«ҚҰҚЫҚТАНУ» кафедрасы

AskarbekkiziАСҚАРБЕКҚЫЗЫ НАЗИРА
Кафедра меңгерушісі, з.ғ.к., д.м.а
Байланыс телефоны: 8 (7262) 54-11-24
E-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 69 «Б»., 1.205 каб

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының мұрагері құқығында заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облыстық әділет басқармасында 2008 жылдың 12 маусымында (№ 10485-1919-У-е) тіркелген.
      Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың 1 шілдесіндегі № 804 бұйрығымен университет 2008-2009 оқу жылынан бастап өз қызметін жүргізіп келеді. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті 27 бакалавр және 10 магистратура мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін АБ № 006458 нөмірлі мемлекеттік лицензиясын 2009 жылдың 18 мамырында алды.    
2009-шы жылдан бастап «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі болып з.ғ.к  Асқарбекқызы Назира қызмет атқарады. 2013 жылы Аймақтық менеджмент академиясының профессоры атағын алған.
     Бүгінгі күнге дейін ғылыми мақалалар саны: 20 ға жуық. Оның ішінде ЖАК журналдарына жарияланған және 2015 жылдың 1 қарашасында импакт фактор Asian Social ; Vol:11 No 26; 2015 ISSN 1911-2017 E-ISSN 1911-2025 Published by Canadian Center of Science and Education журналында жарық көрді. Біліктілікті жоғарылату бойынша: 7 сертификатқа ие. Марапаттар:  Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің 5 жылдығына арналған университеттің дамуына қосқан үлесі үшін медаль. 2017 жылы «Дәстүрлі қазақ құқық жүйесіндегі қағидаттар» атты монография жарыққа шықты. Монография нәтижесі оқу процесіне енгізіліп «ҚР мемлекет және құқық тарихы» пәнінің лекциялары толықтырылды. Жалпы еңбек өтілі 12 жылды құрайды.
   «Құқықтану» кафедрасы 5В030100-құқықтану мамандығы бойынша білім беріп, мамандарды даярлайды. Сапалы білім берудің кепілі – университет оқытушыларының біліктілігінде. «Құқықтану» мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаттары, PhD, доценттер, доцент міндетін атқарушылар, магистрлер және білікті заңгерлер, құқық қорғау органдары саласында жұмыс атқарған тәжірибелі судьялар, криминалисттер және өзге де мамандар қызмет етеді.
     «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары жоғары кәсіби қабілеттілігімен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар, біздің оқытушылар студенттерге адамгершілік, ізгілік, мейірім тұрғысынан қарым-қатынас жасайды. Құқықтану мамандығы бойынша оқып жүрген студенттеріміз, күнделікті барлық заң пәндері бойынша дәріс тыңдап, өз ойларын білдіріп, саяси пікір қалыптастырып, кітапхана мен интернет жүйесінен мағлұмат алып, білім алуда. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің бекіткен стандарттарына сай университетімізде білім беру кредиттік технология бойынша жүргізіледі. Әлем бойынша қолданылатын бұл жүйе студентті тұлға ретінде ашуға бағытталған. Болашақ заңгерлікті үйренуші студенттеріміз «ҚР-ның Қылмыстық құқығы», «ҚР-ның Азаматтық құқығы», «ҚР-ның Азаматтық іс жүргізу құқығы», «ҚР-ның Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Криминалистика» және т.б. құқықтану мамандығының пәндері бойынша дәріс сабақтарын, тәжірибе сабақтарын, семинар сабақтарын өтеді. Сонымен қатар, студентке өз қалауы бойынша таңдаған пәнді оқуға мүмкіндік беріледі. Мемлекеттік қызмет, құқық қорғау органдарымен екі жақты келісім щартқа сәйкес студенттеріміз соттарда, прокуратурада, әділет органдарында, ішкі істер және т.б органдарында практикадан өтеді.

IMG 7141

2017-2018 оқу жылынан бастап теория мен практиканы ұштастыру мақсатында Жамбыл облыстық соты мен ЖОО арасында екі жақты келісім шартқа қол қойылып, аталмыш мекемеде кафедра филиалы ашылды. Студенттер аптаның 1 күнін сол кафедра филиалында сабақты өтеді. Жамбыл облыстық Криминалистикалық басқармамен байланыс орнатылып, ол жерде де «Құқықтану» кафедрасының филиалы ашылып екі жақты келісім шартқа отырды. Криминалистика пәні бойынша лекция, практика, лабораториялық сабақтары сол жерде өтіледі.

«Құқықтану» кафедрасында «Болашақ заңгер» атты үйірме жұмыс істейді. Бұл үйірменің маңыздылығы студенттердің ғылыми жұмыстармен, зерттеу жүргізуге үлесін қосады. Студенттерге теорияны практикамен ұштастыру маңыздылығын арттыру мақсатында әр аптаның сейсенбі және сәрсенбі күндері Жамбыл обылысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында практикалық, тәжірибелік сабақтарды өтеді. Бұл болашақ заңгерлердің сапалы маман болып шығуына өз үлесін тигізеді.
      Кафедрада академиялық ұтқырлықты жетілдіру мақсатында республикамыздың жоғары оқу орындармен байланыс жасауды, кадрлар біліктігін арттыру жұмыстары және ғылыми-өндірістік қызметті жетілдіру жолдары дұрыс жолға қойылған.
      «Құқықтану» кафедрасының барлық профессорлық оқытушылық құрамы түгелдей дерлік университеттің барлық  іс-шараларына белсенді түрде ат салысуда. Атап айтқанда: спорттық іс шаралар, жиналыстар, конференциялар, кәсіби бағдар беру жұмыстары  т.б.
         Кафедра 2010 жылдан бастап құқық магистірлерін дайындайды.


КАФЕДРА КЕЛЕСІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БАКАЛАВР ЖӘНЕ МАГИСТР МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАЙДЫ:

5В030100  - Құқықтану (бакалавр)
6М030100 - Құқықтану  (магистратура)

КАФЕДРА ҚҰРАМЫ

КАФЕДРА ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

 

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

logopromishrevol kaz

logo 3d