«Дінтану» орталығы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы №500 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес, жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің теріс діни ағымдардың жетегінде  кетуін алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру және анықтау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Елбасының бағдарламасына сәйкес Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Е.Б.Саурықов «Дінтану» орталығын ашып, теолог маманды қызметке алды. «Дінтану» орталығының мақсаты мен міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын орындау
  2. Университет студенттеріне дәстүрлі емес діни ағымдар туралы ақпарат беру
  3. Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру
  4. Теріс діни ағымдардың жетегінде кетуін алдын алу
  5. Университет қызметкерлері мен студенттеріне дін аясында туындаған сұрақтарға жауап беру

      Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Дінтану» орталығының ашылуы игі бастаманың бірі. Себебі қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде діни экстремизм мен терроризм белең алып жатқанын жаһан жаңалықтарынан байқаймыз. Сол діни экстремизм мен терроризм біздің елді айналып өткен жоқ. Аталмыш қауіптің алдын алу мен оған қарсы жұмыс жүргізуде «Дінтану» орталығының үлесі бар.

Өткізілген іс-шаралар

Діни экстремизм мен терроризм профилактикасы

       2017 жылдың 20 қыркүйегінде Тараз Инновациялық-Гуманитарлық университеті «Дінтану» орталығының маманы Нұрмахан Нұржан «Құқық және экономика» факультеті Құқықтану мамандығының 17-1, 17-3 топтарына «Діни экстремизм мен терроризмнен алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.Семинарға қатысушы студенттерге экстремистік ағымдар идеологиясының ерекшеліктері, зардаптары мен қауіптілігі, Қазақстандағы қызметтерінің мақсаты, экстремистік-лаңкестік мазмұндағы қылмыстар үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің нормалары жөнінде ақпарат берілді. Студенттер тарапынан «деструктивті секта дегеніміз не және олардың ерекшеліктері» сұрағы қойылды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, «Дінтану» орталығының қызметі мен міндеттері жайлы ақпарат берілді.

      2017 жылдың 22 қыркүйегінде Тараз Инновациялық-Гуманитарлық университеті «Дінтану» орталығының маманы Нұрмахан Нұржан «Құқық және экономика» факультеті Есеп және аудит 17-1, Мемлекеттік жергілікті басқару 17-1, Экономика 17-1, Қаржы 17-1 топтарына «Діни экстремизм мен терроризмнен алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға қатысушы студенттерге экстремистік ағымдар идеологиясының ерекшеліктері, зардаптары мен қауіптілігі, Қазақстандағы қызметтерінің мақсаты, экстремистік-лаңкестік мазмұндағы қылмыстар үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің нормалары жөнінде ақпарат берілді.Студенттер тарапынан «Көшеде сайттың аты бар қағазды таратып жүргендер дұрыс па, сәләфилік ағымының қауіптілігі неде» сұрағы қойылды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, «Дінтану» орталығының қызметі мен міндеттері жайлы ақпарат берілді.

        2017 жылдың 26 қыркүйегінде Тараз Инновациялық-Гуманитарлық университеті «Дінтану» орталығының маманы Нұрмахан Нұржан «Жаратылыстану» факультеті  Смс 17-1, физика 17-1, химия 17-1, Ет 17-1, Мат 17-1, Инф 17-1, туризм 17-1, география 17-1 топтарына «Діни экстремизм мен терроризмнен алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

 Семинарға қатысушы студенттерге экстремистік ағымдар идеологиясының ерекшеліктері, зардаптары мен қауіптілігі, Қазақстандағы қызметтерінің мақсаты, экстремистік-лаңкестік мазмұндағы қылмыстар үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің нормалары жөнінде ақпарат берілді.Студенттер тарапынан «ақырзаман белгілері деген уатсаптан келеді, осы нәрсе дұрыс па?» сұрағы қойылды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, «Дінтану» орталығының қызметі мен міндеттері жайлы ақпарат берілді. 2017 жылдың 4 қазанда Тараз Инновациялық-Гуманитарлық университеті «Дінтану» орталығының маманы Нұрмахан Нұржан «Білім» факультеті ПЖП-17-1, БОПӘ-17-1, ҚТ-17-1, ШТ-17-1, ИЯ-17-2 топтарына «Діни экстремизм мен терроризмнен алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.Семинарға қатысушы студенттерге экстремистік ағымдар идеологиясының ерекшеліктері, зардаптары мен қауіптілігі, Қазақстандағы қызметтерінің мақсаты, экстремистік-лаңкестік мазмұндағы қылмыстар үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің нормалары жөнінде ақпарат берілді.Студенттер тарапынан «уахабилік, сәләфилік ағымына қарсы жұмыстар қаншалықты деңгейде жүзеге асып отыр, хиджаб заң бойынша рұқсат етілген бе?» сұрағы қойылды. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, «Дінтану» орталығының қызметі мен міндеттері жайлы ақпарат берілді. 

  Дәстүрлі емес діни ағымдардың қаупі

        2017 жылдың 22 қарашасында Тараз Инновациялық-Гуманитарлық университеті «Дінтану» орталығының маманы Нұрмахан Нұржан мен «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы А.Сәрсенбаев «Білім» факультетінің 1-курс студенттеріне «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қауіпі» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға қатысушы студенттерге экстремистік ағымдардың қалыптасу алғышарттары, эакстремистік ағымдардың қолданатын психотехникалық әдіс-тәсілдері, идеологиясының ерекшеліктері, зардаптары мен қауіптілігі, Қазақстандағы қызметтерінің мақсаты, экстремистік-лаңкестік мазмұндағы қылмыстар үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктердің нормалары жөнінде ақпарат берілді. Студенттер тарапынан сұрақ қойылған жоқ.

 

 

 

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласы заман талабын ескере отырып, мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен бірлігі тұрақты, әрі экономикасы қарқынды дамуына үлкен серпін берді. Мақаланың құрылымы мен мазмұны ұлттық сана, бәсекелестік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, мемлекетіміздің революциялық емес эволюциялық жолмен дамуы, сананың ашықтығы және мемлекетіміздің алдағы уақытта орындауға тиіс міндеттері мен жоспары көрсетілген. Бұл маңызды қадамға мемлекеттік институттармен қоса біз қоғамдық институттар бірігіп атсалысу қажет. Еліміздің болашағы – жастар. Университетіміздің студенттері білімге, спортқа, ғылымға, өнерге бейім болып, үлкен жетістіктерге жетіп жатса Елбасымыздың рухани жаңғыру бағдарламасын орындап, мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосамыз.

Мақалада кездесетін «ұлттық код» ұғымы еліміздің ежелден келе жатқан салт-дәстүр, тіл, өнер, дін және мәдениетімізді білдіреді. Бізге тамыры тереңге жайылған тарихымызды біліп, өткен қателерді болашақта болдыртпауымыз үшін, өткенге қарап тәжірибемізді пайдаланып,  бірігіп жұмыс жасауымыз керек. Алайда осы ұмтылысқа кедергі келтіретін бірнеше факторлар бар. Солардың бірі – діни фанатизм. Діни фанатизмнің салдарынан еліміздің көптеген азаматтары әсіресе жастар білім, ғылымды меңгеруді басты ұстаным деп есептемей, тек діни ілімді ғана басты ұстаным ретінде қабылдап, тіпті еліміздің құрылымына қарсы шыққан жәйттар да бар. Кей азаматтар ұлттық кодымыздың негізі салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді, дінімізді, тілімізді жоққа шығарып, өз идеологияларын тықпалауда. Осы орайда мақаладағы «Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек» деген жолды қосқанды жөн санаймын. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев діни фанатизмнің қауіп-қатері жайында:  «Бірақ діншілдік деңгейінің өсуі радикалды идеологияға ықпал етуге көп мүмкіндік береді. Қандай ағым мен конфессияда болмасын, ол тіпті дәстүрлі ханафи мазхабы немесе сопылық жолын ұстанушылардың да, кейбір христиандық ағымдар мен иудаизм тараптарынан болса да, діни фанатизм қауіп-қатерін төндіруі мүмкін. Мәселе, тек діни сауатсыздықта емес, діни білім тиісті тәрбие мен саяси сауаттылықпен байланыста болуы керек”, — деп атап өтті. Яғни діни фанатизм қаупін тек дәстүрлі емес діни ағымдардан ғана емес, сонымен бірге ханафи мазхабы немесе сопылық жолын ұстанушылардан болса да төндіруі мүмкін. Дәстүрлі емес діни ағымдарға теологиялық, психологиялық, әлеуметтік, саяси тұрғыдан талдау жасап мемлекетімізге қауіпті қырларын аша аламыз. Отан отбасынан басталады демекші, дәстүрлі емес діни ағымның жетегіне кеткен жастарымыз өз ата-анасымен келіспеушілікке келіп, оларға қарсы шығып, үйдің берекесін бұзған жәйттар бар. Жастарды бұл әрекетке жаңсақ діни таным итермелеуде. Ата-анасын намаз оқымағаны үшін күпірлікке шығарып, яғни кәпір деп айыптап, пісірген жеті шелпегін «ширк» деп адасқан жастар баршылық. Тек осы әрекетпен шектелмей, жер бетінде «халифат» орнату идеологиясының негізінде жихад ұйымдастырумен қауіпті болып саналады. Бастамасы өз ата-анасына қарсы шығудан басталса, нәтижесінде Отанына қарсы шығып үлкен қауіпке айналады. Бұл әрекет мемлекетіміздің тұрақты, бейбіт қалпында қалуына кері әсерін тигізеді. Діни фанатизмнің көрінісі осыдан бірнеше жыл бұрын сопылық жолын ұстанушылардан да байқалды. Яғни жастар «Махди» шығады, оның жамағаты болады, сол жамағаттың қатарынан шықсақ деген арман ниеттері болған. Осы идеологияның кесірі кейбір жастарымыз жоғары оқу орнына түсуді қажетсінбей, білімін арттыру арқылы алға қарай дамуын тоқтатып, діни фанатизмге ұрынған.  Ал бұл идеология мемлекетіміздің дамуына тосқауыл болады. Ғылым, білім болмаған жерде технология дамымай, экономикалық құлдырауға әкеп соғады.

Мақаладағы «Туған жерге туыңды тік, Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп келетін жолдар мән мағынаға толы. Қазақтың даналығы сан ғасырлап ұстанып келе жатқан Ислам дінімен сабақтас болып келеді. Бабаларымыздың «Туған жерге туыңды тік, Отан үшін отқа түс күймейсің» деп айтқан дана сөздері Пайғамбарымыздың «Отанды сүю – иманнан» хадисімен сабақтасып жатыр. Ал теріс пиғылды діни ағымдар «мұсылмандардың отаны – жәннат», конституциямен емес шариғатпен өмір сүру керек, зайырлы емес, ислам мемлекеті болу керек деген қате түсініктерді таратуда. Дін  – бейбітшілік пен тұрақтылықты, махаббат пен сүйіспеншілікті, адалдық, адамгершілік, әділдікті қамтитын Алла мен адам арасын байланыстырушы күш. Дін ғылым, білімге жол ашатын  адамзаттың мәдени, рухани тұрғыда дамуына серпін беруші күш. Оның көрінісі бірнеше ғылым саласының негізін қалаған Әл-Фараби, Бируни, Хорезми, Ибн Сина, Ұлықбек сынды ғұламалардың мұра етіп қалдырған еңбегінен байқалады. Дін еліңе, жеріңе сатқындық жасап немесе қауіп төндіру емес, керісінше адал қызмет етіп, дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қостыруды талап етеді. Себебі пайғамбарымыздың хадисінде «Отанды сүю – иманнан» делінген. Мақалада туған жерге мынадай анықтама береді «Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі».

Мемлекетімізде 130-дан аса ұлт өкілдерінің өмір сүруі дін өкілдерінің сан алуандығын аңғартады. Бір шаңырақтың астында көптеген ұлт пен дін өкілдерінің бейбіт өмір сүруі Елбасымыздың көреген саясаты мен Қазақстан Республикасының Конституциясындағы «зайырлылық» ұғымы, ежелден қазақ даласында толеранттылығының арқасында. Осы қалыпты бұзып, экономикалық және саяси дамуымызға кері әсерін тигізетін теріс діни ағымдарға қоғам болып бірге қарсы тұруымыз қажет. Елбасы өз мақаласында «Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда, олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз» деп дәйекті ойын білдірген.   

 

«Дінтану» орталығының маманы Нұрмахан Нұржан