Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті

ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТ ТАРИХЫ.

        Тараз инновациялық гуманитарлық  университетінің магистратура мамандықтары 2008-жылдан бүгінгі күнде 12 мамандық жұмыс істеп келеді.
      Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру факультетін заң ғылымдарының кандидаты Бақтыхожаев Жанғали ЖұмақадырұлыB.ZH басқарады. Магистратура мамандықтары ашылғалы бері 750 ден аса магистрант оқуын аяқтады. Олар республиканың жоғарғы оқу-орындарында жұмыс істеп қана қоймай, алдыңғы санаттағы жоғарғы оқу орындары, мемлекеттік қызмет, бизнес-компаниялар мен заң салаларында қызмет етуде.
    Магистратураның мақсаты. Жоғарғы білікті, бәсекеге қабілетті, ғылыми-педагогикалық және басқару кадрларын төрт мамандық бойынша дайындау; Магистратура түлектерін тек теориялық біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, қосымша практикалық шеберлікті де меңгерту;  Университет әлемнің ең үздік білім ордаларымен қарым-қатынас жасау арқылы, магистранттардың әлемдегі ғылыми-ақпараттардан хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатын көздейді.                                                
      Жалпы міндеттері
      Шет тілдер және іскерлік карьера университеті ғылыми және творчестволық  мекемелерге мамандар дайындап шығару.         
Ғылым магистрі – өте кең және терең дайындалған маман. Жан-жақты ойлай білетін, ғылыми зерттеулерді өздігінен жасай алатын және үнемі ізденіс үстінде жүретін магистрлер болып табылады. Университет магистранттарды жалпыға ортақ стандарт бойынша  ҚР МЖМБС 5.04.033.-2011 дайындалады.     

Магистратураның мақсаты мен міндеті.
    Университет мақсаты жоғарғы білікті мамандарды дайындау және олардың университет деңгейін әлемдік стандартқа сәйкес көтеруге септігін тигіздірту; Әр салаға практикалық және ғылыми-педагогикалық білімі бар мамандарды дайындау;  Мекемелерден келген сұраныстарға сай білімді де білікті мамандар дайындап шығару;  Жоғарғы деңгейдегі мәдениетімен қоса ғылыми ізденістерге қабілеті бар маман қалыптастыру; Барлық магистрлер ғылыми ізденіс үстінде. Әр түрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысып, диссертациялардың проблемалық сұрақтарын зерттеуде; Магистрлік диссертацияларды қорғауда жетекшілік ететін 18 ғылым докторы, 3 PhD доктор, 75 ғылым кандидаты, профессорлар мен доценттер бар. Профессорлық ғылыми атағы бар ұстаздардың құрамы 88,5 пайызды құрайды. Магистратураның ең негізгі мақсаты – жоғарғы оқу орындарға және ғылыми орталықтарға мамандар дайындау.  Магистратураның дипломы мемлекеттік үлгіде. Тараз инновациялық гуманитарлық университеті төмендегі мамандықтар бойынша магистрлер дайындайды:
1. 6М010300 – Педагогика және психология;
2. 6М010900 – Математика;
3. 6М011700 – Қазақ тілі және әдебиет;
4. 6М012000 – Кәсіптік білім (сала бойынша);
5. 6М020300 – Тарих;
6. 6М030100 – Құқықтану;
7. 6М050600 – Экономика;
8. 6М050900 – Қаржы;
9. 6М060400 – Физика;
10. 6М073200 – Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша).
11. 6М011300  – Биология
12. 6М011900  – Шет тілі: екі шет тілі.

        Мемлекеттік ғылым және білім министрлігінің РК АБ № 0137441 03.02.2010 лицензиясымен гуманитарлық ғылым магистрлері  дайындалуда. Мемлекеттік жалпыға ортақ білім беру стандарты бойынша сабақтар өткізіледі. Тараз инновциялық гуманитарлық университеті  магистратурасы күндізгі бөлім бойынша екі бағытта жұмыс жасайды. Ғылыми-педагогикалық (2 жыл) және бейіндік (профильдік) (1 жыл). Профильдік магистратура – 1 жылдық бағдарлама. Дипломды алу үшін магистрант теориялық, өндірістік тәжірибеден өтіп, диссератциясын қорғап шығу міндетті. Ғылыми-педагогикалық магистратура – 2 жылдық бағдарлама. Магистрант теориялық және өндірістік тәжірибе ала отырып, ғылыммен де айналысуға құқығы бар.          
© 2018 Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті   (ТИГУ)     
Тараз қаласы,  Желтоқсан көшесі, 69 «Б»
Телефон: +7 (726) 254 11 22, +7 (726) 254 11 24

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

logo 3d