ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР

               «КАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» КАФЕДРАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ

Кафедраның ғылыми-зерттеу тақырыбы: «Проблемы и перспективы инновационного развития экономики РК». Оқытушылардың ғылыми қызметтің бірден бір көрсеткіші ғылыми конференцияларға және семинарларға қатысу болып табылады.Жалпы соңғы үш жылда ғылыми конференцияның жинақтарында 147 мақала жарияланды, жалпы көлемімен 49,7 б.т., соның ішінде ТИГУ-нің базасында 41 баяндама, 18,2 б.т. көлемімен.Шет ел конференция жинақтарында жарияланған мақала саны 18, жалпы көлемімен 5,8 б.т. (Ресей, Польша, Чехия).

«Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары және студенттер семинарларға, конференцияларға, белсенді қатысады,  халықаралық ұйымдастырулармен, институттармен, қорлармен  жүргізілген инициативті ғылыми-зерттеушілік және ҚР экономикалық жүйесінің өзекті дамуы бойынша ғылыми-практикалық қызметін, ҚР инновациялық даму бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізеді.

Кафедрада жалпы саны 50-ден астам оқулықтар, оқу құралдары және тәжірибе сабақтарын жүргізу үшін, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау үшін, өндірістік тәжірибе өту үшін пайдаланылатын әдістемелік нұсқаулар дайындалып, баспадан шығарылды. Сабақ өткізудің әдістерін жақсарту мен оқу процесінің тиімділігін жоғарылату мақсатында кафедраның барлық пәндері бойынша оқу-әдістемелік материалды үйрену үшін қажетті оқу-әдістемелік кешендер дайындалды.

Кафедраның ПОҚ жылда жарияланатын «Жылдың Үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттарға қатысады, сонымен қатар әр түрлі мемлекеттік конкурстар, университеттер арасындағы конкурстар, ғылыми жобаларға, зерттеулерге белсеңді қатысдаы.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу үдерісіне және өндіріске енгізілген.«Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтары студенттері ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысады. Кафедрада бірнеше ғылыми үйірмелер құрылған: «Қаржыгер» үйірмесінде – 25 студент, «Есепші-аудитор» үйірмесінде – 25 студент. Кафедраның профессорлық оқытушылар құрамының жетекшілігімен жыл сайын студенттер үйірме мәжілісінде өз зерттеу жұмыстарын баяндайды, жақсы деп танылған зерттеу нәтижелері студенттердің республикалық және университеттік деңгейдегі ғылыми конференцияларында баяндалып, мерзімдік басылымдарда жарық көреді. Сонымен бірге кейбір арнайы тапсырыстар бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі өндіріске енгізіледі.

5В050900 «Қаржы» мамандығы ҚР БҒМ №107бұйрығына сәйкес 1 курс студенттері оқу танысу практикасын Университетте (ТИГУ) және «Қаржы және есеп» кафедрасында өтеді. 2 курста оқу арнайы, 3 курста оқу технологиялық, 4 курста өндірістік және диплом алды практикаларын өту үшін төмендегі кәсіпорындар, мекемелер және банктермен келісім шарт жасалған.

  1. АҚ «Цеснабанк»
  2. АҚ ЖФ «Казкоммерцбанк»
  3. «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» КММ
  4. АҚ «Қазахстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»
  5. АҚ «Халықбанкі»
  6. АҚ «Казпочта»
  7. ТФ ТОО «Казфосфат»
  8. ММК «Тараз-су»
  9. АҚ «Fortebank»
  10. ТОО «ТАРАЗ ЭЛИТА FOUPATION and ROOF»
  11. ТОО «Томирис»
  12. АО «Нұрбанк»
  13. АО «АТФбанк»
  14. АО «БанкЦентрКредит»

5В050800- «Есеп және аудит» мамандықтары үшін төмендегі кәсіпорындармен келісім шарт жасалған.

  1. КММ» Тараз-су»
  2. «Тиберда» ЖШС
  3. «ТеплоСтрой Азия» ЖШС
  4. ТФ ТОО «Казфосфат»
  5. «Бер-Нур –тараз» ЖШС
  6. «Әулиеата Транспасс» ЖШС
  7. НБФ «Стандарт -2007» ЖШС