Кафедра туралы

         «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ» кафедрасы

   

«Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының тарихы: «Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының негізі 2009 жылдан басталады. Оның қызметінің негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты қалпына келтіру және нығайту, функционалдық жағдайды жақсарту, студенттерге күнделікті өмірде, оқу мен жұмыста қажетті кәсіптік және қолданбалы дағдыларды меңгерту.
«Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасы «Білім» факультетінің құрамында 2009 жылдан бері салалық мамандар дайындауды жүзеге асыруда. Кафедраның жоғары санатты профессор-оқытушылар құрамымен жабдықталуына жоғары талаптар қойылған. Бүгінгі таңда кафедрада кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор Немеребаев М.Н., медицина ғылымдарының кандидаты Г.Нурумова, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы С.Әбдікерімов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Д.Қандыбаев, Қазақстан Республикасының спорт шебері Смағанбетова А., подполковник Тұрсынбаев М., запастағы майор Үсен Б., аға оқытушылар Аманкулова К., Орымбаев А., Абдыхайранов У., Кошкинбаев С., Уразова Г., Касымова А., Перманова К., Бекбергенова М., Мусабеков С. және оқытушылар Томан Ф, Кали Б., Мейірбеков Т. еңбек етуде.
«Дене шынықтыру және спорт» және «Бастапқы әскери дайындық» мамандықтары бойынша оқытудың: күндізгі, сырттай, екінші жоғары формаларына сәйкес кафедра мамандар дайындауды іске асыруда.
Білім беру сапасы көбінесе университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкес нақтыланады. Мамандарды заманауи қажеттіліктерге сай дайындау білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес жетілдірудің қажет екенін көрсетіп отыр. Яғни, мамандарды дайындауға қойылатын талаптар, білім беру бағдарламаларын үнемі жаңартып отыруды қажет етеді.

«Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы өзінің мақсатты еңбегін іске асыру барысында студенттердің жоғары кәсіби және спорттық жетістіктерге жетуі үшін теориялық курсты оқыту деңгейін жоғарылатуды, оқу-жаттығу жиындарын өткізудің сапасына байланысты мәселелерді жақсартуды өз міндеті деп есептейді.