Кафедра

                                         «Тарих және құқық» кафедрасыkafedra        «Тарих және құқық» кафедрасы 31.08.2017 жылы құрылған. Болон үрдісі негізінде «Тарих және құқық» кафедрасы 5В011400-Тарих бакалавриат және 6М020300- Тарих магистратура мамандықтарын даярлайды.
        5В011400 - «Тарих», 6М020300 - «Тарих» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасы оқыту әдістерінің нәтижелеріне бағытталып дайындалды. Мамандықтың арнайы құзыреттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес жұмыс берушілердің, профессор-оқытушылар құрамының, бітірушілер мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары ескеріле отырып түзіліп, анықталды.
       5В011400-«Тарих», 6М020300 - «Тарих» мамандықтары бойынша білім алушыларды даярлауда білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты:
       -оқу үдерісін сапалы ұйымдастыру және педагогикалық үдерісті басқару;
    -ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру, инновациялар жобалау және сынақтан өткізу, тарихи құбылыстарды талдай және жүйелей білу;
      -жоғары оқу орындарында, техникалық және кәсіптік оқу орындарында сабақтар жүргізу, өз кәсіби қызметінде әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың әдістерін пайдалану;
    -нормативтік құжаттаманы білікті пайдалану, өз пәндік саласында инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқу-тәрбиелеу үдерісіне өз пәндік саласындағы инновацияларды енгізу нәтижелерін талдау және бағалау;
     -сараптамалық және әдістемелік жұмыс жүргізу, ғылыми-зерттеу және оқу-тәрбиелеу мәселелерін шешуде сын және шығармашылық тұрғысынан ойлау дағдыларын меңгеру.
5В011400 - «Тарих», 6М020300 - «Тарих» мамандықтары шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды, қазіргі таңдағы заманауи педагогикалық-тәрбиелік, инновациялық және креативті технологияларды меңгеруді қамтамасыз ету.
5В011400 - «Тарих» мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлауда білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты:
      -Бакалавр бағдарламасы, ең алдымен, таңдалған ғылым саласында толыққанды білім мен дағдыларды алуға даяр кәсіби кадрларды практикалық қызметке дайындау;
        -толыққанды және сапалы жоғары базалық білім беру, тарих ғылымы саласындағы және мектепте тарихты оқытуда біліктілігін жетілдіру;
     -оқытудың жаңа технологияларын, компьютерлік сауаттылықты арттыру, жеке өзіндік оқу бағдарламасын таңдау, келесі жоғары ғылыми-педагогикалық деңгейдегі білімді алу үшін оқуды жалғастыруға жағдай жасау;
        -зерттеушілік дағдыға ие және өзіндік зерттеушілік жұмыстарды (бітіру жұмыстарын) орындауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
5B011400– «Тарих» мамандығы шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеруді қамтамасыз ету.
Педагогикалық практика базалары:
    1.№ 12 мектеп- гимназиясы Тараз қ.
    2.№ 26 орта мектеп Тараз қ.
    3.№ 43 орта мектеп Тараз қ.
    4.№ 48 орта мектеп Тараз қ.
    5.№ 54 орта мектеп Тараз қ.
    Мұражайлық практика өтілу базасы: Облыстық тарихи- өлкетану мұражайы
    Мұрағаттық практика өтілу базасы: Тараз қаласының Мемлекеттік мұрағаты
    Археологиялық практика өтілу базасы: Тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы
    Диплом алдындағы тәжірибесі: Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің «Тарих және құқық» кафедрасында  
                                  Біліктілік арттыру курстары
      Біліктілік арттыру курстарын өткен оқытушылар: Иса Марал Суратовна, Шакирбаева Индира Тулегеновна, Мырзапайзова Гульшат Уразбековна, Сабырулы Абылхайыр, Алимбекова Мира Амангельдина, Мирзаева Майра Булегеновна, Бекбаев Галымжан Сейсенбаевич, Қыздарбекова Айганым Елеусизовна, Бозжигитов Алиби Койжанович.