МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

«Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

Жарыққа келген оқулықтардың презентациясы өткізілді

2018 жылдың маусым айының 5-күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жаңа  гуманитарлық білім, қазақ  тіліндегі 100 жаңа  оқулық» жобасы  бойынша университет қорына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен «Ұлттық аударма бюросының» аударуымен жарыққа келген оқулықтардың презентациясы өткізілді.

        Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі - кітап» деп атап өтті.  Осыған орай, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – «Жаңа  гуманитарлық білім, қазақ  тіліндегі 100 жаңа  оқулық» жобасы. Жобаның мақсаты – жас буынға әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. 006       «Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болды. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек,» - деп атап кеткен еді Елбасымыз.
      «Жаңа  гуманитарлық білім,  қазақ  тіліндегі 100 жаңа  оқулық» жобасы, әлемнің  озық, заманауи  және таңдаулы үлгілері  негізінде  жастарға жаңа деңгейдегі  сапалы  білім беруді  қамтамасыз  етуді көздейді.005       Осы алдыға қойылған міндеттің аясында көптеген жұмыстар атқарылып, өзінің жемісін беруде. Нәтижесінде 2018 жылға таңдалынып алынған 18 оқулық аударылып, жаңа оқулықтар республикамыздың ЖОО-на да келіп жетті. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне де гуманитарлық бағыттар бойынша барлығы 17 әдебиет келіп түсті. Сала бойынша оқулықтар алдын-ала мамандарға таратылып, презентация даярлау міндеті алдыға қойылды. Нәтижесінде ТИГУ-дың 17 оқытушысы 17 әдебиет бойынша талдау жүргізіп, таныстыру жасады.  Презентацияға қатысқан профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер  көптеген мәліметтер алып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық ғылым: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген 18 оқулық туралы толық мағлұматтар алып, сананы жаңғырту жұмыстары бойынша елеулі табыстарға қол жеткізді.
       Презентациямен университет құрамы толығымен қанығып, оқу процесінде бұл оқулықтардың үлкен қолданысқа ие болатынына көздері жетті. Алдағы оқу жылында бұл оқулықтар оқу үдерісінде қолданылып, студенттерге үлкен рухани азық болары сөзсіз.

«Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы
Кембаева А.Т.

002003004007O47A2798O47A2838

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d