Кәсіптік оқыту және бейнелеу кафедрасы

KOZHBK

«Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасы– 01.03.2018 жылы құрылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сай  кафедра 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу», 5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша бакалаврларды сонымен қатар 6М 012000-«Кәсіптік оқыту» (салалар бойынша) мамандығы бойынша магистрлар дайындайды. Кафедра меңгерушісі тех.ғ.д., профессор С.Ж.Баубеков басшылық жасайды. Кафедраның құрамында 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша п.ғ.к., доцент, ҚР суретшілер Одағы Жамбыл облыстық ұйымының төрағасы А.А. Сихаев, аға оқытушы, магистр С.Б.Шоколакова, аға оқытушы, магистр Р.И.Куатбекова қызмет атқарса, 5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша тех.ғ.д., профессор С.Ж.Баубеков, оқытушы, магисрт М.С.Сарсембаева және оқу шебері Р.И.Куатбекова, Г.Б.Қалымбетова кафедраның оператор қызметін атқарады.

Оқу жұмыс жоспарына сәйкес дәріс қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Кафедрадағы ПОҚ-ы кафедрадағы оқу жұмысы, оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыс, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс, тәрбиелік жұмыстар жүргізеді. Кафедра оқытушылары студенттерді адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке, ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеуге, сонымен қатар университетте жастардың патриоттық тәрбиесіне зор көңіл бөлінеді. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы 18.02.2011ж. «Ғылым» туралы заңын басшылыққа ала отырып, кафедра «Производство повседневной одежды и роботизированной швейной машины первого поколения» тақырыбында зерттеу жұмыстарын атқару үстінде.

Кафедрада арнайы жабдықталған кабинеттер мен шеберханалар саны - 6, оның ішінде мамандыққа байланысты жабдықталған шеберханалар саны - 3, дәрістік, практикалық оқу залы - 3.

logo10let

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d