Кафедра жетістіктері

 

 

КАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» КАФЕДРАСЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:

Кафедраның ғылыми-зерттеу тақырыбы: «Проблемы и перспективы инновационного развития экономики РК». Оқытушылардың ғылыми қызметтің бірден бір көрсеткіші ғылыми конференцияларға және семинарларға қатысу болып табылады.Жалпы соңғы үш жылда ғылыми конференцияның жинақтарында 147 мақала жарияланды, жалпы көлемімен 49,7 б.т., соның ішінде ТИГУ-нің базасында 41 баяндама, 18,2 б.т. көлемімен.Шет ел конференция жинақтарында жарияланған мақала саны 18, жалпы көлемімен 5,8 б.т. (Ресей, Польша, Чехия).

«Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары және студенттер семинарларға, конференцияларға, белсенді қатысады,  халықаралық ұйымдастырулармен, институттармен, қорлармен  жүргізілген инициативті ғылыми-зерттеушілік және ҚР экономикалық жүйесінің өзекті дамуы бойынша ғылыми-практикалық қызметін, ҚР инновациялық даму бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізеді.

Кафедрада жалпы саны 50-ден астам оқулықтар, оқу құралдары және тәжірибе сабақтарын жүргізу үшін, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау үшін, өндірістік тәжірибе өту үшін пайдаланылатын әдістемелік нұсқаулар дайындалып, баспадан шығарылды. Сабақ өткізудің әдістерін жақсарту мен оқу процесінің тиімділігін жоғарылату мақсатында кафедраның барлық пәндері бойынша оқу-әдістемелік материалды үйрену үшін қажетті оқу-әдістемелік кешендер дайындалды.

Кафедраның ПОҚ жылда жарияланатын «Жылдың Үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттарға қатысады, сонымен қатар әр түрлі мемлекеттік конкурстар, университеттер арасындағы конкурстар, ғылыми жобаларға, зерттеулерге белсеңді қатысады.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу үдерісіне және өндіріске енгізілген.

«Қаржы» және «Есеп және аудит» мамандықтары студенттері ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысады. Кафедрада бірнеше ғылыми үйірмелер құрылған: «Қаржыгер» үйірмесінде – 25 студент, «Есепші-аудитор» үйірмесінде – 25 студент. Кафедраның профессорлық оқытушылар құрамының жетекшілігімен жыл сайын студенттер үйірме мәжілісінде өз зерттеу жұмыстарын баяндайды, жақсы деп танылған зерттеу нәтижелері студенттердің республикалық және университеттік деңгейдегі ғылыми конференцияларында баяндалып, мерзімдік басылымдарда жарық көреді. Сонымен бірге кейбір арнайы тапсырыстар бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі өндіріске енгізіледі.

ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ КАФЕДРАНЫҢ ЖАСАҒАН КЕЛІСІМ-ШАРТТАРЫ:

Кафедраның халықаралық қызметі келесідегідей бағыттарда жүргізіледі:
- «Научные основы обеспечения механизма инновационного развития рынка логистических услуг Казахстана»,

Кафедрамен шетелдік әріптеспен Н.Баласагын атындағы Қырғыз Ұлттық университетімен келісім-шарт жасалған, Бишкек қ.

Кафедрамен студенттер және магистранттар өндірістік тәжірибе өту үшін қаламыздың және облысымыздың коммерциялық банктерімен, Салық Департаменттерімен, кәсіпорындарымен, Қаржы бөлімдерімен, Сақтандыру компанияларымен, Зейнетақы қорлармен келісім-шарттар жасалған.

«IQ-TIGU»

«Жастар жылы» аясында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «IQ-TIGU» білім сынауға негізделген осы заманның зияткерлік білімнің үлкен табысқа, биік шыңдарға жетелейтін күш екендігін растайтын күні ойыны 10.04.2019ж. ұйымдартырылды. Ойынның негізгі мақсатты:

1. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті студенттерінің жан-жақты білім саласының жетістіктерін насихаттау;

2. Азаматтық жауапкершілігі зор, интелектісі жоғары, рухани жан-дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған және әлеуметтік бейімделген ұтқыр тұлғаны қалыптастыру мен дамыту;

3. Білімді жастарды қолдау;

4. Университетімізде зияткер жастарды шығару.

Ойын барысында 5В050800-«Есеп және аудит» мамандық студенттерінен құрылған «КӨШБАСШЫЛАР» командасы 1 орынға ие болып «ҮЗДІК КОМАНДА» атағы берілді.

«КӨШБАСШЫЛАР» командасының жетекші Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы магистр Саркулова Жанар Жақсыбайқызыyна АЛҒЫС ХАТ берілді.

iqiq1iq2 iq4iq5 iq6

«Жұлдызды турнир» пікірсайыс турнирі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдық мерейтойына орай профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер және студенттер арасында өткен «Жұлдызды турнир» пікірсайыс турнирінде үздік ойын көрсеткені үшін 5В050800-«Есеп және аудит» мамандығының УА 16-2 топ студенті Сейзадим Урсулламен «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқутышысы Ж.Ж.Саркулова ІІІ орынды дипломға және АЛҒЫС ХАТ-қа ие болды.

debatdebat1debat2

 

ОЛИМПИАДА

2019 жылдың 26 сәуір айында Алматы қаласында НАРХОЗ университетінде «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика» пәндері бойынша пәндік олипиада өткізілді. Олимпиадаға қатысуға 8 студент өтінім беріп, «Микроэкономика»  пәні бойынша ЭК 18-1 топ студенті Жолашарова Аяужан –ІІІ дәрежелі орынға ие болды. Сондай-ақ студенттермен жетекшілеріне қатысқандығы туралы СЕРТИФИКАТ пен АЛҒЫС ХАТ берілді. Атап өтетін болсақ:

  1. Фин 17-2 Камалова Алина Жарасхановна-жетекшісі «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы магистр Омарова Галия Болатбековна
  2. ЕА 17-2 Линева Оксана Николаевна  - жетекші Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы магистр Саркулова Жанар Жақсыбайқызы
  3. Қар 17-1 Сансызбаева Әлмира Талғатқызы, ЕА 17-1 Жамбылқызы Айдана - жетекшісі «Қаржы және есеп» кафедрасының э.ғ.к.,доцент Уристенбекова Баян
  4. ЭК 18-1 Қоңырбай  Болат, ЭК 18-1 Жолашарова Аяужан – жетекшісі «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы магистр Маханова Айжан Жарасқызы
  5. ЭК 17-1 Төлебекова Мейрамгул, МЖБ 17-1 Қуатбек Алия - жетекшісі «Қаржы және есеп» кафедрасының э.ғ.к.,доцент Уристенбекова Баян 

 

narhoznarhoz1narhoz2narhoz3narhoz5narhoz66

«НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» атты интеллектуалды ойыны

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы  Ұлттық валюта – теңгенің 25 жылдығын тойлауға орай, 2018 жылдың қазан айында «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойынның шарттары бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалының, екінші деңгейдегі банктердің, мемлекеттік органдардың және облыстың ірі ұйымдарының мамандары қойған экономика және қаржы саласы бойынша сұрақтарға жауап берді. Ойын барысында 5В050800-«Есеп және аудит», 5В050900-«Қаржы» мамандығынан құрылған «Қаржыгерлер» командасы бас жүлде 1 орынға ие болды. Сондай-ақ  5В050800- «Есеп және аудит» мамандығының УА 16-2 тобының студенті Сейдазим Урсулланы Жамбыл облысының Тараз филиалдарынан АҚ «БанкХаумКредит» , «Сбербанк» АҚ, «АТФбанк» АҚ-на, УА 17-2  студенті Линева Оксананы «Евразиялық банк» АҚ-на жұмысқа шақыру сертификатына ие болды. Сонымен қатар топ жетекші Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы магистр Саркулова Жанар Жақсыбайқызы  АЛҒЫС ХАТпен марапатталды.

NASC1NASC2  nasc3nasc4nasc5nasc6nasc7nasc8nasc9nasc10nasc11nasc12NASC

«БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ИННОВАЦИЯ-ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ҮЛЕСІ» атты студенттердің ХІ-ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ұйымдастырылуымен «БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ИННОВАЦИЯ-ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ҮЛЕСІ» атты студенттердің ХІ-ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 2018 ж.  4-5 желтоқсан айының 4-5 жұлдыздары аралығында өтті.

 Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Қаржы және аудит» кафедрасының 5В050800-«Есеп және аудит» мамандығының  ЕА 17-1 топ студенті Сансызбаева Альмира «Қаржы және аудит» кафедрасының  аға оқутушыcы магистр Ж.Ж.Саркулованың жетекшілігімен  «Қазақстан Республикасында инвестициялық саясаттың дамуы», сонымен қатар  «Экономика және басқару» кафедрасының 5В050100-«Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығының МЖБ 17-1 топ студенті Қуатбек Алия  «Қаржы және аудит» кафедрасының  э.ғ.к.,доцент Б.Уристинбекованың  жетекшілігімен «Банктің ресурстық потенциалының қалыптасуының тиімділігі»  атты мақалаларымен алғыс хатқа ие болды. 

konferenc konferenc1