Кафедра

                                                             ФИЛОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Филология кафедрасының меңгерушісі - Беркенова Рабиға Ағабекқызы 29.03.1969 жылы дүниеге келген.
1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы гимназияны аяқтайды.
1988-1993 жылдары Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының «Филология» факультетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқыған.
1993-2001 жылдар аралығында Жамбыл педагогикалық институты «Қазақ әдебиеті» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеген.
2001-жылдан 2010 жылға дейін Тараз қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет істеген.
2010 жылдан бастап ТИГУ-дің Филология кафедрасында қызмет етеді. Филология ғылымдарының кандидаты.
2019-2020жыл. «Филология» кафедрасының меңгерушісі.     

Филология кафедрасының жұмысы мамандықтың мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес терең теориялық және практикалық дайындығы, мықты кәсіби білімі, іскерлік пен дағдысы бар мамандарды дайындауға бағытталған.
Білім беру қызметінің сапасын арттыру саласындағы кафедраның мақсаты – тұтынушыларды білім беру мемлекеттік стандарттарына сәйкес білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейінде оқу іс-әрекетін жүзеге асыру болып табылады.
    Кафедраның ғылыми-педагогикалық қызметі Қазақстан Республикасы үшін қазақ/орыс тілі, қазақ/орыс әдебиетін және түркітану салаларын оқыту әдістері шеңберіндегі мамандарды дайындауға бағытталған.
   Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы қазіргі уақытта жоғары кәсіби білім беру саласында білім беру қызметін жүзеге асырады: бакалавр, магистратура. (5В020500-Филология, 6В02301-Қазақ филологиясы, 5В011700/6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті, 6М020500/7М02301-Филология).
Филология кафедрасы бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді жұмыс істейді: кафедра оқытушыларын радио мен теледидарға бағдарламалардың қатысушылары ретінде шақырады. Кафедраның өткізілген ғылыми және қоғамдық іс-шараларының нәтижелері аудандық әрі облыстық баспа басылымдарында жарияланады.    

Бітірушілердің жұмысқа орналасуы:
      5В020500 - Филология (бакалавриат) және 6М020500 – Филология (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыру Тараз қаласы мен Жамбыл облысының қажеттіліктеріне негізделген. 3 курстан бастап, бакалавр-студенттермен, 2 курстан бастап магистрант-студенттермен аймақтық еңбек нарығында бейімделу жұмыстары жүргізілуде. Жыл сайын университетте "Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі" өткізіледі, оған әлеуетті жұмыс берушілер – қаланың мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарының өкілдері шақырылады. Облыс ұйымдары түлектер үшін қаланың және облыстың орта оқу орындарында бар бос орындар тізімін ұсынады.
Студенттердің теориялық және практикалық дайындығының жоғары деңгейі Тараз қаласы мен облыстың еңбек нарығында олардың білімдерін жүзеге асыруға ықпал етеді. "Филолог" біліктілігін алған бакалаврлар мен магистрлер білім беру саласындағы ұйымдастырушылар, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары, аудармашылар, баспасөз хатшылары, жарнама жөніндегі менеджерлер, бизнес саласындағы мамандар, корректорлар, іс қағаздарын жүргізуші және т. б. жұмыс істейді.

«Түрікше сөйлей аламын» үйірмесі.
Үйірменің мақсаты – студенттердің түрік тілін коммуникативтік қатынаста қолдан білуін қамтамасыз етіп, түрік халқының мәдениетімен таныстыру. Сонымен қатар аталмыш үйірменің төмендегідей тәрбиелік мәні бар:
Студенттің жеке әрі кәсіби қабілеттерін дамыту;
Мәдениет аралық байланысқа түсу арқылы басқа да халықтардың мәдениетімен және әлемге деген көзқарасымен танысып, оған бейімделе білуді үйрету;
Кедергілерді еңсере отырып, алдыға қойған мақсаттарға жетуге деген сенімді қалыптастыру;
Осы үйірмеде түрік тілін үйрену арқылы өзге елдердің тілі мен мәдениетіне деген қызығушылық қалыптасады.
Үйірменің қарастыратын негізгі функциялары:
ақпараттық – методикалық;
жоспарлы түрде ұйымдасу;
бақылауыштық.
Үйірменің бағдарламасы негізгі бес бағытты қамтиды:
Грамматика – студенттерді түрік тілінің грамматикасымен таныстыру;
Сөйлесім – коммуникативтік қабілетті дамыту арқылы түрік тілінде еркін сөйлесуді үйрету;
Жазылым – түрік тілінде жаза білу қабілетін дамыту;
Тыңдалым – түрік тіліндегі сөздерді түсіне білу қабілетін дамыту;
Мәдениеттану – Түрік елінің мәдениетімен таныстыу арқылы тілді үйренуге қызығушылықты дамыту.
Үйірме жетекшісі – гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы Саржаев Олжас Тілебалдыұлы.

ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

КАФЕДРА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

КАФЕДРА ЖЕТІСТІКТЕРІ 

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ (ФИЛОЛОГИЯ)

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ (ҚАЗАҚ ТІЛІ)

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ  МЕН ӘДЕБИЕТІ  (МАГИСТРАТУРА 1 ЖЫЛДЫҚ)

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ  МЕН ӘДЕБИЕТІ  (МАГИСТРАТУРА 2 ЖЫЛДЫҚ)

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (ФИЛОЛОГИЯ)

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ (ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ )

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ (МАГИСТРАТУРА) 

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (ФИЛОЛОГИЯ)

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ)

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ (МАГИСТРАТУРА)