Кафедра

 «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ МАМАНДЫҚТАР» КАФЕДРАСЫ

КАФЕДРА ТАРИХЫ:
1.09.2017 ж. «Математика», «Физика» және «Химия» мамандықтарының бірігуімен «Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедрада «6В05401 Математика», «6В05302 – Физика», «6В05301 –Химия» мамандықтары бойынша бакалаврларды және «7М01501-Математика», «7М05301-Физика» мамандықтары байынша магистрлерді дайындайды.
Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін білім деңгейін қамтамасыз етеді:
6В05401 – «Математика» білім бағдарламасы бойынша
- жаратылыстану ғылымдары, техника, экономика саласындағы процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін әзірлеу;
- бағдарламалық кешендер құру; 
- білім беру жүйесінде оқыту; 
- математиканы пайдаланумен байланысты салалардағы ғылыми-зерттеу жұмыстары;
- жаратылыстану ғылымдарының есептерін шешу үшін математикалық модельдер мен бағдарламалық кешендерді әзірлеу; 
- экономика мәселелерін шешу үшін математикалық модельдер мен бағдарламалық кешендерді әзірлеу; 
-ғылыми-техникалық есептерді шешу үшін математикалық модельдер мен бағдарламалық кешендерді әзірлеу; 
- теориялық және қолданбалы математика есептерін қою және шешу.
Бітірушінің кәсіби қызмет саласы: математика, математика және қолданбалы математика, математика және жүйелік бағдарламалау, математикалық және компьютерлік модельдеу, экономикадағы математика, актуарлық математика болып табылады.
Бітірушінің кәсіби қызметінің объектілері: ғылыми – зерттеу ұйымдары, білім беру ұйымдары, банк саласы, сақтандыру компаниялары, қаржы құрылымдары болып табылады.
Бітірушінің кәсіби қызметінің пәндері: жаратылыстану ғылымдарында, техникада, экономикада математикалық модельдерді теориялық өңдеу; есептеу үрдісінің тәжірибелік эксперименттері; компьютерлік және есептеу технологиясы; желілік технология; математикалық экономика; актуарлық математика.
Бітірушінің кәсіби қызмет түрлері: ғылыми-зерттеу; жобалау; ұйымдастыру–технологиялық және өндірістік-басқару; эксперименттік; білім беру; болжамдық; математикалық-экономикалық; математикалық-актуарлық.
6В05301 – «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша 
- ойлау дербестігін, өзін-өзі дамыту және өздігінен білім алу қабілетін дамыту;
- білім алушылардың жеке-тұлғалық ерекшеліктерін ескеретін жағдайларды қамтамасыз ету;
- деңгейлік бағдарламаларды оқу үдерісіне кеңінен енгізу арқылы білім беру үдерісінде шығармашылық атмосфераны құру;
- білім алушылардың оқу процесіне позитивті уәждемесін қалыптастыру.
Бітірушінің кәсіби қызметінің объектілері: аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификациялық қызметтердің өндірістік зертханалары; химиялық, экологиялық, металлургиялық, фармацевтикалық бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдары (институттар, зертханалар), жалпы орта білім беретін мектептер, колледждер, лицейлер, гимназиялар, білім бөлімдері болып табылады.
Бітірушінің кәсіби қызмет пәндері болып табылады: химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары, химия–технологиялық процестерді жүргізуде бейорганикалық, органикалық, физикалық, аналитикалық химияның заңдылықтарын қолдана білу, әртүрлі химиялық өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсерін зерттеу.
Кәсіби қызмет түрлері
- ұйымдастыру-технологиялық;
- ғылыми-зерттеу;
– өндірістік-басқарушылық;
6В05302 – «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты: білім беру, тәрбие процестері мен ҒЗЖ құзыреттілік тәсілін енгізу негізінде өзін-өзі дамытатын және өзін-өзі жүзеге асыратын тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін білім беру ортасын құру.
- Өз бетінше ойлау қабілетін, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу қабілетін дамыту;
- Студенттердің жеке ерекшеліктерін ескеретін жағдайларды қамтамасыз ету;
- Оқу процесінде деңгейлік бағдарламаларды кеңінен енгізу арқылы оқу процесінде шығармашылық атмосфера қалыптастыру
- Оқушылардың оқу іс-әрекетіне деген оң уәжін қалыптастыру.
-Бітірушілердің кәсіби қызмет саласы: эксперименттік, теориялық және қолданбалы физика, сонымен қатар табиғи және техникалық ғылымдар саласына байланысты; білім беру саласы, оның ішінде педагогика, орта мектептерде физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі
- Бітірушінің кәсіби қызметінің нысандары: ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, жобалық және инженерлік бюролар мен фирмалар; мемлекеттік білім беру ұйымдары мен білім беру кәсіпорындары, сондай-ақ үкіметтік емес білім беру ұйымдары.
- Бітірушінің кәсіби қызметінің пәндері: физикалық құбылыстар мен процестер (техникалық және энергетикалық құрылғыларды модельдеу; аэроғарыштық және вакуумдық жабдық; лазерлік, химиялық, мұнай-газ және мұнай өңдеу технологиялары және т.б.); материалдар мен табиғи заттар; аспаптар, механизмдер мен жабдықтар; білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік құжаттамасы; өндірістік-басқару және жобалық құжаттама.
- 6B05302 - Физика білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:
- зерттеу;
- педагогикалық;
- ұйымдастырушылық және басқарушылық;
- жобалық және технологиялық;
Кафедраның ғылыми бағыты:
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттарда жүргізіледі:
- Шекті өлшемді денелердегі стационар емес үрдістердің өту ерекшеліктері;
- Стационарлы сүзілетін ағындарға кері есептердің қойылымы және шешімдері;
- Радиациялық және терморадиациялық процесстерді зерттеу;
- Түсті және сирек кездесетін металдарды радиациялық технологиялық әдіспен өңдеу;
- Тау-кен өндірісіндегі экологияның кейбір мәселелерін математикалық модельдеу әдісімен шешу;
- Экстракциялық фосфор қышқылын тазалау технологиясын жетілдіру және адсорбенттердің тиімді түрлерін таңдауды ғылыми негіздеу.

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d