Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректор

S.AshirbekovАты-жөні: Аширбеков Санат  Сагинбекович
Туған жылы: 14.03.1971ж;
Бітірген оқу орны: ТарМПИ  
Мамандығы: «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі»
Соңғы  5 жылда жұмыс жасаған мекеме, қызметі: Алматы облысы, Панфилов ауданы, «Жаркент-Арасан» МСК-нің директоры 2014ж., Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, 12 жылдық білім беру ғылыми-әдістемелік орталығының директоры 2015ж., Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы 2016ж., ТИГУ Тәрбие және қаржы-шаруашылық қызмет жөніндегі проректоры 2017ж..
Қазіргі қызметі: Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректор
Ғылыми-әдістемелік еңбектері:
Электронды почтасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорына төмендегі құрылымдық бөлімдер  жұмыс  жасайды. Олар:
- «Тәрбие жұмыстары» бөлімі;
- Жастар ісі жөніндегі комитеті;
- «Ұйымдастыру-әдістемелік және мәдени жұмыстар» секторы;
- «Спорттық-бұқаралық жұмыстар» орталығы;
- Баспахана;
- «Шерхантану» орталығы;
- «Рухани жаңғыру» орталығы;
- «Дінтану» орталығы;
- Ішкі қауіпсіздік  бөлімі;
- Дәрігерлік көмек көрсету бөлімшесі.

        Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорының атқаратын қызметі.

        Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректоры университет деңгейіндегі тәрбие және стратегиялық даму жұмыстарының ұйымдастырылуына басшылық жасайды. «Тәрбие жұмыстары» бөлімінің, Жастар ісі жөніндегі комитеті, «Ұйымдастыру-әдістемелік және мәдени жұмыстар» секторы, «Спорттық-бұқаралық жұмыстар» орталығы, Баспахана, «Шерхантану» орталығы, «Рухани жаңғыру» орталығы, «Дінтану» орталығы, Ішкі қауіпсіздік  бөлімі, Дәрігерлік көмек көрсету бөлімшелерінің жұмысын қадағалап отырады, үйлестіреді.
   Факультеттердегі тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуын университеттегі факультеттер мен кафедралардың тәрбие жұмыстарының жоспарларын бекітеді. Университеттің Ғылыми кеңесіне өзінің жұмыстары туралы есеп береді. Университетте «Ұлт аспаптар оркестрі» жұмысына басшылық жасайды, «Халық театры» атағын алу жұмыстарын ұйымдастырылуына басшылық етеді. Университеттің стратегиялық даму бағытындағы жұмыстарына ұсыныс береді.
       Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорының соңғы 5 жылдағы жеткен жетістіктері:
-    2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың Алау Эстафетасын ұйымдастыру мен өткізуге қосқан ерекше үлесі үшін «Алғыс сертификатымен» марапатталды. (2017ж.);
-    Облыстық әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі және 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Жамбыл облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. (2015ж.)

Ректордың блогы

logo10let

xabarlandiru

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d