«Қашықтан оқыту» факультеті

«ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ

Аязбаев Талғатбек, ф.-м.ғ.к., доцент, 1959 жылы 29 наурызда туылған. Еңбек жолдары: жұмысшы, слесарь, қатардағы жауынгер, Жамбыл педагогикалық институты, студент, физика пәнінің мұғалімі, кластан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, мектеп директоры, аға лаборант, стажер-зерттеуші, аспирантура, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің «Физика» кафедрасында аға оқытушы, Абай атындағы АлМУ-нің докторанты, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің «Физика» кафедрасының меңгерушісі, А.Ясауи атындағы ХҚТУ-университеті Тараз институты «Жаратылыстану ғылымдары» және «Педагогика» факультеттерінің деканы, «Математика және есептеу техникасы» кафедрасының доценті, ТИГУ «Жаратылыстану-гуманитарлық» факультетінің деканы, «Қашықтықтан оқыту» факультетінің деканы, «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының доценті.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі қағидалы тұжырымдары аймақтық, республикалық, шетелдік ғылыми-әдістемелік журналдар /Қазақстан, «Қазақстан жоғары мектебі», «Ізденіс»; АлМУ «Хабаршы»; Ресей, «Известия», «Письма в ЖТФ», «Неорганические материалы», «Физика твердого тела», «Журнал технической физики», «Международный журнал прикладных и фундаментальных исследований»; Европа, «European Journal of Natural History» АҚШ, «Amerіcan Іnstіtute of Physіcs», «Іnorganіc Materіals», «Ferroelectrіcs»/ мен ғылыми жинақтарда жарық көрген 150-ден астам мақалада ұсынылып, екі оқу-әдістемелік құралда, тоғыз оқу құралында, бір монографияда және үш өнертабыста (патентте) көрініс тапқан. Электронды пошта:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Факультеттің сипаттамасы мен қызметі

       Қашықтықтан оқыту - білім алушы мен педагог қызметкердің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен аралық және/немесе қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс – әрекеті процесін қарастырады.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқытудың технологияларын пайдалана отырып оқыған студенттер келесі мүмкіндіктер мен артықшылықтарға ие болады.
-бірінші (колледжден кейін) немесе екінші (үшінші) жоғары білім алу, қайта даярлаудан өту, біліктілікті арттыру;
-жеке оқу жоспары, оқу траекториясын өз бетімен жоспарлау, оқу мерзімін қысқарту;
- негізгі қызметтен қол үзбей оқу;
-уақытты және қаржыны үнемдеу.