Кафедра

                    АҚПАРАТТЫ КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ

IMG 20181105 125057

Кафедра туралы:

 «Ақпаратты - коммуникативтік технологиялар»кафедрасы 5В070400- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және 5В060200-«Информатика» мамандықтарын даярлайды. 

Кафедра мамандықтарының  білім бағдарламаларының негізгі мақсаты - заманауи есептеу техникасы және бағдарламалық қамтама саласында бәсекеге қабілетті, жаңаша ойлайтын және отансүйгіштік тәрбие алған, комплексті есеп, талдау жүргізе алатын, өндірістің, шаруашылықтың, экономиканың, әлеуметтің, басқару жұмысының барлық салаларында, ғылымда, техникада, білімде, өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті ғылыми көлемді бағдарламалық қамтамасыз ете алатын мамандарды дайындап шығару болып табылады.

Кафедра мамандықтарының студеттері ойын, мобильдік немесе веб-қосымшаларын әзірлеу, 3Д модельдеу, ақпараттарды сараптау немесе жасанды интеллект секілді ақпараттық технологиялар саласындағы түрлі жаңашылдықтармен танысады.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы университет мамандықтарының студенттеріне «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» пәнінен қазақ- орыс-ағылшын  тілдерінде дәріс береді.

Бітіруші «5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары: есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданатын және іске қосатын, өңдейтін мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.

Бітіруші «5В060200 –Информатика» мамандығы бойынша жаратылыстану бакалаврының кәсіби қызметінің нысандары: жобалау және ғылыми зерттеу институттар,  басқару органдары, ақпараттық технологиялар  департаменті,  қаржылық ұйымдар, бизнес-структуралар, білім беру мекемелері, оқу орындары, өнеркәсіптік өңдірістер.

«Ақпаратты - коммуникативтік технологиялар» кафедрасында компьютерлік сыныптар мен оқу зертханаларының саны жеткілікті: «Программалау» зертханасы, «Компьютерлік желілер» зертханасы, «Деректер қоры» зертханасы, «Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және архитектур» зертханасы және  барлық зетханалар қажетті жабдықтармен жабдықталған.

                    Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 13 академиялық топта кураторлық жұмыс жүргізеді.

Профессор-оқытушылар құрамы:

  1. Онгарбаева М.Б. - п.ғ.к., кафедра меңгерушісі;
  2. Аязбаев Т.Л.- ф-м.ғ.к, доцент;
  3. Тасыбаев А.Қ-т.ғ.к., доцент м.а.;
  4. Галагузова Т.А.- математика  магистрі;
  5. Байтуганова А.О.- математика  магистрі;
  6. Базарбекова А.А.- математика магистрі;
  7. Бузаубекова С.Ж.- педагогика және психология магистрі;
  8. Ерманова Г.Б. – жаратылыстыану ғылымдары магистрі;
  9. Алтынбекова Ж.Т. – физика магистрі;
  10. Салгараева М.И. – информатика магистрі.

Кафедраның ғылыми бағыттары:   

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ҚР ҒТА ұлттық орталығында тіркелген "Білім беруді ақпараттандыру жағдайында ЖОО студенттерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру" (2019-2021жж) тақырыбы бойынша ғылыми-зерртеу жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін іске асыру барысында профессор-оқытушылар халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасайды және  оқулықтар мен  оқу құралдарын баспадан шығарады.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуын қамтамасыз етеді, бұл оқу үдерісін жетілдіруге ықпал етеді. Кафедрада студенттер үшін «Робототехника»  ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме жетекшісі аға оқытушы  Ерманова Г.Б.

Мамандық студенттері үнемі ғылыми конференциялар мен байқауларға қатысады. Кафедра студенттері Республикалық программалау бойынша студенттер арасындағы олимпиадаларға  қатысқан, бірнеше онлайн оқу курстары (Java Developer, .Net Developer, Database Developer,  Sololearn және т.б.) мен конкурстардың (Lavteam) жүйелі қатысушылары.

 

e-mail:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Кафедра жетістіктері

 5В060200-Информатика 

Образовательная программа

Элективті пәндер каталогы

2018-2022 оқу жылына арналған

5В070400-Есептеу техника және БҚЕ

Образовательная программа

Элективті пәндер каталогы

2018-2021 оқу жылына арналған

Ректордың блогы

logo10let

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d