Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
joomla

17.04.2018 Инженерлік білім беру саласының көшбасшыларының Қазақстан-Польша Халықаралық форумы

ИНЖЕНЕРЛІК БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН-ПОЛЬША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

IMG 20180417 WA0003   Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының ректорлары кеңесінің мүшелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы A.Орсариев бастаған делегацияның құрамында Польша Республикасының Варшава қаласында 2018 жылы инженерлік білім беру саласының көшбасшыларына арналған «Қазақстан-Польша Халықаралық форумына» қатысты. ТИГУ атынан делегацияны филология ғылымдарының докторы, университет ректоры Саурықов Ерболат Байұзақұлы басқаруымен,  ішкі сапаны қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, география ғылымдарының кандидаты Махмудова Лаззат Камалқызы және «Білім» факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты Құрманбекова Айгүл Сауқымбекқызы қатыстырылып отыр.

Форум аясында келесі іс-шаралар қарастырылған:IMG 20180417 WA0004
- Панельдік сессия: жоғары технологиялық өндіріс үшін кадрлар даярлау - ҚАЗАҚСТАН мен ПОЛЬША университеттерінің тәжірибесі;
- Польша Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі П. Мюллер мен Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Юлий Галковскийдің қатысуымен KRASP атынан Қазақстан делегациясының құрметіне ресми қабылдау;
- Жауапты хатшы А.Орсариевтің Польша Республикасының ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары П.Мюлермен кездесуі;
- Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы пікір-талас;
- «Перспектив» білім беру қоры мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою;
- Польша мен Қазақстан университеттері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою;
- Краков қаласындағы С.Сташица атындағы Тау-кен металлургия академиясының ректорымен, Польша KRPUT техникалық университеттерінің ректорларының төрағасы профессор Тадеуш Сломка және Краков университетінің басшылығымен кездесу;
- Тараз инновациялық гуманитарлық университеті мен Варшава университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою;
- Тараз инновациялық гуманитарлық университеті мен Варшава технологиялық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою.

IMG 20180417 WA0005ТИГУ Ғылыми жұмыстар және
халықаралық қарым-қатынастар
жөніндегі проректор:                                                                                                         Молгаждаров Қ.К.

                                                                                 

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d