«Қаржы-есеп» кафедрасы

КАФЕДРА ТАРИХЫ

 «Қаржы және есеп» кафедрасы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Экономика және құқұқ» факультетінің алдыңғы қатарлы кафедрасы және оқу-ғылыми құрылымдық бөлігі болып табылады. Кафедра 2008 жылы университеттің құрылуымен құрылған 2012 жылы кафедра «Экономика және басқару» кафедрасымен біріктірілді, 2013 жылдан бастап қайта бөлінді.

«Қаржы және есеп» кафедрасы жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім берудің келесідей деңгейлер бойынша дайындық жүргізеді:

Бакалавриат

5В050900 «Қаржы»

Бакалавриат

5В050800

«Есеп және аудит»

«Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесін беруімен

«Экономика және бизнес бакалавры» академиялық дәрежесін беруімен

Магистратура

6М050900 «Қаржы»

Бейіндік бағыты «Экономика және бизнес магистрі» академиялық дәрежесін беруімен
Ғылыми-педагогикалық бағыты «Экономика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін беруімен

 «ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» КАФЕДРАСЫМЕН БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ БОЙЫНША МАМАНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ

 «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтар бойынша дайындық ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде орыс және қазақ тілдерінде, күндізгі және сырттай оқу нысаны жалпы, жалпы орташа, жоғары білім беру негізінде жүргізіледі.

Оқудың нормативтік ұзақтылығы:

  1. өндірістен бөлінуімен - бакалавриат  – 4 жыл.
  2. өндірістен бөлінбей – 2 жыл (ЖОО-дан кейін),
  3. 3 жыл (ОКБ -нен кейін).

Академиялық дәрежесіэкономика және бизнес бакалавры

«Қаржы және есеп» кафедрасы - 5B050900 «Қаржы», 5В050800 - "Есеп және аудит" мамандықтары бойынша және 6М050900 - «Қаржы» магистратурасы бойынша (ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағытта) мамандар дайындайды.

МАМАНДЫҚ АТАУЫ: 5В050800 - "Есеп және аудит"

  • Біліктілік: 5В050800 - «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры.
  • Оқу мерзімі: 4 жыл.
  • Оқу нысаны: күндізгі.
  • 4-пән: география.

Білімді қолдану облысының қысқаша сипаттамасы

Қазіргі уақытта бухгалтер мамандығы – экономика мен қаржы саласындағы сұранысы жоғары кәсіптердің бірі. Есеп және аудит саласындағы бакалаврларды оқыту бухгалтерлік есеп пен есептілік аясындағы ақпараттардың қалыптасуының нақты қағидалары мен ережелерін түсінетін, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік аудитін жүргізудің заманауи дағдыларын меңгерген білікті бухгалтерлер мен аудиторларды дайындауға бағытталған. 

Аталған мамандық  бойынша білім алу барысында студенттер қаржылық, басқару және салық есебін ұйымдастыру, қаржылық есептілікті дайындау, қаржылық есептілікті талдау мен оның аудиті облысындағы ғылыми және тәжірибелік білімдерді игереді.

Мамандықтың артықшылықтары:

  • жұмысқа орналасудағы кең мүмкіншіліктер;
  • ақысы жоғары, тұрақты жұмыс орны; ­
  • мансап жолындағы жақсы мүмкіншіліктер.

Қазіргі уақытта бухгалтердің міндеттері өзгеріске ұшырап, ол шешуі тиісті міндеттер аясы да кеңеюде. Бухгалтер шаруашылық іс-әрекеттерін бухгалтерлік есеп шоттарына тіркейтін техникалық санақшыдан ұйым экономикасын тиімді басқаруға ықпал ететін тиімді есеп саясатын дайындайтын және жүзеге асыратын шығармашылық тұлғаға айналды.

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы

Аталған мамандық бойынша экономика және бизнес бакалаврлары ұйымдастыру-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар мен экономиканың  түрлі  салалары кәсіпорындарында шаруашылық үрдістері туралы ақпараттарды жинаудың, өңдеу мен ақпаратты ұсынудың заманауи әдістерін меңгерген, қаржылық есептілікті дайындау мен оны талдау дағдысын игерген, тәжірибеде қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен аудитті жүргізудің әртүрлі бағдарламаларын меңгерген білікті мамандар.

Еңбек нарығындағы мамандардың қандай да бір артықшылығына қарамастан, осы саладағы білікті мамандарға әрқашан да, барлық жерде сұраныс бар, себебі бірде бір ұйым тиянақты жолға қойылған бухгалтерлік есепсіз қалыпты әрекет ете алмайды. Коммерциялық және коммерциялық емес жаңа құрылымдардың тіркелуіне орай, бухгалтерлерге де сұраныс өсіп отырады. «Есеп және аудит» мамандығының түлектері қазақстандық және халықаралық компанияларда, ұлттық және жеке компанияларда, қаржы саласында бухгалтер, қаржылық кеңесші, қаржылық директор, аудитор, менеджер, қаржылық сарапшы қызметін атқара алады. Бухгалтерлік есептің қағидаларын жетік білу жеке бизнесті басқаруда да көмектеседі.

   Бағдарламаның қысқаша мазмұны

   Бағдарламаның негізін модульдік оқыту жүйесі құрайды.Негізгі модульдер – тілдік және зерттеушілік модуль, әлеуметтік-құқықтық модуль, заманауи ақпараттық технологиялар модулі, базалық экономикалық модуль, басқарушылық модуль, кәсіптік модуль. Бағдарлама шеңберінде оқу курстары шеберлік кластарымен, топтық жобалармен және компаниялардағы дәрістермен қатар жүреді. Оқу үрдісінде нақты шаруашылық субъектілерінің деректері негізінде талдау мен аудитті жүргізу, қаржылық, салықтық, басқарушылық және басқа да есептіліктерді дайындау дағдыларын дамытуға ықпал ететін тәжірибелік сабақтарға негізгі назар бөлінеді.

МАМАНДЫҚ АТАУЫ: 5B050900 - "Қаржы"

  1. Квалификациясы:"Қаржы" мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры
  2. Оқу мерзімі:4 жыл
  3. Оқу түрі:күндізгі және сырттай
  4. 4 пән: География

   Білімін қолдану саласының қысқаша сипаттамасы:

   "Қаржы" мамандығы банк ісі, қаржылық менеджмент, салық және салық салу облысында кешенді білім береді.

   Мамандықтың басты мақсаты – қазіргі Қазақстанның жағдайын ескере отырып, жоғары білікті мамандарды дайындау.Қаржыгер қазіргі заманауи уақытта ең беделді мамандықтардың қатарына кіреді. Кез-келген коммерциялық ұйымның немесе кәсіпорынның мақсаты капиталды ұлғайту болғандықтан, бұл сфераның мамандары білім деңгейіне байланысты жоғары бағаланды.

   Бұл мамандықтың түрін аяқтаған кез-келген түлек келесі қызмет түрлерін жетік меңгеруі тиіс. Олар: банктік қызмет, несие, сақтандыру, қаржылық басқару, ақша-несие айналымын реттеудің алғашқы сатысы, банктік және биржалық бизнес, кәсіби мансап үшін дайындалған ұйымдастыру және салық салу негізі, дербес жұмыс істеуге қабілетті қаржы жүйесінің мекемелерінде, ақшалай, қаржылық қатынастар саласындағы экономикалық жағдайдың дамуын болжау, қаржылық және несиелік қатынастар мен олардың кәсіби қызметінің перспективалық даму жағдайы.

   Дағдылардың қысқаша сипаттамасы:

   Біздің түлектерге банк саласында, қор биржасында, сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорлар мен басқа да қаржы институттарында жұмыс істеу үшін кең мүмкіндіктер бар. Олар  қаржы талдаушылары, инвестициялық кеңесшілер, қаржы директорлары, экономистер, банк ісі, салық органдары, сақтандыру  агенттері мен брокерлер ретінде жұмыс істей алады.

   Бағдарламаның қысқаша мазмұны:

"Қаржы "мамандығы студенттерге әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру, бухгалтерлік есепті жоспарлау тәртібі, кәсіпорынның қолма-қол ақша ағынын ұйымдастыру және басқару, инвестициялық қызмет, кәсіпорындар мен ұйымдардың және қаржы ұйымдарының қызметін ұйымдастыру бойынша білім алуға мүмкіндік береді.

Мамандығы бойынша біздің бағдарлама бәсекелестерінен біршама артықшылықтарға ие.

Біріншіден, оқу бағдарламасы мәселелі тақырыптар бойынша дәріс оқуға, өзекті мәселелерді талқылауға шақырылатын жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып дайындалған.

Екіншіден, кафедра оқытушылары жыл сайын және әлемнің озық елдерінің ЖОО-да кәсіби біліктіліктерін  жоғарылатып отырады, ол ПОҚ құрылымының біліктілік деңгейін жоғарылатуға  мүмкіндік береді.

Үшіншіден, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы үлкен тәжірибеге ие (банктерде, салық органдарында, қазынашылықта, кәсіпорында және т.б), ол қазіргі заманғы теорияның тәжірибе жүзінде қолдануын қарастыруға қарастыруға мүмкіндік береді.

«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» КАФЕДРАСЫ 6М050900 - «ҚАРЖЫ» МАГИСТРАТУРА БОЙЫНША МАМАНДАР ДАЙЫНДАЙДЫ

   Қарқын алған ғаламдық үдеріс жағдайында Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру елімізді халықаралық деңгейдегі бәсекелестікке сай адам ресурстарымен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған.
   Магистратура – көп салалы университет білімінің ажырамас жүйесінің аса бір маңызды, басым сипаттағы буыны болып табылады.

«Қаржы және есеп» кафедрасы 6М050900 - «Қаржы» магистратурасы бойынша (ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағытта) мамандар дайындайды.

   Магистратурада оқу қазақ және орыс тілдерінде (үш тілдік технология бойынша) екі бағытта жүргізіледі:

  • ғылыми-педагогикалық (оқу мерзімі 2 жыл);
  • бейіндік (оқу мерзімі 1 жыл).

 Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне магистратураға оқуға түсушілерге қойылатын талаптар:
   Магистратураға оқуға қабылдау ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 701 Қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуда кәсіби оқу бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың Типтік ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады.
   Құжаттарды қабылдау 10 шілдеден 30 шілдеге дейінгі аралықта жүргізіледі. Қабылдау емтихандары 10-20 тамыз аралығында, оқуға қабылдау 25 тамызға дейін өткізіледі.
   Тараз инно
вациялық-гуманитарлық университетіне магистратураға жоғары кәсіби білімі және «бакалавр» дәрежесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары қабылданады.
   Магистратураға оқуға түсушілер төмендегі құжаттарды өткізеді:

  1. ұйым басшысының атына жазылған өтініш;
  2. жоғары білімі жөніндегі құжаттың көшірмесі;
  3. жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуда кәсіби оқу бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың Типтік ережесінің 4 тармағында көрсетілген бағдарлама бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (болған жағдайда);
  4. кадрларды есепке алу туралы жеке парағы және еңбек өтілін растайтын құжат (еңбек өтілі барлар үшін);
  5. 3 х 4 өлшемдегі 6 фотосурет;
  6. 086-У формалы медициналық анықтама;
  7. жеке куәліктің көшірмесі;
  8. ғылыми және ғылыми - әдістемелік жұмыстарының тізімі (болған жағдайда).

   Салыстыру үшін құжаттардың көшірмесімен қоса түпнұсқа ұсынылады.
Магистратураға түсушілер шет тілі (өз қалауымен) және мамандық бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады. Үміткерлер шет тілдері бойынша қабылдау емтихандарын ҚР Білім және ғылым министрлігінің тестілеуі және Ұлттық тестілеу орталығы бекіткен технология бойынша тапсырады.Тесті тапсырғаны жайлы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға шет тілі бойынша қабылдау емтиханынан босатылады.
   Магистратураға оқуға түсуші шетелдіктер мемлекеттік немесе орыс тілі (оқыту тілі) және мамандығы бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады.
Мамандық бойынша қабылдау емтиханын университеттің емтихан қабылдау комиссиясы өткізеді.Оқуға қабылдау мемлекеттік тапсырыс бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу ақысы әр жыл сайын ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.Ақылы негізде магистратураға оқуға қабылданған үміткер университетпен екіжақты келісімшартқа отырады.

«ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» КАФЕДРАСЫ МЕҢГЕРУШІСІ

Тажибаев Серик Дуйсеналиевич – экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР-ның үздік оқытушысы. 2015 ж. бастап осы уақытқа дейін Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.

Қазіргі кезде Тажибаев Серик Дуйсеналиевич университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарында белсеңді қатысады «Организация управленческого учета в Казахстане: теория, методика, внедрение» және «Проблемы и перспективы инновационного развития экономики РК» атты перспективалық тақырыптың ғылыми жетекшісі, сондай-ақ Жамбыл облысының бірнеше кәсіпорындарымен келісімшарттық жұмыстар жүргізеді, ол ЖШС «ТАРАЗ ЭЛИТА FOUDAТION AND ROOF» екі миллион бес жұс мын. тенге 2017-2018 жылдарға арналған.

Қазақстан Республикасы мен алыс шет елдердің жетекші журналдарында 200-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген, соның ішінде 20 оқулық, 15 оқу құралы, 12 монография.

Тажибаев Серик Дуйсеналиевич ғылыми жетекшілігімен 4 докторлық, 14-кандитаттық 40-ға жуық магистрлік диссертация қорғалды.

 «КАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» КАФЕДРАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ

Кафедраның ғылыми-зерттеу тақырыбы: «Проблемы и перспективы инновационного развития экономики РК». Оқытушылардың ғылыми қызметтің бірден бір көрсеткіші ғылыми конференцияларға және семинарларға қатысу болып табылады.Жалпы соңғы үш жылда ғылыми конференцияның жинақтарында 147 мақала жарияланды, жалпы көлемімен 49,7 б.т., соның ішінде ТИГУ-нің базасында 41 баяндама, 18,2 б.т. көлемімен.Шет ел конференция жинақтарында жарияланған мақала саны 18, жалпы көлемімен 5,8 б.т. (Ресей, Польша, Чехия).

«Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары және студенттер семинарларға, конференцияларға, белсенді қатысады,  халықаралық ұйымдастырулармен, институттармен, қорлармен  жүргізілген инициативті ғылыми-зерттеушілік және ҚР экономикалық жүйесінің өзекті дамуы бойынша ғылыми-практикалық қызметін, ҚР инновациялық даму бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізеді.

Кафедрада жалпы саны 50-ден астам оқулықтар, оқу құралдары және тәжірибе сабақтарын жүргізу үшін, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау үшін, өндірістік тәжірибе өту үшін пайдаланылатын әдістемелік нұсқаулар дайындалып, баспадан шығарылды. Сабақ өткізудің әдістерін жақсарту мен оқу процесінің тиімділігін жоғарылату мақсатында кафедраның барлық пәндері бойынша оқу-әдістемелік материалды үйрену үшін қажетті оқу-әдістемелік кешендер дайындалды.

Кафедраның ПОҚ жылда жарияланатын «Жылдың Үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттарға қатысады, сонымен қатар әр түрлі мемлекеттік конкурстар, университеттер арасындағы конкурстар, ғылыми жобаларға, зерттеулерге белсеңді қатысдаы.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу үдерісіне және өндіріске енгізілген.«Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтары студенттері ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысады. Кафедрада бірнеше ғылыми үйірмелер құрылған: «Қаржыгер» үйірмесінде – 25 студент, «Есепші-аудитор» үйірмесінде – 25 студент. Кафедраның профессорлық оқытушылар құрамының жетекшілігімен жыл сайын студенттер үйірме мәжілісінде өз зерттеу жұмыстарын баяндайды, жақсы деп танылған зерттеу нәтижелері студенттердің республикалық және университеттік деңгейдегі ғылыми конференцияларында баяндалып, мерзімдік басылымдарда жарық көреді. Сонымен бірге кейбір арнайы тапсырыстар бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі өндіріске енгізіледі.

5В050900 «Қаржы» мамандығы ҚР БҒМ №107бұйрығына сәйкес 1 курс студенттері оқу танысу практикасын Университетте (ТИГУ) және «Қаржы және есеп» кафедрасында өтеді. 2 курста оқу арнайы, 3 курста оқу технологиялық, 4 курста өндірістік және диплом алды практикаларын өту үшін төмендегі кәсіпорындар, мекемелер және банктермен келісім шарт жасалған.

  1. АҚ «Цеснабанк»
  2. АҚ ЖФ «Казкоммерцбанк»
  3. «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ
  4. АҚ «Қазахстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
  5. АҚ «Халықбанкі»
  6. АҚ «Казпочта»
  7. ТФ ТОО «Казфосфат»
  8. ММК «Тараз-су»
  9. АҚ «Fortebank»
  10. ТОО «ТАРАЗ ЭЛИТА FOUPATION and ROOF»
  11. ТОО «Томирис»
  12. АО «Нұрбанк»
  13. АО «АТФбанк»
  14. АО «БанкЦентрКредит»

5В050800- «Есеп және аудит» мамандықтары үшін төмендегі кәсіпорындармен келісім шарт жасалған.

  1. КММ» Тараз-су»
  2. «Тиберда» ЖШС
  3. «ТеплоСтрой Азия» ЖШС
  4. ТФ ТОО «Казфосфат»
  5. «Бер-Нур –тараз» ЖШС
  6. «Әулиеата Транспасс» ЖШС
  7. НБФ «Стандарт -2007» ЖШС

ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ:

Кафедрада 1 экономика ғылымдарының докторы, профессор, 4 экономика ғылымдарының кандидаттары, доценттер, 6 ғылымдарының магистрі қызмет атқарады.

Кафедра құрамы: Тажибаев С.Д. – э.ғ.д., профессор; Жумадильдаев М - э.ғ.к., доцент, Жакашев Б.Р.- э.ғ.к., доцент; Үрістенбекова Б.Ү. – э.ғ.к., доцент; Тастанбекова Қ. Н. -- э.ғ.к.,

Елешева Д.Н. – экономика ғылымдарының магистрі, Дуйсембиева А.Е. – экономика ғылымдарының магистрі, Омарова Г.Б.- экономика ғылымдарының магистрі, Саркулова Ж.- экономика ғылымдарының магистрі, Алимкулова Ш.И. – аға оқытушы.

КАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» КАФЕДРАСЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:

Кафедраның ғылыми-зерттеу тақырыбы: «Проблемы и перспективы инновационного развития экономики РК». Оқытушылардың ғылыми қызметтің бірден бір көрсеткіші ғылыми конференцияларға және семинарларға қатысу болып табылады.Жалпы соңғы үш жылда ғылыми конференцияның жинақтарында 147 мақала жарияланды, жалпы көлемімен 49,7 б.т., соның ішінде ТИГУ-нің базасында 41 баяндама, 18,2 б.т. көлемімен.Шет ел конференция жинақтарында жарияланған мақала саны 18, жалпы көлемімен 5,8 б.т. (Ресей, Польша, Чехия).

«Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары және студенттер семинарларға, конференцияларға, белсенді қатысады,  халықаралық ұйымдастырулармен, институттармен, қорлармен  жүргізілген инициативті ғылыми-зерттеушілік және ҚР экономикалық жүйесінің өзекті дамуы бойынша ғылыми-практикалық қызметін, ҚР инновациялық даму бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізеді.

Кафедрада жалпы саны 50-ден астам оқулықтар, оқу құралдары және тәжірибе сабақтарын жүргізу үшін, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау үшін, өндірістік тәжірибе өту үшін пайдаланылатын әдістемелік нұсқаулар дайындалып, баспадан шығарылды. Сабақ өткізудің әдістерін жақсарту мен оқу процесінің тиімділігін жоғарылату мақсатында кафедраның барлық пәндері бойынша оқу-әдістемелік материалды үйрену үшін қажетті оқу-әдістемелік кешендер дайындалды.

Кафедраның ПОҚ жылда жарияланатын «Жылдың Үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттарға қатысады, сонымен қатар әр түрлі мемлекеттік конкурстар, университеттер арасындағы конкурстар, ғылыми жобаларға, зерттеулерге белсеңді қатысады.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу үдерісіне және өндіріске енгізілген.

«Қаржы» және «Есеп және аудит» мамандықтары студенттері ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысады. Кафедрада бірнеше ғылыми үйірмелер құрылған: «Қаржыгер» үйірмесінде – 25 студент, «Есепші-аудитор» үйірмесінде – 25 студент. Кафедраның профессорлық оқытушылар құрамының жетекшілігімен жыл сайын студенттер үйірме мәжілісінде өз зерттеу жұмыстарын баяндайды, жақсы деп танылған зерттеу нәтижелері студенттердің республикалық және университеттік деңгейдегі ғылыми конференцияларында баяндалып, мерзімдік басылымдарда жарық көреді. Сонымен бірге кейбір арнайы тапсырыстар бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі өндіріске енгізіледі.

ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ КАФЕДРАНЫҢ ЖАСАҒАН КЕЛІСІМ-ШАРТТАРЫ:

Кафедраның халықаралық қызметі келесідегідей бағыттарда жүргізіледі:
- «Научные основы обеспечения механизма инновационного развития рынка логистических услуг Казахстана»,

Кафедрамен шетелдік әріптеспен Н.Баласагын атындағы Қырғыз Ұлттық университетімен келісім-шарт жасалған, Бишкек қ.

Кафедрамен студенттер және магистранттар өндірістік тәжірибе өту үшін қаламыздың және облысымыздың коммерциялық банктерімен, Салық Департаменттерімен, кәсіпорындарымен, Қаржы бөлімдерімен, Сақтандыру компанияларымен, Зейнетақы қорлармен келісім-шарттар жасалған.

 Структура модульной образовательной программы