басқару және білім жағынан есептеуіш техникаларын қолданудың нәтижесін жоғарлату: ЖОО әкімшілік - басқару бөлімшелерін автоматтандыруы; университеттің кафедра, деканаттарды, оқу - әдістемелік бөлімдерін автоматтандыру;
- телекоммуникациялық желімен қоса, университетте бірыңғай ақпараттық кеңістік жасау, даму және ақпаратты жіберу жүйесінің жұмыс жасауын қамтамасыз ету ;
- университеттің ішкі жергілікті желісін үйлестіру, Internet ғаламдық торға шығуды ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды және ғаламтордың мүмкіншіліктерін қолдана отырып, білім беру қызметін ұсыну, университеттің жеке сайтын жасау және еңгізу;
- тәулік бойы университетте бірлескен есептеуіш желінің жұмысын қамтамасыз ету;
- ақпараттық қорларды және бекітілмеген рұқсаттан кәсіпорын процестерін қорғау;
- IT - қауіпсіздікпен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- компьютерлік аудиториялардың және ЖАТО-ның жабдықтарын жаңарту, жөндеу, техникалық қызмет көрсету және монтаждау;
- оқу процестеріне және әртүрлі аудиторияларға: стационарлық мультимедиялық кабинеттер, лингафонды зертханалар, бейне – конференция байланыстарына, акустикалық жүйелеріне әртүрлі оқу жабдықтарын орнату;
- жұмыс орнында техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына қатысу.
 
 АКТБ   келесі секторлардан тұрады:
 
- Бағдарламалық өнімдерді ендіру және өңдеу секторы
-     Web -дизайн және желілік технологиялар секторы
-    Техникалық қызмет көрсету секторы
-    Тестілеу секторы

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d