Тарихы

«БІЛІМ» ФАКУЛЬТЕТІ

     «Білім» факультеті 2014-2015 оқу жылының 1-ші қыркүйегінен бастап құрылған. Факультет білім және гуманитарлық ғылымдар бағытындағы күндізгі нысандағы мамандықтарды даярлайды. Факультет деканы: п.ғ.к. Құрманбекова Айгүл Сауқымбекқызы еңбек өтілін Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты «Мәдениеттану» кафедрасының оқытушысы қызметінен бастап, қазіргі уақытта «Білім» факультетінің деканы қызметін атқарып келеді.

Факультеттің ПОҚ-лар құрамы

     Факультетте 70-ке жуық ПОҚ қызмет етеді, олардың арасында ғылыми атағы бар оқытушылар саны: 7 ғылым докторы, профессор, 20-дан аса ғылым кандидаты, доценттер. Сонымен қатар осы оқытушылар құрамында Республикамызға белгілі ғалымдарымыз еңбек етеді, атап айтқанда «ҚР білім беру ісінің үздігі», «ҚР үздік оқытушысы» Сарыбекова Ж.Т., «ҚР үздік оқытушысы» Карибаева А.О., Ким В.А., Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абдикеримов С.А., Ұлттық Білім академиясының академигі, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің және Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бөлеев Қ., Жамбыл облысы бойынша суретшілер одағының басшысы Сихаев А.

Факультетте даярланатын бакалавр мамандықтары:

Факультет құрамында төмендегідей бакалавр:

  • 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»;
  • 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»;
  • 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу»;
  • 5В012000 – «Кәсіптік оқыту»;
  • 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт»;
  • 5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық»;
  • 5В010300 – «Педагогика және психология»;
  • 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»;
  • 5В020500 – «Филология»;
  • 5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі».

Факультетте даярланатын магистратура мамандықтары:

  • 6М010300 – «Педагогика және психология»;
  • 6М011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі»;
  • 6М011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті».

      Факультетте – 1000-ға жуық студенттер дәріс алады. Факультетте бастауыш сыныптың мұғалімдерін, педагог, әлеуметік педагог, психологтар, шетел тілінің мамандарын (ағылшын-қытай, ағылшын-корей), қазақ тілі мен әдебиеті, филологтар, дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық, бейнелеу өнері және сызу саласындағы мамандарды даярлайды. Түлектер сәйкесінше мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінің барлық типтері, жалпы білім беретін орта мектеп жүйесі, мамандандырылған мектептер, арнайы түзету мекемелері, бастапқы кәсіби білім беру мекемелері, орта кәсіби білім беру мекемелері, орта білімнен кейін білім беру және басқару ұйымдары, сондай-ақ ғылым, баспа ісі, бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде интернет, білім беру саласындағы әкімшілік қызметтер, әлеуметтік-гуманитарлық қызметтердің басқа да салаларына жұмысқа орналаса алады.

     Факультет құрамында жоғарыда аталған мамандықтарға сәйкес дәрісханалар, зертханалар, әдістемелік кабинеттер жұмыс жасайды. Факультеттің барлық ПОҚ-ы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларда, журналдарда мақалалар жариялауда, оқу-әдістемелік құралдар, оқулықтар, электронды оқулықтар, монографиялар шығаруда, студенттерді де ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулып, әр түрлі студенттік ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға, байқауларға, сондай-ақ облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға, спартакиадаларға қатысуға және жүлделі орындарға ие болуға ықпал етуде. Студенттерге шетел тілін меңгертуде ҚХР Іле педагогикалық институтының профессоры – Абдисін Гүлнар, Оңтүстік Корея Кенгһам Университетінің оқытушысы – Ли Минджа дәріс беруде. Факультет студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша басқа ЖОО-да және шет елдерде білім алып, тәжірибеден өтуде. Атап айтқанда: Қытай халық Республикасының Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық университетінде, Қытай халық Республикасының Санжы университетінде, Оңтүстік Корей Сеул қаласындағы Пан Юн университетінде дәріс алуда.

Факультеттің мекен-жайы: Тараз қаласы, Сатпаев көшесі 1 А, № 2 оқу ғимараты.

КАФЕДРАЛАР

 

«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

      Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығы 2008 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. 2009 жылдың 1 қыркүйегінен «Педагогика» кафедрасы болып аталды. 2014 жылдың қыркүйегінде кафедра жүктемелері және жүргізілетін пәндердің көбейгендігіне байланысты кафедра «Педагогика және психология» және «Мектепке дейінгі, бастауыш, кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасы болып өзгерді.
     «Педагогика және психология» кафедрасы келесі анықтамалармен мінезделінеді: рецензиялық журналдар, ғылыми монографиялар, кітаптар, рецензиялық жинақтарда мақалалар, баяндамалар жариялау, ғылыми іс – шараларға ат салысу және ұйымдастыру, ғылыми зерттеулер. Сонымен қатар «Педагогика және психология» кафедрасы: элективті пәндер каталогын, әдістемелік нұсқаулар, жұмыс оқу бағдарламалары, тесттерді жасау, дидактикалық материалдарды әзірлеу; авторлық бағдарламаларды рецензиялау және т.б.
       Мұғалімдердің жұмысының нәтижелері ректордың бұйрығымен жыл сайын тағайындалатын конкурстық комиссиямен анықталады. Рейтингтік бағалау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия «ТИГУ-нің  үздік оқытушысы», «ТИГУ үздік кафедрасы», «ТИГУ үздік факультеті» анықтайды. Сонымен, 2015-2016 жылдары «Педагогика және психология» кафедрасы «ТИГУ-нің ең үздік кафедрасы» номинациясын жеңіп алды. 1                      
      Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының тәрбие жұмысы ТИГУ тәрбие жұмысының кешенді жоспарының негізінде жүзеге асырылады. Кураторлық - мұғалімдердің іс-әрекеттерінің бірі және студенттермен өзара әрекеттесудің біртүрі болып саналады. Кафедра «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында семинар өткізді (жастар арасындағы суицидтің алдын-алу), «Асыл Арман» қоғамдық бірлестігінің психологы Марал Хантөре қызының «Қоғамның заманауи жағдайында жастардың психологиялық бейімделуі» тақырыбына арналған «Елге сапар психологиясы» атты іс-шарасы облыстық және университеттік көлемде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша іс-шаралар өткізді.
    Кафедра меңгерушісі жыл сайынғы есептерде және рейтингісінде көрсетілетін мұғалімдердің жеке жоспарына сәйкес жоспарланған жұмыстың орындалуын талдайды.
       5В010300 «Педагогика және психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Педагогика» және «Психология» пәндері бойынша факультеттің барлық мамандықтары бойынша дәріс оқиды.O47A7718Кафедраның ғылыми бағыттары:
Кафедра 2014-2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Адамның рухани-адамгершілік тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбында баяндама жасалды. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері оқу үрдісіне енгізіледі. Кафедра 2014-2017 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. «Адамның рухани-адамгершілік тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбында баяндама жасады. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері оқу үрдісіне енгізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша келесі монографиялар жарияланды:
«Студенттер арасында этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың моральдық негіздері», «Патриоттық сана, сендіру, дүниетаным және тұлға» (әдістеме, теория және тәжірибе) 2014-2015 жж.;«Патриоттық сана, сенімділік, дүниетаным және тұлға (әдіснама, теория, тәжірибе)», «Студенттің рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастырудағы жүйелік тәсіл» (теориясы мен тәжірибесі) 2015-2016 жж.; «Студенттердің рухани-адамгершілік әл-ауқатын анықтау методологиясы» монографиясы, «Көп ұлтты ұжымның студенттерінің рухани-адамгершілік тәрбиесінің полиэтникалық принципі» (теориялық және әдістемелік аспектілер) 2017 жылы; «Жоғары оқу орындарында білім берудің қосарлы жүйесінің ерекшеліктері: Қазақстан мен Германияның тәжірибесі» монографиясы: авторы п.ғ.д., профессор Ж.Т. Сарыбекова.

 Оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдар: авторы п.ғ.д., профессор Ж.Т. Сарыбекова
 «Қыздар тәрбиесі», «Болашақ мамандарды қыз тәрбиесін үйымдастыруға даярлау әдістері (әдістемелік құралы)», «Бүгінгі патриоттық тәрбиенің көкейкесті мәселелері», «Қыздар тәрбиесін ұйымдастыру», «Қазақ ойшылдардың еңбектеріндегі қыздар тәрбиесі», «Қыздар тәрбиелеудің дәстүрлі әдістері (студентерге арналған оқу-әдістемелік кешен)»,«Қазақ халқының дәстүрлі тәрбие түрлері арқылы қыздарды тәрбиелеу тұжырымдамасы», «Қазақ қызының психологиясы», «Қыз ғұмыр»,  
«Концепция воспитания девочек посредством традиционных форм воспитания казахского народа», «Concept of girls upbringing through traditional forms of the Kazakh peoples upbringing»

 

Магистратура мамандықтары үшін

 

Кафедра

                                                             ФИЛОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫElubaeva Rahat

Кафедраның меңгерушісі: Елубаева Рахат Сайлаубекқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
     Р.С.Елубаева 1997 жылы Жамбыл педагогикалық институтын үздік аяқтап, 1997-2000 жылдар аралығында ТарМУ-да аспирантураның күндізгі бөлімінде білім алып, 2000 жылы ғылыми кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғады. 2000-2004 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында доцент міндетін атқарушы қызметін, 2004-2008 жылдар аралығында А. Яссауи атындағы ХҚТУ ТИ «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2008 жылдан Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Филология» кафедрасының меңгерушісі.
    Бүгінгі таңға дейін Рахат Сайлаубекқызының 70-тен аса ғылыми, оқу-әдістемелік және әдеби-шығармашылық еңбектері жарық көрген. Оның ішінде 1 монография, 2 оқу құралы, 10-нан аса оқу-әдістемелік құралдар мен нұсқаулардың, 60-тан аса ғылыми мақалалардың авторы.

     Кафедра тарихы:
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің жаңадан ашылуына байланысты 2008-2009 оқу жылында университет ішінде «Тілдер» кафедрасы құрылды. Ал 2009-2010 оқу жылында университет құрылымындағы өзгерістерге байланысты «Қазақ тілі мен әдебиеті», 2010-2011 оқу жылында «Филология» кафедрасы болып қайта құрылды.
    Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы:
Қазіргі таңда, кафедра құрамында 2 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 2 магистр оқытушы, 1 оператор қызмет атқарады.
    Кафедрада дайындалатын мамандықтар тізімі:
«Филология» кафедрасы: «5В011700–Қазақ тілі мен әдебиеті», «5В020500–Филология» мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Мамандар дайындау күндізгі және сырттай оқыту түрлері арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, 2008 жылдан бастап кафедрада «6N0117–Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистрлер даярлау жұмысы жүргізіліп келеді.
Кафедраның ғылыми бағыты: Кафедраның оқытушылары «Филология ғылымдарының өзекті мәселесі» бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
    Кафедраның жетістіктері:
«Филология» кафедрасында республикаға танымал белгілі ғалымдар жұмыс істейді. Кафедраның профессор-оқытушылары жоғары импакт-фактор көрсеткішіне ие халықаралық басылымдарда, халықаралық конференцияларда, алыс шетелде, ТМД өткізілген конференцияларға, республикалық конференцияларда, облыстық, республикалық журналдарда мақала жариялап отырады. Атап айтқанда, Е.Б. Саурықовтың «International journal Languages and Linguistics   30 october   2014, The International Symposium on Silk Roud Economic Belt     Collected papers», А. Кәрібаеваның Канадада «The 10th International Conference on European Science and Technology», Р.С.Елубаева мен Қ.Ө.Тамабаеваның «Sh. Murtasa’s publicity and sayings are about independence» мақаласы жарық көрсе, кафедраның профессор-оқытушылары құрамының 6 монографиясы, 17 оқулығы, 16 оқу құралы, 16 сөздік, 2 хрестоматия, 17 оқу- әдістемелік құралы, 15 оқу бағдарламасының, 613 ғылыми мақалалары ғылыми айналымда.
«Филология» кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Е.Б.Саурықов 2005 жылы ҚР Президентінің алғыс хатымен, 2007 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігінің алғыс хатымен марапатталса, 2014 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының құрметті азаматы, 2015 жылы ҚР Білім беру ісінің үздігі атағын, 2016 жылы ҚР Ерен еңбегі медалін иеленді. Кафедра доценті А.Ө.Кәрібаева 2009 жылы ЖОО Үздік оқытушысы грантының иегері, 2012 жылы Аймақтық менеджмент академиясының профессоры және корреспондент-мүшесі атағын алды. Жазушылар Одағының мүшесі, кафедра доценті М.Әбілов 2013 жылы, кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Р.С.Елубаева 2014 жылы Аймақтық менеджмент академиясының профессоры атағын иеленді. 2013 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 5 жыл толуына байланысты кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Р.С.Елубаева, ф.ғ.к., доцент А.Бельботаев, ф.ғ.к., доцент Қ.Тамабаева, ф.ғ.к., доцент Э.К.Пертаева медальмен марапатталды. 2014 жылы п.ғ.к. доцент Р.С.Елубаева облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының алғыс хатымен марапатталды.       
   Кафедра оқытушыларының біліктілігін көтеру: Сонымен бірге кафедраның профессор-оқытушылары заманға сай инновациялық жаңалықтардан қол үзбеу мақсатында біліктіліктілігін жоғарылату курстарына қатысып отырады. Атап айтқанда, Е.Б.Саурықов 2005 ж ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының сертификаті иегері,2006 ж ҚР БЖҒМ министр Б.Әйтімовадан берілген сертификаті иегері,2010 ж ҚР БЖҒМ «Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы» РМҚК сертификаті иегері, кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Р.С.Елубаева, ф.ғ.к., доцент Р.А.Беркенова АИС «Платон» (Platonus) қолданушының толық курсын өтіп, квалификациялық емтиханды тапсырды. Р.С.Елубаева Heilbronn университеті мен М.Х.Дулати ат. мемлекеттік университеті біріктіріп өткізген семинар-тренингке қатысты. Беркенова Р. "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалында Elsevier жетекшілігімен өткен семинарға қатысып, біліктілігін жоғарылатты.
Әріптестік туралы кафедраның жасасқан келісім-шарттары: Кафедраның жетекші профессорлары мен доценттері облыстардағы университеттермен, мектептермен ғылыми-әдістемелік байланыс жасап, теориялық курстардан лекция оқиды, аспиранттар мен ізденушілердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасайды, мектеп мұғалімдеріне ғылыми-теориялық және әдістемелік ақыл-кеңестер береді. Кафедра ұжымы Қырғызстан Республикасының Чу университетімен, Қырғызстан Республикасының Әлеуметтік даму және кәсіпкерлік институтымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен, Көкшетау қаласының «Көкше» академиясымен, Тараз қаласының № 36, № 38, №55 орта мектептерімен тығыз әріптестік байланыста.
Мекен-жайы: Сатпаева к-сі, 1А
Тел: 87262 -42-60-26
e-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.      

 

 ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

Кафедра

                                                   ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ  КАФЕДРАСЫ

      2017 жылы құрылған «Шетел тілдері» кафедрасы  Тараз  инновациялық-гуманитарлық университетінің жаңа кафедраларының бірі болып табылады. 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кафедра меңгерушісі - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Құлжанбекова Ғалия  Құдіретқызы. Жаңа оқу жылынан бастап кафедраның профессор оқытушылар құрамы 20-дан астам мамандықтарға және жоғары кәсіби білім беру мамандықтары бойынша студенттерге шетел тілін үйретеді.IMGКафедраның негізгі мақсаты:
      Жалпы кафедраның жұмысы «шетел тілін оқытудың әлем бойынша қолданатын алдыңғы қатарлы әдістерін қолдана отырып оқу процесін жандандыруға бағытталған». Осы мақсатпен барлық оқытушылар әдістемелік деңгейлерін жақсарту мақсатымен жыл сайын тіл ұстанушылар өткізетін халықаралық семинарларға қатысты, соның нәтижесінде тілдік шеберліктерін ұштады.
Кафедраның мақсаты - заманауи инновациялық технологияларды қолдана отырып студенттердің коммуникативтік және кәсіби біліктіліктерін дамыту. Кафедраның негізгі бағыты - "студенттердің лингвистикалық, социолингвистикалық, дискурсивтік, социо-мәдениеттік, әлеуметтік-стратегиялық компоненттерге негізделген шеттілдік  коммуникативтік біліктіліктерін дамыту.
Кафедрада 13 оқытушы (2 педагогика ғылымының кандидаты, 1 профессор, 5 магистр, 5 оқытушы)
      -Ким Владимир Александрович
Кафедраның құрылымы туралы ережелер
Кафедра келесі қызметтерді атқарады:
      -Кафедраға бекітілген мамандықтар бағытына арналған кәсіптік білім беру бағдарламаларын (КББ) ұйымдастыру мен қалыптастыруды бақылау;
      -Әртүрлі бағыттар мен мамандықтар бойынша КББ-ын тарату және ұйымдастыру;
      -студенттердің тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
      -ПОҚ штатының құрылуы;
    -кафедра жұмысын, оқу процесін, және ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ететін нормативтік-әдістемелік материалдарды дайындау мен шығаруға жетекшілік ету;
      -күнтізбелік оқу графигінің орындалуын, сабақ кестесін, емтихандар мен сынақтардың орындалуын қадағалау;
     -үлгерім есебін, студенттердің сабаққа қатысуын, және оның нәтижесін эдвайзерлер арқылы ұйымдастыру;
      -студенттердің кәсіптік практикасын ұйымдастыру және қадағалау;
      -факультеттің бітіруші студенттерінің жұмысқа орналасуына көмектесуді ұйымдастыру;
      -ПОҚ-ның біліктілікті көтеруін қадағалау;
      -сапа менеджменті жүйесінің енгізілуі мен қызмет атқаруын ұйымдастыру;
Кафедраның жауапкершілігі қызметкерлер жауапкершілігінің нәтижесінде іске асады. Сонымен бірге әр қызметкердің жауапкершілігі оған берілген міндеттерге байланысты болады.
Мемлекеттiк лицензия негiзiнде - кафедрада келесi бағыты бойынша мамандарды дайындайды:
1.5В011900 - «Шетел тілі: екі шетел тілі»
      -ағылшын-қытай бөлімі
      -ағылшын-кәріс бөлімі
Ағылшын тiлiнде сабақ беретін ПОҚ саны 80% құрайды. Кафедраның барлық оқытушылары базалық білімі бар, және үш тiлді меңгерген. Оқу бағдарламаларының жаңа үлгілері, cтуденттер үшiн силлабустар жасалған, лекторлардың оқу құралы дайындалған. Университеттің  «Шетел тілдері» кафедрасының қызметкері, педагогика ғылымдарының  докторы, аймақтық менеджмент академиясының академигі, профессор Владимир Александрович Ким Ресей жаратылыстану Академиясының (ғалымдар, оқытушылар мен мамандардың халықаралық қауымдастығы) білім алушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесін айқындау әдістемесі туралы тәжірибелік сертификатын алды.

 

 

 

 

Кафедра туралы

         «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ» кафедрасыdeneshinik

     Кафедра 2009 жылы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі қызметін Сулейменова Т.Н. атқарды. Келесі кезекте кафедраны: phd Мадалиева Э.Б., Уралбеков А.А., м.ғ.д, профессор Куралбаев К.Б., phd Ходжагельдиева З.М. басқарған және қазіргі кезде кафедраны т.ғ.д, профессор Немеребаев М.Н.
    Кафедраның ғылыми және тәрбиелік потенциалына үлес қосқан оқытушылар: 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша еркін күрестен СССР спорт шебері және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбдікерімов С., аға оқытушы Испанов Р.К., Урстемов Е.Б., Касымова А.Д., Уразова Г.М. және басқалар и 5В010400 - «Бастапқы әскери дайындық» полковник Ахымбеков Б.Р., аға оқытушы Ахметов Д.
     Кафедра университеттің спорт клубымен бірге оқытушылар мен студенттер дәстүрлі түрде спорт-массалық іс –шаралар өткізеді.
    Кафедрада әрдайым оқу процесін жетілдіріп отырады. Кафедрада оқытушылар біліктілігін көтеруге және ғылыми-зерттеу жұмыстарына үлкен мән беріледі. Кафедра оқытушылары көптеген монографиялар, ғылыми әдістемелер мен ғылыми мақалалар жариялаған. Жыл сайын кафедра қызметкерлері ғылыми конференцияларда қатысады. Кафедрада 14 оқытушы қызмет атқарады. Оның 4-і ғылыми дәрежелі, 4-і магистр.

Кафедра туралы

           «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ, БАСТАУЫШ, КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ»7

     Кафедраның құрылған күні – 01.09.2017ж. Кафедра Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сай 5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» 5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша магистрлар дайындайды. Оқу жұмыс жоспарына сәйкес дәріс қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Кафедрадағы ПОҚ-ы кафедрадағы оқу жұмысы, оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыс, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс, тәрбиелік жұмыстар жүргізеді. Кафедра оқытушылары студенттерді адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке, ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеуге, сонымен қатар университетте жастардың патриоттық тәрбиесіне зор көңіл бөлінеді. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасы және Қазақстан Республикасының 18.02.2011ж. «Ғылым» туралы заңын басшылыққа алады.
      Кафедраның ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмысы: «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасы» тақырыбында 1 кезең бойынша «Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру жайлы анықтау және оны жетілдірудің жолдары» кешенді ғылыми тақырыбының аясындағы зерттеулер кафедраның барлық оқытушылары аталған тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік материалдарды жинаумен және талдаумен айналысуда. Аталған тақырып № 0115 ҚР 00171 09.2013-06.2016ж. ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында тіркелген. Ғылыми ізденістің қорытындысы бойынша монографиялар жарық көрді: Ким В.А.: «Патриотическое сознание, убеждение, мировоззрение и личность (методология, теория, практика)». «Patriotic consciousness, conviction, outlook and personality(methodology, theory, practice)»2015 ж. Олардың нәтижесі оқу үрдісіне ендірілуде.
    Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылыми жұмыстар бағытында еселі қызмет етуде: оқытушылар ғылыми конференцияларға қатысады, әдістемелік құралдар мен мақалалар дайындайды, әдістемелік және ғылыми жұмыстарға рецензия береді. ПОҚ және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының есептері ТИГУ ғылым бөлімінде және кафедрада тіркелген. Университет ПОҚ мен білім алушылары айналысатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жандандыру мақсатында еліміздің, жақын және алыс шетелдердің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен ынтымақтасу, бюджеттік және жеке шаруашылық көздерінен қаржыландырылатын жобаларға қатысу, оқытушылар мен білім алушыларды ғылыми тағлымдамадан өткізу шараларын т.б. іске асыру көзделуде.
      Проблемалық және салалық зертханалар:
    «Мектепке дейінгі, бастауыш, кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасында арнайы жабдықталған кабинеттер саны – 7, оның ішінде мамандыққа байланысты жабдықталған шеберханалар мен зертханалар саны – 2: «Бейнелеу өнері және сызу» шеберханасы, «Кәсіптік оқытудың тәжірибелік» зертханасы және «Бастауыш оқытудың әдістемелері» «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» дәрістік оқу залы «Бейнелеу өнері және сызу пәндері» дәрістік оқу залы, «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» әдістемелік кабинеті.

 

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d