Бірінші проректор

D.YU.B1.Аты-жөні: Дубский Юрий Васильевич
2.Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті бірінші проректор
3.Туған жылы мен туған жері: 12.01.1939 жыл, Қызылорда қаласы
4.Білімі:  жоғары. 1961 жылы М.И. калинин атындағы Саратов механизациялау институтын «ауылшаруашылық өндірісін процестерін механизациялау» мамандығын аяқтап, «инженер - механик» біліктілігін алды. 1965 жылы Саратов политехникалық институтын «Гигроскопиялық приборлар мен құрылғылар» мамандығы бойынша аяқтап, «инженер электр механик» біліктілігін алды. 1974 жылы М.И. Калинин атындағы Саратов механизациялау институтында аспирантураны аяқтап, техника ғылымдарының кандидаты ғылым дәрежесін иеленуге диссертациясын қорғады.
5.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: техника ғылымдарының кандидаты, доцент
6.Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған уақыты: 1999 жылы «Білім үздігі» төсбелгісі және 2009 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері».
7.Жалпы жұмыс өтілі: 57 жыл
8.Саладағы  жұмыс өтілі: 44 жыл
9.Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 3 жыл
10.Марапатталушының нақты айрықша сіңірген еңбегі көрсетілген мінездеме: еңбек жолын 1961 жылы Саратов қаласындағы кәсіпорындарда инженер – конструктор ретінде бастап, 1 категориялы конструкторға дейін жол салды. 1974 жылы М.И. Калинин атындағы Саратов механизациялау институтында аспирантураны аяқтап, техника ғылымдарының кандидаты ғылым дәрежесін иеленуге диссертациясын қорғағаннан кейін Жамбыл гидромелиоративті институтының «Тракторлар» кафедрасына аға оқытушы қызметіне жас маман ретінде жіберілді. 1976 жылдың қазан айында «Тракторлар» кафедрасының меңгерушісі қызметіне қабылданып, осы жылы «жоцент» ғылыми атағын алды. Кафедра меңгерушісі ретінде ғылыми – зерттеу жұмысына жоғары назар аударып, нәтижесін оқу процесіне кең енгізуді қолға алды.
     1980 жылы  Жамбыл жеңіл және тамақ өндірісінің  технологиялық институтына оқу ісі жөніндегі проректор қызметіне тағайындалып, 1986 жылдың қыркүйек айына дейін осы қызметте атқарды. Жұмыс барысында оқу процесі мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға назар аударды. Студенттердің жұмыс уақытының бюджетін зерттеу бойынша ҒЗЖ жүргізіліп, соның негізінде жұмыс оқу жоспарындағы барлық пәндер бойынша студенттердің өзіндік жұмысының тиімді жүктемесі жоспарында оқу процесі құрастырылды.
       Оқу процесінде реалды өндірістегі ғылым мен оқу процесінің байланысын жүзеге асыратын пратикаға бағытталған курстар кең енгізілді. Жоғарыда айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында әр кафедрада оқу процесінде өндірістік процестерді моделдеуге мүмкіндік беретін жабдықтар болды. Сонымен қатар, арнайы кафедралардың кәсіпорындарда филиалдары болды (Джамбулкожобувь, Элеваторлар, нан зауыттары, Тігін фабрикалары және т.б.).
     1986 жылы осында, ал 1998 жылдан бастап 2004 жылдың қыркүйек айына дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде оқу – әдістемелік бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2004-2015 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік институты оқу – әдістемелік басқармасының бастығы қызметін атқарды.
      2015 жылдың тамыз айында ТИГУ академиялық сұрақтар бойынша Департаментінің Директоры қызметіне қабылданды. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап ТИГУ оқу – әдістемелік жұмыстар бойынша проректор қызметіне тағайындалды. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап, бірінші проректор.  Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінде жұмыс атқару барысында студентке бағытталған оқытуды енгізуге, Назарбаев Университетінің тәжірибесін оқу процесіне енгізуге үлкен назар аударды. Оның тікелей жетекшілігімен университет институционалды және бірнеше бакалавр және магистратура мамандықтары бойынша мамандандырылған аккредиттеуден жемісті өтті.
      Коллективті басқаруда жоғары ұйымдастырушылық және новаторлық қасиеттерімен ерекшеленеді, оқу процесіне инновациялық және интербелсенді әдістерді енгізу бойынша кең жұмыстар жүргізеді және олардың қолданылуы дайындалатын мамандардың сапасын арттыруға зор мүмкіндіктер береді.
       Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Ол 50-ден астам ғылыми, оқу – әдістемелік жұмыстар мен Ережелерді баспаға шығарды. Авторлық куәлігі бар. Бірнеше рет ҚР БжҒМ тарапынан білім беру ұйымдарын аттестаттау және аккредиттеу бойынша комиссия жұмыстарына шақырылды. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі.

Оқу-әдістемелік жұмыстар, ғылыми және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор

     Махмудова Ляззат Камаловна 1978 жылы 23 сәуірде Шымкент облысының Кентау қаласында дүниеге келді. Онжылдықты Алматы облысының Бурундай қаласында үздік бағаға бітірді.
      Махмудова Л.К. 1996 - 2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География факультетінде «Құрлық гидрологиясы» мамандығы бойынша оқып, гидрология бакалавры біліктілігіне ие болды. 2002 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінде гидрология магистрі біліктілігін игерді. 2002 жылдың қазан айынан бастап ҚазҰУ-нің құрлық гидрологиясы кафедрасында ізденуші-стажер ретінде жұмыс істеді. Ал 2004 жылы 25.00.27 – Құрлық гидрологиясы, су ресурсы, гидрохимия мамандығы бойынша аспирантураға түсті. 2010 жылы 29 қаңтарда 25.00.27 - Құрлық гидрологиясы, су ресурсы, гидрохимия мамандығы бойынша «Орталық Қазақстан өзендерінің су ресурсын (Есіл және Нұра өзендері мысалында) ағындығы антропогеннің ықпалын есепке ала отырып бағалау» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.
      Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Үздік жас ғалым» дипломының иегері. 2008-2010 жылдары және 2010-2012 жж. қатарынан екі рет Қазақстан Республикасы БжҒМ-нің «Талантты жас ғалымдардың Мемлекеттік ғылыми стипендиясын» жеңіп алды.
      Ляззат Камаловна студенттерге дәріс берумен қатар, өндірісте де, атап айтқанда Төтенше жағдайлар Министірлігіне қарасты «Қазселденқорғау»  мекемесінде 2005-2010 жылдары аға ғылыми қызметкер, сел проблемалары лабораториясының бас сарапшысы қызметтерін атқарды. Қазақстан республикасының таулы аймақтарын сел тасқынынан қорғау шараларын ғылыми тұрғыдан негіздеуге орасан үлкен үлесін қосты.
       Осы жылдары Махмудова Л.К. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы және метеорология және гидрология кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыстар және халықаралық байланыстар бойынша орынбасары қызметін атқарды.
      Махмудова Л.К. 2016-2017 жылдан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Білім факультетінің география және тарих кафедрасының меңгерушісі қызметіне орналасты. 2017-2018 оқу жылы «Биология, ауылшаруашылығы мамандықтары, география және туризм» кафедрасын басқарды. Биылғы оқу жылынан бастап Махмудова Л.К. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқу-әдістемелік жұмыстар, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды.  
       Л.К. Махмудова 50-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, соның ішінде 4 оқу құралы, 2 монография, 2 оқу әдістемелік құрал, 15 халықаралық және республикалық конференцияларда, 6 шет елде және 40 отандық ғылыми басылымдарда жарық көрді.
    Махмудова Л.К. 2003 жылдан бастап күні бүгінге дейін еліміздің жетекші ғалымдарымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында су ресурстарын бағалау, шөлейттену, климаттық өзгерістер, антропогеннің су ресурстарына, қауіпті гидрологиялық құбылыстарға әсері, сел тасқыны, қалыптасуы, олардан  қорғану жолдары жөніндегі іргелі ғылыми жұмыстарға белсене қатысып келеді.

Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректор

S.AshirbekovАты-жөні: Аширбеков Санат  Сагинбекович
Туған жылы: 14.03.1971ж;
Бітірген оқу орны: ТарМПИ  
Мамандығы: «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі»
Соңғы  5 жылда жұмыс жасаған мекеме, қызметі: Алматы облысы, Панфилов ауданы, «Жаркент-Арасан» МСК-нің директоры 2014ж., Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, 12 жылдық білім беру ғылыми-әдістемелік орталығының директоры 2015ж., Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы 2016ж., ТИГУ Тәрбие және қаржы-шаруашылық қызмет жөніндегі проректоры 2017ж..
Қазіргі қызметі: Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректор
Ғылыми-әдістемелік еңбектері:
Электронды почтасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорына төмендегі құрылымдық бөлімдер  жұмыс  жасайды. Олар:
- «Тәрбие жұмыстары» бөлімі;
- Жастар ісі жөніндегі комитеті;
- «Ұйымдастыру-әдістемелік және мәдени жұмыстар» секторы;
- «Спорттық-бұқаралық жұмыстар» орталығы;
- Баспахана;
- «Шерхантану» орталығы;
- «Рухани жаңғыру» орталығы;
- «Дінтану» орталығы;
- Ішкі қауіпсіздік  бөлімі;
- Дәрігерлік көмек көрсету бөлімшесі.

        Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорының атқаратын қызметі.

        Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректоры университет деңгейіндегі тәрбие және стратегиялық даму жұмыстарының ұйымдастырылуына басшылық жасайды. «Тәрбие жұмыстары» бөлімінің, Жастар ісі жөніндегі комитеті, «Ұйымдастыру-әдістемелік және мәдени жұмыстар» секторы, «Спорттық-бұқаралық жұмыстар» орталығы, Баспахана, «Шерхантану» орталығы, «Рухани жаңғыру» орталығы, «Дінтану» орталығы, Ішкі қауіпсіздік  бөлімі, Дәрігерлік көмек көрсету бөлімшелерінің жұмысын қадағалап отырады, үйлестіреді.
   Факультеттердегі тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуын университеттегі факультеттер мен кафедралардың тәрбие жұмыстарының жоспарларын бекітеді. Университеттің Ғылыми кеңесіне өзінің жұмыстары туралы есеп береді. Университетте «Ұлт аспаптар оркестрі» жұмысына басшылық жасайды, «Халық театры» атағын алу жұмыстарын ұйымдастырылуына басшылық етеді. Университеттің стратегиялық даму бағытындағы жұмыстарына ұсыныс береді.
       Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорының соңғы 5 жылдағы жеткен жетістіктері:
-    2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың Алау Эстафетасын ұйымдастыру мен өткізуге қосқан ерекше үлесі үшін «Алғыс сертификатымен» марапатталды. (2017ж.);
-    Облыстық әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі және 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Жамбыл облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. (2015ж.)

Ректордың блогы

logo10let

xabarlandiru

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d