Кафедра жаңалықтары

«Өлке өркениеті» атты байқау

   2018-2019 оқу жылында «Білім» факультеті бойынша «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының 5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының ұйымдастыруымен алғаш рет «Өлке өркениеті» атты байқау дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылуы қолға алынды.

Байқаудың мақсаты: Қазақстан Республикасының Президентң Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының бағдарламасы аясында Тараз инновациялық –гуманитарлық университетінің мерейлі 10-жылдығына орай «Өлке өркениеті» тақырыбында жас суретшілердің ой зердесімен, көзімен туған жердің көрікті сипатын бейнелеу, жас шеберлердің әсемдікті көркемдеп сезіне білу ерекшеліктерін танытып, олардың шығармашылық бастамасына қолдау көрсету

Байқау ережесіне сәйкес Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласынан мектеп оқушылары мен ЖОО, мен арнайы орта білім беру мекемелерінен оқушылар мен студенттер қатысты.Байқау түрлі бейнелеу өнерінің мүсін, қолданбалы қол   өнер, живопись, графика түрлерінен өтті. Байқауға қатысқан жас талантты қатысушылар жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.Сонымен қатар орынға ілікпеген қатысушылар сертификаттарға ие болды. Жас суретшілерді дайындаған жетекші ұстаздарға сертификаттар берілді.

 1.1 1.2

 1.3 1.4

 

Дүниежүзі қазақ жастарының І форумын Тараз қаласында ұйымдастыру және өткізу туралы

           Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша топ студенттерімен Тараз қаласының театрлары мен мәдени мұраларға және көрме залдарына барып студенттер үнемі эстетикалық мәдениетін көтеріп отырады. Сонымен қатар олар жергілікті суретшілер мен мүсіншілердің, қол өнер шеберлерінің жұмыстарымен танысып отыруды әдетке айналдырған. Мысалы; Облыстық көрме залында В.Тян,. М Краптың арнайы көрмесі ұйымдастырылды, онда студенттер суретшінің шығармашылығымен, жұмыс техникасымен танысты. Университет көлемінде ұйымдастырылған Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелер басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» және университет «АRT LIFE –Туған жерге тағзым» атты жас суретшілер байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында жергілікті жердің талапты мектеп оқушылары және 1 курс студенттері қатысып жүлделі орындар мен сертфикаттармен түрлі номинацияларға ие болды. 16 –желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Гүлдене бер менің Қазақстаным»- атты университет көлемінде көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Р. Сауқынбековтың ағаштан жасалған қол өнер туындылары қойылды олар «Жеті мүше» «Ағаш тұт», «Ваза», «Жалын», «Екеу», «Декоративті композиция -2015ж., «Композиция», «Үкі» т.с.с.   және Тәуелсіздік мерекесіне арналған көрмеге студенттер өз жұмыстарын қойып көрсетті.

Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл облыстық көрме залында Фатима Таразидің графика саласы бойынша шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтуіне байланысты студенттер көрмеге қатысып өз шығармашылығын дамытуға байланысты тәжірибе алды. Студенттер үнемі Жамбыл облысының сәулет, мүсін, қол өнер т.с.с. өнерінің көркем туындыларымен таныстырылып отырады.

2.1 2.3

 2.2 2.6

 

logo10let

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d