МЕКТЕПТЕРДЕ ӨТКЕН ШОЛУ ДӘРІСТЕРІ
«ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ»
Венгрияда ректорлар форумы өтті
Канадалық профессор ТИГУ-де сабақ береді
joomla

Үздік студенттер партия төрағасымен кездесті

Материал http://auyl.kz/zhalyktar/kogam/274-zdk-studentter-partiya-traasymen-kezdest.html сайтынан алынды

    Үздік студенттер партия төрағасымен кездесті

1528793247 img 1107

       Биыл еліміздің жүрегі – ару Астанаға 20 жыл! Елбасының идеясымен іргесі қаланған Елорда саяси ерік-жігердің айқын көрінісі. Астана өзінің 20 жылдық тарихында әлемнің озық елдерінің саясаткерлері бас қосатын ірі саяси орта¬лыққа айналды.
     Еліміздің келешегін жарқын ететін бүгінгі жастар. Сондықтан, мемлекеттің жетістіктерін жастарға насихаттап, оларды жігерлендіру игілікті іс екені анық. Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ауыл» партиясының Жамбыл облыстық филиалы Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінің үздік студенттері үшін Елордаға арнайы экскурсия ұйымдастырды. Оқу озаттары, спортшылар, қоғамдық жұмыс белсенділерінен жасақталған 20 студент ару шаһардың көрікті жерлерін тамашалауға мүмкіндік алды. Экскурсия аясында олар  Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде болып, «Ауыл» партиясының Төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаевпен кездесті.
    Партия Төрағасы еліміздің саяси-экономикалық дамуы жайлы баяндап, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа келбетіне айналған Астана – Елбасының саяси жетістігі екенін атап өтті.

1528793188 img 1206
- «Астана жас мемлекетімізбен қоса жасасып, күн өткен сайын көркейіп, өркендеп келеді. Осы 20 жылдың ішінде Астанада тек елдік деңгейдегі ғана емес, әлемдік масштабтағы тарихи іс-шаралар өткізілді. Бүгінде елордамыз миллионнан астам тұрғыны бар мегаполистік сипаттағы шахарға айналды. Қазір дүние жүзі елімізді Астана арқылы таниды», - деді партия Төрағасы.
      Кездесу барысында Әли Бектаев «Ауыл» партиясының қызметіне тоқталып, саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы айтты. Жастар өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Экскурсияға келген студенттердің бірі Шұға Шамбыл, еліміздің қол жеткізген табыстары мен бүгінгі жетістіктерін мақтан тұтатынын жеткізді.

1528793180 img 1151
- «Болашақта еліміз бағындыратын талай асулар бар. Міне, осындай биік мақсаттар бізді тек алға жетелеуде. Бүгінгі жетістігіміз халқымыздың сан ғасырлар аңсаған арманының орындалғаны деп білемін. Әсем қаламыз Астана – осының айқын дәлелі. Айбынды Елордамыздың тұғыры әрқашан биік болсын», - деді ол.

1528793206 img 1183
      Кездесуді қорытындылаған Әли Бектаев жастарды ынтымақ пен халықтар достығын ту қылып ұстап, еліміздің ертеңіне үлес қосуға шақырды. Игі шараның бастамашысы болған Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінің ұжымына алғыс білдіріп, «Алтын тұғыр» әдеби жинағын тарту етті.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Ректордың блогы

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

logotip

xabarlandiru

talapker

logopromishrevol kaz

ruhani jangyru logo

Видеогалерея

Фотогалерея

logo 3d