Игі істердің бастамасы болған – ТИГУ!
Венгрияда ректорлар форумы өтті
joomla

ЖҮЙРІК МАТЕМАТИКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

ЖҮЙРІК МАТЕМАТИКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

O47A3592

     Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың сәуір айының 18-күні мектеп бітіруші түлектер арасында облыстық математикалық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға облыс мектептерінен жалпы 112 оқушы қатысты.
      Математикалық олимпиада мақсаты – 2018 жылы мектеп бітірушілердің арасынан математикаға жүйрік талантты жастарды анықтау, іріктеу және оларға бағыт-бағдар беру, математика және математикадан іргелі дайындықты қажет ететін мамандықтарына тарту.
     Олимпиаданы университеттің "Жаратылыстану мамандықтар" кафедрасының оқытушылар ұжымынан құрылған қазылар алқасы жүргізді. Әділ қазылар алқасының төрағасы – ф-м.ғ.д., профессор Ш.Мамаев, төрағаның орынбасары ф.-м.ғ.к., доцент И.А.Абитбеков, мүшелері ф.-м.ғ.к., доцент Ж.Жүсіпов, аға оқытушы, магистр Д.У.Кенжебеков, аға оқытушы, магистр А.М.Дунбаева, оқытушы Қ. Абдибекоы,  хатшысы – Ш.Алдаберген.    
      Математикалық олимпиаданың жүлдегерлері үшін бірінші орын алған мектеп  бітіруші  ТИГУ-нің  ректор грантының иегері болады, олимпиадада екінші және үшінші орын алғандарға сәйкесінше 50% және 25%-дық жеңілдіктер беріледі, одан кейінгі курстарда төлемақы жөніндегі жеңілдіктер  білімгерлердің оқу үлгеріміне байланысты болады. Үздік оқыған жағдайда бастапқы жеңілдіктер университет бітіргенше сақталынады.
      Олимпиада қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар иегерлері анықталды:
1-орын Айтуған Биназир - № 56 орта мектеп
2-орын Нұрмағамбет Есдаулет -  № 36 орта мектеп
3-орын Құрманалы Назерке - № 49 орта мектеп
Сапалы білім көрсеткен оқушылар мақтау грамоталарымен және заттай сыйлықтармен марапатталды.

"Жаратылыстану мамандықтар" кафедрасы

O47A3525O47A3530O47A3533O47A3540O47A3587

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

logo10let

xabarlandiru

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d