Кафедра меңгерушісі

«Стандарттау және ветеринарлық санитария»   кафедрасы 

Кафедра ұраны«Сапалы білім алу – баршаға міндетті»

 

«Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасының меңгерушісі-Маликтаева Пернекүл Маликтайқызы, т.ғ.к., АМА профессоры.

Маликтаева Пернекүл Маликтайқызы 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің  «Нан, тәтті тағам, макарон өнімдері және тамақ концентраттары» бойынша мамандығын үздік бағамен бітірді.

Еңбек өтілі.

Еңбек жолын 2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетіннің «Еңбекті қорғау және өмір тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» кафедрасында оқытушылық қызметінен бастады.  2001-2005 жж аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетідегі 05.18.12 «Тамақ өнімдерінің процесстері мен аппараттары» мамандығы бойынша  аспиратурасының күндізгі бөлімінде оқыды. 2008 жылы 28 маусымда Алматы технологиялық университетінде «Обоснование параметров процесса таблетирования национального кисломолочного напитка на основе зернового сырья» тақырыбы бойынша ғылыми жұмысын қорғады.  2008 жылы 27 қарашадағы (№12 хаттама) ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеттің шешімімен техника  ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2013 жылы  Павлодар қ. Аймақтық Менеджмент академиясының төралқа шешімімен  (№2 хаттама, 27.02.2013 жыл) қауымдастырылған профессор академиялық дәрежесі берілді.

2005 жылдан А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының «Ғылыми - өндірістік цехта» ғылыми қызметкер  қызметін, ал 2008 жылдан Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасында  доцент  қызметін атқаруда.

 2017 жылдан бастап «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.

Басылымдар

Қазіргі уақытқа дейін 70 ғылыми мақаланың, 2 оқулық, 2 оқу құралының және 2 инновациялық патенттің  авторы, сонымен қатар  4 ғылыми жұмыс нәтижелері Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің оқу процесіне енгізілді және 5 жұмыс өндіріс  процесіне енгізілді.

Ғылыми еңбектер:

1. "Сапа менеджменті  жүйелерінің негіздері" оқулық. Алматы «Эверо» баспаханасы 2014 160б.

2. " Модульдік оқытудың мақсаттары мен міндеттері " Fundamental and applied science-2015 of XI international research and practice conference  №9 Англия 59-61;

3. " Расчеты и анализ уровня загрязнюящих веществ, выбрасываемых в окружающую среду " Актуальные научные исследования в современном мире: XXI Международный науч. Конф. Сборник научных трудов выпуск 1(21) Часть 3 стр. Переяслав-Хмельницкий 26-27 январь 2017 ст. 132-138

Біліктілік көтеру:

ҚР инвестициялар және даму министрлігі Техикалық реттеу және метрология комитетінің «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру», «Кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу»,  «Менеджмент жүйелерін кәсіпорындарда енгізу»  және т.с.с. сертификаттарын алған.

Байланыс тел. 87021072844, E.mail. Sakosh_78@mail.ru

 

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d