Факультет жетістіктері

Біздің жетістіктеріміз

Мамандықтардың материалдық базасына жаңашылдық және модернизация енгізу өз нәтижелерін беруде. «Физика», «Химия», «Биология» және «Информатика» «Есептеу техникасы және бағдарламаларды қамтамассыз ету» «Стандарттау және ветеринариялық санитария» «Туризм» мамандықтарының ғылыми жетістіктерінің нәтижесі көрсеткеніндей осы оқу жылында Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары мамандықтары арасында өткен олимпиадалар мен студенттік конференциялар нәтижелері бойынша жүлделі орындар иеленіп келеді. 

 

2018 - 2019 оқу жылындағы студенттердің жетістіктері

Жыл сайын факультет студенттері республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, олжалы оралады. Нақтырақ айтқанда 2019 жылы наурыздың 29 - ы күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында және Жастар жылына орай ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы «IQ - аламан» интеллектуалды сайысы өткізілді. Бұл сайысқа Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің
5В060200 - «Информатика» және 5В070400 - «Есептеу техника және БҚЕ» мамандықтарының студенттерінен құралған «Limitless» командасы қатысты. «IQ-аламан» интеллектуалды сайысында біздің команда жүлделі І орынға ие болды.
ЕТ-17-1 тоб.ст. Шарапов Нұрғиса
ЕТ-16-1 тоб.ст. Әділбек Фериза
Инф-18-1 окб Кумекбай Мейрамбай.
Жетекшілері - «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары Салғараева М.И., Ерманова Г.Б.
Сайыс 2 кезеңнен тұрды:
І-КЕЗЕҢ. «Ақылды технологиялар - цифрлық дәуір мүмкіндігі» көрмесі. Үй тапсырмасы ретінде әр команда Елбасымыздың 2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында көрсетілген міндеттерін іске асыру жолында өздерінің «Ақылды технология» үлгілерін ұсынып, таныстырды. ТИГУ студенті Шарапов Н. өнеркәсіпті автоматтандыруға арналған роботтарын (фармацевтика саласына) жасап, ұсынды.
ІІ-КЕЗЕҢ. «IQ-Linguist», «IQ-Typist», «Magic square», «IQ-Detective» - интеллектуалды сайыстары.

  

5В090200 - «Туризм» мамадығының 1-курс студенттері 2019 жылы сәуір айында Алматы қаласында Аль-Фараби атындағы КазҰУ-де жоғарға оқу орындарында«Туризм» мамандығында оқитын студенттер арасындағы туризмнен ҮІІІ Республикалық «Кубок жастар» олимпиадасына қатысып қайтты. Камандалық жарысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан келген студенттер көп болды. Соның ішінде 5В090200 - «Туризм» мамадығының 1-курс студенттері «ТИГУ жастар» командасы бойынша «Самая грациозная команда» номинациясын алып қайтты. Жетекшісі кафедраның доценті Айтекова Куралай Ускенбаевна болды.

«Стандарттау және сертификаттау» және «Ветеринариялық санитария» кафедрасының студенттері түрлі кәсіби деңгейдегі іс-шараларға қатысып отырады. Мысалы 2019 жылдың 14 қараша күні «Халықаралық сапа» күніне орай студенттер ТИГУ-де Тараз қаласындағы сапаға жауап беретін мекемелер қызметкерлерімен кездесі ұйымдастырды («Казфорфат» ЖШС., «Эксперт» ЖШС, «КазИНСТ Жамбыл филиалы, «Жамбылстандарт» ЖШС және т.б.). Іс-шара барысында мекеме мамандары тарапынан түрлі мамандыққа байланысты сұрақтарға жауап бере отырып студенттер алғыс хатпен мараптталды. Студенттердің сұрақтарға жауап беру деңгейіне байланысты мекеме тарапынан студенттерді тәжірибеден өтуге шақырды. Қазіргі уақытта «Эксперт» ЖШС оқу орталығында «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша 2 студент Алпысбаева А. және Алимова Н. өндірістік практикадан өтуде, өндірістік практикадан кейін жұмысқа орналасу мәселесі қарастырылады.

 

2018-2019 жыл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО-ның Үздік оқытушысы-2019» атағын иеленетін азаматтарды анықтау бойынша республикалық байқау комиссиясының отырысы өтті. «Жаратылыстану» мамандықтар кафедрасының т.ғ.д., профессор Ж.Абдулла « ҚР ЖОО-ның үздік оқытушысы » атанды.
«Туризм және тарих» кафедрасының аға оқытушысы Шакирбаева Индира Тулегеновна «Үздік педагогы» атанды.
Саржанова Г.Ш - 2018 ж желтоқсан айында «Ыбырай Алтырсарин» атындағы төс білгісімен марапатталды.
Булекбаева К.Б - Жамбыл облысының әкімдігінің құрмет грамотасымен және Білім және ғылым министрлігің құрмет грамотасымен марапатталды.
Сейтбаев Қ.Ж., еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және оқу әдебиеттерін жазудағы көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы күміс медальмен марапатталды.
Сейтбаев Қ.Ж.- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен мен және Париж қаласы Халық аралық кітап көрмесінден «Жүзім шаруашылығы » оқулығы алтын медальмен марапатталды.
Амиров Қ- еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы қола медальмен марапатталды.
Маликтаева П.М - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d