Орталықтар

ОРТАЛЫҚТАР

  1. «Шерхантану» орталығы
  2. Ақпараттық-кітапханалық орталық
  3. «Дінтану» орталығы
  4. «Рухани жаңғыру» орталығы
  5. «Түркітану» ғылыми зерттеу орталығы
  6. Спорттық – бұқаралық жұмыстар орталығы

Шерхантану орталығы

KembaevaAАты-жөні: Кембаева Айнұр Тұрарқызы
Туған жылы, айы, күні: 12.06.1982 ж.
Білімі: Жоғары
Мамандығы: Филология
Бітірген оқу орны: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Университеттегі қызметі: «Шерхантану» орталығының директоры
Ғылыми дәрежесі: Филология магистрі

«ШЕРХАНТАНУ»  орталығы

          Орталық 2009 жылдың 29 сәуірінен бастап жұмыс жүргізуде.
          Орталық  директоры,  өмірбаяны:
         Кембаева Айнұр Тұрарқызы – 1999-2003 жж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Әлем тілдері» факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік аяқтаған.

  • 2004 жылы  М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «Филология» мамандығы бойынша магистратурасын  үздік аяқтаған. Ф.ғ.д., профессор, Мемлекетік сыйлықтың иегері М.Мырзахметұлының  жетекшілігімен «М.Х.Дулатидың «Жаһаннама» дастанының көркемдік-тақырыптық ерекшелігі»  тақырыбы бойынша магистрлік диссертациясын қорғап, филология магистрі дәрежесін алды.
  • 2004-2009 жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы.
  • 2009-2011 жж. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Филология» кафедрасының аға оқытушысы.
  • 2011 жылдан «Шерхантану» орталығының директоры қызметін атқаруда.
  • 2013 жылы – Аймақтық Менеджмент Академиясының доценті.
  • 2016 жылы – Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі».

      Өзінің педагогикалық және ғылыми шығармашылық  жолында 40-қа жуық ғылыми-әдістемелік еңбектері жарияланып, жарыққа шықты. Оның ішіндегі ең бастылары: 2006 жылы жарыққа шыққан «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» атты көмекші оқу құралы, «Қазақтың Шерағасы» атты көптомдық шығармалар жинағының редакциялық алқасының негізгі мүшелерінің бірі.
           Орталықтың  мақсаты мен міндеттері:
    Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті жанынан құрылған «Шерхантану»  орталығының мақсаты туған өлкеміздің түлегі, ел мақтанышы, Халық жазушысы, белгілі қоғам қайраткері Ш.Мұртазаның шығармашылығын насихаттау, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлы зерттеу жұмыстарын жүргізу, жазушының шығармашылығын зерттеуші ғалымдармен байланыс орнату және олармен шығармашылық бірлікте жұмыс атқару болып табылады.  Орталықтың басты міндеттерінің бірі - жазушы Ш. Мұртазамен нақты байланыс орната отырып, оның шығармашылық зертханасына қатысты маңызды материалдарды жинастыру, сондай-ақ, мүмкіндігіне қарай қаламгермен әңгімелесу сұхбаттар өткізіп, танымал туындыларының жазылу жайына, жазушылық енбегіне, шеберлік-ізденіс жолдарына байланысты өзге де тың мәліметтер алу және оны уақтылы қағазға түсіріп, мұрағаттық құнды дерек көзіне айналдыру.
Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар, студенттерді ғылыми жұмысқа баулу болып табылады. Осыған орай, студенттерге Ш.Мұртазаның шығармалары бойынша курстық, дипломдық, магистрлік жұмыстардың тақырыптары ұсынылады, белгілі жазушылардың және жергілікті қаламгерлердің қатысуымен студенттерге арналған «Шерхан Мұртаза сабақтары» ұйымдастырылады. Облыстық әдеби «Ш.Мұртаза оқулары» ұйымдастырылып  өткізіледі.
        Атқаратын қызметтері:
      Орталықтың  жұмысы Халық жазушысы Ш.Мұртаза шығармашылығын зерттеумен шектелмейді, бүгінгі әдеби процесс, сонымен қатар облыс көлеміндегі әдеби-тарихи тұлғаларды, белгілі бір тарихи жағдайды бейнелейтін халықтық туындыларды зерттеумен, жалпы әдебиеттану ғылымының көкейкесті мәселелерімен де айналысады.  
       Орталық  қызметкерлері:
Байсақалова Жадыра Манатқызы – орталықтың маманы, 2011 жылдан орталықта қызмет атқаруда.
Мекенжайы: Желтоқсан көшесі, 69Б., Бас оқу ғимараты, 1-202 бөлме
Ұялы тел: 87771704185, 87787677582
Жұмыс телефоны: 8(7262) 54-30-39
e-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

«Дінтану» орталығы

«ДІНТАНУ»  орталығы

           Орталық 2017 жылдың 15 қыркүйегінен бастап жұмыс жүргізуде.
           Орталықтың  мақсаты мен міндеттері:
-  Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын орындау;
-  «Дінтану» орталығы қызметін дамыту және ұйымдастыруда жұмыстың орындалуына ат салысу;
- Университет студенттері мен қызметкерлеріне деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру;
- Қазіргі замандағы дін проблемасының өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық конференциялар және семинарлар ұйымдастыру;
-    Университет студенттері мен қызметкерлері тарапынан дін аясында туындаған сұрақтарға жауап беру.
      Атқаратын қызметтері:
      «Дінтану» орталығы Қазақстан Республикасы дін саласындағы мемлекеттік саясатын орындауды алдыңғы қатарға қояды. Университет студенттері мен қызметкерлері арасынан деструктивті діни ағым өкілін анықтау және олардың алдын алу жұмыстарын атқарады. Дін тақырыбы аясында өзекті мәселелер бойынша семинар, дөңгелек үстел және конференциялар ұйымдастырады. Университет студенттері ПОҚ-на республика және облысқа танымал теолог, дінтанушы мамандармен кездесу ұйымдастырады.
      Орталықтың жеткен жетістіктері және жаңалықтары:
   Орталық университет студенттері мен қызметкерлеріне деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері, қаупі тақырыбы аясында бірқатар семинар жүргізді. Университет студенттері мен қызметкерлерінің діни сауатын арттыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығынан» әрқайсысы 10 данадан  «Деструктивные религиозные течения в истории», «К чему провоцирует неверное понимание религии?», «Тарихтағы деструктивті діни ағымдар», «Дінді қате түсіну неге ұрындырады?», «Сбившиеся с правильного пути», «Ақиқат жолынан адасқандар», «Причины различия между мазхабами», «Мазхабтар арасындағы айырмашылық себептері» атты бірқатар кітапшалар және т.б. кітаптар алынып, орталық кітапханасы құрылды. Орталық маманының қатысуымен әкімшілік тобы университет ішілік спорттық іс-шараларда бірнеше жүлделі орындарға ие болды.  
       Орталық  қызметкері:
Аты-жөні: Нұрмахан Нұржан Османұлы
Туған жылы, айы, күні: 19.07.1994 ж.
Білімі: Жоғары
Мамандығы: Теология
Бітірген оқу орны: Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Университеттегі қызметі: «Дінтану» орталығының маманы

Орталық  маманы,  өмірбаяны:
   Нұрмахан Нұржан Османұлы – 2012-2016 жж. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Гуманитарлық ғылымдар» факультетінің «Теология» мамандығын аяқтады. 2017 жылдың 15-қыркүйегінен бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Дінтану» орталығының маманы қызметін атқаруда. Жамбыл облысы, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топ мүшесі.
Мекенжайы: Желтоқсан көшесі, 69Б., Бас оқу ғимараты, 203 Б бөлме
Ұялы тел: 87019950199
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Өткізілген іс-шаралар

 

Өткізілген іс-шаралар

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

       2017 жылдың 20 қыркүйегінде Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Дінтану» орталығының маманы Нұрмахан Нұржан «Құқық және экономика» факультеті Құқықтану мамандығының 17-1, 17-3 топтарына «Діни экстремизм мен терроризмнен алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.Семинарға қатысушы студенттерге экстремистік ағымдар идеологиясының ерекшеліктері, зардаптары мен қауіптілігі, Қазақстандағы қызметтерінің мақсаты, экстремистік-лаңкестік мазмұндағы қылмыстар үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің нормалары жөнінде ақпарат берілді. Студенттер тарапынан «деструктивті секта дегеніміз не және олардың ерекшеліктері» сұрағы қойылды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, «Дінтану» орталығының қызметі мен міндеттері жайлы ақпарат берілді.


        2017 жылдың 22 қыркүйегінде Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Дінтану» орталығының маманы Нұрмахан Нұржан «Құқық және экономика» факультеті Есеп және аудит 17-1, Мемлекеттік жергілікті басқару 17-1, Экономика 17-1, Қаржы 17-1 топтарына «Діни экстремизм мен терроризмнен алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға қатысушы студенттерге экстремистік ағымдар идеологиясының ерекшеліктері, зардаптары мен қауіптілігі, Қазақстандағы қызметтерінің мақсаты, экстремистік-лаңкестік мазмұндағы қылмыстар үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің нормалары жөнінде ақпарат берілді.Студенттер тарапынан «Көшеде сайттың аты бар қағазды таратып жүргендер дұрыс па, сәләфилік ағымының қауіптілігі неде» сұрағы қойылды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, «Дінтану» орталығының қызметі мен міндеттері жайлы ақпарат берілді.


         2017 жылдың 26 қыркүйегінде Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Дінтану» орталығының маманы Нұрмахан Нұржан «Жаратылыстану» факультеті  Смс 17-1, физика 17-1, химия 17-1, Ет 17-1, Мат 17-1, Инф 17-1, туризм 17-1, география 17-1 топтарына «Діни экстремизм мен терроризмнен алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

 Семинарға қатысушы студенттерге экстремистік ағымдар идеологиясының ерекшеліктері, зардаптары мен қауіптілігі, Қазақстандағы қызметтерінің мақсаты, экстремистік-лаңкестік мазмұндағы қылмыстар үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің нормалары жөнінде ақпарат берілді.Студенттер тарапынан «ақырзаман белгілері деген уатсаптан келеді, осы нәрсе дұрыс па?» сұрағы қойылды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, «Дінтану» орталығының қызметі мен міндеттері жайлы ақпарат берілді. 2017 жылдың 4 қазанда Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Дінтану» орталығының маманы Нұрмахан Нұржан «Білім» факультеті ПЖП-17-1, БОПӘ-17-1, ҚТ-17-1, ШТ-17-1, ИЯ-17-2 топтарына «Діни экстремизм мен терроризмнен алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.Семинарға қатысушы студенттерге экстремистік ағымдар идеологиясының ерекшеліктері, зардаптары мен қауіптілігі, Қазақстандағы қызметтерінің мақсаты, экстремистік-лаңкестік мазмұндағы қылмыстар үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің нормалары жөнінде ақпарат берілді.Студенттер тарапынан «уахабилік, сәләфилік ағымына қарсы жұмыстар қаншалықты деңгейде жүзеге асып отыр, хиджаб заң бойынша рұқсат етілген бе?» сұрағы қойылды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, «Дінтану» орталығының қызметі мен міндеттері жайлы ақпарат берілді. 


   Дәстүрлі емес діни ағымдардың қаупі

        2017 жылдың 22 қарашасында Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Дінтану» орталығының маманы Нұрмахан Нұржан мен «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы А.Сәрсенбаев «Білім» факультетінің 1-курс студенттеріне «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қауіпі» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға қатысушы студенттерге экстремистік ағымдардың қалыптасу алғышарттары, эакстремистік ағымдардың қолданатын психотехникалық әдіс-тәсілдері, идеологиясының ерекшеліктері, зардаптары мен қауіптілігі, Қазақстандағы қызметтерінің мақсаты, экстремистік-лаңкестік мазмұндағы қылмыстар үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің нормалары жөнінде ақпарат берілді. Студенттер тарапынан сұрақ қойылған жоқ.

 

«Рухани жаңғыру» орталығы

S.GulnazАты-жөні: Сәтбек Гүлназ Болатқызы
Туған жылы, айы, күні: 02.08.1995 ж.
Білімі: Жоғары
Мамандығы: Журналист, баспа ісі
Бітірген оқу орны: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Университеттегі қызметі: «Рухани жаңғыру» орталығының маманы
Ғылыми дәрежесі: бакалавр

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» орталығы

     Орталық 2018 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс жүргізуде.
     Орталықтың  мақсаты мен міндеттері:
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде құрылған «Рухани жаңғыру» орталығының  мақсаты – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, рухани жаңғыру бағыттары бойынша жобалар ұсынып, орындау, облыстық, республикалық офистермен тікелей байланыста болып, олармен шығармашылық бірлікте жұмыс атқару болып табылады.
жоғарғы оқу орындары және ғылыми мекемелерімен ғылыми байланыстар мен қарым-қатынастарды реттеуге қатысу;
- ғылыми-өндірістік бірлестіктермен, өндірістік кәсіпорындармен, ғылыми ұйым-дармен  шаруашылық келісім шарт жасауына байланысты қатысуға;
- университет профессор–оқытушыларының және студенттердің үздік ғылыми–зерттеу жұмыстарының нәтижелерін халықыралық, республикалық және аймақтық  деңгейде өткізілетін гранттарға, конкурстарға және олимпиядаларға қатыстыру жұмыстарын ұйымдастыру;
- университеттегі  ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге атсалысу;
- жасалынатын ғылыми өнімнің маркетингтік зерттеулерін өткізуге қатысуға;
- ғылыми-техникалық өнімдерді шығару үшін жаңа технологиялық құралдарды  эксперимент-өндірістік базаларды жетілдіруіне атсалысуға;  
- симпозиумдарға, семинарларға, ғылыми конференцияларға қатысуға;
- қызметтің барлық түрлері  бойынша жарты жылдық және жылдық есеп беру дайындығына қатысуға;
- университет Ережесін;
- осы қызметтік нұсқаудын талаптарын, ішкі еңбек тәртіп, еңбекті қорғау, өрттен сақтану және өндірістік санитария ережелерін сақтауға;
- кенсе техникалық құрал-жабдықтарды қолдана білуге.

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»  ОРТАЛЫҒЫ
МАМАНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы университеттің Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы жұмыстарды жоспарлап, ұйымдастыруымен айналысады.
1.2 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы университеттің мамандар санатына кіреді.
1.3 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы өз жұмыстарын басшылыққа алады:
- ТИГУ  «Рухани жаңғыру» орталығының барлық құжаттамаларын;
- «Рухани жаңғыру» орталығының ережесін;
- осы қызметтік нұсқауды.
1.4 «Рухани жаңғыру» орталығының маманын өз қызметіне тағайындау және босату ректор немесе тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректоры бұйрығымен жүзеге асады.
1.5 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы «Рухани жаңғыру» орталығының қажетті ақпараттардың дұрыстығын бақылап, жинау жұмыстарын атқарады.
1.6 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы тікелей «Рухани жаңғыру» тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.
1.7«Рухани жаңғыру» орталығының маманы уақытша жұмыста болмаған кезде (демалыс, ауру-сырқау, т.б.) оның міндеттерін ректордың бұйрығымен тағайындалған тұлға атқарады. Уақытша тағайындалған тұлға қажетті құқықтарға ие болып, жүктелген міндеттердің сапалы және уақытылы орындалуына жауап береді.

2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ

2.1 «Рухани жаңғыру» орталығының маман қызметіне жоғары білімі және ғылыми-педагогикалық еңбек тәжірибесі  3-жылдан жоғары болған тұлға тағайындалады.
2.2 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы білуі тиіс:
- «Рухани жаңғыру» орталығының мақсат-міндеттерін  білуге;
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын;
- мемлекеттік білім стандарттарының талаптарын;
- есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын;
- ТИГУ-дың бақылау тәсілдерінің ұйымдық және басшылық құрамын қызметкерлері және құрылымдарын;
- ұйымдастыру-нұсқаулық құжаттардың бірыңғай жүйесінің стандарттарын;
- этика және эстетика негізін;
- іскерлік қатынастың ережесін;
- еңбек туралы Заңдарын;
- ТИГУ ішкі тәртібін;
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
2.3 «Рухани жаңғыру» орталығының маман қызметі белгіленген тәртіп бойынша атқаратын қызметіне сәйкес аттестаттаудан өтеді.

3 МІНДЕТТЕРІ

«Рухани жаңғыру» орталығының маманы міндетті:
- «Рухани жаңғыру» жобалық офисімен байланыстар мен қарым-қатынастарды реттеуге қатысу;
- университет профессор–оқытушыларының және студенттердің үздік жобаларының жұмыстарын жүзеге асыруды ұйымдастыру;
- университеттегі  жобалар мен іс-шараларды өткізуге атсалысу;
- семинарларға, ғылыми конференцияларға қатысуға;
-қызметтің барлық түрлері  бойынша жарты жылдық және жылдық есеп беру дайындығына қатысуға;
- тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорының жекелеген тапсырмаларын орындауға;
- университет Ережесін;
- осы қызметтік нұсқаудын талаптарын, ішкі еңбек тәртіп, еңбекті қорғау, өрттен сақтану және өндірістік санитария ережелерін сақтауға;
- кеңсе техникалық құрал-жабдықтарды қолдана білуге.

4 ҚҰҚЫҚТАРЫ

«Рухани жаңғыру» орталығының маманы құқылы:
- міндеттердің түрлерін нақты анықтайтын қызметтік нұсқауымен танысу;
- белгіленген тәртіп бойынша біліктілігін көтеру;
- ішкі тәртіп ережесімен белгіленген қызметтегі жетістіктері үшін моральдық және материалдық марапаттауға;
- кітапхана, есептеу орталығы, университет бөлімдерінің оқу және ғылыми қорымен, әлеуметтік-тұрмыстық, емдеу және университеттің басқа да құрылымдық бөлімдердің қызметін тегін пайдалануға.

5 ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Рухани жаңғыру» орталығының маманы жауапты:
- Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңымен анықталған және осы қызметтік нұсқауда көрсетілген өзінің қызметтік міндеттерін тиянақты орындамағаны және орындалмағаны үшін;
- Қазақстан Республикасының азаматтық, қылмыстық, әкімшілік заңдарымен анықталған қызметін бабында жасалған құқық бұзушылықтар үшін;
- Қазақстан Республикасының азаматтық және еңбек заңдарымен анықталған материалдық шығын келтіргені үшін;
- университеттің  конфиденциалды ақпараттарын жариялағаны үшін жауапқа тартылады.

«Рухани жаңғыру» орталығының құрылым ережелері

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1  «Рухани жаңғыру» орталығының маманы университеттің Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы жұмыстарды жоспарлап, ұйымдастыруымен айналысады.
1.2 «Рухани жаңғыру» орталығы жұмыстары барысында тәрбие және стратегиялық даму  жөніндегі проректорға бағынады.
1.3 «Рухани жаңғыру» орталығы өз жұмыстары барысында басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының  Білім туралы заңын,  Еңбек кодексін;
- Орталық жобалық офистің тапсырмаларын;
- мемлекеттік білім стандарттарын;
- ректордың бұйрықтары мен өкімдерін;
- осы ережені.
1.4 «Рухани жаңғыру» орталығы жұмыстарын тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректор  басқарады.
1.5 «Рухани жаңғыру» орталығы қызметкерлері еңбек заңына сәйкес университет ректоры бұйрығымен жұмысқа қабылданады және босатылады.
1.6 «Рухани жаңғыру» орталығы қызметіне толығымен   тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректор жауап береді.

2 ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

2.1«Рухани жаңғыру»  орталығындағы штат құрылымы мен санын бөлім атқаратын іс-әрекеттердің көлемі мен  ерекшелігін ескере отырып, ректор бекітеді.
2.2«Рухани жаңғыру» орталығының  құрамында жұмыс істейді:
- маман.

3 ФУНКЦИЯЛАРЫ

3.1.«Рухани жаңғыру» орталығы функционалды міндеттері:
- университет тарапынан ұсынылған жобалардың орындалуын қадағалау, қажетті орындарға ақпарат беру;
- Елбасы бағдарламасында көрсетілген таяу жылдарға арналған міндеттер аясында іс-шараларды жүзеге асыру;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша
- Латын әліпбиіне көшу бойынша ғалымдармен сұхбаттар жүргізіп, ұлттық комиссия құрамына мүшелер ұсыну;
- Университет ПОҚ жаңа әліпбиді үйретуге жұмылдыру;
- «Жаңа гуманитарлық білім» бойынша оқулықтар дайындау, ұсыну.
3.2.«Рухани жаңғыру» орталығының жұмысы университет ректорымен бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес қабылданған шешімдерге байланысты  жүзеге асырылады.

4 ҚҰҚЫҚТАРЫ

«Рухани жаңғыру» орталығы құқылы:
- құрылымдық бөлім басшылары мен басқа да мамандардан өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға қажетті ақпараттар мен құжаттарды алуға;
- университет әкімшілігінен өз жұмыстарының ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін және сонымен қатар өз міндеттері мен құқықтарының орындалуына жағдай жасалуын  талап етуге;
- өз үкіметтілігі ретінде құжаттарға қол қоюға және келісім беруге;
- университеттің кітапхана, есептеу орталықтары, оқу және ғылым ақпараттық қорлары, сонымен қатар әлеуметтік-тұрмыстық, емдеу және т.б. құрылымдық бөлімдердің қызметін тегін пайдалануға.

5 МІНДЕТТЕРІ

«Рухани жаңғыру» орталығы міндеттері:
- семинарларды, ғылыми конференцияларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру;
- жобалар базасын кеңейту;
- еңбек ұйымының әлеуметтік, мәдениеттік, тұрмыс-тіршілік жағдайларын жақсарту.

6 ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Рухани жаңғыру» орталығы жауапты:
- орталыққа тиісті жұмыстарды мерзімді орындауға;
- ұсынылған жобалардың сапасы мен тиімділігіне.

7 БАСҚА ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМДЕРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУ

«Рухани жаңғыру» орталығы тікелей Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.
7.1 «Рухани жаңғыру» орталығы Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорға, сондай-ақ ректорға, университеттің Ғылыми Кеңесіне өз есебін беріп отырады.
7.2 Заңгермен бірге заңдық және құқықтық актілердің бұзылуына байланысты мәселелерді шешеді.
7.3 «Рухани жаңғыру» орталығы қызметіне байланысты кадрларды таңдау мәселелерін ректор, Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректор, кадр бөлімі шешеді.
7.4 «Рухани жаңғыру» орталығы компьютерлендіру және бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты қашықтан білім беру және компьютерлік технологиялар басқармасымен тығыз қарым-қатынаста болады.
7.5 «Рухани жаңғыру» орталығы ғылыми жұмыс жоспарларын ұйымдастыру  мәселесі бойынша университет құрылымдарымен тығыз қарым-қатынаста болады.

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d