Агрономия

5В080100-Агрономия
Академиялық дәрежесі: 5В080100 «Агрономия» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығының бакалавры.
Кәсіби қызмет саласы: ауыл шаруашылық өндірісінің әр түрлі салалары.
Кәсіби қызмет обьектілері: акционерлiк қоғамдар, өндiрiстiк кооперативтер, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер, шаруа қожалығы, жеке меншiк, жеке, ұжымдық шаруашылықтар, ауыл шаруашылығы бағытындағы әр түрлi фирмалар және басқа да ауыл шаруашылық құрылымдары.

Кәсіби қызмет түрлері:
-егіншілік шаруашылығындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі;
-өндiрiстiк-технологиялық қызмет, өсiмдiк шаруашылығында және басқа жұмыстарда ауылшаруашылық дақылдарын тиімді технология немесе қорды түнемдеу бойынша өсiруге және басқа да шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты;
-қаржылық-шаруашылық қызметі (өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірумен байланысты қаржы және еңбек қорларын есептеу);
-консультациялық қызмет, өсімдік шаруашылығы саласындағы мамандар және жұмысшылармен агрономиялық есепке алуды және консультация жүргізуге байланысты;
-тәрбиелік қызмет.

Кәсіби қызмет мазмұны:

-ауылшаруашылық дақылдарының өнiмдiлiгiн таяу араға және келешекке болжау;
-ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерi және ауруларының таралуы мен дамуын болжау және ескерту, карантиндiк қызмет көрсету;
-еңбекті қорғау және тiршiлiк қауiпсiздiгiн сақтау;
-қоршаған ортаны қорғау.

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d