МАМАНДЫҚ

 МАМАНДЫҚ АТАУЫ: 5В050800 - "Есеп және аудит"
    -Біліктілік: 5В050800 - «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры.
    -Оқу мерзімі: 4 жыл.
    -Оқу нысаны: күндізгі.
    -4-пән: география.
Білімді қолдану облысының қысқаша сипаттамасы
    Қазіргі уақытта бухгалтер мамандығы – экономика мен қаржы саласындағы сұранысы жоғары кәсіптердің бірі. Есеп және аудит саласындағы бакалаврларды оқыту бухгалтерлік есеп пен есептілік аясындағы ақпараттардың қалыптасуының нақты қағидалары мен ережелерін түсінетін, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік аудитін жүргізудің заманауи дағдыларын меңгерген білікті бухгалтерлер мен аудиторларды дайындауға бағытталған.
    Аталған мамандық  бойынша білім алу барысында студенттер қаржылық, басқару және салық есебін ұйымдастыру, қаржылық есептілікті дайындау, қаржылық есептілікті талдау мен оның аудиті облысындағы ғылыми және тәжірибелік білімдерді игереді.
Мамандықтың артықшылықтары:
    -жұмысқа орналасудағы кең мүмкіншіліктер;
    -ақысы жоғары, тұрақты жұмыс орны; ­
    -мансап жолындағы жақсы мүмкіншіліктер.
Қазіргі уақытта бухгалтердің міндеттері өзгеріске ұшырап, ол шешуі тиісті міндеттер аясы да кеңеюде. Бухгалтер шаруашылық іс-әрекеттерін бухгалтерлік есеп шоттарына тіркейтін техникалық санақшыдан ұйым экономикасын тиімді басқаруға ықпал ететін тиімді есеп саясатын дайындайтын және жүзеге асыратын шығармашылық тұлғаға айналды.
Дағдылардың қысқаша сипаттамасы
Аталған мамандық бойынша экономика және бизнес бакалаврлары ұйымдастыру-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар мен экономиканың  түрлі  салалары кәсіпорындарында шаруашылық үрдістері туралы ақпараттарды жинаудың, өңдеу мен ақпаратты ұсынудың заманауи әдістерін меңгерген, қаржылық есептілікті дайындау мен оны талдау дағдысын игерген, тәжірибеде қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен аудитті жүргізудің әртүрлі бағдарламаларын меңгерген білікті мамандар.
Еңбек нарығындағы мамандардың қандай да бір артықшылығына қарамастан, осы саладағы білікті мамандарға әрқашан да, барлық жерде сұраныс бар, себебі бірде бір ұйым тиянақты жолға қойылған бухгалтерлік есепсіз қалыпты әрекет ете алмайды. Коммерциялық және коммерциялық емес жаңа құрылымдардың тіркелуіне орай, бухгалтерлерге де сұраныс өсіп отырады. «Есеп және аудит» мамандығының түлектері қазақстандық және халықаралық компанияларда, ұлттық және жеке компанияларда, қаржы саласында бухгалтер, қаржылық кеңесші, қаржылық директор, аудитор, менеджер, қаржылық сарапшы қызметін атқара алады. Бухгалтерлік есептің қағидаларын жетік білу жеке бизнесті басқаруда да көмектеседі.
    Бағдарламаның қысқаша мазмұны
   Бағдарламаның негізін модульдік оқыту жүйесі құрайды.Негізгі модульдер – тілдік және зерттеушілік модуль, әлеуметтік-құқықтық модуль, заманауи ақпараттық технологиялар модулі, базалық экономикалық модуль, басқарушылық модуль, кәсіптік модуль. Бағдарлама шеңберінде оқу курстары шеберлік кластарымен, топтық жобалармен және компаниялардағы дәрістермен қатар жүреді. Оқу үрдісінде нақты шаруашылық субъектілерінің деректері негізінде талдау мен аудитті жүргізу, қаржылық, салықтық, басқарушылық және басқа да есептіліктерді дайындау дағдыларын дамытуға ықпал ететін тәжірибелік сабақтарға негізгі назар бөлінеді.

МАМАНДЫҚ АТАУЫ: 5B050900 - "Қаржы"
    -Квалификациясы:"Қаржы" мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры
    -Оқу мерзімі:4 жыл
    -Оқу түрі:күндізгі және сырттай
    -4 пән: География
   Білімін қолдану саласының қысқаша сипаттамасы:
   "Қаржы" мамандығы банк ісі, қаржылық менеджмент, салық және салық салу облысында кешенді білім береді.
   Мамандықтың басты мақсаты – қазіргі Қазақстанның жағдайын ескере отырып, жоғары білікті мамандарды дайындау.Қаржыгер қазіргі заманауи уақытта ең беделді мамандықтардың қатарына кіреді. Кез-келген коммерциялық ұйымның немесе кәсіпорынның мақсаты капиталды ұлғайту болғандықтан, бұл сфераның мамандары білім деңгейіне байланысты жоғары бағаланды.
   Бұл мамандықтың түрін аяқтаған кез-келген түлек келесі қызмет түрлерін жетік меңгеруі тиіс. Олар: банктік қызмет, несие, сақтандыру, қаржылық басқару, ақша-несие айналымын реттеудің алғашқы сатысы, банктік және биржалық бизнес, кәсіби мансап үшін дайындалған ұйымдастыру және салық салу негізі, дербес жұмыс істеуге қабілетті қаржы жүйесінің мекемелерінде, ақшалай, қаржылық қатынастар саласындағы экономикалық жағдайдың дамуын болжау, қаржылық және несиелік қатынастар мен олардың кәсіби қызметінің перспективалық даму жағдайы.
   Дағдылардың қысқаша сипаттамасы:
   Біздің түлектерге банк саласында, қор биржасында, сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорлар мен басқа да қаржы институттарында жұмыс істеу үшін кең мүмкіндіктер бар. Олар  қаржы талдаушылары, инвестициялық кеңесшілер, қаржы директорлары, экономистер, банк ісі, салық органдары, сақтандыру  агенттері мен брокерлер ретінде жұмыс істей алады.
   Бағдарламаның қысқаша мазмұны:
"Қаржы "мамандығы студенттерге әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру, бухгалтерлік есепті жоспарлау тәртібі, кәсіпорынның қолма-қол ақша ағынын ұйымдастыру және басқару, инвестициялық қызмет, кәсіпорындар мен ұйымдардың және қаржы ұйымдарының қызметін ұйымдастыру бойынша білім алуға мүмкіндік береді.
Мамандығы бойынша біздің бағдарлама бәсекелестерінен біршама артықшылықтарға ие.
Біріншіден, оқу бағдарламасы мәселелі тақырыптар бойынша дәріс оқуға, өзекті мәселелерді талқылауға шақырылатын жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып дайындалған.
Екіншіден, кафедра оқытушылары жыл сайын және әлемнің озық елдерінің ЖОО-да кәсіби біліктіліктерін  жоғарылатып отырады, ол ПОҚ құрылымының біліктілік деңгейін жоғарылатуға  мүмкіндік береді.
Үшіншіден, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы үлкен тәжірибеге ие (банктерде, салық органдарында, қазынашылықта, кәсіпорында және т.б), ол қазіргі заманғы теорияның тәжірибе жүзінде қолдануын қарастыруға қарастыруға мүмкіндік береді.
          «ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП» КАФЕДРАСЫ 6М050900 - «ҚАРЖЫ» МАГИСТРАТУРА БОЙЫНША МАМАНДАР ДАЙЫНДАЙДЫ
   Қарқын алған ғаламдық үдеріс жағдайында Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру елімізді халықаралық деңгейдегі бәсекелестікке сай адам ресурстарымен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған.
   Магистратура – көп салалы университет білімінің ажырамас жүйесінің аса бір маңызды, басым сипаттағы буыны болып табылады.
«Қаржы және есеп» кафедрасы 6М050900 - «Қаржы» магистратурасы бойынша (ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағытта) мамандар дайындайды.
   Магистратурада оқу қазақ және орыс тілдерінде (үш тілдік технология бойынша) екі бағытта жүргізіледі:
    -ғылыми-педагогикалық (оқу мерзімі 2 жыл);
    -бейіндік (оқу мерзімі 1 жыл).
 Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне магистратураға оқуға түсушілерге қойылатын талаптар:
   Магистратураға оқуға қабылдау ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 701 Қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуда кәсіби оқу бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың Типтік ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады.
   Құжаттарды қабылдау 10 шілдеден 30 шілдеге дейінгі аралықта жүргізіледі. Қабылдау емтихандары 10-20 тамыз аралығында, оқуға қабылдау 25 тамызға дейін өткізіледі.
   Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне магистратураға жоғары кәсіби білімі және «бакалавр» дәрежесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары қабылданады.
   Магистратураға оқуға түсушілер төмендегі құжаттарды өткізеді:
    -ұйым басшысының атына жазылған өтініш;
    -жоғары білімі жөніндегі құжаттың көшірмесі;
   -жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуда кәсіби оқу бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың Типтік ережесінің 4 тармағында көрсетілген бағдарлама бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (болған жағдайда);
    -кадрларды есепке алу туралы жеке парағы және еңбек өтілін растайтын құжат (еңбек өтілі барлар үшін);
    -3 х 4 өлшемдегі 6 фотосурет;
    -086-У формалы медициналық анықтама;
    -жеке куәліктің көшірмесі;
    -ғылыми және ғылыми - әдістемелік жұмыстарының тізімі (болған жағдайда).
   Салыстыру үшін құжаттардың көшірмесімен қоса түпнұсқа ұсынылады.
Магистратураға түсушілер шет тілі (өз қалауымен) және мамандық бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады. Үміткерлер шет тілдері бойынша қабылдау емтихандарын ҚР Білім және ғылым министрлігінің тестілеуі және Ұлттық тестілеу орталығы бекіткен технология бойынша тапсырады.Тесті тапсырғаны жайлы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға шет тілі бойынша қабылдау емтиханынан босатылады.
   Магистратураға оқуға түсуші шетелдіктер мемлекеттік немесе орыс тілі (оқыту тілі) және мамандығы бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады.
Мамандық бойынша қабылдау емтиханын университеттің емтихан қабылдау комиссиясы өткізеді.Оқуға қабылдау мемлекеттік тапсырыс бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу ақысы әр жыл сайын ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.Ақылы негізде магистратураға оқуға қабылданған үміткер университетпен екіжақты келісімшартқа отырады.