«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ

ekonomika

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ басшысы - Тастанбекова Карлыгаш Нышанбаевна 

Жоғары білімді. 2015ж. «Экономика және құқық» факультетінің деканы». Экономика ғылымдарының кандидаты.

1998-2004 жж. – М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, ассистент, оқытушы, аға оқытушы, деканның тәрбие жұмысы бойынша орынбасары.

2004-2009 жж. – А.Ясауи атындағы ХҚТУ ТИ, кредиттік технология бөлімі бастығы, «Экономика» факультетінің деканы, офис-тіркеуші, оқу-әдістемелік бөлім бастығы.

2009-2010 жж. – Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, инновациялық технологиялар бойынша проректор.

2010-2011 жж. – ҚР БҒМ «Ұлттық білім сапасын бағалау орталығы», институт директоры. 2011-2014 ж. – Астана қ., Казақ инженерлік-техника академиясы, оқу-тәрбие жұмысы бойынша проректор, кафедра меңгерушісі.

2014-2015 жж. – Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, академиялық басқарма бастығы.

70 ғылыми еңбек авторы, оның ішінде 13 оқу құралы, «Үздік оқытушы-2009» грантының иегері.

Университет құрамындағы «Экономика және құқық» факультетінде 60-астам профессор-оқытушы дәріс береді. Оның ішінде 1 ғылым докторы, 20 ғылым кандидаты, 3 PhD ғылыми атағы бар. Факультетте мыңға жуық студент білім алуда.
«Экономика және құқық» факультетін таңдаған талапкер «Экономика», «Мемлекетті жергілікті басқару», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Құқықтану»  мамандықтары бойынша бакалавриат дипломын алып шығады.
Әрі қарай біліміңізді шыңдай түсу үшін «Экономика», «Қаржы», «Құқықтану»  мамандықтары негізінде магистратураға түсуге мүмкіндігі қарастырылған.
Факультет заң, экономика, басқару, есеп және аудит, қаржы салаларына мамандар даярлайды. Факультет түлектері экономикалық бағыттағы мамандықтар бойынша экономика, статистика, қаржы салаларын игеркді. Құқықтану бағытына келсек, заң және басқару салалары бойынша қызметтің барлық түрін атқара алады.
Білімгерлерге ғылыми жұмыспен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. «Құқықтану» кафедрасында «Болашақ заңгер», «Қаржы және есеп» кафедрасында «Қаржыгер» және «Есеп және аудит» үйірмелерінің жұмыстары ұйымдастырылған. «Экономика және басқару» кафедрасында «Жас бизнесмен» және «Жас басқарушы» атты үйірмелер жұмыс жасауда. Үйірмелер жұмысының негізгі мақсаты:
- болашақ мамандарды қазіргі қоғам өмірінің экономикалық-басқару проблемаларымен таныстыру, олардың мемлекеттің экономикалық саясатын жасауға және оны жүзеге асыруға белсене қатысу қабілеттілігін дамыту;
- студенттердің терең кәсіптік білім алып, экономикалық теорияларды қаржы жұмысының практикасымен ұштастыра білуге, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға үйрету, болашақ мамандардың объективті дүние танымын қалыптастыру.
Факультет студенттері республикамызда тұрақты өтетін пәндік олимпиадаларда, мамандықтары бойынша түрлі конкурстарда өз білімдерін көрсетіп, университет атын шығарып келеді. «Құқықтану» мамандығының білімгерлері жыл сайын республикамызда өз мамандықтары бойынша олимпиадаға қатысып, жылдан жылға нәтижелері көтеріліп отыр. Экономикалық мамандықтарға келетін болсақ, біраз білімгерлеріміз (Камалова Алина, Сейдазим Урсула т.б.) жыл сайын Ұлттық Банк ұйымдастыратын конкурсқа қатысып, жұмысқа орналасу сертификаттарына иеленді. Сонымен қатар, спортта, өнерде білімгерлер өздерін танытып келеді.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті әрбір студенттің жоғары білім алуына нақтылы кепілдік беретін инновациялық оқу орны.
ТИГУ – сенің талабың мен біліміңді шыңдаудың керемет мүмкіншілігі!